14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде:
1) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарды әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
2) табиғи монополиялар аясындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттік реттеу мен бақылауды енгізу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес табиғи монополиялар қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
5) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактілері бойынша бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
6) табиғи монополиялар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар енгізуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) реттелетін нарық субъектілеріне осы Заңның 7-3-бабында көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізуге;
7) табиғи монополиялар субъектiлерiне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзған жағдайда орындалуы мiндеттi нұсқамалар, оның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлкiн иелiктен айыру туралы нұсқамалар енгізуге;
8) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және қарауға, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға;
11) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын ол белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
12) 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) табиғи монополиялар субъектілеріне нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету мерзімін және шамасын белгілеуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) реттелетін нарықтар «субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыруға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) реттелетін нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды
13-3) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
14) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн, осы Заңның 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемінде он екі айға белгiлеуге;
15) реттелетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және өзге де қызмет бойынша тұтас алғанда кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу тәртібін бекітуге;
16) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополия субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
17) мемлекеттік органдар олардың құзыретi шегiнде белгiлеген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге;
17-1) олар белгілеген тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін ақы алу мөлшерін және тетігін келісуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін ақы мөлшерін бекітуге;
18) ол белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) қалалардағы, аудандар мен облыстардағы жылу, электр, газ тарату желілерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту жоспарларын келісуге;
19) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртібі мен шарттарын бекітуге;
20) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және инвестициялық жобаларын iске асыру тиiмдiлігінiң мониторингiн жүзеге асыру тәртібін бекітуге;
20-1) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда; 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
1. Уәкілетті орган:
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мынадай:
тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін заңсыз көтеру;
іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шекті деңгейіне енгізу;
уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізатты, материалдарды, отынды, энергияны жұмсаудың техникалық және технологиялық нормаларының шектерінен асатын шығыстар баптарын бес проценттен астам арттыру;
амортизациялық аударымдар қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбау;
осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтік сметадағы шығындар баптарының уәкілетті орган бекіткен мөлшерден бес проценттен астам ауытқып орындалуы жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Өңірлік электр желісі компаниясына уақытша өтемдік тариф бекіту туралы шешім осы тармақшаның екінші және бесінші абзацтарында көзделген жағдайларда ғана қабылдануы мүмкін;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) тұтынушыларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн өзгертуге өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдауды өткізуге;
4-1) тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды тарта отырып, өздерінде белгіленген тәртіппен қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізуге;
5) мыналардың:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын ұсынудың;
уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мыналарға:
табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
6) осы Заңның бұзылу жағдайлары және кінәлі адамдардың жауапқа тартылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу:
1) тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шекті деңгейін, оның ішінде салыстырмалы талдау әдісін, сараланған және инвестициялық тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қолдана отырып, бекітумен;
1-1) 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-2) 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тарифтiк сметаны бекітумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн бекітумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекітумен;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртібін бекітумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекітумен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсіндегі станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттік реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібі қолданылады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-1-бап өзгертілді
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртібі
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығындарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарын шектеуді;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртібін қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін Уәкілетті орган бекiтедi.
2-1. Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
15-2-бап. Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібі
2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылған тарифтің есеп-қисабы әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып үш жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп жыл сайын түзетіледі.
2. Өңірлік электр желісі компаниясы көрсетілген қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей беруге міндетті.
Ақпаратты беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өңірлік электр желісі компаниясы берген ақпаратты уәкілетті орган жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен бастап күнтізбелік сексен бес күннің ішінде қарайды.
Уәкілетті орган тарифті бекіту кезінде жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпаратты жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялауға міндетті.
Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, тарифті бекіту туралы шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізіледі.
Уәкілетті орган берілген ақпаратты қарау және өткізілген жария тыңдаулардың нәтижелері бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды, оның көшірмесі тарифті қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмей өңірлік электр желісі компаниясына жіберіледі.
Уәкілетті орган айқындайтын күннен бастап қолданысқа енгізілуі жүзеге асырылатын төтенше реттеуші шара ретінде бекітілген тарифті қоспағанда, тарифті қолданысқа енгізу тарифті бекіткен айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
4. Өңірлік электр желісі компаниясы тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жеткізуге міндетті.
5. Осы Заңның 15-1-бабы 2-тармағының, оның бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, 16, 17 және 18-баптарының талаптары салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифті бекіту тәртібіне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртібі
1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген (аз қуатты табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) және нормативтен тыс ысырап болған кезде, оларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тоқсан күннен кешіктірмей өтiнiммен бірге табыс етуге мiндеттi.
Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бір жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi тиісті талапты алған күннен бастап ол экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бір ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекіту үшiн өтiнiм беру кезіндегідей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының)
немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік
сметаларының жобаларын қарау тәртібi
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге өтінімдерді қарауға қабылдаған жағдайларда уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және тарифтік сметаларының жобаларына сараптама жүргізеді.
Сараптама жүргізген кезде тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар, тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектілері тартылады.
2. Уәкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарында:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерін жалпы тәртіппен бекіту кезінде кемінде он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекіту кезінде кемінде жеті күн бұрын жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы ақпаратты жариялауға міндетті.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар қолданылмайды.
Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейлерін бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде отыз күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде он бес күн бұрын;
3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде жеті күн бұрын;
4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту кезінде оларды бекіту туралы шешім қабылдаудан кемінде бір күн бұрын өткізіледі.
Табиғи монополия субъектісі жария тыңдаулар өткізудің күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтерудің себептері туралы экономикалық негізделген есептері бар ақпаратты беруге міндетті.
Жария тыңдаулар өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган елу бес күн ішінде, ал тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі бекітілген жағдайда уәкілетті органның талаптарына сәйкес экономикалық негізделген есептер берілген жағдайда жүз алпыс бес күн ішінде қарайды. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын қарау мерзімі өтінім берілген кезден бастап есептеледі.
4. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган он күн ішінде қарайды.
5. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкілетті органның төтенше реттейтін шаралар түрінде қабылдайтын шешімдеріне қолданылмайды.
6. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы шешімдерге қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы
1. ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен алып тасталды
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту туралы шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде отыз бес күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он күн бұрын жiберiлуге тиiс.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту, төтенше реттелетін шаралар ретінде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды бекітуді және осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда бір реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Төтенше реттелетін шаралар ретінде бекітілген тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) мен тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу уәкілетті орган айқындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемінде отыз күн бұрын, ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын жеткізуге мiндеттi.