21-бап. Өтiнiм берушiнiң бастамасы бойынша өтiнiм құжаттарын түзету
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Өтінім берушінің өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін мәлімделген объектінің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқығы бар.
Осы өзгерістер өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген жағдайда төлем алынбайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Өтiнiм берушiнiң қорғау құжатын алу құқығын беру кезіндегі нұсқауына қатысты немесе өтiнiм берушi атауының өзгеруi нәтижесіндегі өзгерістер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету тиісті төлем төленген жағдайда өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті Мемлекеттік тізілімде тіркеген күнге дейін жасалуы мүмкін.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Өнертабысқа патент беруге өтінімге жасалатын сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі; өтінім берілген күн анықталады. Егер өтінім осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын және осы құжаттарға қойылған талаптарды қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған және (немесе) түзетілген құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша ресми сараптама жүргізеді.
Ресми сараптама жүргізу барысында осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын талаптардың сақталуы тексеріледі.
2. Егер өтiнiм берушi өтiнiм бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдарды табыс еткен болса, сараптама процесiнде олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертпейтiні тексерiледi.
Егер қосымша материалдарда өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ, өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгiлер болса, олар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертедi. Қосымша материалдар өтiнiм берiлген өнертабыстың мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде өтiнiмдi қарау кезiнде назарға алынбайды және оны өтiнiш берушi дербес өтiнiм ретiнде ресiмдеуi мүмкiн, бұл жөнiнде өтiнiм берушiге хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берiлген өтiнiм жөнiнде өтiнiш берушiге оны жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде түзетiлген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылған сауал жiберiледi.
Егер өтiнiм берушi аталған мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өнертабыс бiрлiгi талабын бұза отырып берiлген өтiнiм бойынша өтiнiм берушіге оған тиiстi хабарлама жiберген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысы қаралуға тиiс екенiн хабарлау және қажет болған жағдайларда өтiнiм құжаттарына нақтылау енгізу ұсынылады. Бастапқы өтiнiм материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтiнiмдермен ресiмделуi мүмкiн. Белгiленген өтiнiмдер басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгiленедi.
Егер өтiнiм берушi өзiне бiрлiк талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенiн хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бiрiншi көрсетiлген, сондай-ақ алғашқысымен байланыстылығы соншалықты, олар өнертабыс бiрлiгi талаптарын қанағаттандыратын басқа да өнертабыстар объектiсi қаралады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Ресми сараптама аяқталғаннан кейін өтінім берушіге оның нәтижесі туралы хабарланады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін белгілеуді, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердің) өнертабыс бірлігінің талабына және осы Заңның 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігіне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төлеу ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгендігін растайтын құжатты берген жағдайда жүргізіледі.
Мәні бойынша сараптамаға ақы төленбеген жағдайда өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткізу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.
Қосымша материалдарға өнертабыстың мәнiн өзгерткен бөлiгiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады. Егер өтiнiм берушi сұрау салынған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлеміндегі мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келісілген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-тармақ өзгертілді
10. Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы мына жағдайларда:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектілерге қатысты болса;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе беріледі.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының тиісті қорытындысы берілгенге дейін өтінімді қараудың кез келген сатысында инновациялық патент беру туралы өтінішхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 22-1-бабына сәйкес жүргізіледі.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 13-тармақ өзгертілді
13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi дәлелдi себептерiнiң болғаны және өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру ақысының төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы қалпына келтiруi мүмкiн.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды
14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Өнертабысқа инновациялық патент беруге
арналған өтінімге сараптама
1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн анықталады. Егер өтінім осы Заңның 17-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде табыс етпеген жағдайда, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Өнертабысқа инновациялық патент беруге өтінім берілген күн белгіленгеннен кейін сараптама жасау ұйымы ол бойынша сараптама жүргізеді, оның процесінде осы Заңның 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бар екендігі, оларға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы, өнертабыс бірлігі талабының сақталуы тексеріледі, мәлімделген шешімнің өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жататындығы туралы мәселе қаралады, сондай-ақ басымдық күні белгіленеді және мәлімделген шешімнің Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негізінде берілген патенттерге, жарияланған еуразиялық өтінімдерге, қаралатын өтінімнің басымдық күніне дейін сараптама жасау ұйымына берілген басқа өтінім берушілердің кері қайтарып алынбаған өтінімдеріне қатысты жергілікті жаңалығына тексеру, сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылымдығына тексеру жүргізіледі.
2. Егер өтінім беруші өтінім бойынша осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар ұсынған болса, сараптама процесінде олардың мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертпейтіні тексеріледі.
Егер қосымша материалдарда өнертабыс формуласына енгізілуге тиіс және өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және өтінім беруші оны дербес өтінім ретінде ресімдеуі мүмкін, бұл жөнінде өтінім берушіге хабарланады.
3. Өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жоқ құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер, өтінім беруші көрсетілген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
4. Өнертабыс бірлігі талаптарын бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге оған тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде өнертабыстың қайсысы қаралуға тиіс екенін хабарлау және қажет болған жағдайда, өтінім құжаттарына нақтылаулар енгізу ұсынылады. Бастапқы өтінім материалдарына енген басқа өнертабыстар бөлектелген өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлектелген өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.
Егер өтінім беруші өзіне өнертабыс бірлігі талаптарының бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнертабыстардың қайсысын қарау қажет екенін хабарламаса және нақтыланған құжаттарды табыс етпесе, формулада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ онымен өнертабыс бірлігі талаптарын қанағаттандыратындай байланыстағы басқа да өнертабыстарды қарау жүргізіледі.
5. Егер сараптама нәтижесінде өтінімнің өнертабыстар ретінде қорғалатын объектілерге жататыны, құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келетіні анықталса және өтінім осы баптың 1-тармағына сәйкес жергілікті жаңалық және өнеркәсіптік қолданымдылық шартына жауап беретін ұсынысты сипаттайтын болса, өтінім берушімен келісілген формуладағы инновациялық патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы беріледі.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнертабысқа инновациялық патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
6. Сараптама жасау ұйымының инновациялық патентке теріс қорытындысы:
1) егер өтінім өнертабыс ретінде қорғалмайтын объектіге қатысты;
2) егер өтінім беруші ұсынылған формулада өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілердің болуы туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнертабыс ретінде қорғалатын объектіге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты оған қатысты қарау өткізілмегені туралы хабарланғаннан кейін өнертабыс формуласын өзгертпеген;
3) егер өтінім осы баптың 1-тармағына сәйкес жергілікті жаңалыққа және өнеркәсіптік қолданылымдық шартына жауап бермейтін ұсынысты қамтыған жағдайларда беріледі.
Өтінім беруші сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы жіберілген күннен бастап алты ай мерзімде оған қарсылығын уәкілетті органға бере алады. Қарсылықты апелляциялық кеңес ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде қарауға тиіс.
7. Өтінім беруші өтінімді қараудың кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленуші және үшінші тұлғалар инновациялық патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін техника деңгейін айқындау үшін ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтінішхат бере алады, өнертабыстың патентке қабілеттілігін бағалау онымен салыстырыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Сараптама жасау ұйымы осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыстар болып танылмайтын объектілерге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізбейді, бұл туралы ақпараттық іздестіру туралы өтінішхат беруші адам хабарланады.
8. Сараптама жасау ұйымы өтінім берушінің өтінімді қараудың кез келген сатысында берілген немесе үшінші тұлғалардың инновациялық патент беру туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін берілген өтініш хаты бойынша, бірақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық патенттің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда өтінім берілген күннен бастап үш жылдан кешіктірмей өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді. Мәні бойынша сараптама өтінімге мәні бойынша сараптамаға тиісті ақысы төленген жағдайда, сондай-ақ егер өтініш хатты өтінім беруші жасаған болса, инновациялық патенттің күшінде болуын қолдау кезінде жүзеге асырылады.
Мәні бойынша сараптама осы Заңның 22-бабының 7-10 және 13-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Пайдалы модельге патент беруге арналған өтінімге сараптама
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама жасау ұйымына келіп түскен өтінім бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн белгіленеді. Егер өтінім осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтінім берушіге бұл туралы хабарлайды және жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) осындай хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде табыс етуді ұсынады. Өтінім беруші сұратылған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Сараптама жүргізу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажетті құжаттардың бар екендігі және оларға қойылатын белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі, өтінімнің басымдық күні, мәлімделген ұсынысты пайдалы модель ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігі айқындалады, пайдалы модельдің бірлігі тексеріледі.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді
2. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады.
Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган пайдалы модельге патент беру не оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
09.07.04 ж. № 586-II (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер өтiнiм берушi ол ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса, немесе пайдалы модель бiрлiгi талаптарын бұзуға байланысты қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе де, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.
4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттілігiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабы 11-тармағының ережелерi қолданылады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімге сараптама
1. Сараптама жасау ұйымы өнеркәсіптік үлгіге өтінім бойынша ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізеді.
2. Ресми сараптама жасау сатысында осы Заңның 19-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында көзделген өтінім құжаттарының бар екендігі тексеріледі, өтінім берілген күн мен басымдық күні анықталады.
Өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінім құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделген өтінім бойынша өтінім берушіге сауал жіберіліп, онда сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды табыс ету ұсынылады.
Егер өтінім беруші белгіленген мерзімде сұратылған құжаттарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты табыс етпесе, өтінім берілмеген болып есептеледі, ол туралы өтінім берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
Өнеркәсіптік үлгіге берілген өтінімге осы Заңның 21-бабына сәйкес қосымша материалдар табыс етілген кезде олардың өтінім берілген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертпейтіні тексеріледі.
Егер қосымша материалдарда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болса, олар мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертеді. Өтінімді қарау кезінде қосымша материалдардың мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігі назарға алынбайды және оны өтініш беруші дербес өтінім ретінде ресімдей алады, бұл туралы өтінім берушіге хабарланады.
Ресми сараптама аяқталғаннан кейін ресми сараптаманың нәтижесі туралы өтінім берушіге хабарланады.
3. Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.
Өтінімге мәні бойынша сараптама мәлімделген ұсыныстың өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіге жатқызылуы мүмкіндігін анықтауды, көркемдік-конструкторлық шешім деңгейін айқындау үшін мәлімделген өнеркәсіптік үлгіге қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген шешімнің осы Заңның 8-бабында белгіленген патентке қабілеттілік талаптарына сәйкес келетініне тексеру жүргізуді қамтиды және өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.
Өтінімге мәні бойынша сараптамаға ақы төленгені туралы құжат ресми сараптаманың нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде сараптама жасау ұйымына табыс етіледі.
4. Өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізу кезеңінде сараптама жасау ұйымы өтінім берушіден онсыз сараптама жасау мүмкін болмайтын қосымша материалдарды, оның ішінде елеулі белгілердің өзгертілген тізбесін сұратуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар сауал жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің мәні өзгертілместен табыс етілуге тиіс.
Қосымша материалдарға өнеркәсіптік үлгінің мәнін өзгертетін бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіп қолданылады. Егер өтінім беруші сұратылған материалдарды немесе белгіленген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты белгіленген мерзімде ұсынбаса, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі.
5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтінімге мәні бойынша жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінім беруші сұраған көлемдегі құқықтық қорғау мәлімделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетінін анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгіленген басымдықты көрсете отырып, өтінім берушімен келісілген елеулі белгілер жиынтығымен бірге патентке оң қорытынды береді.
Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде уәкілетті орган өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы не патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
6. Мәлімделген өнеркәсіптік үлгінің өтінім беруші сұраған құқықтық қорғау көлемінде өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келмейтіні анықталған кезде сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы беріледі.
Сараптама жасау ұйымының теріс қорытындысы, егер өтінім өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалмайтын объектіге жататын болса және, егер өтінім беруші ол туралы хабарланғаннан кейін елеулі белгілердің жиынтығын өзгертпеген, елеулі белгілердің ұсынылған жиынтығында өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ белгілер болған немесе өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектіден басқа, өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалатын объектілерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын немесе өнеркәсіптік үлгінің бірлігі талаптарының бұзылуына байланысты оған қатысты қарау жүргізілмеген жағдайда да беріледі.