1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн және жұмыс iстеудi тоқтатуын қамтамасыз етуге байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлерi, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерi, оларды осы қордың активтерi есебiнен төлеу шарттары мен тәртібі инвестициялық пай қорының ережесiмен айқындалады.
Инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалмаған сыйақылар мен шығыстардың түрлерi инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жатпайды.
2. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде басқарушы компанияға сыйақы есептеледi, бiрақ төленбейдi.
Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты осы кезеңнiң сыйақылары мен шығыстарын төлеу, оның iшiнде кастодиан мен тiркеушi көрсететiн қызметке ақы төлеу басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен оның шығындары кейiннен инвестициялық пай қоры активтерi есебiнен өтеле отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның таза активтерiнiң құны пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн ең төменгi мөлшерге сәйкес келмегендiктен тоқтатылған жағдайларда, басқарушы компания қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде жұмсалған шығындарды өтеу бойынша залал тәуекелiн мойнына алады.
30-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың жалпы жиналысы
1. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысы тек жабық инвестициялық пай қорларында өткiзiледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне:
1) қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) қордың жұмыс iстеуiн тоқтату;
3) қорды басқа жабық инвестициялық пай қорымен бiрiктiру немесе қорды ашық немесе аралық қорға өзгерту;
4) қордың басқарушы компаниясын, тiркеушiсiн немесе кастодианын ауыстыру;
5) қордың ережесіне сәйкес өзге де мәселелерiн шешу жатады.
3. Дауыс беру кезiнде пайларды ұстаушыға берiлетiн дауыстардың саны оған тиесiлi пайлардың санымен айқындалады.
4. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жалпы жиналысты өткізу күнiне қор пайларының кемiнде үштен екiсiн иеленген пай ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi дауыс беру рәсiмiне қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.
5. Жалпы жиналыстың шешiмi жалпы жиналысқа қатысып отырған жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
6. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi қордың ережесінде белгiленген тәртiппен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкiн.
7. Басқарушы компанияның, кастодианның, тiркеушiнiң және уәкiлеттi органның өкiлдерi жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқылы.
8. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн басқарушы компания жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жiберуге, сондай-ақ пайларды ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша табыс етiлуге тиiс.
31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру
1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайды ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады.
Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартын бұзу туралы шешiм қабылдаған кезде қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтередi. Бұл ретте қордың ережесінде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге жұмсалған шығыстарын осы қор активтерiнiң есебiнен өтейтiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.
3. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берiлген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайларға ие болып отырған ұстаушылардың бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен өтеледi.
4. Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында оны шақыру себебi, сондай-ақ жалпы жиналыстың күн тәртібі болуға тиiс.
Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап бiр мезгiлде уәкiлеттi органға хабарлана отырып, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианына және тiркеушiсiне жiберiлуге тиiс.
5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесіне сәйкес осы қордың әрбiр пай ұстаушысына жеткiзiлуi тиiс.
32-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын
ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн
жалпы жиналысы
1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың кворум болмағандықтан өткiзiлмей қалған жалпы жиналысының орнына қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, күн тәртібіне жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу кiретiн қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысты қоспағанда, осындай дауыс беруге қатысатын пайлардың санына қарамастан заңды деп есептеледi.
2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу үшiн пай ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер оған қатысу үшiн тiркелу (сырттай дауыс беру өткiзген жағдайда бюллетеньдер қабылдау) аяқталған кезде оған жалпы жиналысты (сырттай дауыс берудi) өткізу күнi пайлардың жиынтығы он бес немесе одан астам процентiн иеленетiн ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi тiркелсе (дауыс беруге бюллетеньдер табыс етсе), шешiм қабылдауға құқылы.
3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы осындай күн тәртібімен өткiзiлмей қалған жиналыстан кейiнгi күнтiзбелiк он төрт күннен ерте өткiзiлмейдi.
33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
тоқтатуға негiздемелер
1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату мынадай жағдайларда:
1) инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесінде белгiленген мерзiмi өтсе;
2) пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;
3) пайларды сатып алу жөніндегі өтiнiмдердi орындау нәтижесiнде инвестициялық пай қоры активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессiздiк ол туындаған күннен бастап екi ай iшiнде жойылмаса;
4) басқарушы компания немесе кастодиан өзiнiң шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауға бұдан әрi мүмкiндiгi жоқ екендiгiне байланысты қор активтерiн басқару немесе қор активтерiн есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды бұдан әрi орындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдаса және егер көрсетiлген шешiмдi қабылдаған кезден бастап үш ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енбеген болса;
5) басқарушы компанияның, кастодианның немесе тiркеушiнiң бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай iшiнде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан немесе жаңа тiркеушi тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енгiзiлмесе;
6) басқарушы компанияның, тiркеушiнiң немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясынан айырылса және егер лицензияны одан айырған кезден бастап екi ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа тiркеушi немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енбеген болса;
7) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса;
8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздемелер бойынша жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарды төлеудi және қалған ақшаны пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн жұмсауға жол берiлмейдi.
34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн
тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар
1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзедi.
2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады.
3. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.
4. Басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған жағдайда осы Заңның және қор ережесінiң талаптарына сәйкес қор активтерiн өткізудi қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге мiндеттi.
5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiн бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы.
35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату
1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде:
1) пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртібі туралы хабарлама жеткізуге;
2) пай ұстаушылар тiзiлiміндегі мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiміндегі есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн тiркеушiге талап жiберуге мiндеттi.
Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату және мәмiлелердi тiркеудi тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесінде айқындалған шарттар мен тәртiпте жеткiзiледi.
Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бiр айдан кем болмауға тиiс.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн оның таза активтерi құнының инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне сәйкес келмеуiнен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап он күннен кешiктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.
3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс iстеп тұрған кезеңде төленген, бiрақ жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.
4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi мен одан кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi.
36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi
тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау
1. Инвестициялық пай қорының активтерiн өткізуден алынған ақша, осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай тәртiппен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы қор мiндеттемелерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiмдерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз туындаған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн өткізудi және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
3) үшiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
4) төртiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
5) бесiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату тiркеушiнiң қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, инвестициялық пай қоры тiркеушiсiнiң қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында ақшаны бөлу жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн инвестициялық пай қоры таза активтерiнiң құны осы Заңда айқындалған ең төменгi мөлшерден аз болып қалуына байланысты тоқтатылған кезде, басқарушы компанияның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне қатысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.
4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының барлық активтерiн сату нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес процентiнен аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының есебiнен өтеледi.
5. Осы бапқа сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы:
1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;
2) тiркеушiнiң осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкiлеттi органға ақпаратты табыс етедi.
6. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы құжаттарды алғаннан кейiн уәкiлеттi орган Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.
4-тарау. Иивестициялық қор активтерінің құрамы мен құны
37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы
1. Ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Акционерлік (жылжымайтын мүлік қорларынан басқа) және жабық инвестициялық пай қорларының активтерiн осы Заңмен, қордың инвестициялық декларациясымен немесе ережелерiмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен қаржы құралдары және (немесе) өзге де мүлiк құрайды.
Осы Заңдағы өзге де мүлiк деп мынадай инвестициялау объектiлерi:
1) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестер;
2) жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар;
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3) реконструкцияланатын үйлер мен ғимараттар, жобалау-сметалық құжаттама;
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) басқарушы компанияның инвестициялық қордың есебінен және оның мүддесіне сай жасалған, құрылысқа үлестік қатысу шарттарынан туындаған талап құқықтары;
4) жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы түсiнiледi.
Инвестициялық қор активтерiн осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған мүлiкке инвестициялау кезiнде тәуелсiз бағалаушы осы мүлiктiң мiндеттi түрде бағасын беруге тиiс.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2-1 тармақ өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
2-1. Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін:
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) үйлер мен ғимараттар, сондай-ақ жер учаскелері;
2) үйлер мен ғимараттарға қызмет көрсетуге қажетті өндірістік құрал-саймандар мен негізгі құралдар;
3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін ақша және қаржы құралдары құрайды.
Жылжымайтын мүлік қорлары активтерінің құрамында құрылысқа үлестік қатысу және реконструкцияланып жатқан жылжымайтын мүлік объектілері шарттарынан, жобалық-сметалық құжаттамадан туындайтын талап ету құқықтары болмауға тиіс.
Жылжымайтын мүлік қорының активтерін мүлікке инвестициялау кезінде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) тәуелсіз бағалаушы міндетті түрде оны бағалауға тиіс.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда, акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорының қаржы құралдарынан басқа өзге мүлкi осы қордың таза активтерiнiң отыз процентiнен аспайтын құнын құрай алады.
Осы тармақтың талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының кемінде сексен процентін жылжымайтын мүлік құрауға тиіс.
Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына кіретін мүлік сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлік қоры осы активтердің мөлшеріндей резервтік қор құруға тиіс.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3-2. Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірісінің кемінде елу процентін, жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлікті қайта бағалаудан түскен кірістерді шегере отырып,жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кірістер құрауға тиіс.
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi инвестициялар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық қордың активтерiн құрай алады.
5. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1), осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;
2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;
3) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестерi;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын және Қазақстан Республикасы қаржы агенттiктерiнiң агенттiк облигацияларын қоспағанда, бiр заңды тұлғаның қаржы құралдары бiр түрдегi олардың жалпы санының он бес және одан да көп процентi мөлшерiнде болмауға тиiс.
Осы тармақтың 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға қолданылмайды.
2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамы жылжымайтын мүлік қоры акцияларының шығарылымы тіркелген күннен бастап он екі ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс.
Егер жылжымайтын мүлік қорының активтерімен қандай да бір мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылған жағдайда, жылжымайтын мүлік қоры осындай оқиға болған күннен кейінгі бір күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және активтердің құрамын жылжымайтын мүлік қоры активтерінің құрамына осындай өзгерістер болған күннен бастап алты ай ішінде осы баптың талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
6. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi инвестицияларының және басқарушы компанияның қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларындағы өз активтерiнiң жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келісімiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Инвестициялық қордың активтері есебінен бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына салымдардың мөлшері:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры не жылжымайтын мүлік қоры үшін таза активтер құнының он бес процентінен;
2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма процентінен;
3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз процентінен аспауға тиіс.
8. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының жоғары санаттағы тізіміне енгiзiлген инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты аффилиирленбеген екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында инвестициялануы мүмкiн.
9. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамына өзге талаптар, осы бапта көрсетiлгеннен басқасы, осы қордың инвестициялық декларациясында айқындалады.
38-бап. Инвестициялық қор активтерiн есепке алу және
олардың құнын айқындау
2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Инвестициялық қор активтерiн, инвестициялық қордың таза активтерiн есепке алу және олардың құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акцияларын сатып алу бағасын айқындау қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қоры ережелерiнде белгiленген жағдайларда, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.