1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
6) өтініш берушінің салық органына есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
7) өтініш беруші лицензия алу үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік ету магистрі дипломының көшірмесін;
8) Қазақстан Республикасының резиденттері емес жеке тұлғалар үшін - тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийдің мәртебесін және актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.
Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық пакетін табыс еткен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
3. Сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Актуарий лицензияны алғаннан кейін актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға оның актуарийлердің бірлестігіндегі мүшелігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
4. Актуарий әрбір үш жыл сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті.
5. Мынадай:
1) егер өтініш беруші осы баптың 1-тармағында белгіленген лицензия алуға арналған барлық құжаттарды табыс етпеген;
2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің теріс нәтижесі жағдайларында лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру iсiн қадағалауды жүзеге асыру
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Өзге де мемлекеттік органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актілерінде көзделуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.
42-бап. Уәкiлеттi орган
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 43-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;
3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;
3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 3-5) тармақшамен толықтырылды
3-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөнінде талаптар белгілейді;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;
4-1) сақтандыру портфелін берудің тәртібін айқындайды;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртібін белгiлейдi;
9-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу принциптеріне талаптар қояды;
9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды
9-3) сатып алу сомасы есебінің тәртібін белгілейді;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің және сақтандыру брокерлерінің, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
11) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
11-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді;
12) 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алынып тасталды
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілерінің оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінтексеру iсiн жүргiзедi;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
14-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 16 тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешiмдер қабылдайды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
19) осы Заңға сәйкес сақтандыру нарығының және олардың бірлестіктерінің кәсіби қатысушыларынан, сақтандыру агенттерінен өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті мәліметтер алуға құқылы;
20) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
21) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
22) міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша сақтандыру полистері бланкілерінің мазмұнына және оларды әзірлеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ сақтандыру полисiнiң бiрыңғай нысанын әзiрлейдi;
22-1) ертерек ден қою шараларын қолданады;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына орындауға міндетті шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 44- бап өзгертілді
44-бап. Тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің және олардың оқшауланған бөлімшелерінің қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, олардың оқшауланған бөлімшелері жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауап бередi.
4. Өздерiне заң актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының оқшауланған бөлімшелері мен сақтандыру брокерлерінің қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 46-бап өзгертілді; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 46- бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 46-бап өзгертілді
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
1) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін;
2) төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
3) жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативін;
4) активтерді әртараптандыру нормативін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер белгiлеуге құқылы.
3. Төлем қабілеттігі маржасы активтердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен асуы болып табылады.
4. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасын белгіленген ең аз мөлшерден төмендету нәтижесінде құрылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру сыныптары және жекелеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша, оның ішінде топтап сақтандыру және ортақ сақтандыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздiгiнен ұстап қалуының ең көп мөлшерi, сондай-ақ оның есебінің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
6. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Қайта сақтандыру шарты уәкілетті орган белгілеген жағдайларда төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу кезінде ескерілмейді.
8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру жөніндегі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
9. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есеп беруіне кірмейтін туынды қаржылық құралдардың болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
11. Пруденциялық нормативтерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемелері, сондай-ақ пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу үшін сапасы және өтімділігі бойынша сыныптамасын ескере отырып, активтер құнын есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 11-1 тармақпен толықтырылды
11-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептілікке деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде, пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
12. Қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдардың қаржылық тұрақтылығына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 46-1- баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 46-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингтерін жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
2. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
3. Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру холдингі жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру холдингі уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Сақтандыру резервтерi
1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және олардың құрылымына, соның ішінде қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдарға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертілді
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәмiлелер жасауына қойылатын шектеулер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне қор биржасы тізімінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген санаттары бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың акцияларын сатып алудан;
3) сақтандыру қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
4) сақтандыру агентінің қызметін қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
5) банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері-акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алудан;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттары бойынша мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 2) және 6) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын сатып алу бір эмитенттің орналастырылған акциялары жалпы санының он процентінен аспауға тиіс.
1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлғаға:
1) 1), 3)-5) тармақшаларда аталған заңды тұлғалар үшін - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілетінің іс жүзіндегі маржасының он бес процентінен;