Салымшы өзiнiң сенім серiктестiгiне қатысудан бас тартуын, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Салымшы сенім серiктестiгiнен шыққан жағдайда осы Заңдың 17-бабында қарастырылған салдар күшiне енедi.
3. Кредитордың (кредиторлардың) серiктестiктiң мүлкіндегі салымшының үлесiне өндiрiп алуды қолдану тәртібі осы Заңдың 20-бабында белгiленедi.
4. Толық серiктестер серiктестiктiң жарғылық капиталына өздерiнiң мүлiктiк жарнасын толық салмаған жағдайда бiр немесе бiрнеше салымшыны толық серiктестердiң барлығының бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша сот тәртібімен шығарылуын талап етуге құқылы.
Сенім серiктестiгiнен шығарылған салымшыға, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiктiң жарғылық капиталына енгiзген салымдарының сомасы төленедi.
Егер салымшы сенім серiктестiгiнiң жарғылық капиталына ешқандай салым енгiзбесе, онда серiктестiктiң құрылтай құжаттарында салымдар енгізу үшiн белгiленген мерзiм бiткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серiктестiкке мүшелiгi доғарылады.
5. Сенім серiктестiгiнiң салымшысы - заңды тұлға тоқтатылған (таратылған немесе қайта құрылған) немесе серiктестiк салымшысы азамат қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда оның құқығын иелену Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
32-бап. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнен шығуының салдары
Қатысушы (толық серiктес немесе салымшы) сенім серiктестiгiнен шыққан кезде серiктестiк мүлкіндегі қалған қатысушылардың үлесi, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, қатысушының серiктестiктен шыққан күнiне белгiленген олардың бастапқы мөлшерiне барабар ұлғаяды.
33-бап. Сенім серiктестiгiне жаңа қатысушылар қабылдау
1. Сенім серiктестiгiне жаңа толық серiктестер мен салымшылар қабылдау толық серiктестердiң барлығының келiсуiмен ғана мүмкiн болады.
2. Жаңа толық серiктестер немесе салымшылар қабылданған ретте сенім серiктестiгiнiң құрылтай құжаттарына мынадай өзгерістер енгiзiлуi мүмкiн:
1) қатысушылардың серiктестiк мүлкіндегі үлестерiнiң жаңа мөлшерi;
2) серiктестiктi басқару тәртiбіндегі өзгерістер;
3) жаңа толық серiктестер мен салымшылардың өз салымдарын серiктестiктiң жарғылық қорына енгізу мөлшерi, тәртібі, мерзiмi мен жолы;
4) жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажеттi өзгерістер.
34-бап. Сенім серiктестiгiнiң пайдасы мен шығынын бөлу
1. Егер серiктестiктiң құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, сенім серiктестiгiнiң пайдасы мен шығыны оған қатысушылардың барлығының арасында серiктестiк мүлкіндегі олардың үлесiне барабар мөлшерде бөлiнедi.
2. Қатысушылардың қайсысын болмасын серiктестiктiң пайдасын бөлiсуге немесе шығынын өтеуге қатысудан шеттету туралы келісімге жол берiлмейдi.
35-бап. Қатысушылардың сенім серiктестiгiнiң борыштары бойынша жауапкершiлiгi
1. Толық серiктестерге сенім серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша осы Заңдың 24-бабында белгiленген тәртiппен өздерiнiң барша мүлкiмен бiрлескен қосымша жауапкершiлiк жүктеледi.
2. Салымшылар сенім серiктестiгiнiң мiндеттемелерi бойынша серiктестiктiң жарғылық қорына өздерi енгiзген салымдар сомаларының шегiнде жауап бередi.
36-бап. Сенім серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi
1. Сенім серiктестiгi осы Заңдың 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, сол сияқты одан барлық толық серiктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенім серiктестiгi сақталады.
2. Сенім серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенім серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы.
3. Егер сенім серiктестiгiнде толық серiктестер ғана немесе салымшылар ғана қалса, онда олар осы Заңдың 25-бабының 3-тармағында көзделген iс-әрекеттi жасауға құқылы.
4. Сенім серiктестiгi таратылған кезде салымшылар оның кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуда толық серiктестерге қарағанда басым құқыққа ие болады. Сенім серiктестiгiнiң осыдан кейiн қалған мүлкi, егер құрылтай құжаттарында өзге тәртiп белгiленбесе, толық серiктестер мен салымшылар арасында олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне барабар бөлiнедi.
III-тарау. Акционерлік қоғам
ҚР 22.04.98 ж. № 221-1 Заңымен III және IV тараулар алынып тасталды, V тарау III тарау болып саналды, 54-79-баптар тиiсiнше 37-62-баптар болып есептелдi ҚР 10.07.98 ж. № 282-1 Заңымен III(V) тарау және 37-61 баптар алынып тасталды
62-бап. Осы Заңдың күшiне ену тәртібі
Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының