Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған кезде төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін анықтаған кезде 1,9 коэффициенті қолданылады.
Кірістің орташа айлық мөлшері, әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы он екі айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдар он екі айға жетпейтін мерзімге аударылған болса, табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айдың санына бөлу жолымен анықталады.
Егер әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен артық болса, онда табыс ретінде - қаралып отырған кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табыс алынады.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 23-2-баппен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
23-2-бап. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тағайындалуы және оның мөлшері
1. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің Қордан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар қатысушысына 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалады.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.
3. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
3) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің көшірмесі, сондай-ақ оларды салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) салық төлеушінің куәлігі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
6) отбасы құрамы туралы мәліметтер қоса беріледі.
4. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың тууы туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзімге дейін тағайындалады.
Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.
5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты ауыстыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері, егер әлеуметтік қатер жағдайы басталған ай үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түскен болса, осы айды қоса алғанда, соңғы жиырма төрт айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзіліс болуына қарамастан) 24-ке бөлу жолымен айқындалады.
Табысты ауыстыру коэффициенті - 0,4 болады.
Бұл орайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық процентінен аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
2009.05.05. № 159-ІV ҚР Заңымен бап 6-тармақпен толықтырылды
6. Бала бір жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге байланысты табысын жоғалтуына орай берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда, баланың мемлекет қарауына толық алынатын жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік төлем бала бір жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуді жүзеге асыратын адамға төленеді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 24- бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу және арттыру
Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау) және арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 25- бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Орталық арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемнің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімақы есептеледі.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 26- бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және олар Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алушының жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.
2. Қор өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
28-бап. Қордың қызметi
Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.
Комиссиялық сыйақының проценттiк ставкасының шектi шамасы мен оны пайдаланудың тетiгiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
1. Қордың:
1) мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;
3) Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
4) қаржы қозғалысы туралы Орталықтан ақпарат алуға;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
2. Қор:
1) Орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
3. Қор:
1) Қор активтерiн кепiлге беруге;
2) кәсiпкерлiкпен және осы Заңда көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарт негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қордың активтерiн шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық кiрiс алу жөніндегі барлық операциялардың есебiн жүргiзедi және жасалған шартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерiмен инвестициялық қызметтiң жай-күйi туралы Қорға тоқсан сайын есеп берудi табыс етiп отырады.
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
1. Қордың активтерi:
1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдар төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн алынған өсiмпұл, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерiлген инвестициялық табыс;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебiнен құралады.
2. Қордың активтерi мынадай мақсаттарға ғана:
1) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруға;
2) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыруға;
3) артық төленген әлеуметтiк аударым сомалары мен өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға пайдаланыла алады.
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
1. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есеп берудi Қордың өзiнiң қаражаты мен активтерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлек табыс етедi.
2. Қор бухгалтерлiк есеп жүргiзуде және есептiлiктi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сақталуға жататын негiзгi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. Дауларды шешу
Қордың, Орталықтың, мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының