9-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
2-1) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы даярлау;
3) құрылымдық өзгерістер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
2. Жұмыс берушi:
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, біліктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)
1-1) уәкілетті органға қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алда болатын еңбек жағдайларының өзгеруіне дейін кемінде бір ай бұрын ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен біліктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi
1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң біліктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.
3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен осындай қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асырады.
Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгізу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Кепiлдi жарнаны Қазақстан Республикасының банктеріне енгізу тәртібін, шарттарын және олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 27.01.04 ж. № 524-II Заңымен (01.03.04 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жыл сайын квота белгiлейдi.
Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы нормалары:
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейiнгi және жоғары білімдi;
дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн жоғары бiлiмдi;
индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен бөледі.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсаттар береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Квота белгiлеу тәртібін, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және шетелдік қызметкерлерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң білім деңгейi (кәсiби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) жұмыстар мен кәсiптердiң біліктiлiк анықтамалығына және қызметшiлер лауазымдарының біліктiлiк анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсiптерiне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
12-бап. Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және аймақтық бағдарламалары
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары мен аумақтарды дамыту бағдарламалары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөніндегі шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөніндегі шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды;
11) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға бейімдеу қызметтерін және психологиялық қолдау көрсетуді;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және оралмандармен әлеуметтік келісімшарт жасасуды;
4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруды ұйымдастыруды;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды жүзеге асырады.
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;
2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен бап 3-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
3-1) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған, қоғамдық жұмыстарға қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға заң актілеріне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:
жеке куәлiгін (паспортын);
еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;
оның кәсіби біліктілігін (болған кезде) куәландыратын құжатты, ал кәсібі (мамандығы) жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адам үшін - білімі туралы құжатты ұсынған кезде қабылдайды.
3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.
4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады.
2007 ж. 6 шілдедегі № 276-ІІI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
5. Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады.
6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгізу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.
7. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінде белгiленiп тұруға тиiс.
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) уәкiлеттi орган жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;
4) жұмыссыз уәкілетті органның жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-6) тармақшаларына сәйкес есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң ғана уәкiлеттi органда қайтадан тiркеле алады.
17-бап. Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi
1. Жұмыссыздар:
1) осы Заңды сақтауға;
2) уәкiлеттi органдарға келiп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;
3) уәкiлеттi орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;
4) уәкiлеттi органға:
тұрғылықты жерiн ауыстыруды;
тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;
ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;
зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртібіне ықпал ететiн өзгерістер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi жасырған немесе көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жасанды құжаттар табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар тiркеуден шығарылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.
18-бап. Лайықты жұмыс
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар үшiн кәсiби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшiн алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 18-1-баппен толықтырылды
18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны
1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
4. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Жастар практикасы
1. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орнын ашуды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарт негізінде жүзеге асырады.
2. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстардың түрлері, көлемі, еңбекақы мөлшері және оны төлеу шарттары, жастар практикасын қаржыландыру мерзімі және көздері қамтылуға тиіс.
3. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын ұсыну немесе ашу арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшеліктері бар:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері арасынан тіркелген жұмыссыздарға нақты арналады;
2) орындалатын жұмыс түлектің меңгерген кәсібіне (мамандығына) не оның біліктілік деңгейіне сәйкес келуге тиіс;
3) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 19- бап өзгертілді
19-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (3) тармақша 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды)
1. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға:
1) егер олардың қажетті кәсіптік біліктілігі болмауына байланысты лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда, жұмыссыздарды;
2) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды;
3) толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді жібереді.
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2- тармақ өзгертілді
2. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, бюджет қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не білім беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.
Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар кәсiби даярлықтан, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.05.05. № 159-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберген, оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан адамдар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.
20-бап. Қоғамдық жұмыстар
ҚР 2005.22.10. № 84-III Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және олар бюджет қаражаты және жұмыс берушiлердiң өтiнiмi бойынша солардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
2. Азаматтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кiрген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртiппен қатысу құқығы бар.