77) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге береді;
78) Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар береді;
79) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың немесе кеңейтудің табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздерінің жобаларын әзірлеу тәртібін бекітеді;
80) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бекітеді;
81) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың келу ережесін бекітеді;
82) табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
83) табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін белгілейді;
84) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жеке тұлғалардың пайдалану тәртібін белгілейді;
85) табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекітеді;
86) әуесқойлық балық аулауды қоспағанда, мемлекеттік табиғат қорығы аймағында, арнайы бөлінген телімдерде тұратын халықтың қажеттіктері үшін рұқсат берілетін аңшылық және балық аулау тәртібін белгілейді;
87) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық аумағында шу және өзге де жасанды акустикалық әсер ету нормаларын белгілейді;
88) аса құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын мемлекеттік табиғат қорықтарында арнайы бөлінген телімдерде реттелетін экологиялық туризм жүргізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен бағыттар жасау тәртібін белгілейді;
89) мемлекеттік ұлттық табиғат парктері аумақтарында реттелетін туризм және рекреация ережесін бекітеді;
90) аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын сауда жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздерге қатысты өзге де қала құрылысы құжаттамасын келіседі;
91) егістіктердің жойылу алаңдарын анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
92) өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған құқықтық және экономикалық шарттарды жетілдіреді және республикадағы және шетелдердегі өсімдік шаруашылығы саласы жай-күйінің ахуалын зерделейді;
93) сақтанушының, сақтандырушының және агенттің бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар нысанын және беру мерзімдерін белгілейді;
94) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде көрсетілетін қызметтер мен берілетін ақпараттар тізбесін әзірлейді;
95) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
96) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
97) мыналардың мониторингін жүргізеді:
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және осы саладағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру;
далалық жұмыстарды жүргізу;
ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерінің бағалары мен нарықтары;
азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі;
98) агроөнеркәсіптік кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту үшін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредит ресурстарына қол жеткізуін жақсарту үшін жағдай жасайды;
99) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамытады;
100) мыналарды талдауды жүзеге асырады:
қызмет салалары мен түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің, ауыл шаруашылығы мен оны қайта өңдеу өнімдерін тұтыну мен өндіру теңгерімінің жай-күйі мен нәтижелерін;
агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту жөніндегі статистикалық ақпаратты;
101) баға, техникалық, кедендік, салықтық, сақтандыру қызметі, сондай-ақ техникалық реттеу және мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
102) ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрлерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандырудың ұсынылған схемаларын әзірлейді және бекітеді;
103) мамандандырылған ұйымдарды құру, дамыту, қайта ұйымдастыру, тарату туралы ұсыныстар береді;
104) кадрлар даярлауды, агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
105) агроөнеркәсіптік кешен саласында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
106) мыналардың ережелерін әзірлейді және бекітеді:
мақта нарығының мониторингін жүргізу;
мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеудің технологиялық үдерісін ұйымдастыру;
мақта қолхаттарын беру, оның айналысы, оны жою және өтеу;
мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу;
107) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
108) мыналарға қойылатын біліктілік талаптарының жобасын әзірлейді:
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке;
сарапшы ұйымға;
109) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мыналарды әзірлейді және бекітеді:
шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізудің және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік берудің тәртібін;
шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);
мақта талшығы сапасы паспортының нысанын (үлгісін);
110) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
111) есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта нарығының мониторингін жүргізу бойынша есеп беру мерзімдерін белгілейді;
112) кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны берудің тәртібін айқындайды;
113) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын орындау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін белгілейді;
114) азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша орман қорын қорғау және сақтау жөніндегі авиациялық жұмыстар туралы ережені бекітеді;
115) шитті мақтаны сақтау және оны мақта талшығы етіп қайта өңдеу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді;
116) мыналардың жобаларын әзірлейді:
шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелерін;
мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызметі мен таратылуы ережелерін;
мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерін;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережелерін;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттемелерін жою ережелерін;
мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін;
мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды субсидиялау ережесін;
117) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тіркеу, көрсетілген көлік құралдарын және тіркемелерді, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу ережесін бекітеді;
118) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйіне мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің мониторинг және бағалау жүргізуін ұйымдастырады;
119) тиісті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау ережесін бекітеді;
120) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдаудың және куәліктерді беру тәртібін бекітеді;
121) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп карантиндік шаралар әзірлейді;
122) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану ережелерін бекітеді;
123) орман қарау аймақтарына тексеріс жасау ережелерін бекітеді;
124) ағаш кесу билетінің және орман билетінің нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудің тәртібін, сондай-ақ ағаш кесу билетінің, орман билетінің қолданылуын тоқтату тәртібін белгілейді;
125) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы бекіту үшін мемлекеттік орман қоры аумағында мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды жүргізуге арналған өрт сөндіретін құралдар нормаларын әзірлейді;
126) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстары сүрек дайындау үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жағдайда есепті кеспеағаш аймағын белгілеу тәртібін бекітеді;
127) мемлекеттік орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру тәртібін бекітеді;
128) мемлекеттік орман қоры аумағына орман орналастыруды жүргізу ережелерін бекітеді;
129) орман қорының мемлекеттік есебі көрсеткіштерінің тізбесін, сондай-ақ тиісті құжаттардың нысандарын бекітеді;
130) мемлекеттік орман кадастры көрсеткіштерінің тізбесі мен ормандарды экономикалық бағалау әдістемесін бекітеді;
131) ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітеді;
132) ормандардағы санитарлық ережелерді бекітеді;
133) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекітеді;
134) селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтаумен құру тәртібін бекітеді;
135) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін бекітеді;
136) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін бекітеді;
137) орман тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды және олардың сапасына бақылау жасауды ұйымдастыру тәртібін бекітеді;
138) орманды жанама пайдалану ережелерін бекітеді;
139) шөп шабу және мал жаю ережелерін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 140) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
140) залалсыздандыруға немесе өңдеуге жатпайтын, карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді алу және жою жөніндегі ережелерді бекітеді;
141) ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтары лизингісін ұйымдастыру жөнінде бағдарламаларды әзірлейді;
142) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді;
143) ортақ су пайдаланудың үлгі ережелерін бекітеді;
144) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесінен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзірлейді;
145) су шаруашылығында инвестициялық жобаларды дайындайды және іске асырады;
146) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережелерін әзірлейді;
147) судың бастапқы есебін алу ережелерін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 148) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
148) ветеринариялық-санитариялық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерді әзірлейді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 149) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
149) ветеринариялық-санитариялық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультативтік-кеңес органдарын құрады;
150) өсімдіктер карантині саласында бекітілген келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптарды орындауды қамтамасыз етеді;
151) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады;
152) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның тұтас алғанда осы су объектілеріне оң қорытындысы болған жағдайда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуын облыстың жергілікті атқарушы органдары тіркеу тәртібін бекітеді;
153) тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін бекітеді;
154) министрлікке жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 155) тармақшамен толықтырылды
155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 156) тармақшамен толықтырылды
156) - 158) ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 159) тармақшамен толықтырылды
159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді;
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 160) тармақшамен толықтырылды
160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 161) тармақшамен толықтырылды
161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 162) тармақшамен толықтырылды
162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен мазмұн 163), 164), 165), 166), 167), 168), 169), 170), 171), 172), 173), 174), 175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183) тармақшалармен толықтырылды
163) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітеді;
164) ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың біліктілік талаптары мен ережелерінің жобаларын әзірлейді;
164-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
164-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізеді;
164-3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
165) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау ережесін бекітеді;
166) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
167) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
168) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативін бекітеді;
169) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
170) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекітеді;
171) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
172) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін бекітеді;
173) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығарады;
174) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және береді;
175) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушы штаммдардың пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады;
176) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамалар іріктеу тәртібін айқындайды;
177) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
178) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлейді;
179) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді;
180) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу ережелерін бекітеді;
181) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат береді;
182) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді;
183) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
184) тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
185) Қазақстан Республикасының Үкіметіне нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
186) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;
187) көтермелеудің салалық жүйесін бекітеді;
188) субсидиялар алушы міндеттемесінің нысанын бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктейді:
1) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингін жүргізу;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жеке квотаны белгілеу;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер карантині, ветеринариялық-санитарлық бақылауға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;
4) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
5) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асыру;
6) балық ресурстарын сақтау, ұдайы молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) шешуші маңызы бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстары немесе олардың бөліктері, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімді қабылдау;
7) су объектілері деректерінің ақпараттық базасын құру және оған барлық мүдделі адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
8) су объектілерін пайдалану және республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтау көздерінің режимін бекіту;
9) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастыру;
10) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі нысанасында келісу;
11) Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жою және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қабылдау;
12) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудің көлемдерін белгілеу;
13) жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органымен бірлесе отырып, су объектісінің әрбір бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа өлшемдерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлеу;
14) су пайдалану лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылау;
15) тектік инженерия (тектік түрлендіру) негізінде алынған сорттардың тұқым топтарын Қазақстан Республикасына әкелуге келісу;
16) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға заңды тұлға мәртебесімен ұсынылатын қызметтерге тарифтердің мөлшерлерін бекіту;
17) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекіту, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
17-1) мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын жабудың және олардың аумақтарын азайтудың табиғи-ғылыми негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін бекіту;
17-2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқой (спорттық) балық аулау ережесін бекіту;
17-3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын қатып қалуды болдырмау жөніндегі іс-шаралар өткізу ережесін бекіту;
18) табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерін (эмблемасы мен туын) бекіту;
19) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
20) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру және республика бойынша тұқымның балансын жасайды;
21) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өтініштерінің негізінде ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгіленген көрсеткіштерін бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат беру;
22) сорттардың оригинаторларын тіркеу;
23) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар беру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) тиісті аумақтағы індетті жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру;
26) астықты экспортқа сату жөніндегі қызметті лицензиялау;
27) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындау;
28) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар беру;
29) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндіру сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану құқығына тіркеу куәлігін беру;