Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.22.10 № 1647 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Показать изменения
8705 20 000
Автобұрғылау
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
8705 90
Өзге де арнайы мақсаттағы қозғалтқышты көлік құралдары, жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа (мысалы, авариялық жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сендіру көлік құралдары, автобетон-араластырғыштар, жол тазалауға арналған автомобильдер, су себетін және жуатын машиналар, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
бөлшектерді механикалық өңдеу; бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген қолда бар әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
8706-8707 **
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған шассилер; 8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (кабиналарды қоса алғанда)
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, төртінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 75%-ынан аспауы тиіс».
Показать изменения
8708
8701-8705 тауарлық позициясының моторлы көлік құралдарының бөліктері және керек-жарақтары
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдардың құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90%-ынан; екінші жылы - құны түпкілікті өнім бағасының 85%-ынан, үшінші жылы -құны түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан, аспауы тиіс
Показать изменения
8716
Тіркемелер мен жартылай тіркемелер; басқа да өздігінен жүрмейтін көлік құралдары; 8716 39 800; 8716 90 тауарлық позицияларын қоспағанда, олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90 %, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 85 % аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дөңгелектер осьінде рессорлардықондыру,
- рамаға арба сүйенішін орнату;
- буферлерді, бамперлерді, кронштейндерді орнату және бекіту, алдыңғы фонарлар мен нөмірлік белгіні бекіту, сақтандырғыш тіректі орнату;
- оталғышты орнату және бекіту, дөңгелектерді жинау және оларды арба осьінде орнату;
- тұратын тежегішті орнату;
- ресиверді, пневматикалық таратқышты орнату және жинау, құбырды қосу;
- магистралдық пневматикалық тежегіш жүйесінің фильтрын орнату, герметикалығына пневматикалық тежегіш жүйесін,сынау, тежегіштерді реттеу, шанақты жинау және дәнекерлеу, рама кронштейндерді дәнекерлеу;
- шанақты көтеретін теңгеруші мен гидроцилиндірді орнату және жинау, гидравликалық құбырды қосу;
шассиге шанақты орнату;
- сақтандыру арқаның орнату, шанақтың түбіне гидроцилиндр тіректерін бекіту;
8801 немесе 8802 тауарлық позицияларының ұшу аппараттарының бөліктері
Дайындау, ол кезде 8803 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8804 00 000
Парашюттар, өзге де ротошюттер; (басқарылатын парашюттар мен парапландарды парашюттар-канаттар қоса алғанда) және ротошюттер; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары:
Кез келген позицияның материалдарынан, соның ішінде 8804 00 000 позицияның өзге де материалдарынан дайындау Дайындау ол кезде 8804 00 000 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805
Ұшу аппараттарына арналған бастау жабдығы; палубалық тежегіш немесе ұқсас қондырғылар; ұшқыш құрамға арналған жердегі жаттығу жабдықтары; олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде 8805 позицияның барлық пайдаланылатын материалдарының құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
8805 10
Ұшу аппараттарына арналған бастапқы жабдық және олардың бөлшектері; палубалы тежегіш немесе ұқсас қондырғылар және олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу
операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
89-топ
Кемелер, қайықтар және басқа да жүзетін құралдар
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс.
Алайда, 8906 00 позиция кемелерінің корпустары пайдаланылмайды
90-топ
Оптикалық, фотосуреттік, кинематаграфиялық, өлшеу бақылау, дәлме-дәл, бөлшектері мен керек-жарақтары хирургиялық аспаптар мен аппараттар, олардың медициналық немесе
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9022
Рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны, рентгендік түтіктерді және басқа да рентгендік сәулелену генераторларын, кернеуі жоғары қысымды генераторларды, басқару қалқандары мен пульттерін, экрандарды тексеруге немесе емдеуге арналған үстелдерді, креслоларды қоса алғанда, рентгендік, альфа-, бета- немесе гамма- сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе мал дәрігерлік пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура, рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны қоса алғанда, рентгендік сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе Ветеринарлық пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура рентгенографиялық немесе радиотерапевтік аппаратураны қоса алғанда, рентгендік сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық пайдалану үшін арналған немесе арналмаған аппаратура
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
91-топ
Сағаттардың барлық түрлері мен олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
92-топ
Музыкалық аспаптар; олардың бөлшектері мен керек-жарақтары
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
93-топ
Қарулар және оқ-дәрілер; керек-жарақтары олардың бөлшектері мен
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9301 11 000 0
Өздігінен жүретін артиллериялық қару (мысалы, зеңбіректер, гаубицалар және минометтер)
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
930120 000 0
Зымырандық іске қосу қондырғылары; отты қарулар; гранатометтер; торпеда аппараттары және ұқсас іске қосу қондырғылары
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ, мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеу операциялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
9301 90 000 0
Зымырандық іске қосу қондырғыларынан басқа өзге де әскери қару
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастыру-дәнекерлеуоперациялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
9306 90
Өзге де әскери қимылдарды жүргізуге арналған бомбалар, гранаталар, торпедалар, миналар, зымырандар және ұқсас заттар; патрондарға арналған бытыраларды және тығындарды қоса алғанда, патрондар, өзге де оқ-дәрілер, снарядтар және олардың бөліктері
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:
- дайындамаларды дайындау (таспа кесетін машинада кесу, газ плазма арқылы пішу, соғу);
- бөлшектерді механикалық өңдеу;
- бөлшектерді термиялық өңдеу;
- корпустық бөлшектерді дайындау және оларды механикалық өңдеубойынша құрастыру-дәнекерлеуоперациялары;
- жекелеген тораптарды құрастыру және сынау;
- конструкторлық құжаттамаларда берілген тапсырыс берушіден алынған әдістемелік нұсқаулықтар мен техникалық өлшемдерді бақылау бойынша қуаттылық сынақтарын өткізе отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау
Показать изменения
9401
Отыруға арналған, кереуетте өзгертілетін немесе оның бөлшектері тауар позициясында көрсетілгеннен басқа) және өзгертілмейтін жиһаз (9402
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9403
Өзге де жиһаз және олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9405
Шамдар мен жарықтандыру жабдықтары, басқа жерде аталмаған прожекторларды, жарық беру бағыты аз шамдарды, фарлар мен олардың бөлшектерін қоса алғанда; жарқырайтын көрсеткіштер, басқа жерде аталмаған, жарық көзі ішіне салынған тақта және ұқсас бұйымдар және олардың бөлшектері
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9406 00
Құрылыстық жинақталған құрылымдар
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9503
Өзге де ойыншықтар; жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін мөлшері кішірейтілген («ауқымдағы») жұмбақтардың барлық түрлері үлгілер және ұқсас үлгілер;
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс, барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9602 00 000- ден
Жануарлардан, өсімдіктерден немесе минералдардан алынған кесуге арналған бұйымдар материалдардан жасалған
Сол позициялардың кесуге арналған өңделген материалдарынан дайындау
Показать изменения
9603- тен
Шөткелер (байланған шоғырлардан жасалған, сапталған немесе сапталмаған еден шөткелері мен тұғырықтар мен білікшелер едендерді жинауға арналған механикалық, қол, моторсыз қондырғылар; сырлайтын сыпыртқыларды қоспағанда);
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9605 00 000
Жеке гигиена, тігу немесе киім немесе аяқ киім тазалау жол жинақтары үшін пайдаланылатын
Жинаққа енетін әрбір бұйым, егер ол жинаққа енбегенде қолданылатын талапты қанағаттандыруы тиіс. Алайда, шығу тегі жоқ бұйымдар олардың жалпы құны түпкілікті өнім бағасының 15%-ынан аспауы шартымен жинаққа ене алады
Показать изменения
9606
Түймелер, батырмалар, ілгек арналған дайындамалар нысандар (қаңқалар) және осы бұйымдардың өзге де бөлшектері; түймелерге түймелер, түймелерге арналған
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдар өнім позициясынан ерекшеленетін позицияда жіктелуі тиіс. Барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс
Показать изменения
9608
Шарикті қаламдар, фетрден немесе басқа кеуектік материалдардан жасалған ұштығы бар қаламдар мен таңбалауыштар, сиялы автоқаламдар, өзге де стилографтар мен қаламдар; (қалпақтар мен қысқыштарды қоса алғанда) механикалық қарындаштар; қалам ұстағыштар; қарындаш ұстағыштар және ұқсас ұстағыштар; 9609 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, жоғарыда санамаланған бұйымдардың бөлшектері көшіргіш қаламұштар;
Бұйым позициясынан ерекшеленетін позицияға жататын материалдардан дайындау. Алайда, қаламұштар мен қаламұштарға арналған ұштықтар өз кезегінде оның құны түпкілікті өнім бағасының 5%-ынан аспауы шартымен ғана өнімдікіндей позицияның басқа да материалдары сияқты пайдаланылуы мүмкін
Показать изменения
9614 20
Темекі трубкалары және табақша тәрізді бөлшектері
Трубкалардың дөрекі дайындамаларынан дайындау
Ескертпе:
* Егер өнім бір мезгілде 3901-3906 позицияларға және 3907-3911 позицияларға жататын материалдардан дайындалған жағдайда. Осы ереже тек дайындалған тауардағы салмақтық қатынасы артық өнім санатына ғана қолданылады.
Показать изменения
** Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері тек ірі көлемді инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілген 8703, 8706, 8708 тауар позицияларына ғана қолданылады. Бұл ретте ірі көлемді инвестициялық жоба деп тауар өндірісінің басталатын күніне негізгі капиталға кемінде 2 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазіргі заманғы автомобиль көлігі құралдары мен автомобиль бөлшектерін шығару үшін өндіріс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба ұғынылады.
Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет.
Показать изменения
*** Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері ірі ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өндірілген 8702, 8704, 8705 тауар позицияларына ғана қолданылады. Бұл ретте ірі ауқымды инвестициялық жоба деп тауар өндірісінің басталатын күніне негізгі капиталға кемінде 0,5 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазіргі заманғы автомобиль көлігі құралдары мен автомобиль құрамдас бөліктерін шығару үшін өндіріс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба түсіндіріледі.
Показать изменения
Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет.
1-ескертпе:
Показать изменения
1.1. Осы Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерінің алғашқы екі бағанасында шикізатты немесе материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім туралы деректер көрсетіледі. Өлшемдердің бірінші бағанасында СЭҚ ТН бойынша өнім коды, екінші бағанда - бірінші бағанада көрсетілген кодқа сәйкес өнім сипаттамасы беріледі. Алғашқы екі бағанада сипатталған әрбір нақты өнім үшін оның шығу тегін айқындайтын шарттар, өндірістік немесе технологиялық операциялар (бұдан әрі - шарттар мен операциялар) үшінші бағанада көрсетілген.
Показать изменения
Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріндегі тауарлар тек СЭҚ ТН бойынша тауар кодымен айқындалады, тауар атауы пайдалану қолайлылығы үшін ғана берілген.
Показать изменения
Егер тауардың СЭҚ ТН бойынша кодына «-дан/-ден» деген жалғау жалғанған болса, бұл үшінші бағанадағы шарттар мен операциялар осы тауар позициясында жіктелгенін және екінші бағанада көрсетілген тауарларға ғана қолданылатынын көрсетеді. Бұл жағдайда да тауар атауын басшылыққа алу керек.
Показать изменения
1.2. Егер бірінші бағанада бірнеше тауар позицияларының нөмірлері немесе топ нөмірі берілсе және онымен бірге екінші бағанада өнімдердің жалпы сипаттамасы берілсе, онда үшінші бағанада көрсетілген тиісті шарттар мен операциялар СЭҚ ТН-ге сәйкес бірінші бағанада көрсетілген тауар позицияларында жіктелетін барлық өнімдерге немесе бірінші бағанада көрсетілген тауар позицияларының кез келгеніне қолданылады.
1.3. Егер бірдей тауар позициясында жіктелетін тауарлардың бір бөлігіне қатысты бір шарттар мен операциялар қолданылып, ал басқа бөлігіне (бөліктеріне) қатысты өзге шарттар мен операциялар қолданылса, онда екінші бағанада абзацтардың тиісті саны болады, олардың әрқайсысында тауарлардың нақты сипаты беріледі және тиісінше үшінші бағанада сипаты екінші бағанның қандай да бір абзацында берілген тауарларға қатысты шарттар мен операциялар көрсетіледі.
2-ескертпе:
Показать изменения
2.1.«дайындау» деген термин жинауды немесе қандай да бір ерекше операцияларды қоса алғанда, өндірістік немесе технологиялық операциялардың кез келген түрін орындауды білдіреді. Бұл ретте 3.4-ескертпенің ережелерін назарға алған жөн.
2.2. «материал» деген термин өнім дайындау үшін пайдаланылатын кез келген ингредиенттерді, шикізатты, құрамдас элементтерді, бөліктерді және т.с.с. білдіреді.
2.3. «өнім» деген термин, тіпті ол басқа өндірістік операцияларда одан әрі пайдалануға арналса да, дайындалған өнімді білдіреді.
2.4. «тауар» деген термин материалдарды да, өнімдерді де білдіреді.
2.5. «Келісімге қатысушы мемлекет» деген термин 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге және 1999 жылғы 2 сәуірдегі осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы мемлекет.
2.6. «үшінші елдер» деген термин - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге және 1999 жылғы 2 сәуірдегі осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер.
3-ескертпе:
3.1. Осы өлшемдердің үшінші бағанында көрсетілген шарттар мен операциялар өнім дайындау үшін пайдаланылатын, Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында шығарылмайтын материалдарға (бұдан әрі - шетелде шығарылған материалдар) қатысты ғана жүзеге асырылуға тиіс. Үшінші бағандағы шарттармен және операциялармен айқындалған шектеулер, сондай-ақ өнім дайындау үшін пайдаланылатын, шетелде шығарылған материалдарға ғана қолданылады.
3.2. Егер шарттармен және операциялармен өнім өндіруде кез келген тауар позицияларының материалдары пайдаланылуы мүмкін деп белгіленген жағдайда, бұл өнім сияқты сол тауар позициясында жіктелетін материалдарды шарттармен және операциялармен айқындалуы мүмкін ерекше шектеулер сақталған жағдайда ғана пайдалануға болатындығын білдіреді.
3.3. Егер шетелде шығарылған материалдардан дайындалған өнім тауар позициясының өзгеруіне орай немесе өлшемдерге сәйкес оған қатысты ерекше шартқа немесе операцияларға орай қайта өңдеу жүзеге асырылатын және содан соң басқа өнім өндіру үшін материал ретінде пайдаланылатын Келісімге қатысушы мемлекеттен шыққан мәртебеге ие болатын жағдайда, оны дайындау кезінде пайдаланылатын өнімге қатысты қолданылатын шарттар мен операциялар оған қолданылмайды.
3.4. Егер сол не өзге өнімге қатысты Тауарларды жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне жауап бермейтін операциялар жүргізу нәтижесінде жеткілікті қайта өңдеу өлшемдерін орындауға қол жеткізілсе, онда осы өнім бұл операциялар орын алған елден шықты деп саналмайтын болады.
Показать изменения
3.5. Тауарларды СЭҚ ТН бойынша жіктеу ережелеріне сәйкес жіктеудің дербес объектісі ретінде айқындалатын сол немесе басқа өнім шарттар мен операцияларды қолдану объектісі болып табылады. СЭҚ ТН-ді түсіндірудің үшінші негізгі ережесіне орай жіктелетін өнімдер жиынтығының шығу тегі айқындалған жағдайда, жиынтық құрамына кіретін әрбір жеке элемент шарттар мен операцияларды қолдану объектісі ретінде қарастырылады.
Показать изменения
Тиісінше:
Показать изменения
элементтер тобынан тұратын немесе бірқатар бөліктерден жиналған және СЭҚ ТН ережелеріне сәйкес жеке тауар ретінде жіктелетін өнім тұтастай алғанда, шарттар мен операцияларды қолдану объектісі ретінде қарастырылады;
Показать изменения
егер тауарлар партиясы СЭҚ ТН-нің бір тауар позициясында жіктелетін ұқсас өнімдерден тұрса, онда әрбір өнім шарттар мен операциялардың қолдану мақсаты үшін жеке қарастырылуға тиіс;
Показать изменения
егер СЭҚ ТН-ді түсіндірудің бесінші негізгі ережесіне орай орам оған салынған өнімдермен бірге жіктелсе, онда осы тауардың шығу тегін айқындау кезінде орам тауардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуға тиіс.
Показать изменения
3.6. Элементтер тобынан тұратын немесе бірқатар бөліктерден жиналған және тауарларды СЭҚ ТН бойынша жіктеу ережесіне сәйкес жеке тауар ретінде жіктелетін өнім, егер оның барлық құрауыштары осы шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын ретінде қарастырылуға тиіс.
Егер осы өнім құрауыштарының бір бөлігі шарттар мен операцияларды қанағаттандырса, ал бір бөлігі қанағаттандырмаса немесе дайын өніммен бірдей тауар позициясына ие болса, онда, егер шарттар мен операцияларды қанағаттандырмайтын немесе тауар позициясы түпкі өніммен бірдей құрауыштардың құны түпкі өнімнің франко-зауыттық бағасының 15 %-ынан аспаған жағдайда, осы өнім шарттар мен операцияларды қанағаттандыратын болып саналады.
Показать изменения
Бұл ереже өлшемдерде олар үшін өзге шарт көрсетілген тауарлардан басқа барлық жағдайларда қолданылуы мүмкін.
4-ескертпе:
4.1. Осы өлшемдердің үшінші бағанында келтірілген шарттар мен операциялар өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындаудың ең аз көлемін белгілейді. Белгіленген өндірістік немесе технологиялық операциялардың ең аз көлемде орындалуы өнімнің шығу тегін айқындамайды.
4.2. Егер өлшемдерде келтірілген шарттар мен операцияларда өнім бірден артық материалдан дайындалуы мүмкін екендігі белгіленген жағдайда, бұл бір немесе одан көп материал пайдаланылуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл ретте барлық материалдардың пайдаланылуы міндетті емес.
Алайда, егер бір шарт немесе операция шеңберінде бір материалға қатысты белгіленген қандай да бір шектеу белгіленсе және сонымен бірге өзге материалдарға қатысты белгіленген өзге шектеулер болса, онда бұл шектеулер өнімді дайындау кезінде нақты пайдаланылған материалдарға қатысты ғана қолданылады.
4.3. Егер тізімде келтірілген шарттар мен операцияларда өнім белгілі материалдан дайындалуға тиіс екендігі белгіленген жағдайда, бұл табиғатына қарай осы шарт немесе операция ережесін бұза алмайтын басқа материалдарды пайдалану үшін осы шарт кедергі болып табылмайтындығын білдіреді. (Мысалы: егер шарттар мен операцияларда дәнді дақылдарын немесе олардан өндірілгендерді пайдалану айрықша ескерілетін болса, бұл дән, дақылдарынан өндірілмейтін минералды тұздарды, химиялық және басқа қоспаларды пайдалануға кедергі болмайды).