Тауарларды Келісімге қатысушы мемлекеттер шеңберінде, олардың аумақтарында дайындалған және Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен бекітілген тауардың шығу тегін айқындау ережесі күшіне енгенге дейін кері экспорттау кезінде, «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілуі мүмкін. Сертификатты тауарды шығарушы туралы (атауы, Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының Республикасы мен почталық мекен-жайын көрсете отырып) және тауардың дайындалған жылын растаушы құжаттар ұсынылған жағдайда берілуі мүмкін.
3-тарау. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және
тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру
§ 1. Ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау
34. Тауар шығарылған елді анықтау үшін, тауардың:
1) толықтай Қазақстанда шығарылғандығы;
2) жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылғандығы белгіленуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Толықтай Қазақстан Республикасында шығарылды деп саналатын тауарларды айқындау осы Ереженің 5-тармағына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері осы Ереженің 7-тармағында белгіленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодын қайта өңдеу нәтижесінде алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің негізгі өлшемі болып табылады.
Осы тізбеге шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемдерімен үйлестіріліп те енгізілген.
Арнайы экономикалық аймақтар мен Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының бос қоймаларының аумағында шығарылатын, тауарлар шығарылған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі осы Ереженің 9-қосымшасымен белгіленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келмейтін шарттар осы Ереженің 9-тармағында белгіленген.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Егер адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда, тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 10-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тауарды өндірудегі адвалорлық үлес есептемесі осы Ереженің 1-қосымшасындағы формулаға сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Бөлшектенген немесе құрастырылмаған түрде жеткізілетін тауарлар шығарылған елді айқындау осы Ереженің 11-тармағына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Тауар шығарылған елді айқындау кезіндегі ерекшеліктер осы Ереженің 12-тармағында белгіленген.
42. Тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде және өтінім мен осы Ереженің 64-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттар негізінде жүргізіледі.
43. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүзеге асырады.
44. Тауардың шығу тегінің сараптамасы:
1) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) қажет болған кезде тауар орналастырылған жерге барып тауарды сыртқы белгілері бойынша, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, шығарушы кәсіпорны);
3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін белгілеу және тауардың қосымша құнын айқындау мақсатында тауарды өндіру кезіндегі үрдістің сараптамасын қамтиды.
45. Тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуге осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес өтініммен бірге мынадай құжаттар тапсырылады:
1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін - паспорт, жеке куәлік, дара кәсіпкердің патенті немесе куәлігі);
2) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі (тауарды өндірушімен немесе тауарды алуға жасалған шарт, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар);
3) қызмет түріне берілген лицензияның түпнұсқасы және көшірмесі;
4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрамдауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шоттар, төлем тапсырмалары, көліктік және басқа жүкқұжаттар, тауар соларға сәйкес өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрамдауыш құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі, шығындар калькуляциясы, қосылған құны);
5) егер тауар жануар тектес болса, өзен және теңіз кәсіпшілігінің тауары болып табылса, ветеринариялық куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі;
6) қойманың мекен-жайын көрсете отырып, қоймадағы тауардың бар екендігі және саны туралы қоймалық анықтаманың түпнұсқасы және көшірмесі;
7) өтініш берушінің мүддесін білдіруге арналған сенімхаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
8) жеміс-көкөніс өнімдері үшін: Қазақстан Республикасының аумақтық бірлігінің жергілікті атқарушы органның өтінім берілген өнім легінің көрсетілген аумақта өсірілгені туралы растау-анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі және өнімді өндірушімен жасалған шарт, тауарды өндірушімен жасалған шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды расталған көшірмесін міндетті түрде ұсына отырып, тауарды сатып алуға арналған шарт.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
46. Қосымша зерттеу жүргізу қажет болған жағдайда, сараптама ұйымы мыналарды сұратады:
1) шикізаттың, материалдардың, құрамдауыштардың шығу тегін растайтын рұқсаттардың, лицензиялардың, құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
2) егер тауарды зертханалық зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген сынақтар хаттамасы.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен сәйкестендірілгеннен кейін олар бір жұмыс күні ішінде өтінім берушіге қайтарылады.
47. Сараптама нәтижелері бойынша сараптама ұйымы осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы аудитор жасаған, тауардың:
1) толық Қазақстанда шығарылғаны;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған болып табылатыны туралы тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін куәландырады және береді.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 47-1-тармақпен толықтырылды
47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
Сериялы өндіріс тауарларын жасаудың технологиялық үдерісі өзгерген жағдайда өтінім беруші мұндай өзгерістер туралы сарапшы ұйымға хабарлауға тиіс.
48. Сараптаманы біліктілік аттестатын алған және тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудиторлар тізіліміне енген тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор жүргізеді және сараптама қорытындысына қол қояды.
49. Толықтай Қазақстанда шығарылған тауарлардан (шикізаттан, материалдардан, өнімнен) шығарылған тауардың шығу тегін белгілеу кезінде тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде мыналарды көрсету қажет:
1) осы тауарды шығарудың технологиялық үдерісі (нормативтік құжат, технологиялық нұсқаулар);
2) тауарды өндіру кезінде пайдаланылған шикізатты материалдарды және құрамдауыштарды жеткізушілер;
3) сатып алынған шикізат пен құрамдауыштарға ақы төлеу туралы құжаттардың болуы (атауы, нөмірі).
§ 2. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
50. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес бланкіде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
«СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат мынадай тауарларға:
1) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және арнайы экономикалық аймақтар аумағы мен бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарылатын;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген жеткілікті дәрежеде қайта өңделген және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында сатылатын тауарларға ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне шығарған және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 51-1-тармақпен толықтырылды
51-1. Сериялы өндіріс тауарларына арналған CT-KZ нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат сериялы өндіріс тауарын өндіруші болып табылатын өтінім берушіге тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзіміне беріледі.
52. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат:
1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) тауардың шығу тегі туралы сараптама актісі;
3) осы Ереженің 45-тармағына сәйкес өтініш беруші сараптамаға берген құжаттар;
4) қоса берілген құжаттар тізімдемесі негізінде ресімделеді, куәландырылады және беріледі.
53. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат осы Ереженің 60-тармағында баяндалған тәртіпке сәйкес толтырылады, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы куәландырады.
54. Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланкілерін жасауды, оларды пайдалануды, сақтауды және беруді есепке алуды жүргізеді.
55. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат үш данада ресімделеді: біріншісі түпнұсқа, екіншісі мен үшіншісі қорғалған бланкілерде жасалған көшірмелері болып табылады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш берушіге беріледі, ал екінші көшірмесі ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органда сақталады.
Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің талабы бойынша қажетті мөлшерде тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қорғалмаған бланкілердегі көшірмелерін береді. Көшірмелердің алдыңғы бетінде бланктің «Қызметтік белгілер үшін» немесе «Қосымша мәліметтер» деген бағандарында мынадай жазулар жазылады: «Көшірме дұрыс», уәкілетті тұлғаның қолы қойылған көшірменің берілген күні, ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган мөрімен расталады.
56. «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың толтырылған 6, 7, 8, 9, 10-бағандарындағы бос жерлер оны растағаннан кейін қосымша жазуларды жазбау үшін, қолмен («Z» таңбасымен) сызылады.
57. Егер онда тазартып өшірулер, түзетілген жерлері, расталмаған түзетулер болса, қажетті қол қолдар қойылмаса және (немесе) мөрлер басылмаса, тауардың шығу тегі туралы сертификат жарамсыз болып саналады. Тауардың шығу тегі туралы сертификатқа түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді ішіне жазу жолымен, одан кейін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жүргізіледі және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
Сертификат бағанындағы мәліметтер өзгерген жағдайда, жаңа сертификат тек өтініш беруші бұрын алынған сертификатты қайтарған соң беріледі, алдыңғы сертификат күшін жояды, жаңа сертификатты берген кезде негіздеме ретінде, сондай-ақ осы өзгерістерді растайтын қажетті құжаттар болған кезде, іске тігіледі. «СТ-KZ» нысанындағы сертификаттың 5-бағанында күші жойылған (күші жойылған сертификаттың орнына берілген сертификатқа жаңа тіркеу нөмірі беріледі) сертификаттың нөмірі мен уақыты көрсетіле отырып, «Сертификат орнына берілді» деген белгі жазылады.
58. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмелері мен олардың негізінде сертификаттар берілген құжаттар үш жыл бойы ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органда сақталады.
59. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
60. «СТ-KZ» нысанындағы сертификат осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында тауар туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-баған - «Тауарды өндіруші (атауы мен почталық мекен-жайы)» - тауар өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес тауар өндіруші болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Бағанды толтырған кезде өндірушінің почталық мекен-жайы тауар өндірушінің нақты мекен-жайын растайтын құжатына сәйкес көрсетіледі;
2) 2-баған «Тауарды алушы (атауы мен почталық мекен-жайы)» - тауарды алушы болып табылатын тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес:
заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес заңды немесе жеке тұлғаның атауы.
Бағанды толтырған кезде тауарды алушының почталық мекен-жайы тауарды алушының нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес көрсетіледі;
«Тауарды алушы» деген баған өтініш беруші осы тауарды өндірушінің өзі емес, ол уәкілеттік берген, сенімхат бойынша тауар өндірушінің мүддесін білдіретін тұлға немесе өндірушінің өзі осы тауарды сатқан тұлға болған жағдайда ғана толтырылады, «Қызметтік белгілер үшін» деген 5-бағанда тауар өндіруші мен тауарды алушы арасындағы тауарды алуға арналған жоғарыда аталған шарт көрсетіледі.
Тауарды арнайы экономикалық аймақ аумағынан және Қазақстан Республикасының бос қоймаларынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағына шығарған жағдайда «Тауарды алушы» деген 2-баған тек уәкілетті тұлға (делдал) болған жағдайда ғана соған ұқсас толтырылады.
3) 3-баған - «Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты». Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
4) 4-баған - тауардың шығу тегі туралы сертификаттың тіркеу нөмірі; сертификатты берген ел («Қазақстан Республикасы»);
5) 5-баған - «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулары болады: «Көшірме», «Сертификат орнына берілді». Тауарды алушы болған жағдайда, тауарды алушымен тауарды өндіруші арасындағы тауарды алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификатты қайта ресімдеген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;
6) 6-баған - «Нөмір». Тауардың реттік нөмірі жазылады;
7) 7-баған - «Орындар саны мен қаптама түрі». Тауардың (лектің) орындар саны мен қаптама түрі көрсетіледі;
8) 8-баған - «Тауардың сипаттамасы» - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір белгімен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер.
Бағанды толтырған кезде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші бойынша тауардың коды көрсетіледі;
9) 9-баған - «Шығу тегінің өлшемдері». Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
Д - соңғы өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңделген тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі қазақстандық қамтудың үлесін есептеу осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының тауарлық позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
10) 10-баған - «Брутто/нетто салмағы, (кг)». Тауардың салмақтық не сандық сипаттамасы көрсетіледі; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
11) 11-баған - «Куәлік». Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органның атауын, оның мекен-жайын, сертификатта көрсетілген мәліметтерді куәландыратын мөрі мен күнін, сондай-ақ сертификатты куәландыруға уәкілетті тұлғаның қолын, тегі мен аты-жөнін қамтиды;
12) 12-баған - «Өтініш берушінің декларациясы». Тауар шығарылған елдің атауы, тауар шығарылған ел туралы мәліметтер декларацияланған орны мен күні, өтініш берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні және өтініш берушінің қолы мен мөрі көрсетіледі.
4-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты
кейіннен (ретроспективтік) беру
61. Сертификат экспортты жүзеге асыру, сондай-ақ қателік, кездейсоқ жіберіп алу, ерекше мән-жайлар немесе техникалық себептер бойынша Қазақстан Республикасында сату үшін бос қоймалардың және бос экономикалық аймақтардың аумақтарында өндірілген тауарларды әкету сәтінде берілмеген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы сертификат айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасының қалған кеден аумағына бос қоймалардан және бос экономикалық аймақтардан тауарларды шығарғаннан және сатқаннан кейін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат беру жөніндегі уәкілетті орган тауардың шығу тегі туралы сертификатты кейіннен (ретроспективті) тексергеннен кейін өтініш берушінің өтінішінде қамтылған мәліметтер тиісті экспорттық құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келген және тауардың шығу тегі туралы сертификат осы тауар экспортқа шығарылған немесе бос қоймадан және Қазақстан Республикасының қалған кеден аумағына еркін экономикалық аймақтан өткізілген кезде берілмеген жағдайда береді.
Кейіннен (ретроспективті) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің негізінде ресімделеді. Бұл ретте өтініш беруші сараптама ұйымына осы Ереженің 16 және 45-тармақтарында көзделген құжаттармен тауардың нақты тиеп-жөнелтілгенін растайды (Қазақстан Республикасы кеден органының «Шығаруға рұқсат берілген» деген белгісі бар экспорттық жүк кеден декларациясы).
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 63-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
63. Кейіннен (ретроспективтік) берілетін тауардың шығу тегі туралы сертификат СТ-1 және «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 5-бағанында мынадай жазу болуы керек: «Кейіннен берілді».
5-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификат телнұсқасын беру
64. Тауардың шығу тегі туралы сертификат күшін жойған немесе бүлінген жағдайда өтініш беруші ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті органға және тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасын сертификат телнұсқасын беру туралы жазбаша нысандағы өтінішпен жүгінеді. Берілген телнұсқаны тіркеу немірі түпнүсқаның тіркеу нөміріне сәйкес болады. «СТ-KZ» нысанындағы нысанындағы сертификаттың 4-бағанында «Телнұсқа» («Dublicate») деген жазу жазылады және түпнұсқаның тіркеу нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың 12-бағанында телнұсқа берілген күн көрсетіледі.
65. Сертификаттың телнұсқасы түпнұсқа берілген мерзім өткенге дейін жарамды.
6-тарау. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас
тарту үшін негіздеме
66. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы мынадай:
тауардың шығу тегі туралы тиісті түрде ресімделмеген сараптама актісі ұсынылған және (немесе) техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды бермеген жағдайларда бас тарту себептерін негіздей отырып, өтініш берушіге тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тартады.
Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге мынадай:
тауардың шығу тегі туралы тиісті түрде ресімделмеген сараптама актісі ұсынылған және (немесе) осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тізбе бойынша тауардың шығу тегін растайтын құжаттар берілмеген жағдайларда, бас тарту себептерін негіздей отырып, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруден бас тартады.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 674 Қаулысымен 67-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
67. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негізделген шешімді беру мерзімі бір жұмыс күнінен, ал осы Ереженің 5-тармағына көзделген жағдайларда, өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.
Тауар шығарылған елді анықтау,
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
куәландыру және беру жөніндегі ережеге
1-қосымша
Тауар өндірісіндегі адвалорлық үлес есептемесі
С шет.мат
Д.ад.үлес = ------------ х 100%,
С дайын өнім
мұнда, Д.ад.үлес - тауар өндірісіндегі адвалорлық үлес, %;
С шет.мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
С дайын өнім - «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.
Тауар шығарылған елді анықтау,
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу,
куәландыру және беру жөніндегі ережеге
2-қосымша
Қазақстан Республикасынан экспортталатын,
Қазақстан Республикасынан кері экспортталатын тауардың шығу тегіне
сараптама жүргізуге арналған өтінім үлгісінің нысаны
_____________________________________
(сараптама ұйымының атауы)
_____________________________________
(аты-жөні)
№ өтінім
20__ ж.«__»__________
Мынадай деректемелер негізінде __________ тілінде тауардың шығу тегіне сараптама жүргізуді сұраймыз:
1. Тауарды жөнелтуші, оның мекен-жайы, телефоны, факсы
__________________________________________________________________________________________
2. Тауарды алушы, оның мекен-жайы, елі ________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
3. Тауарды шығарушы, оның мекен-жайы, елі (тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмесі: шарт №, жүкқұжаттар, шот-фактура және т.б.) _______________________________________________________________________________________