3. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iстi одан әрi жүргiзу осы Кодекстiң 643-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот тәртібімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараудың заңдылығын қадағалауды оның бірiншi орынбасары жүзеге асырады.
691-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты не Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауы
1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен қорғанышы бар адамдардың iстерiн жүргiзу ерекшелiктерiмен қоса, жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi.
2. Егер iстi судья қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында аталған мемлекеттік органдар алып келуге келісім беруден бас тартылған болса немесе мұндай келісім сұралмаса, судья осы Кодекстiң 686-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленген тәртiппен алып келуге келісім беру туралы ұсыным жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде алып келудi қолдануға құқылы.
692-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық қорғанышы бар адамдар
1. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртібімен әкiмшiлiк жауаптылықтан қорғанышты Қазақстан Республикасында мына адамдар пайдаланады:
1) шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкер мүшелерi және егер олар өздерiмен бірге тұрып жатса және Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олардың отбасы мүшелерi;
2) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келісім негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсетушi қызметiнiң қызметкерлерi мен олардың өздерiмен бірге тұратын отбасы мүшелерi, консулдықтардың басшылары және, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты консулдықтың басқа да лауазымды адамдары;
3) егер бұл қызметкерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, өзара келісім негiзiнде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызмет қызметкерлерi және олардың өздерiмен бірге тұратын отбасы мүшелерi;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттiк және үкiметтiк делегациялардың мүшелерi және, өзара келісім негiзiнде, Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференцияларға және кеңестерге қатысуға немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi не осындай мақсаттармен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқандар және егер отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, аталған адамдарға ерiп жүрген отбасы мүшелерi;
6) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және қызметкерлерi, осы ұйымдардың лауазымды адамдары халықаралық шарттар немесе жалпы танылған халықаралық ғұрыптар негiзiнде;
7) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтiп бара жатқан үшiншi бір елдегi шет мемлекеттер дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкер мүшелерi және аталған адамдарға ерiп жүрген немесе оларға қосылу немесе өз елiне қайту үшiн бөлек бара жатқан отбасы мүшелерi;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында аталған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар шет мемлекет қорғаныш беруден бас тартқан жағдайда ғана сот тәртібімен әкiмшiлiк жауапқа тартылуы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Аталған адамдарға қорғаныш беруден тиiстi шет мемлекеттің бас тартуы болмаған кезде оларға қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғала алмайды, ал қозғалғаны қысқартылуға тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, осы баптың бірiншi бөлiгiнiң ережелерi осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды, бұған сол адамдар жасаған құқық бұзушылық олардың өз қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайлар қосылмайды.
693-бап. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдарды тексеру, әкiмшiлiк ұстау және алып келу
Осы Кодекстiң 692-бабының бірiншi бөлiгiнiң 1), 4)-7) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар жеке басына ешкiм тиiспеушiлiктi пайдаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн олардың жеке басын тексеруге, ұстауға немесе алып келуге болмайды. Олардың жанында болған заттарға да тексеру жүргiзуге болмайды.
694-бап. Айғақ беруден дипломатиялық қорғаныш
1. Осы Кодекстің 692-бабының бірiншi бөлiгiнiң 1), 3)-6) тармақшаларында тiзiп келтiрiлген адамдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес куә, жәбірленушi ретiнде айғақ беруiне болмайды, ал мұндай айғақ беруге келiскен жағдайда бұл үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) келуге мiндеттi емес. Сұрау үшiн аталған адамдарға тапсырылған шақыруда олардың келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс.
2. Егер бұл адамдар әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында жәбірленушiлер, куәлар ретiнде айғақ берiп, ал iстi қарауға келмей қалса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) олардың айғақтарын оқып бере алады.
3. Осы Кодекстiң 692-бабының бірiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында аталған адамдар өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты мәселелерден басқа, куәлар және жәбірленушiлер ретiнде айғақ беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақ беруден бас тартқан жағдайда оларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдануға болмайды.
4. Дипломатиялық қорғанышты пайдаланатын адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруға қатысты хат-хабарды және басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес.
695-бап. Үй-жайлардың және құжаттардың дипломатиялық қорғанышы
1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жай, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк және жүрiс-тұрыс құралдары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Бұл үй-жайларға кірудi, оларды қарауды, сондай-ақ жүрiс-тұрыс құралдарын тексерудi дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оның орнындағы адамның келісімiмен ғана жүргiзуге болады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген қорғаныш өзара келісім негiзiнде, егер бұл қызметкер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, дипломатиялық өкiлдiк қызметкерiне қызмет көрсетушi қызметкерлердiң және олардың өздерiмен бірге тұратын отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына да қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай және консулдық басшысының резиденциясы өзара келісім негiзiнде ешкiмнiң тиiспеушiлiгiн пайдаланады. Бұл үй-жайларға кіру, оларды қарау тек тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшыларының өтiнiшiмен немесе олардың келiсуiмен ғана орын алуы мүмкiн.
4. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдықтардың мұрағаттары, ресми алысқан жазбалары және басқа да құжаттары ешкiм тиiспейтiн болып табылады. Оларды дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келісімiнсіз қарауға және алып қоюға болмайды. Дипломатиялық пошта ашылмауға және кiдiртiлмеуге тиiс.
5. Осы баптың бірiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған үй-жайларға кіруге, оларға тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде аталған құжаттарды тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келісімiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі арқылы сұрайды.
6. Аталған жағдайларда тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы
43-тарау. Негізгі ережелер
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңдарымен 697- бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )
697-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының мiндеттілігi
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бірлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшiне енген сәттен бастап орындалуға жатады.
3. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар олар шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.
698-бап. Қаулыны орындауға жолдау
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға жолдау қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындайтын уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнаулы құқықтан айыру және әкiмшiлiк қамау түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулылар оларды орындайтын уәкiлеттi органдарға олар шығарылғаннан кейiн дереу жiберiледi.
699-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органдар орындайды.
2. Бір адам жөнiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы бірнеше қаулы шығарылған жағдайда әр қаулы дербес орындалады.
3. Адамның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы ол жазаны заңдарға сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен орындауға әкеп соғады.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 700-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
700-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) осы қаулыны орындаумен байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, созу, тоқтата тұру немесе қысқарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе олардың орнындағы адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күн мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелердiң шешiлуiне мүдделi адамдарға олардың қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Бұл орайда мүдделi адамдардың дәлелдi себептерсіз келмей қалуы тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болмайды. Әкiмшiлiк қамауды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамауға алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне өздерi жөнiнде шығарылған қаулының көшiрмесi дереу, сондай-ақ жәбірленушiге өтiнiшi бойынша оның қолхаты алып берiледi. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш күн iшiнде жiберiледi, бұл туралы iске тиiстi жазу жазылады.
5-1. 2009.10.07 № 174-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 701-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
701-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейінге қалдыру және созу
Әкімшілік қамау, арнаулы құқықтан айыру немесе айыппұл салу (әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндіріп алуды қоспағанда) түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын заңда белгіленген мерзімде мүмкін етпейтін мән-жайлар болған кезде қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзі жөнінде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бір айға дейінгі мерзімге кейін қалдыра алады. Әкімшілік жауапқа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеуді үш айға дейінгі мерзімге созуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 702-бап өзгертілді
702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):
1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) егер әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылған;
3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;
4) осы Кодекстің 703-бабында белгіленген салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.
5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 703-бап өзгертілді
703-бап. Салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіруі
1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.
2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескіру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.
4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескіру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 704-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
704-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнінде іс жүргізудің аяқталуы
1. Жаза толық жүргізілген қаулыны орындаған орган әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау
1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.
2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.
4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.
6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы
Ескерту түріндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.
05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 707-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 707-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 707-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.
Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.
2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 708-бап өзгертілді
708-бап. Жеке адамға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Айыппұлды өндiрiп алу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган жауапқа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстау үшiн оның жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.
4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 709- бап өзгертілді
709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот, уәкілетті орган айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.
Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салық қызметінің органдары орындайды.
3. Банк немесе өзге де кредит мекемесi айыппұл сомасын белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджетке аударуға мiндеттi.
4. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот, уәкілетті орган заңнамаға сәйкес өндіріп алуды заңды тұлғаның мүлкіне айналдыру үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы қаулыны мемлекеттік сот орындаушысына жібереді.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 709-1-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі
1. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу кезінде оған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі және айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы әкімшілік жаза қолданған органның анықтамасы міндетті түрде қоса беріледі.
2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.