2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 512-5-баппен толықтырылды
512-5-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу
Әскери, арнайы машинаны немесе көлік машинасын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2007.02.03. № 270-III Заңымен 513-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
513-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіру
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуынан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсіз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
514-1-бап. Алқабидің міндеттерін атқару үшін сотқа келмеу
Алқабидің міндеттерін атқару үшін азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмеуі, -
азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-2-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
514-2-бап. Алқабилердің тізімдерін жасау үшін ақпаратты табыс етпеу
Алқабилердің тізімдерін жасау үшін жергілікті атқарушы органдарға қажетті ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-3-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
514-3-бап. Азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіру
Лауазымды адамның азаматқа алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіруі, -
лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.16.01. № 122-III ҚР Заңымен 514-4-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
514-4-бап. Алқабилердің сот талқылауында істі қарауға байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулердi сақтамау
1. Сот талқылауында істі қарауға байланысты алқабилердің іс-әрекеттеріндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау, -
азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол іс-әрекеттер, -
азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсіз бас тартуы не жалтаруы, -
екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 516-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
516-бап. Куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе қате аударма жасау
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргізу барысында органға (лауазымды адамға) куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтар беруі, сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрінеу қате аударма жасауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргізу кезінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Егер куә, жәбірленуші, сарапшы немесе аудармашы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ерікті түрде, уәкілетті орган (лауазымды адам) іс бойынша шешім шығарғанға дейін өздері берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлімдесе, олар әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 516-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 516-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
516-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi iс жүргiзу iс-әрекеттерiне қатысатын маманның немесе қорғаушының жасаған бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрмесе, -
айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе жалтаруы
Мемлекеттік қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы мiндеттеменi бұзу
Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы бойынша шара қолданбау
Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 521-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
521-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келуден жалтару
Прокурордың, тергеушiнiң, анықтау органының шақыруы бойынша айғақтар беру үшiн сот орындаушысына, сот приставына сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындау мәселесi бойынша түсiнiк беру үшiн келуден жалтару, сондай-ақ айғақ беруден бас тарту немесе көрiнеу жалған айғақтар беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейінгі, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 521-1-баппен толықтырылды
521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау
Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 522-бап өзгертілді
522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасау
1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттік органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсіз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын қасақана орындамау, -
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 524-бап өзгертілді
524-бап. Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын орындамау
Сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларының талаптарын орындаудан жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса,-
жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, ал лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 525-бап өзгертілді
525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау
1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушылары белгiлеген мерзiмде дәлелсіз себептермен атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның ішінде оларға борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, соттың және басқа органдардың қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу iсiн жүргiзу және өндiрiп алынған соманы өндiрiп алушыға салып жiберу туралы, борышкердiң өзге жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасын және мүлкiн өндiрiп алу жөніндегі сот орындаушыларының қаулыларын және заңды талаптарын орындамауы, не борышкердiң жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердi, егер оған бұлар туралы белгiлi болса, хабарламауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сот орындаушысына көрінеу теріс, оның ішінде борышкердің табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
526-бап. Алимент өндiрiп алынатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты жерiнiң өзгергендiгi туралы сот орындаушысына хабарламау
Сот қаулысы негiзiнде берiлген атқару құжаты бойынша балаларды, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, жұбайын асырауға алимент ұстап қалу iсiн жүргiзетiн ұйымның лауазымды адамының дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзiм iшiнде сот орындаушысына, алимент алушы адамға алимент төлейтiн адамның жұмыстан босатылғандығы туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жерi туралы, егер бұл оған белгiлi болса, хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
527-бап. Лауазымды адамның атқару құжатын жоғалтқандығы үшiн жауапкершiлiгi
Ұйымның лауазымды адамының атқару үшiн өзiне берiлген атқару парағын немесе басқа атқару құжатын жоғалтуы, -
отыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 528-бап өзгертілді
528-бап. Сот орындаушысына, сот приставына соттар мен басқа да органдардың қаулыларын орындауда кедергi жасау
Жеке тұлғалардың және меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының, сот приставының мүлiктен өндiрiп алу жөніндегі әрекеттерiн (тiзiмдеу, бағалау, тыйым салу, саудаға салу) орындауға кедергi жасауы немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден беске дейінгі, лауазымды адамдарға оннан он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 529 - бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 530 - бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
530-бап. Мемлекеттік наградаларды заңсыз тағып жүру
1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен 531-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 531-бап өзгертілді
531-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметті жүзеге асырумен байланысты жасауы -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 532-бап өзгертілді
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бірнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 533-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
533-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен 533-1-баппен толықтырылды
533-1-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, —
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен ескертумен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 534-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 535-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
535-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 536-бап өзгертілді
536-бап. 2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II;2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 537-бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 537-1-баппен толықтырылды
537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау