252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру
37-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар
253-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
254-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда елді мекендер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен мелиорация, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, әскери және қорғаныс объектілерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарына және жұмыс істеуіне байланысты емес құрылыстар орналастыру кезіндегі экологиялық талаптар
255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарында пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге қойылатын арнайы экологиялық талаптар
38-тарау. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырукезіндегі экологиялық талаптар
256-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағының шекаралары
257-бап. Пайдалану режимін шектеу
258-бап. Су қорғау аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
259-бап. Сақтық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
260-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі халықтың су пайдаланатын жерлерінде жағалау бойы суларын қорғау
261-бап. Теңіз деңгейінің көтеріліп-қайтып ауытқуының әсер ету аймағы шегінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар
262-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
263-бап. Геофизикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі экологиялық талаптар
264-бап. Теңізде барлау мен өндіру кезіндегі экологиялық талаптар
265-бап. Мұнай-газ құбырларын жобалау мен салу кезіндегі экологиялық талаптар
266-бап. Жағалаудағы жарақтандыру базалары мен жағалау инфрақұрылымы объектілеріне арналған экологиялық талаптар
267-бап. Кеме жүзуіне қойылатын экологиялық талаптар
268-бап. Мұнай операциялары объектілерін консервациялау мен жоюға қойылатын экологиялық талаптар
269-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағындағы қоршаған ортаның мониторингі
39-тарау. Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етугеқойылатын экологиялық талаптар
270-бап. Радиоактивті қалдықтар мен материалдарды трансшекаралық ауыстыру
271-бап. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
272-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар
273-бап. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар
274-бап. Ядролық қондырғыларды және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге арналған объектілерді орналастыру мен пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар
275-бап. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі
276-бап. Елді мекендер аумақтарындағы, тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың үй-жайларындағы радиациялық жағдайға, құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, отын-энергетикалық шикізаттың радиациялық қауіпсіздігіне және мұнай операциялары кезіндегі радиациялық қауіпсіздікке бақылау ұйымдастыру
277-бап. Металл сынықтарына радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
278-бап. Радиациялық авариялар кезінде іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі
279-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қадағалау мен бақылау
40-тарау. Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдердіөндіру және оларды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
280-бап. Ықтимал қауіпті химиялық заттарды өндіру және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
281-бап. Қоршаған ортаны зиянды және бақыланбайтын биологиялық әсерден қорғау
282-бап. Гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі
41-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау кезіндегі экологиялық талаптар
283-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы
284-бап. Иесіз қалдықтар
285-бап. Қалдыққа меншік құқығының ауысуы
42-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар
286-бап. Өндіріс және тұтыну қалдықтары мен олардың түрлері
287-бап. Қауіпті қалдықтарды сыныптау
288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты
290-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты қызметті жобалау кезіндегі экологиялық талаптар
291-бап. Қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыс-жайлар мен өзге де объектілерді салу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
292-бап. Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар
293-бап. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар
294-бап. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезіндегі экологиялық талаптар
295-бап. Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау
296-бап. Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы есеп
297-бап. Қалдықтарды кәдеге жарату мен олардың құралу көлемін азайту жөніндегі іс-шараларды ынталандыру
43-тарау. Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар
298-бап. Қалдықтарды сақтау және көму орындары
299-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары
300-бап. Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар
301-бап. Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар
302-бап. Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған полигондарда орналастыруға тыйым салынатын өнеркәсіптік қатты және шлам тәрізді қалдықтар
303-бап. Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар
304-бап. Қалдықтарды қабылдау рәсімдері
305-бап. Полигонды пайдалану сатысындағы бақылау мен мониторинг
306-бап. Полигонды (полигонның бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторинг рәсімдері
44-тарау. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
307-бап. Радиоактивті қалдықтар және оларды жіктеу
308-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерін жіктеу
309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
45-тарау. Парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу
310-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғаудың негізгі принциптері
311-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
312-бап. Климатты және Жердің озон қабатын қорғау бағдарламалары және оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
313-бап. Парниктік газдардың шекті жол берілетін шығарындылары және озонды бұзатын заттардың тұтынылуын регламенттеу
314-бап. Парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол берілетін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын жалпы талаптар
315-бап. Атмосфераға парниктік газдар шығарындылары көздерінің және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік есебі
316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры
317-бап. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу және парниктік газдардың мемлекеттік кадастры
318-бап. Парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды өндірістік бақылау
9-Бөлім. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу
46-тарау. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және экологиялық дауларды шешу
319-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері
320-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
321-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі
322-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу тәртібі
323-бап. Экологиялық дауларды шешу тәртібі
47-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
324-бап. Өтпелі ережелер
325-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
326-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлілік - бір түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әртүрлілігі;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттері;
3) генетикалық түрлендірілген организмдер - өсімін молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден ерекше, гендік инженерия әдістері қолданыла отырып алынған және құрамында гендік-инженерлік материал (гендер, олардың фрагменттері немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
4) генетикалық түрлендірілген өнімдер - гендік инженерия әдістері пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген организмдер немесе солардың компоненттері бар өсімдіктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнімдер;
5) ең озық қолжетімді технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық;
6) инертті қалдықтар - елеулі физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелері қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпаратты жинау және беру жүйесі;
10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөніндегі операциялар;
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусіз мерзім ішінде қауіпсіз сақтау үшін арнайы белгіленген орындарға жинап қою;
14) қалдықтарды өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер;
15) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзі бойынша пайда болу процестерінің, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің, мұндай қалдықтармен жұмыс істеу ережелерінің, оларды бақылау әдістерінің, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкіне зиянды әсер ету түрлерінің стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншігінде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәліметтер қамтылған құжат;
16) қалдықтарды орналастыру - өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
17) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейіннен қауіпсіз жою мақсатында оларды арнайы бөлінген жерлерде жинап қою;
18) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілігіне сәйкес оларды жіктеуге жатқызу тәртібі;
19) қалдықтардың түрі - шығу көзіне, қасиеттеріне және жұмыс істеу технологиясына сәйкес жалпы белгілері бар, қалдықтар жіктеуіші негізінде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;
20) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
21) қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар;
22) қауіпті емес қалдықтар - қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
23) қолайлы қоршаған орта - жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлілікті сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоршаған орта;
24) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы;
25) қоршаған ортаға келтірілетін залал - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындатып немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу;
26) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету;
27) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі;
28) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі;
29) қоршаған орта сапасының нормативтері - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер;
30) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның белгілі бір уақыт кезеңіне арнап нормаланатын параметрлерінің шекті деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер;
31) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
32) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;
33) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік, температуралық әсер ету, жарықтың әсері немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;
34) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ шудың, тербелістердің, магнит өрістерінің және өзге де зиянды физикалық әсерлердің қоршаған ортаға ықпалы;
35) қоршаған ортаның ластану учаскелері - жер бетінің және су объектілерінің қауіпті химиялық заттармен белгіленген нормативтерден артық ластанған шектеулі учаскелері;
36) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;
37) тіршілік ету ортасы - қандай да бір организмнің немесе популяцияның табиғи мекендейтін жерінің типі немесе орны;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 37-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
37-1) өндіріс және тұтыну қалдықтары (қалдықтар) - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер);
38) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттік экологиялық бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
40) өндіріс пен тұтынудың тұрақты моделі - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтіру және қоршаған ортаның антропогендік ластануын азайту кезінде өндірістің өсуімен сипатталатын әлеуметтік-экономикалық модель;
41) радиоактивті қалдықтар - мөлшері мен шоғырлануы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәндерден асатын радиоактивті заттары бар қалдықтар;
42) сараптама объектісін іске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешімдерге сәйкес өнеркәсіптік және өзге де объектілерді салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуі жөніндегі жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің қолданысқа енгізілуі, сараптама объектісінің өзге де нақты жүзеге асырылуы;
43) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде немесе ластанған аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жергілікті жер рельефіне ағызылатын сулар;
44) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;
45) сұйық қалдықтар - сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
46) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
47) табиғи объектілер - шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи объектілер;
48) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;
49) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбір түрін олардың тұтыну қасиеттерін жоғалтуға әкеп соғатын тиімсіз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;
50) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық сипаттамаларының ішінара немесе толық жоғалуы;
51) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі;
52) экологиялық ағарту ісі - қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйі, экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату;
53) экологиялық аудит - аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;
54) экологиялық білім беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйі үшін экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін, құндылық бағдарларды, имандылық-эстетикалық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудің, оқытудың, оның өз білімін көтеруінің және дамуының үздіксіз процесі;
55) экологиялық жүйе (экожүйе) - бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде өзара әрекетте болатын организмдердің және солар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты жиынтығы;
56) экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй;
57) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
58) экологиялық қауіпті объект - салынуы және қызметі адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды әсерін тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект;
2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ 58-1) тармақшамен толықтырылды
58-1) экологиялық қауіпті технологиялар - өндіріс процесінде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы;
2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ 58-2) тармақшамен толықтырылды
58-2) экологиялық қауіпті техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;
59) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды;
60) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйін және оған әсер етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;
61) экологиялық нормалау - ережелердің (нормалардың) және олардағы қоршаған орта жай-күйінің және оған әсер ету дәрежесінің сандық және сапалық көрсеткіштердің (нормативтердің) жүйесі;
62) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
63) экологиялық сараптама - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол берілуін айқындау;
64) экологиялық таза өнім белгісі - таңбаланған өнімнің экологиялық таза өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі;
65) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу және оларға тыйым салу;
66) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өткен өнімге экологиялық таза өнім белгісін беру;