3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының мөлшерін бақылауды жүзеге асырады.
4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
94-7-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі
1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігі:
1) парниктік газдар шығарындыларына квоталармен сауданы;
2) парниктік газдарды сіңіру, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
3) парниктік газдар шығарындыларына шектеу және (немесе) азайтулар бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
2. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биржалық саудаға қатысушылар парниктік газдар шығарындылары нарығының субъектілері болып табылады.
3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
4. Парниктік газдар сіңірулері, шығарындыларды сертификатталған азайту, шығарындыларды азайту, квоталар, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін екінші айналымда сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларда) жүргізіледі.
94-8-бап. Тәуелсіз ақпарат беруші
Тәуелсіз ақпарат берушілердің негізгі міндеті консультациялық қызмет көрсету, сондай-ақ табиғатты пайдаланушыларға парниктік газдар шығарындыларын басқару бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар
1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне қатысушы квоталар бірліктері тек қана ішкі сауда нарығында басқа да елдердің белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесіне беру құқығынсыз айналымда болады. Квоталар бірліктері басқа да халықаралық биржалық алаңдарда оларға баға белгілеу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
Халықаралық шарттар екіжақты негізде қабылданған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының жыл сайынғы көлемінен аспайтын көлемдегі Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктері белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен шығарылуы мүмкін.
2. Азайтудың сертификатталған бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауда мақсаттарында пайдаланылуы және белгіленген мөлшердегі мемлекеттік есепке алу жүйесінен басқа да елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар
1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды заңды тұлғалар өздерінің меншігі болып табылмайтын немесе өздерінің заңды пайдалануында жоқ және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған қондырғыларға қатысты ғана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен металлургиясында (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста іске асырылуы мүмкін.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
94-11-бап. Мониторинг рәсімі
1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемелер негізінде мониторинг жоспарларын әзірлеуге және осы жоспарларды орындауға міндетті.
2. Мониторинг жоспарларын әзірлеу және орындау парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктер шеңберінде іске асырылатын парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру жөніндегі жобалар үшін міндетті болып табылады.
3. Мониторинг жүргізудің, парниктік газдарды түгендеу туралы есептер әзірлеудің дұрыстығын қадағалауды аккредиттеген тәуелсіз ұйым уәкілетті орган бекіткен өлшемдер мен әдістемелерге сәйкес жүзеге асырады.
94-12-бап. Экологиялық (жасыл) инвестициялар
1. Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемінің бір бөлігінен белгіленген мөлшердегі бірліктер резерві құрылады, оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Резерв қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйымға басқаруға беріледі.
3. Жобаларды экологиялық (жасыл) инвестициялар тетігі шеңберінде инвестициялау резервтен белгіленген мөлшердегі бірліктерді іске асырудан немесе пайдаланудан алынған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.»;
33) 95-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетiктері;»;
34) 96-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен және 8) тармақшадағы «ықпал ететін іс-шаралар жатқызылады.» деген сөздер «ықпал ететін;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қоса алғанда, қауіпті химиялық заттарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған;»;
«9) парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін арттыруға бағытталған іс-шаралар жатқызылады.»;
35) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының стратегиялық жоспарлары оларды бекіткенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, осы орган белгілеген тәртіппен келісуге жатады.»;
36) 106-бап алып тасталсын;
37) 108-баптың 3-тармағы «су» деген сөзден кейін «, жер» деген сөзбен толықтырылсын;
38) 114-бапта:
19) тармақшадағы «сондай-ақ, климатты және Жердiң озон қабатын қорғау мәселелерi бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;»;
39) 116-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік экологиялық инспекторлары жатады.»;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң санаттарын осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
5-тармақтағы «жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын жоғары тұрған мемлекеттік органның лауазымды адамына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік экологиялық инспекторларында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы жазылған құжаттардың бланкілері болады.»;
40) 117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;»;
41) 119-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын;
«1-1. Инспекторлық экологиялық тексерулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар ғана жіберіледі.»;
42) мынадай мазмұндағы 145-1 және 145-2-баптармен толықтырылсын:
«145-1-бап. Мемлекеттік бақылау жасау желісін қорғау
1. Мемлекеттік бақылау жасау желісі, оның ішінде желіге бөлінген жер учаскелері мен акватория бөліктері, сондай-ақ мүлік тек қана мемлекеттік меншікке жатады және мемлекеттің қорғауында болады әрі жекешелендіруге жатпайды.
2. Стационарлық және жылжымалы бақылау жасау пункттерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін (дислокациялау орнын) айқындау жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілген бақылау жасау пункттерінің қызметін тоқтату тек қана қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы дәйекті ақпарат алу мақсатында стационарлық бақылау жасау пункттерінің айналасында шаруашылық қызметке шектеу қойылатын қорғау аймақтары құрылады. Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Мемлекеттік бақылау жасау желісіне кіретін стационарлық байқау пункттеріне өту немесе көлікпен өту жүзеге асырылатын болса, ол жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен сервитуттар белгіленуі мүмкін.
145-2 бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысы
1. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет мемлекеттік бақылау жасау желісін пайдалана отырып метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бюджет қаражаты есебінен құрылады және жұмыс істейді.
2. Гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрамына кіреді және өзінің қызметін төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
4. Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет осы Кодекске және «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақпарат ұсынады.»;
43) мынадай мазмұндағы 20-1-тараумен толықтырылсын:
«20-1-тарау. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік бағалау жүйесі
158-1-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі
1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің тиісті кезеңдегі нақты көлемін айқындауға қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралардың жиынтығын білдіреді.
2. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу үшін ақпарат жинау статистикалық есептілікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қондырғылар паспортында ұсынылатын деректерге негізделеді.
3. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, айқындығына және дәйектілігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын бақылау жүргізіледі.
158-2-бап. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.
2. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды.
3. Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының деректері негізінде парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері көлемдеріне мемлекеттік бақылау жүйесін ұйымдастыруды, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жыл сайынғы есептілік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.
158-3-бап. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі
1. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің негізгі функциялары айналымға енгізілген, сақтауда жатқан, берілген, сатып алынған, жойылған және айналымнан алынған көміртегі бірліктерінің нақты есебін қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттық тізілімдермен деректер алмасу болып табылады.
2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым болып табылатын оператор қалыптастырады және жүргізеді.
158-4-бап. Верификация және валидация (детерминация), парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растау
1. Верификацияны, валидацияны (детерминацияны) және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
2. Тәуелсіз аккредиттелген ұйым түгендеу, верификация және валидация (детерминация) туралы деректердің дәйектілігі үшін жауаптылықта болады.
3. Табиғат пайдаланушыларды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз ұйымның міндетті растауына жатады.
Түгендеуді, верификацияны және валидацияны (детерминацияны) растау табиғат пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының верификациясын және валидациясын (детерминациясын) сол бір тәуелсіз аккредиттелген ұйым жүргізе алмайды.»;
44) 199-бапта:
2-тармақтағы «пайдалануға беруге» деген сөздер «пайдалануға» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ «шығарылған» деген сөзден кейін «және төгілген» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 215-баптың 5-тармағындағы «сараптаманың» деген сөз «және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 219-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жерасты сулары минералға қаныққан жер астындағы сутұтқыш белдеулерге сарқынды суларды ағызуды қоспағанда, нормативтiк көрсеткiштерге жеткізіліп тазартылмаған шаруашылық-ауыз су үшін, бальнеологиялық, техникалық қажеттіліктер үшін, ирригация және мал шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын немесе пайдалануға болмайтын, сондай-ақ қосымша ілесіп шыққан карьердің суын арнайы жинақтағыштарға ағызуды қоспағанда, ол үшін заттардың нормативтерін белгілеу талап етілмейтін және су мөлшері тек қана текше метрмен нормаланатын сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.
Пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды кері ағызу, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбалармен ілесіп шыққан суды жер қойнауына кері ағызу сарқынды суларды төгу болып табылмайды.»;
47) 220-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мұнай операцияларын жүргізу кезінде күкірттің көлемін азайту және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жөніндегі шаралар көзделуге тиіс;»;
48) 225-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жинақталған сарқынды суды кәдеге жаратудың немесе қалдықсыз өндіріске ауыстырудың басқа әдістерін қолданудың мүмкін еместігі негізделген кезде жаңа жинақтауыш-буландырғыштар құруға (қолданыстағыларын кеңейтуге) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты бойынша жол беріледі.
Жобаланған (пайдалануға жаңадан берілетін) өндірістік сарқынды суларды жинақтауыш-буландырғыштарға:
1) сүзгіге қарсы экранның болуы;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалық шешімдерге сәйкес нормативтік-тазартылған сарқынды суды орналастыру талаптары қойылады.»;
4-тармақтағы «Ашық» деген сөз «Беткі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Сарқынды суды су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуды жүзеге асыратын немесе су бөлудің тұйықталған циклінде жұмыс істейтін табиғат пайдаланушылар Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су көлемін есептеу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бөлуді есепке алу журналын жүргізуге тиіс.
8. Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының карьер суын, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан су жинақтауыштарға төгуді қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, сарқынды су жинақтауыштарға, жергілікті жердің рельефіне ағызуға тыйым салынады.»;
49) 237-баптың 4-тармағындағы «, жаңа техника, технология, материалдар мен заттар енгізу» деген сөздер алып тасталсын;
50) 239-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген, құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге және пайдалануға тыйым салынады. Осы заттардың экспорты мен импортына оларды жою мақсатында ғана рұқсат етіледі.»;
51) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар санын реттеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
52) 259-баптың 1-тармағындағы ««Мұнай туралы» және «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздер ««Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 262-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Бекітілген жобалық құжаттарда көзделген, қыртыс қысымын сақтау арқылы мұнай беруді ұлғайтуды қамтамасыз ететін Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі ілеспе мұнай газын нормадан тыс жер қойнауына айдауға, сондай-ақ ілеспе газды жобалық көрсеткіштен артық айдауға тыйым салынады.»;
11-тармақта:
«не қоқысты жағуға арналған қондырғы көзделуге» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұрғылау платформаларында (баржаларда) қоқысты жағуға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
«25. Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде, мұнай мен құрамында мұнай бар жүктерді тасымалдайтын әрбір теңіз құрылысында және әрбір кемеде төгілудің зардаптарын шектеу және жинау үшін материалдар мен абсорбенттер орналастырылуға тиіс.»;
54) 264-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Теңізде өндіретін мұнай операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында қадағалау және өлшеу арқылы өндірістік процестерге мониторинг жүргізуге міндетті.»;
55) 267-бапта:
1-тармақтағы «мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан» деген сөздер «экологиялық тексеруден және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Сусыма» деген сөз «Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасының талаптарына сәйкес сусымалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 268-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Пайдаланудан шығарылған қазба үйінділері аралдарын жою туралы шешім, жою жөніндегі жұмыстардың қоршаған ортаға әсеріне жүргізілген бағалаудың негізінде қабылдануға тиіс.»;
57) 269-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірістік қызметті жоспарлау және одан әрі жүзеге асыру кезеңінен бастап жыл сайын (төрт климаттық маусым бойынша) барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаға өндірістік мониторинг жүргізуге міндетті.»;
3-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мұнай операцияларының әрбiр кезеңiнің (геофизикалық зерттеулер, инженерлік - геологиялық іздестірулер, бұрғылау, құрылыс, жайластыру, пайдалану, жою және өзгелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарында өндірістік мониторинг жүргізу көзделуге тиіс, онда:
1) мұнай операцияларының әрбір кезеңінде өндірістік объектілердегі қоршаған ортаның жай-күйіне тікелей зерттеулер;»;
58) 270-баптың 2-тармағындағы «алдын ала» деген сөздер алып тасталсын;
59) 280-бапта:
«Ықтимал қауіпті» деген сөздер «1. Ықтимал қауіпті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын немесе оны пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған химиялық заттарды өндіруге және пайдалануға шектеу қойылады.»;
60) 283-бапта:
4-тармақтағы «кәдеге жарату,» деген сөздерден кейін «қайта өңдеу, сақтау,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.»;
61) 284-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Иесіз қалдықтар табылған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы қалдықтарды республикалық немесе коммуналдық меншікке түскен деп тану туралы талаппен де сотқа жүгіне алады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Мұндай қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады.»;
62) 286-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«286-бап. Өндіріс пен тұтыну қалдықтары және олардың түрлері
1. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтары қауiптiлiк дәрежесі бойынша қауiптi және қауiпсіз болып бөлiнедi.
2. Осы тараудың күші, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу кезінде түзілген, олардан пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасалған, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге, сондай-ақ беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға), радиоактивті қалдықтарға қолданылмайды.»;
63) 288-бапта:
3-тармақтағы «орналастыру» деген сөз «уақытша сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.»;