1) 58-баптың бірінші бөлігінде:
«кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«169» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын;
«төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 64-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкімді азаматтық талап қою, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеу бөлігінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың іс-әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші қылмыстық жолмен алынған не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтауға да шаралар қолдануға міндетті.»;
бесінші бөліктегі «санкциясын немесе соттың шешiмiн» деген сөздер «, соттың санкциясын немесе соттың шешімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 67-баптың екінші бөлігіндегі «прокурордың санкциясы» деген сөздер «прокурордың, соттың санкциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 130-бапта:
бірінші бөліктегі «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы», «Жедел - іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс.»;
5) 192-бапта:
бірінші бөлік «233-3,» деген цифрлардан кейін «233-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «235,» деген цифрлар алып тасталсын;
4-3-бөліктегі «227,» деген цифрлардан кейін «235, 235-1, 235-2, 235-3, 235-4,» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) 301-баптың 3-1 бөлігі:
«кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«169» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын;
«төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 543-бапта:
«кодексінің» деген сөзден кейін «162 (екінші және үшінші бөліктерінде), 163 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«169» деген цифрлардан кейін «, 171» деген цифрлармен толықтырылсын;
«төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 233-2 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 233-4 (екінші бөлігінде), 234 (үшінші бөлігінде), 238 (үшінші бөлігінде), 239 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
69-баптың 4-тармағы «жасағаны үшін» деген сөздерден кейін «бір жылдан астам мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
12-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) дайындайтын және жасайтын қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары көрсетілген санаттағы қылмыстарға қатысы бар тексерілетін адамдарға қатысты прокурордың санкциясымен жүргізіледі.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кейінге қалдыруға болмайтын ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы тиісті орган басшыларының біреуінің дәлелді қаулысы негізінде, прокурорды хабардар ете отырып және кейіннен, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде санкция ала отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге жол беріледі.».
5. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 10-баптың 4-тармағының 8) тармақшасындағы «өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.» деген сөздер «өтпеген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған;
ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды қабылдауға болмайды.»;
2) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметті тоқтатуы үшін:
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдауы;
ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдауы негiз болып табылады.»;
3) 27-баптың 1-тармағының 7-2) және 7-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдауы;
ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдауы;
7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың тоқтатуы не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органының бас тартуы;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 29-ы.
№ 502-ІV