қолданылады _________________________________________________________
(экономиканың саласына (аясына), бизнес-жоспардың ережелеріне қарай
жауапкершілік шаралары, мемлекеттік қолдау және өзге шарттар шаралары көрсетіледі)
29. Шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
30. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелікке өтініш беру жолымен шешіледі.
9. Форс-мажор
31. Тараптар, егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайының салдарынан (форс-мажор) туындаса, Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауап береді.
32. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
33. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
34. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан ахуалдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
35. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған, Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған сәттен бастап жаңартылады.
10. Құпиялылық
36. Шарттың ережелері, Шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
37. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
38. Объектінің құрылысын жүргізуге және оны пайдалануға жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша ___ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.
11. Шарттың қолданылу мерзімі
39. Шарттың күшіне енетін күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік тіркелген күні болып табылады.
40. Шарт _______(_________________________) жыл мерзімге жасалды.
41. Шарт Концессионер өзінің міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда Тараптардың келісімімен айқындалатын қосымша кезеңге жаңа жағдайларда жаңа концессия шартын жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
12. Шартты өзгерту, толықтыру және қолданылуын
тоқтату талаптары
42. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессия жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
43. Шарт мынадай жағдайларда:
1) Шарттың қолданылу мерзімі өткенде;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
44. Концедент объектіні пайдалану ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, Шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады, атап
айтқанда: ______________________________________
(экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі)
45. Концедент 44-тармақта көрсетілген құқықтарды іске асырған жағдайда Концедент Шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтеуге, сондай-ақ Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу Концессионердің Шарт талаптарын өрескел ұқыпсыздығы мен бұзуынан туындаған жағдайлардан басқа, Шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға міндетті.
13. Өзге талаптар
46. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен Концедент жүзеге асырады.
47. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
48. Шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент ___________________________________________________________
Концессионер ________________________________________________________
49. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Шарттың күшін тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бір-біріне жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабар беруге міндетті.
50. Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы
тілде, ____________ түпнұсқа данада оның ______________ данасы Концедент
үшін және ___________ данасы Концессионер үшін жасалды.
Тараптардың орналасқан жері мен банктік деректемелері
Концедент Концессионер
___________ _______________
___________ _______________
Тараптардың қолдары
________________ ____________________
Концеденттің атынан Концессионердің атынан