169. Антенна-фидер құрылғылары
1141. Талаптары ӘК орнатылған барлық навигация, қону және әуе қозғалысын басқару радиотехникалық жабдығының антенна-фидер құрылғыларына, сондай-ақ антенналардың сыртқы қораптарына (антенна-фидер құрылғыларының сипаттамаларына ықпал ететін қасиеттеріне қатысты) таралады.
1142. Антенна-фидер құрылғыларының конструкциясы ӘК күтіліп отырған пайдалану жағдайлары мен олардың орнатылу орнына сәйкес құрылғының механикалық беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
Антенналарды ӘК орнатқан кезде шығыңқы тұрған антенналар ӘК жер бетінде қызмет көрсету барысында зақымдалмас үшін алдын алу шаралары көзделуі тиіс.
ӘК конструкциясының құрамына кіретін антенна-фидер құрылғыларының диэлектрлі элементтері және антенналардың сыртқы қораптары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында жабдықтың антенна-фидер құрылғысымен байланысты талап етілетін жұмыс істеу сапасының қамтамасыз етілетіндей және антенна-фидер құрылғыларының өлшемдері талаптарға сәйкес келетіндей құрастырылып, жасалуы және орнатылуы тиіс.
Антенна бекітілетін фланецтер мен ӘК корпусының арасындағы ауыспалы кернеу 600 мкОм-нан аспауы тиіс. Қосымша қондырғы элементтері болған жағдайда антенна фланеці мен ӘК корпусының арасындағы ауыспалы кернеудің жиынтық шамасы 2000 мкОм-нан аспауы тиіс.
+350С-тан жоғары емес температурада және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспаған жағдайда антенна-фидер құрылғысы изоляциясының кернеуі кемінде 20 МОм, ал барлық басқа күтіліп отырған пайдалану жағдайларында кемінде 1 МОм (антенна-фидер құрылғысының жұмыс кернеуі 0,4 кВ-дан аспаған жағдайда) болуы тиіс.
Антеннаның фидер трактысымен және аппаратурамен біріктіру конструкциясы және олардың ӘК-ге орнатылуы өлшеу аппаратураларын ажырату және қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Сыртқы қорапты қоса алғандағы антенналардың конструкциясы және орнатылған орны мұздану жағдайларында жұмыс істеген кезде оларға қосылған аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Антенналарды құрастыру және орнату кезінде оларды статикалық электрден қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануы тиіс.
Антенналарды құрастыру және орнату кезінде оларды найзағайдың түсуінен қорғау бойынша қажетті шаралар көзделуі тиіс.
Антенна-фидер құрылғысы сигнал таратушы және қабылдаушы антенна-фидер құрылғылары арасында қажетті тарамды қамтамасыз ететіндей құрастырылуы және ӘК-де орнатылуы тиіс, бұл ретте:
қону кезіндегі радиотехникалық жабдықтың антенна-фидер құрылғысы, сондай-ақ жұмыс жиіліктерінде миллиметрлік диапазонды радиостанцияның (VOR) бұрыш өлшегіш жүйесі мен антенна-фидер құрылғысы арасындағы тарам кемінде 35 дБ болуы;
шағын биіктіктерге арналған радиобиіктік өлшегіш антенналар үшін На≥ 1,37Д шартын сақтаған жағдайда таратушы және қабылдаушы антенналардың (Д) орталықтары арасындағы қашықтық кемінде 1 м болуы ұсынылады, мұнда На - ӘК жерге қонған кезде шассидің ұшып-қону жолағымен жанасқан сәтіндегі жер бетінен антеннаның орнатылған биіктігі).
1143. Шағын биіктіктерге арналған антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 4200-4400 МГц құрауы тиіс.
Осы Норманың 143-тарауының талаптарына сәйкес жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету үшін шағын биіктіктерге арналған радиобиіктік өлшегіштердің антенна-фидер құрылғылары төмендегідей орнатылуы тиіс:
ӘК көлденең жазықтығынан антеннаның жайылу жазықтықтарының ауытқуы 50-тан аспайтындай;
кемінде 900С биіктікте жазық бұрышты антенналар дене бұрышында жайылғанда конструкцияның шығыңқы элементтері болмайтындай;
таратушы және қабылдаушы антенналардың иіндеу жазықтықтары сәйкес келуі; екі радиобиіктік өлшегіш болған жағдайда аттас антенналарды иіндеу өзара ортогональды болуы тиіс.
1144. Қону кезінде радиотехникалық жабдықтың антенна-фидер құрылғыларының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 108-112 МГц құрауы қажет.
Антенна-фидер құрылғысының кіре берісіндегі кернеу бойынша ағынсыз толқынның коэффициенті 5-тен аспауы тиіс.
Ұшу кезінде жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда көлденең жазықтықтағы антенна-фидер құрылғысының үдеу коэффициенті минус 10 дБ-ден төмен болмауы қажет.
ӘК жанама кіндіктемесіне қатысты алдыңғы сектордың көлденең жазықтығында ±900 болатын өрістің көлденең құраушысының әркелкі таралуы 12 дБ-ден аспауға тиіс.
Өрісті иіндеу негізінен көлденең болуы қажет. ӘК жанама кіндіктемесін бойлай, алға қарай бағытта көлденең құраушыға қатысты антенна өрісі тік құраушысының әлсіреуі кемінде 10 дБ болуға тиіс.
Антенна-фидер құрылғысының шығыстары арасындағы тарам (екі шығыс болған жағдайда) кем дегенде 6 дБ болуы тиіс.
Ескертпе: ӘК курстық антеннаны бұрыш өлшегіш жүйесінің антеннасы (VOR) ретінде пайдалану кезінде ол осы Норманың 1152-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1145. Қону кезінде радиотехникалық жабдықтың глиссадалық антенна-фидер құрылғыларының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 328,6-335,4 МГц құрауы қажет.
Антенна-фидер құрылғысының кіре берісіндегі кернеу бойынша ағынсыз толқынның коэффициенті 5-тен аспауы тиіс. Ұшу кезінде жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда көлденең жазықтықтағы антенна-фидер құрылғысының үдеу коэффициенті:
бір шығыс болған жағдайда - минус 10 дБ-ден;
екі шығыс болған жағдайда әрбір шығыс үшін - минус 12 дБ-ден төмен болмауы қажет.
ӘК жанама кіндіктемесіне қатысты алдыңғы сектордың көлденең жазықтығында +450 болатын өрістік көлденең құраушысының әркелкі таралуы 6 дБ-ден аспауы тиіс.
Өрісті иіндеу негізінен көлденең болуы қажет. ӘК жанама кіндіктемесін бойлай, алға қарай бағытта көлденең құраушыға қатысты антенна өрісі тік құраушысының әлсіреуі кем дегенде 10 дБ болуға тиіс.
Антенна-фидер құрылғысының шығыстары арасындағы тарам (екі шығыс болған жағдайда) кемінде 6 дБ болуға тиіс.
Антеннаны барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында ӘК қонуға бет алып, глиссада бойынша төмендеген кезде ӘК ең төменгі нүктесінен кедергіге немесе жер бетіне дейінгі қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1146. Қону кезінде радиотехникалық жабдықтың маркерлік антенна-фидер құрылғыларының жұмыс жиіліктері 75±0,1 МГц құрауы қажет. Өрісті иіндеу көлденең болуы тиіс.
Антенна-фидер құрылғысының кіре берісіндегі кернеу бойынша ағынсыз толқынның коэффициенті 5-тен аспауы тиіс.
Маркерлік антеннаны төменгі жарты сфераға шолу жасау қамтамасыз етілетіндей етіп ӘК орнату қажет.
1147. Радиокомпастардың антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 0,15-1,75 МГц құрауы қажет.
Бағытталмаған антеннаның қолданыстағы биіктігі кемінде 0,1 м болуы тиіс.
Бағытталмаған антеннаның сыйымдылығы кемінде 25 пФ болуы қажет.
Бағытталмаған антеннаны ӘК жетекті радиостанциядан ұшып өту сәтін қажетті дәлдікпен индикациялауды қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
Бағытталған антенна талаптардың орындалуы қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы тиіс.
1148. «ӘҚБ» режиміне арналған радиолокациялық жауап беруші антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны қабылдау режимінде:
өрісті иіндеу көлденең болғанда - 837,5 ±4 МГц;
өрісті иіндеу тік болғанда - 1030±3 МГц;
тарату режимінде:
өрісті иіндеу көлденең болғанда - 740±3 МГц құрауы қажет.
1149. Антенна-фидер құрылғысының кернеу бойынша ағынсыз толқынының коэффициенті:
837,5±4 МГц диапазонында 5-тен;
1030±3 МГц диапазонында 2-ден;
740±3 МГц диапазонында 2,5-тен аспауы тиіс.
Жауап беруші іс-әрекетінің 75% қашықтығында белгіленген антенна-фидер құрылғысының көріну аймағының жантаю және тангажды пайдалану кезінде көлденең жазықтықта сәтсіздіктерге жол берілмеуі қажет.
Ескерпе: жердегі радиолокатор антеннасының айналым жылдамдығы кемінде минутына 6 рет айналатын бір-екі айналысы кезінде ӘК белгісінің жекелеген кездейсоқ жоғалуына жол беріледі.
1150. «RBS» режиміне арналған радиолокациялық жауап берушілердің антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны:
қабылдау режимінде - 1030±3 МГц;
тарату режимінде - 1090±3 МГц құрауы тиіс.
Өрісті иіндеу тік болуы тиіс.
Антенна-фидер құрылғысының кернеу бойынша ағынсыз толқынының коэффициенті 2-ден аспауы тиіс.
Жауап беруші іс-әрекетінің 75% қашықтығында белгіленген антенна-фидер құрылғысының көріну аймағының жантаю және тангажды пайдалану кезінде көлденең жазықтықта сәтсіздіктерге жол берілмеуі қажет.
Ескертпе: жердегі радиолокатор антеннасының айналым жылдамдығы кемінде минутына 6 рет айналатын бір-екі айналысы кезінде ӘК белгісінің жекелеген кездейсоқ жоғалуына жол беріледі.
Антенна мен радиолокациялық жауап беруші арасындағы фидердегі саябырсу 5 дБ-ден аспауы қажет.
1151. Жақын навигация радиотехникалық жабдығының антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны:
қабылдау режимінде - 873,6-1000,5 МГц;
тарату режимінде - 726-813 МГц құрауы тиіс.
Өрісті иіндеу көлденең болуы тиіс.
Антенна-фидер құрылғысының кернеу бойынша ағынсыз толқынының коэффициенті:
қабылдау диапазонында 5-тен;
тарату диапазонында 2,5-тен аспауға тиіс.
Радиомаяктан тікелей қарағанда алшақтығы 75% қашықтықта белгіленген антенна-фидер құрылғысының көріну аймағы нөлдік жантаюмен ұшу кезінде көлденең жазықтықта сәтсіздіктерге жол берілмеуі қажет. Көлденең жазықтықта өрістің көлденең құраушысының әркелкі таралуы 12 дБ-ден аспауы тиіс.
1-ескертпе: қос антенналы антенна-фидер құрылғысын ӘК-де орнатқан кезде жабдықтың жұмыс істеуіне әсер етпейтін 90о±400 және 270о±400 бүйір бағыттарда жекелеген интерференциялық жоғалу оқиғаларына жол беріледі.
2-ескертпе: егер ӘК-де арнайы коммутациялау құрылғысының көмегі арқылы аппаратураға кезек-кезек қосылатын бірнеше антеннадан тұратын антенна-фидерлік құрылғысы орнатылған болса, онда ауыстырып қосу процесі жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
1152. (VOR) бұрыш өлшегіш жүйесінің радиотехникалық жабдығы антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 108-117,975 МГц құрауы қажет.
Антенна-фидер құрылғысына кіре берісте кернеу бойынша ағынсыз толқынның коэффициенті 5-тен аспауы тиіс.
Көлденең жазықтықтағы антенна-фидер құрылғысының бағытталған диаграммасы жан-жақты бағытталған болуы қажет. Бағытталған диаграмманың біркелкі еместігі 16 дБ-ден аспауы тиіс.
Жартылай толқынды вибратордың ең жоғары сәуле шығаруымен салыстырғанда ӘК жанама кіндіктемесі бағытындағы көлденең жазықтықта антенна-фидер құрылғысының үдеу коэффициенті минус 10 дБ-ден төмен болмауы тиіс.
Ескертпе: Қонуда радиотехникалық жабдықтың курстық антеннасы ретінде бұрыш өлшегіш жүйесінің навигациялық антеннасын (VOR) пайдалану кезінде ол осы Норманың талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
1153. Радиоқашықтың өлшегіштің (DME) антенна-фидер құрылғысы жұмыс жиіліктерінің диапазоны 962-1215 МГц құрауы қажет. Өрісті иіндеу көлденең болуы тиіс.
Антенна-фидер құрылғысына кіре берістегі кернеу бойынша ағынсыз толқынның коэффициенті 2-ден аспауы тиіс.
Радиомаяктан тікелей қарағанда алшақтығы 75% қашықтықта белгіленген антенна-фидер құрылғысының көріну аймағы нөлдік жантаюмен ұшу кезінде көлденең жазықтықта сәтсіздіктерге жол берілмеуі қажет.
Антенна мен радиоқашық өлшегіш арасындағы фидердегі саябырсу 5-тен аспауы қажет.
1154. Жол жылдамдығы мен ығу бұрышы доплерлік өлшегішінің антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 13325±75 МГц құрауы қажет.
Осы Норманың 143-тарауының талаптарына сәйкес жол жылдамдығы мен ығу бұрышының доплерлік өлшегішінің жұмысын қамтамасыз ету үшін фидерлік құрылғы фюзеляждың төменгі бөлігінде:
ӘК-нің кез келген конфигурациясы кезінде қабылдаушы және таратушы антенналары сәулелерінің жұмыс аймағында ӘК конструкциясының шығыңқы элементтері болмайтындай етіп;
антенна-фидер құрылғысына тікелей жақын жерде жабылмаған қозғалыстағы детальдары бар агрегаттар болмайтындай етіп;
ӘК конструкциясына кіретін диэлектрлі сыртқы қорабы болған жағдайда таратушы және қабылдаушы антенналар арасында қажетті тарам қамтамасыз етілетіндей орнату қажет.
1155. Метеонавигациялық радиолокатордың антенна-фидер құрылғысының жұмыс жиіліктерінің диапазоны 9345±30 МГц құрауы қажет.
Метеонавигациялық радиолокатордың жұмысын талаптарға сай қамтамасыз ету үшін антеннаны берілген секторға шолу жасауды қамтамасыз ететіндей етіп орнату қажет.
1156. Алыстағы навигация жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін антеннаның қолданыстағы биіктігі кемінде 0,3 м, сыйымдылығы кемінде 100 пФ және паразиттік сыйымдылығы кемінде 10 пФ болуы қажет.
170. Радиобайланыс жабдығы
1157. Осы тараудың талаптары мынадай радиобайланыс жабдықтарының түрлеріне қолданылады:
шағын толқынды (бұдан әрі - ШТ)диапазонды радиостанцияларға;
қысқа толқынды (бұдан әрі - ҚТ) диапазонды радиостанцияларға;
орта толқынды (бұдан әрі - ОТ) диапазонды радиостанцияларға;
антенна-фидер құрылғыларына;
экипаж мүшелерінің авиагарнитураларына;
авиациялық ішкі байланыс аппаратурасына;
ерекше жағдайлар туралы тілдік ақпарат аппаратурасына;
МТ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостанциялары мен радиомаяктарына;
ҚТ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостанцияларына.
1158. Радиобайланыс жабдығы мынадай міндеттерді:
ӘК ұшып шығуы немесе қонуы көзделіп отырған әрбір әуеайлақтың диспетчерлік қызметімен тікелей радио көріну қашықтық шегінде және ӘК тұрған диспетчерлік аймақта екі жақты байланысты;
Ұшудың кез келген сәтінде жер бетіндегі авиациялық радиостанцияның ең аз дегенде бірімен екі жақты байланысты;
ұшу трассалары бойынша метеорологиялық немесе диспетчерлік қызметтер арқылы берілетін метеорологиялық мәліметтердің немесе арнайы хабарламалардың кез келген ұшу сәтінде қабылдануын;
Ұшудың кез келген сәтінде экипаждың барлық мүшелері арасында жедел байланысты;
ұшу барысында жолаушыларды құлақтандыруды;
ӘК-де тілдік ақпарат аппаратурасын орнатқан кезде ерекше жағдай туралы тілдік ақпаратты;
ӘК әуеайлақтан тыс жерде қонған кезде байланысты немесе іздестіру-құтқару құралдары жетуі үшін сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет.
1159. Радиобайланыс жабдығы осы Норманың 181-тарауының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ескертпе: ҚТ және ОТ диапазондағы радиостанциялардың антенна-фидер құрылғылары ӘК-мен бірге сертификатталады.
1160. Электр қоректендірудің авариялық көздерінен (осы Норманың 32-тармағы) мынадай радиобайланыс жабдықтары түрлерінің:
ішкі байланыс аппаратурасының;
ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасының;
МТ диапазонындағы екі радиостанцияның бірінің электр қоректендірудің апаттық көздерінен жұмыс істеуі көзделуі қажет.
171. Радиобайланыс жабдығының құрамы
ҚР Үкіметінің 2013.31.07. № 752 Қаулысымен 1161-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1161. Радиобайланыс жабдығының құрамы күтіліп отырған ӘК пайдалану жағдайларына байланысты айқындалады.
Барлық ұшу уақыты аралығында МТ диапазонындағы радиостанциялармен байланысты (80%-дық тиімді радиокөкжиек үшін белгіленген МТ өрісіндегі үзілістер 5 минуттан аспайды) қамтамасыз ететін трассалық ұшу сапарларын жасайтын ӘК:
МТ диапазонындағы екі радиостанция;
ішкі байланыс аппаратурасы;
экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары;
МТ диапазонындағы бір авариялық-құтқару радиостанциясы немесе радиомаяк орнатылады.
Жетуге қиын және халық аз қоныстанған аудандардың және үлкен су кеңістіктерінің үстімен ұшу сапарларын жасайтын ӘК:
МВ диапазонындағы екі радиостанция;
ішкі байланыс аппаратурасы;
экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары;
МТ диапазонындағы екі авариялық-құтқару радиостанция немесе екі (немесе МТ диапазонындағы бір радиостанция және бір радиомаяк) радиомаяк;
ҚТ диапазонындағы бір авариялық-құтқару радиостанция орнатылады.
МТ диапазонындағы байланыс толық қамтамасыз етілмейтін трассалық ұшу сапарларын жасайтын ӘК тиімді радиокөкжиектің 80%-ы үшін белгіленген МТ өрісіндегі үзілістер 5 минуттан асатын болса, ҚТ диапазонындағы бір радиостанция және 1 сағаттан асатын үзілістер кезінде жабдықтарға қосымша, ҚТ диапазонындағы екі радиостанция орнатылады.
Полярлық ендіктерде ұшуға арналған ӘК ҚТ диапазонындағы радиостанциялардың бірінің орнына ОТ диапазонындағы бір радиостанция орнатылады.
Әуе кемесінде автоматты ELT орнату жөніндегі талаптар осы нормалардың 479-1-тармағымен айқындалады.
1162. Радиобайланыс жабдықтарына қосымша осы ерекше жағдай туралы, егер осы ӘК үлгісіне қойылатын талаптарға сәйкес қажетті болса, тілдік ақпарат аппаратурасы орнатылуы қажет.
172. Радиобайланыс жабдығына қойылатын талаптар
1163. МТ диапазонындағы радиостанциялар тікелей экипаж бен әуе қозғалысын басқару диспетчерлік қызметі арасында телефон режиміндегі жедел байланысты қолданыс қашықтығы шегінде қамтамасыз етуі қажет.
Әуеайлақ бойынша қозғалған кезде және әуеайлақ аймағында ұшқан кезде борттық радиостанциялардың жер бетіндегі радиостанциялармен екі жақты байланысының сапасы бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
ӘК көлденең қалыптағы жағдайында курстық бұрыштары 00±30 және 1800±300 болғанда екі жақты радиобайланыс қашықтығы крейсерлік ұшу биіктігінде байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда тиімді радиокөкжиектің кемінде 80%-ы болуы қажет.
Тиімді радиокөкжиектің мәні есептеу жолымен жүргізіледі.
21-кестеде 1000 м-ден 20000 м-ге дейін биіктіктерде ұшуға және жер бетіндегі 16 м антеннаның көтерілу биіктігіне арналған радиокөкжиек көрсеткішінен қашықтықтың тиісінше 100, 80, 65, 60% құрайтын көрсеткіштері келтіріліп отыр.
ӘК көлденең қалыптағы жағдайында кез келген курстық бұрыштардағы екі жақты радиобайланыс қашықтығы байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда крейсерлік ұшу биіктігінде тиімді радиокөкжиектің кемінде 65%-ы болуы қажет.
Биіктікке жоғарылау және жерге төмендеу қалыпты режимінде, сондай-ақ крейсерлік ұшудағы ең жоғары жантаю кезінде екі жақты радиобайланыс қашықтығы крейсерлік ұшу биіктігінде байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда тиімді радиокөкжиектің кемінде 60%-ы болуы қажет.
Ескертпе. Крейсерлік биіктігі 6000 метрден асатын ӘК үшін кемінде 6000 метрден төмен емес кез келген ұшу биіктігінде радиобайланыс қашықтығы бойынша орындауға жол беріледі.
1164. Егер МВ диапазонындағы радиостанциялар арқылы ӘК экипажы әуе қозғалысын басқару қызметімен (пункттері) байланыс орнату мүмкін болмаған жағдайда, аталған байланысты ҚТ диапазонындағы радиостанциялар қамтамасыз етуі қажет.
Радиобайланыс қашықтығы байланыс сапасы бес баллдық шкала бойынша үш баллдан нашар болмаған жағдайда ӘК ең қашық ұшу қашықтығының кемінде 60%-ы болуы қажет.
Ескертпе: байланыстың сенімділігі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені (байланыс жиіліктерін болжау, жер бетіндегі орналасқан байланыс орталықтарын пайдалану және т.б) арқылы қамтамасыз етіледі.
21-кесте
Ұшу биіктігі (м) | Қашықтық көрсеткіштері (км) |
100% Д | 80% Д | 65% Д | 60% Д |
1000 | 147 | 117 | 96 | 88 |
2000 | 201 | 161 | 131 | 121 |
3000 | 242 | 194 | 157 | 145 |
4000 | 277 | 222 | 180 | 166 |
5000 | 308 | 246 | 200 | 185 |
6000 | 336 | 269 | 219 | 202 |
7000 | 361 | 289 | 235 | 217 |
8000 | 385 | 308 | 250 | 231 |
9000 | 407 | 326 | 265 | 244 |
10000 | 428 | 343 | 278 | 257 |
11000 | 449 | 359 | 292 | 269 |
12000 | 468 | 374 | 304 | 281 |
13000 | 486 | 386 | 316 | 292 |
14000 | 504 | 403 | 327 | 302 |
15000 | 521 | 417 | 339 | 313 |
16000 | 538 | 430 | 350 | 323 |
17000 | 554 | 443 | 360 | 332 |
18000 | 569 | 455 | 370 | 341 |
19000 | 584 | 468 | 380 | 350 |
20000 | 599 | 479 | 389 | 359 |
1165. Егер полярлық ендіктерде МТ және ҚТ диапазонындағы радиостанциялар арқылы экипаждың әуе қозғалысын басқару қызметімен байланысын орнату мүмкін болмаған жағдайда, аталған байланысты ОТ диапазонындағы радиостанциялар қамтамасыз етуі қажет.
1166. Авиациялық ішкі байланыс аппаратурасы авиагарнитуралармен, микротелефон трубкаларымен және дауыс күшейткіштермен бірлесіп барлық экипаж мүшелері арасында, соның ішінде бортсеріктермен (егер экипаждың құрамында бортсеріктер болса) ішкі телефон байланысын, борттық радиостанциялар арқылы сыртқы екі жақты байланысқа шығуды, арнайы мақсаттағы сигналдарды қабылдауды, сөйлесуді жазу аппаратурасын қосуды, кез келген ұшу режимінде, оның ішінде ӘК рульдеу кезінде және ӘК тұрағында ұшқыштар мен бортсеріктердің жұмыс орындарынан салондағы жолаушыларды құлақтандыруды қамтамасыз етуі қажет.
Жерде және барлық ұшу кезеңінде барлық экипаж мүшелері арасындағы ішкі байланыстың сапасы бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
Жолаушыларды құлақтандыру байланысының сапасы ұшудың барлық кезеңінде, оның ішінде ӘК рульдеу кезінде және ӘК тұрағында бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
1167. Экипаж мүшелерінің авиагарнитуралары қоршаған акустикалық шуыл жағдайларында ішкі байланыс аппаратурасымен және радиостансалармен бірге ішкі және сыртқы байланысты қамтамасыз етуі қажет.
1168. МТ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостанциялары және радиомаяктар авария орнына іздестіру-құтқару құралдарының жетуі үшін сигнал беруді қамтамасыз етуі қажет. МВ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостанциялары, сондай-ақ аварияға ұшыраған ӘК экипажының мүшелері мен іздестіру-құтқару құралдары арасындағы радиобайланысты қамтамасыз етуі қажет.
ҚТ диапазонындағы авариялық-құтқару радиостанциялары апат сигналын беруді және аварияға ұшыраған ӘК экипажының мүшелерімен жер бетіндегі пункттер және іздестіру-құтқару құралдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуі қажет.
Авариялық-құтқару радиостанциялары және радиомаяктар шешуге жеңіл болуы тиіс, сонымен қатар авариялық эвакуация жағдайында шешуге ыңғайлы орындарда орнатылған болуы қажет.
1169. Ерекше жағдай туралы тілдік ақпарат аппаратурасы экипажға ақпарат тасымалдағышында алдын ала жазылған стандарттық хабарламаларды беру арқылы автоматты түрде тілдік құлақтандыруды қамтамасыз ету қажет.
Тілдік ақпараттың айқындығы барлық ұшу кезеңдерінде (ішкі немесе сыртқы байланыстың басқа хабарламалары фонында талаптарды орындау шартымен ақпарат айқындығының нашарлануына жол беріледі) бес баллдық шкала бойынша төрт баллдан нашар болмауы қажет.
173. Радиобайланыс жабдығының антенна-фидер құрылғылары
1170. Осы тараудың талаптары ӘК орнатылған барлық радиобайланыс жабдығының антенна-фидер құрылғыларына, сондай-ақ антенналардың сыртқы қораптарына (антенна-фидер құрылғыларының сипаттамасына әсер етуші қасиеті бөлігінде) таралады.
1171. Радиобайланыс жабдығының антенна-фидер құрылғысының конструкциясы күтіліп отырған ӘК-ді пайдалану жағдайларына және олардың орналасу орнына сәйкес келетін механикалық беріктікті қамтамасыз етуі қажет.
Жер бетінде ӘК қызмет көрсету барысында шығыңқы тұрған антенналар зақымданбас үшін ӘК антенналарды орнатқан кезде қажетті шаралар көзделуі тиіс.
ӘК конструкциясының құрамына кіретін антенна-фидер құрылғыларының диэлектрлі элементтері мен антенна сыртқы қораптары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында антенна-фидер жабдықтарына байланысты талап етілетін жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ететіндей және антенна-фидер құрылғыларының өлшемдері талаптарға сәйкес келетіндей құрастырылуы, дайындалуы және ӘК-де орнатылуы қажет.
Антенна бекітілетін фланецтер мен ӘК корпусының арасындағы ауыспалы кернеу 600 мкОм-нан аспауы тиіс. Қосымша қондырғы элементтері болған жағдайда антенна фланеці мен ӘК корпусының арасындағы ауыспалы кернеудің жиынтық шамасы 2000 мкОм-нан аспауы тиіс.
+350С-тан жоғары емес температурада және салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан аспаған жағдайда АФҚ изоляциясының кернеуі кемінде 20 МОм, ал барлық басқа күтіліп отырған пайдалану жағдайларында антенна-фидер құрылғысының жұмыс кернеуі 0,4 кВ-ден аспаған жағдайда кем дегенде 1 МОм және антенна-фидер құрылғысының жұмыс кернеуі 0,4-тен асқан жағдайда әрбір толық және толық емес киловольтқа кем дегенде 2 МОм болуы тиіс.
Антеннаны фидер трактысымен және аппаратурамен қосқанда олардың конструкциясы мен ӘК-де орнатылған орны өлшеу аппаратурасын ажырату және қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Сыртқы қораптарды қоса алғандағы антенналардың конструкциясы мен орнатылған орны мұздану жағдайларында жұмыс істеген кезде оларға қосылған аппаратуралардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. Антенналарды құрастыру және орнату кезінде оларды статикалық электрден қорғау бойынша қажетті шаралар көзделуі қажет.
Антенналарды құрастыру және орнату кезінде оларды найзағайдың түсуінен қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануы тиіс.
Антенна-фидер құрылғысы олардың арасында қажетті тарам қамтамасыз етілетіндей құрастырылуы және ӘК-де орнатылуы қажет. Жұмыс жиіліктеріндегі тарам:
МТ диапазонындағы радиостанцияның антенна-фидер құрылғысы арасында кемінде 35 дБ болуы;
МТ диапазонындағы радиостанцияның антенна-фидер құрылғылары мен қону радиотехникалық жабдығының курстық антенна-фидер құрылғылары (VOR бұрыш өлшегіш жүйесі радиотехникалық жабдығының антенна-фидер құрылғылары) арасында кемінде 35 дБ болуы ұсынылады.