Ескерту:
1. Өрт сөндiрушi етiгiнiң орнына керзі етiк берiлген кезде кию
мерзiмi бiр жылға қысқартылады.
2. Оңтүстiк аймақтарда ағытпалы терi қолғап берiлмейдi, ағытпалы
брезенттi қолғаптарды мерзiмi 25% қысқартылады.
3. Өрт сөндiру штабының әрбiр өрт сөндiрушiсiне және әрбiр
жедел автокөлiгiне:
- 5 жылға 3 жинақпен жылу тепкiш костюмдер;
- 2 жылға 2 жұптан резина етiк пен қолғап (диэлектрикалық);
- 2 жылға 1 данадан резеңкелі алжапқыштар берiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен
арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің
нысандық киімдерінің үлгілері
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен Сипаттаманың тақырыбы және мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы
15 қаңтардағы № 13
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық және арнайы киімдерінің сипаттамасы
1 тарау
Жоғары басшы құрамның киім нысандары
а) парадтық-салтанатты киім нысаны
- басқа киiлетiн жерi күрең түстi, көк барқын түстi фуражка; тiгiстерi мен кокардасы алтын түстес;
- өңiрi ашық қаусырмалы көк барқын түстес парадтық мундир, мундирдiң жағасындағы тiгiстерi алтын түстес;
- иық белгілерiнiң тiгістерi алтын түстес;
- өңiрi ашық қаусырмалы ашық-сұр түстi парадтық-салтанатты мундир, мундирдiң жағасындағы тiгістерi алтын түстес;
- иық белгілерi сұрғылт түстi, тiгiстерi алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- көк барқын түстес балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар, бұлықтары мен лампасалары күрең түстес;
- парадтық алтын түстес белбеу;
- ақ түстi қолғап;
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңке (1, 2-суреттер);
Қысқы парадтық киім-кешек жинағы:
- кокардасы алтын түстес сұр түстi қаракөл бөрiк (құлақшын, фуражка);
- қаусармалы сұрғылт түстi драптан, жағасы қаракөлден тiгiлген, төрт түймемен түймеленетiн; жылы астарлы пальто; сол жағында төрт түймесi қапталған; екi жағында сыртынан жабылатын ойып тiгілген жапсырма қалта;
- ашық қаусырмалы, көк барқын түстi, мундирдi жағасындағы тiгiстерi алтын түстес;
- тiгiстерi алтын түстi, иық белгілерi алтын түстес;
- қара түстi галстугі бар ақ жейде;
- бұлықтары мен лампасалары күрең түсті көк барқын түстi сыртқа шығарылған шалбар;
- алтын түсті белдік;
- былғары жылы ақ түсті қолғап;
- қара (қоңыр) түстi жылы бәтеңке;
- ақ түстi мойыншалғы (4-сурет);
б) күнделікті киім нысандары
жазғы топтама:
- басқа киiлетiн жерi қорғаныш түстi, күнделiктi киетiн қорғаныш түстес фуражка; тiгiстерi мен кокардасы алтын түстес;
- ашық қаусырмалы қорғаныш түстi күнделiктi киетiн мундир (немесе iлме өңiрлi кеудесiнде жапсырма қалтасы бар) кительдiң жағасындағы тiгістерi алтын түстес;
- қорғаныш түсті галстук бар қызғылтым түстi жейде;
- кеудесiнде жабылатын жапсырма қалтасы, екi жағында ойып тігілген молниялы қалтасы бар молниялы күртке;
- қорғаныш түсті жемпiр;
- бұлықтары мен лампасалары күрең түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңке (3, 9, 10-суреттер);
Күнделіктi киетiн қысқы киімдерiнiң топтамасы:
- кокардасы бар сұр түстi қаракөл бөрiк (құлақшын фуражка);
- қаусармалы сұр түсті драптан тiгілген, жағасы қаракөлден, төрт түймемен түймеленетiн; жылы астарлы пальто; екi жағында ойып тiгiлген жапсырма қалта;
- ашық қаусырмалы күнделiктi киетiн қорғаныш түсті мундир (немесе iлме өңiрлi кеудесiнде жапсырма қалтасы бар) кительдiң жағасында тігiстерi алтын түстес;
- қара түстi галстугі бар қызғылтым түстi жейде;
- қара-қорғаныш түстi мойыншалғы;
- қара (қоңыр) түстi жылы бәтеңке;
- терiден жасалған қара (қоңыр) түстi жылы қолғап (5, 6-суреттер);
Жазғы жеңiл киім түрi - фуражка (пилотка), галстуксiз қысқа жеңдi жейде, бұлықтары мен лампасалары күрең түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар. Барлық жинақ «тропикаль» үлгідегі жеңiл матадан тiгiлген.
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңке (11-сурет);
в) Далалық киім нысандары:
Жазғы жинақ:
- бүркеме түстi далалық кепка;
- бүркеме түстi күртке мен тiк пiшiмдi шалбар;
- далалық бәтеңке;
- қоңыр түстi белдiк (16-сурет);
Қысқы жинақ:
- қаракөлден тігілген құлақшын-бөрiк, бүркеме түстi жылы матадан тігілген құлақшын;
- бүркеме түстi күртке мен жылы шалбар;
- жылы бәтеңке;
- қара (қоңыр) түстi қолғап;
- қоңыр түстi белдiк (17-сурет);
Мыналарды:
Ауа райының суығында жазғы киім нысандары кезiнде:
- қорғаныш түстi плащты;
- қорғаныш түстi жазғы жеңiл пальтоны;
- қорғаныш түстi мойыншалғыны;
- қорғаныш түстi галстугi бар қызғылтым түстi жейдені;
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңкенi (7, 8-суреттер);
Көктемде және күзде:
- iлме өңiрлi қорғаныш түстi пальтоны;
- қорғаныш түстi мойыншалғыны;
- қорғаныш түстi галстугi бар қызғылтым түстi жейденi;
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңкенi (7-сурет);
- қысқы киім нысаны кезiнде қаракөлден тiгілген бөрiк орнына фуражканы (5, 6-суреттер);
- күнделiкті киім нысаны кезiнде өңiрi ашық китель орнына жүн матадан тiгілген күрткені;
- күнделіктi киім нысаны кезiнде өңiрi ашық китель орнына жүн маталы жемпiрдi және фуражка орнына жүн матадан тігілген пилотканы (7, 8-суреттер);
- күнделiктi жазғы киім нысаны және Цельсия бойынша +20 градус жоғары температура кезiнде галстуксыз шолақ жеңдi жейде мен жүн маталы пилотканы (15-сурет);
- парадтық-салтанатты жаздық киім, сондай-ақ жаздық киім нысанына көшкенге дейiн көктемгі уақытта ауа райының жылы кезiнде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейiн күзгі уақытта жеңiл пальтоны немесе ақ түсті мойыншалғымен плащты, күнделiкті жаздық киім нысаны кезiнде - қорғаныш түстi мойыншалғыны (7, 8, 9, 10-суреттер);
- далалық киім нысаны жазғы жинағының бүркеме түстi ұзын жеңдi күрткенің орнына бүркеме түстi қысқа жеңдi күрткенi (16-сурет);
- жазғы далалық киім нысаны жинағындағы бүркеме түстi шалбарға бүркеме түстi күрткенi салып қойып киюге рұқсат етіледi (16-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирге - алтын түстес;
- сұрғылт түсті пальто мен сұрғылт түстi парадтық-салтанатты мундирге - сұрғылт түсті;
- қорғаныш түстi жейдеге, жеңiл пальтоға, плащқа, кительге, күрткеге, жемпiрге - қара қоңыр қорғаныш түстi;
- ақ түстi жейдеге - ақ түстi;
- далалық киім нысанына - бүркеме түсті иық белгілері тағылады.
II тарау
Аға, орта және кiшi басшы құрамның киім нысандары
а) парадтық-салтанатты киім нысандары:
- басқа киілетiн жерi күрең түстi көк барқын түстес фуражка, кiшi басшы құрамға арналған фуражка қорғаныш түсті, басқа киiлетiн жерi қорғаныш түстес. Кiшi басшы құрамға - қорғаныш түстес фуражка басқа киiлетiн жерi қорғаныш түстi. Аға және орта басшы құрамның кокардасы мен өрiлген қайысы алтын түстес. Кiшi басшы құрамға - кокардасы мен лактанған қайысы қара түстi;
- аға және орта басшы құрамға төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісi бар ашық ілмелi өңiрлi парадтық-салтанатты китель;
- бұлықтары күрең түстес, көк барқын түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
- кiшi басшы құрамына және қатардағыларға арналған китель мен шалбар қорғаныш түстi, бұлықтары күрең түстес;
- иық белгiлерi алтын түстес;
- қара галстугi бар ақ жейде;
- алтын түстес парадтық белбеу;
- қара (қоңыр) түстi қонышсыз бәтеңке;
- ақ түстi қолғап (20, 46-суреттер).
Парадтық-салтанатты киім нысаны парадтық киім нысанындай, бiрақ белдiксiз және ақ қолғапсыз.
Қысқы парадтық киімдерiнiң топтамасы:
- кокардасы бap цигейкiден (қаракөлден) тiгiлген сұр түстi құлақшын-бөрiк;
- қара-қорғаныш түсті драптан тігілген және алмалы-салмалы цигейкiден (қаракөлден) тiгiлген жағасы, төрт түймемен түймеленетiн; жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тiгiлген қалта;
- аға және орта басшы құрамға төрт түймемен түймеленетiн, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісi бар ашық ілмелi өңiрлi парадтық-салтанатты китель;
- бұлықтары күрең түстес, көк барқын түстi балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар;
- парадтық алтын түсті белдiк;
- ақ түстi мойыншалғы;
- қара түстi галстугi бар ақ түстi жейде;
- қара (қоңыр) түстi жылы бәтеңке;
- ақ түстi жылы қолғап (22-сурет).
Кiшi басшы құрамына және қатардағыларға арналған китель мен шалбар қорғаныш түсті, бұлықтары күрең түстес, ақ түстi белдiк (47-сурет);
Парадтық-салтанатты киім нысаны парадтық киім нысанындай, бiрақ белдiксiз. Қара түстi жылы былғары қолғап.
б) күнделікті киім нысандары:
- күнделiктi қорғаныш түстi бас киім (пилотка), басқа киiлетiн жерi қорғаныш түстес, кокардасы мен өрiлген қайысы алтын түстес;
- кішi басшы құрамына лактанған қайысы қара түстес;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесiнде жапсырма қалтасы, екi жағында - ойып тiгілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгiсi бар ілмелi өңiрлi ашық күнделiк киетiн китель;
- бұлықтары күрең түсті сыртқа жiберiлетiн шалбар;
- кеудесiнде сыртынан жабылатын жапсырма қалтасы, екi жағында ойып тiгiлген қалтасы бар молниялы күртке;
- қорғаныш түстi галстугi бар қызғылтым түстi жейде;
- қара түстi қонышсыз бәтеңке (21, 27, 28-суреттер);
Жазғы жеңiл киім түрi (тек қана аға және орта басшы құрамындағыларға):
- фуражка, галстуксiз қысқа жеңi бар жейде, балағы сыртқа жiберiлетiн шалбар, қара түстi қонышсыз бәтеңке (24-сурет).
Күнделiкті киетiн қысқы киім топтамасы
- кокардасы бар цигейкiден (қаракөлден) тiгілген сұр түстi құлақшын-бөрiк;
- қара-қорғаныш түстi драптан тiгілген және цигейкiден (қаракөлден) жағасы, төрт түймемен түймеленетiн; жылы астарлы пальто; екi жағында ойып тiгілген қалта;
- қорғаныш түстi мойыншалғы (23-сурет).
в) далалық киім нысандары:
- бүркеме түстi мақта-матадан тiгілген далалық фуражка;
- бүркеме түстi мақта-матадан тiгiлген далалық күртке және тік пiшiмді шалбар;
- қара түстi бәтеңке;
- қоңыр түстi белбеу (33-сурет).
Қысқы топтама:
- цигейкiден (қаракөлден) тiгiлген құлақшын-бөрiк;
- цигейкiден (қаракөлден) тiгiлген жағасы бар бүркеме түстi далалық күртке мен бүркеме түстi жылы шалбар;
- қара түстi қонышы биiк жылы бәтеңке;
- қоңыр түстi белбеу (34-сурет).
Мыналарды:
Ауа райының суығында жазғы киім нысандары кезiнде:
- қорғаныш түсті жеңiл пальтоны;
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түстi мойыншалғыны;
- қызғылтым түстi жейдені;
- қара түстi бәтеңкенi (27, 28-суреттер).
Көктемде және күзде:
- iлме өңiрлі қорғаныш түстi пальтоны;
- қорғаныш түстi мойыншалғыны;
- қорғаныш түстi галстугі бар қызғылтым түстi жейденi;
- қара түстi қонышсыз бәтеңкенi (23-сурет);
- қысқы киім нысандары кезiнде қаракөлден (цигейкiден) тігілген бөрiк (құлақшын) орнына фуражканы (22, 23-суреттер);
- күнделiктi киім нысаны кезiнде өңiрi ашық китель орнына жүн матадан тігілген күрткенi (27-сурет);
- күнделiктi киім нысандары кезiнде өңiрi ашық китель орнына жүн матадан тiгiлген жемпiрдi және фуражка орнына жүн матадан тігілген пилотканы (28-сурет);
- күнделiктi жазғы киім нысаны және Цельсия бойынша +20 градус жоғары температура кезiнде галстуксыз қысқа жеңдi жейде мен жүн матадан тiгiлген пилотканы (24-сурет);
- жазғы парадтық салтанатты киім нысандары кезiнде және күнделіктi жазғы киім нысаны кезiнде қорғаныш түстi кашнемен, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшкенгe дейiн көктемгі уақытта ауа райының жылы кезiнде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейiн күзгі уақытта жеңiл пальтоны немесе ақ түстi плащты (25, 26-суреттер);
- жазғы далалық нысандық киім жинағындағы бүркеме түсті ұзын жеңдi күрткенiң орнына қысқа жеңдi бүркеме түстi күрткенi (33-сурет);
- жазғы далалық нысандық киім жинағындағы бүркеме түсті шалбарға бүркеме түстi күрткенi салып қоюға (33-сурет);
- қысқы уақытта әскери кезекшiлiкте ашық-қоңыр немесе қорғаныш түстi жүн каска-телпек және бүркеме түстi шалбар мен бүркеме түстi күрткенің орнына қорғаныш түстi ойығы жоқ жүн жемпiрді киюге рұқсат етіледі (52-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирде - алтын түстес;
- қорғаныш түстi жейдеге, пальтоға, жеңiл пальтоға, плащқа, кителге, күрткеге, жемпiрге - қара қоңыр қорғаныш түстi;
- ақ түсті жейдеге - ақ түсті;
- далалық нысан киімге - бүркеме түстi иық белгілерi тағылады.
III тарау
Офицер әйелдердiң және кiшi басшы құрамдағы
әйелдердiң киім нысандары
а) Парадтық киім нысандары:
- көк барқын түстес пилотка, кiшi басшы құрамның пилоткасы қорғаныш түстес; Кокардасы алтын түстес;
- төрт түймемен түймеленетiн, екi жағында ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында алтын түстес нышандық белгiсi бар ашық iлме өнерлi көк барқын түстi парадтық-салтанатты китель;
- көк барқын түстi юбка (шалбар);
- кiшi басшы құрамға қорғаныш түсті китель мен юбка (шалбар);
- иық белгілерi алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- қара түстi туфли;
- ақ түстi қолғап;
- ашық-қоңыр түстi шұлық (35-сурет);
б) офицер-әйелдер үшiн парадтық-салтанатты киім нысандары:
- ақ түстi пилотка. Кокардасы алтын түстес;
- төрт түймемен түймеленетін, eкі жағында ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісi бар ашық iлме өңiрлi ақ түстi парадтық-салтанатты китель;
- ақ түстi юбка (шалбар);
- иық белгiлерiнiң негiзi ақ түстi;
- қара галстугi бар ақ жейде;
- ақ түстi туфли;
- ашық-қоңыр түстi шұлық (36-сурет);
Офицер-әйелдер үшін жазғы жеңiл киім түрi:
- пилотка, ұзын (қысқа) жеңдi ақ түстi жейде, қapa түсті галстук, ақ түстi юбка;
- ақ түстi туфли;
- ашық-қоңыр түстi шұлық (42-сурет);
Парадтық-киімдерінің қысқы топтамасы:
- күнқағары бар (цигейкiден) қаракөлден тiгiлген сұр түстi құлақшын; - қара-қорғаныш түстi драптан тiгілген және алмалы-салмалы (цигейкiден) қаракөлден жағасы, жылы астарлы пальто; екi жағында ойып тiгілген қалта;
- офицерлердiң парадтық-салтанатты кителi ашық және көк барқын түстi юбка, жағасында нышандық белгiсi алтын түстес;
- кiшi басшы құрамының кителi мен юбкасы (шалбары) қорғаныш түстi;
- иық белгілері алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- қара түстi жылы етiк (туфли);
- ақ түстi жылы қолғап;
- ашық-қоңыр түсті шұлық;
- ақ түстi мойыншалғы (38-сурет).
в) күнделiкті киетін киім нысандары:
- қорғаныш түсті пилотка. Кокардасы алтын түстес;
- төрт түймемен түймеленетiн, екi жағында ойып тiгiлген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында алтын түстес нышандық белгісi бар ашық iлме өңiрлi қорғаныш түсті китель;
- қорғаныш түстi юбка (шалбар);
- қара-қорғаныш түстi галстугi бар қызғылтым түстi жейде;
- қара түстi туфли;
- ашық-қоңыр түстi шұлық (37-сурет);
жазғы жеңіл киім түрі:
- қорғаныш түстi пилотка, ұзын (қысқа) жеңдi қызғылтым түстi жейде, қара-қорғаныш түстi галстук, қорғаныш түстi юбка;
- қара түстi туфли;
- ашық-қоңыр түстi шұлық (43-сурет);
Күнделiктi киетін киімдердің қысқы топтамасы:
- күнқағары бар қаракөлден (цигейкiден) тiгілген қара-қорғаныш түстi құлақшын;
- астары жылы қара-қорғаныш түстi драптан тiгiлген пальто және алмалы-салмалы қаракөлден (цигейкiден) тігілген сұр түстi жаға; екi жағында - ойып тiгілген қалта;
- ашық китель және қорғаныш түстес юбка (шалбар), жағасындағы нышандық белгiсi алтын түстес;
- қорғаныш түстi мойыншалғы;
- қара-қорғаныш түстi галстугі бар қызғылтым жейде;
- қара түстi жылы қолғап;
- қара түстi жылы етiк (туфли);
- ашық-қоңыр түстi шұлық (39-сурет);
г) далалық киім нысандары:
- бүркеме түстi мақта-матадан тiгiлген далалық фуражка;
- далалық күртке және тiк пiшiмдi бүркеме түстi мақта-матадан тiгiлген шалбар;
- қара түстi бәтеңке;
- қоңыр түстi белдiк (44-сурет);
қысқы жинақ:
- цигейкiден тiгілген cұp түстi құлақшын-бөрік;
- жағасы цигейкiден тiгілген сұр түстi жағасы бар бүркеме түсті далалық күртке және жылы бүркеме шалбар;
- қара түстi қонышы биiк жылы бәтеңке;
- қара түстi жылы қолғап;
- қоңыр түстi белдiк (45-сурет);
Мыналарды:
Суық ауа-райының жазғы кезiндегі нысандық киімдерді:
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түсті жазғы жеңiл пальтоны;
- ашық китель және қорғаныш түстi юбканы (шалбарды);
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қара-қорғаныш түстi галстугі бар қызғылтым жейденi;
- қара түстi туфлидi (етiктi);
- ашық-қоңыр түстi шұлықты (40-сурет);
- күнделiктi киім нысандары кезiнде ашық кительдiң орнына жүн көйлекті (41-сурет);
- күнделiктi киім нысаны кезiнде ашық китель орнына жүн күрткенi (41-сурет);
- ашық китель орнына жүн жемпiрдi (41-сурет);
- жазғы күнделiктi киім нысандары және Цельсия бойынша +20 градус жоғары температура кезiнде галстуксыз қысқа жеңдi жейденi және пилотканы (43-сурет);
- жазғы жеңіл пальтоны немесе плащты парадтық-салтанатты киім нысандары кезiнде ақ түстi мойыншалғыны және жаздық күнделікті киім нысаны кезiнде қорғаныш түстi мойыншалғыны, сондай-ақ көктемгi уақытта ауа-райының жылы кезiнде жаздық киімге көшкенге дейiн және қыстық киім нысандарына көшкеннен кейiн күзгі уақытта (40-сурет);
- далалық киім нысандарының жазғы топтамасындағы ұзын жеңi бар бүркеме күртке орнына қысқа жеңi бар бүркеме күрткенi (44-сурет);
- далалық киім нысандарының жазғы топтамасындағы бүркеме түстi шалбарға бүркеме түстi күрткенi салып киюге рұқсат етіледi (45-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирге - алтын түстес;
- қорғаныш түстi жейдеге, пальтоға, жеңiл пальтоға, плащқа, кительге, күрткеге, жемпiрге - қара-қорғаныш түсті;
- ақ түстi жейдеге - ақ түсті;
- далалық киімге - бүркеме түстi иық белгілерi тағылады.
IV тарау
Өрт сөндiрушi құтқарушылардың киім нысандары
а) жазғы киім нысандары:
- күнге шағылатын ендiрмесiмен (түстерi қызыл және көк) су жұқпас матадан тiгiлген күртке мен шалбар - комбинезон;
- майке-футболка;
- бейсболка түрдi кепка;
- «берги» бәтеңке (55-сурет).
б) қысқы киім нысандары
- күнге шағылатын ендiрмесiмен (түстерi қызыл және көк) су жұқпас матадан тiгiлген жылы күртке мен шалбар - комбинезон;
- түрi «водолазка» жүн жемпiр;
- жылы кепка;
- «берги» бәтеңке;
- қара түстi жылы қолғап (56-сурет).
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен V тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
V тарау
Айырым белгiлерiнің сипаттамасы
Айырым белгiлерi иық белгiлерден, кокардалардан нышандық белгiлерден (эмблемалардан), жеңдегi белгiлерден, бас киімдердегi тігістерден тұрады және атағына әрi Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына тиiстiлігін айқындау үшін пайдаланылады.
Иық белгiлерi парадтық, парадтық-салтанатты, күнделiктi және далалық болып белгілендi.
Иық белгiлерiнiң негiзiнде берiлген атаққа және Мемлекеттік өртке қарсы қызмет тиiстiлiгiне сәйкес бес бұрышты жұлдыз және жұлдызшалар бейнелерi орналасады, бүркiт, әрiптер бейнеленедi.
Иық белгiлердiң өлшемi: жапсырма иық белгiлердiң ұзындығы - 13 сантиметр, енi - 5 сантиметр; алмалы-салмалы иық белгілердiң - ұзындығы 10 сантиметр, төменгi шеті бойынша енi 5,8 сантиметр, жоғары енi бойынша 5,5 сантиметр.
Жапсырма тігілген және алынып-салынатын иық белгiлерiнiң негiзi ұлттық өрнекпен кестеленген тоқыма матадан жасалады.
Иық белгілерінің сипаттамасы
1. Жоғары басшы құрамының иық белгiлерi (генералдардың).
а) Парадтық және парадтық-салтанатты иық белгілер
Генералдың иық белгiлерiнде диаметрi 22 мм жұлдызшалар алтындатылған 5 пайызы зер жiппен кестеленген, бүркiт пен бұлықтары бар. Иық белгiлерiнiң негізi: парадтық алтын түстес, парадтық-салтанатты сұр түстес. Иық белгілерiнiң сыртқы периметрi бойынша күрең түстi бұлықтары өтедi. Жұлдызшалар күрең түстi жiбекпен көмкерiлген. Парадтық-салтанатты мундирдiң иық белгілерi қандай болса, сұр түстi пальтоның иық белгiлерi де осындай болып келедi.
Ақ жейденiң иық белгілерiнiң негізi ақ түстi өрнегi алтын түстес (57-сурет);
б) Күнделікті иық белгілер
Иық белгілерiнiң бұлықтары алтындаған зер жiппен кестеленген. Иық белгiлерiнiң негiзi-қорғаныш түстi тоқыма матадан тігілген, қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).
Алтын түстес өрнегі бар қызғылтым жейденің иық белгілерiнiң негізi қорғаныш түстi (57-сурет).
Қорғаныш түстi жемпiрдің негізi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).
в) Далалық иық белгілер
Иық, белгiлерiнiң негiзi бүркеме түстi тоқыма матадан тiгiлген. Иық белгiлерiнде бүркiт пен жұлдызшалар бейнеленген. (58-сурет).
2. Аға және орта басшы құрамның (офицерлердiң) иық белгiлерi
а) Парадтық иық белгілер
Алтын түстес матадан тігілген, ұлттық өрнегімен, бұлықтарымен бейнеленген және жолақтары (көлденең жолақтары) күрең түстi. Аға басшы құрамның иық белгілерiнде диаметрi 20 мм жұлдызшалар орналасқан және екi көлденең жолақтар, орта басшы құрамның иық белгiлерiнде диаметрi 15 мм жұлдызшалар және бiр көлденең жолақ. Жұлдызшалар саны әскери атағына сәйкес келедi. Көлденең жолақтардың енi - 5 мм, ұзыны - 27 мм. Иық белгілерiнiң жоғарғы жағында диаметрi - 14 мм алтын түстес нысанды түйме орналасады, түймеден төменірек мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгісi (эмблемасы) орналасады (кительден басқа) (59-сурет).
Ақ жейдедегі - иық белгiлерiнiң үстi ақ түстi тоқыма матадан. Бұлықтары, көлденең жолақтары, ұлттық өрнектерi, жұлдызшалары, түймелерi және нышандық белгiлерi салтанаттық киімдердiң иық белгілерiндей (59-сурет).
б) Күнделіктi киетiн иық белгілер
Иық белгілерiнiң үстi қорғаныш түстi тоқыма матадан тігілген. Алтын түстес сызығы бар қара-қорғаныш түстi өрнек. Бұлықтары мен көлденең жолақтары күрең түстес. Жұлдызшалары, түймелерi, нышандары парадтағы иық белгiлерiндей (60-сурет).
Қорғаныш түстi жемпiрдiң негiзi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары мен жолақтары күрең түсті (61-сурет).
в) Далалық иық белгілер
Бүркеме түстес, муфта пiшiндi, иық белгiлерi тоқыма, өрнексiз және бұлықтарысыз жасалады. Иық белгілерiнiң негізiнде қара түстi жұлдызшалар мен көлденең жолақтар бейнеленедi (62-сурет).
3. Кiшi басшы құрамның иық белгiлерi
а) Парадтық иық белгілер
Иық белгiлерiнiң негiзi алтын түстес тоқыма матадан тiгiлген және бұлықтары аға және орта басшы құрамның иық белгiлерiндей. Ұлттық өрнегі алтын түстес.
Иық белгілерiнде диаметрi 14 мм алтын түстес нысанды түйме және диаметрi 15 мм алтын түстес жұлдызшалар немесе алтын түстес үшбұрыштар бейнелерi орналасады. Үшбұрыштар атағына сәйкес келеді. (63-64-суреттер). Жейденiң иық белгілерi, офицерлiк иық белгiлерiндей (63-64-суреттер).
б) Күнделiктi киетiн иық белгілер
Иық белгiлерiнiң негiзi қорғаныш түстi тоқыма матадан тiгілген. Алтын түстес сызығы бар өрнек қара-қорғаныш түстi. Бұлықтары күрең түсті. Жұлдызшалары, түймелерi, нышандары парадтағы иық белгiлерiндей (63-64-суреттер).
Қорғаныш түстi жемпiрдiң негiзi қара-қорғаныш түстi алтынмен көмкерiлiп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары күрең түстi және алтын түстес үшбұрыштар (65-сурет).