7. Кредиттiк есептi беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелерде, жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
8. Кредиттiк бюро ақпаратты берушіден алынған ақпаратты бұрмалағаны үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 30-бап өзгертілді
30-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi беру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Ақпарат берушiлер және кредиттiк бюролар көрсететiн қызмет үшiн ақы белгiленедi, оның мөлшерi және өндiрiп алу тәртібі шартқа сәйкес айқындалады.
Кредиттік бюро ақпарат берушілердің кредиттік бюроға ақпарат бергендері үшін , уәкілетті органның ақпаратты және кредиттік есептерді алғаны үшін ақы алмайды.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |