50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесіндегі баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың банк шотына аударылады.
4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуынa қатысты балаларға алименттер төлеу жөніндегі мiндеттерден босатылмайды.
51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
2) баланың негiзгі құқықтарын iске асыру жөніндегі әртүрлi бағдарламалар әзірлейдi;
3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсіндегі қызметiн үйлестiредi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектiсi болып табылады.
3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының