3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:
1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;
2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру
1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.
Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.
2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
41-бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру
1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-1-баппен толықтырылды
41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.
2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.
3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-2-баппен толықтырылды
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 41-3-баппен толықтырылды
41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi
1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.
2009.11.12 № 229-ІV Заңымен мазмұн 41-4-баппен толықтырылды
41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
42-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі
Осы заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының