3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiп алуға құқылы.
28-бап. Бақыланатын жеткізу
1. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген уәкiлеттi органдары есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң, прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ оған қатысушы адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттерiнiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын жеткізу әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, бiр мемлекет арқылы өткізуге жол беруi мүмкiн.
2. Бақыланатын жеткізу мемлекет аумағы шегiнде жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдауға және жөнелтуге қатысты да пайдаланылуы мүмкiн.
3. Бақыланатын жеткізу iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгiленедi.
2006.02.03 № 130-III Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
1. Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерлерінің өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргізуге құқығы бар.
2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 30-бап өзгертілді және толықтырылды
30-бап. Заңды тұлғаны тарату
1. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететiн ұйымдарда есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері туралы мәлiметтер анықталған жағдайда мұндай ұйым соттың шешiмi бойынша тартылуға тиiс, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.
31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.
2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды және сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан, есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге етiлген күйде деген хабарлама түскен адам медициналық куәландырылуға тиiс.
2. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге елту белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi болған жағдайда, сондай-ақ тексерiлетiн адам организмiнде есiрткi немесе психотроптық заттардың немесе сол тектестердiң бар-жоғына сынақ жүргiзу негiзiнде анықталады.
3. Есiрткi немесе психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге елту фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (тексеру) жүргiзу жөніндегі мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал «нашақорлық» диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия анықтайды.
4. Есiрткi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке алу тәртібі денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
33-бап. Есiрткiнi, психотроптық заттарды немесе сол тектестердi шектен тыс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық тексеру
1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.
2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
34-бап. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртібі және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртібі, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
35-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткізудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс.
5. Қылмыс жасаған, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша көрсетiледi.
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде ауру адамға - жұмысқа жарамсыздық қағазы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.
7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Ондай емдеу туралы мәлiмет ол адам қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де арнаулы уәкiлеттi мемлекеттік органдарға ғана берiлуi мүмкiн.
8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.
36-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар
1. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық ұйымдар немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 38-бап жаңа редакцияда ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
38-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін жауаптылық
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі және Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).
«Есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар және олардың
заңсыз айналымы мен теріс
пайдаланылуына қарсы іс-қимыл
шаралары туралы» 1998 жылғы
10 шілдедегі № 279-І Қазақстан
Республикасының Заңына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың
тізімі
Осы Тізім Қазақстан Республикасы 1998 жылы қосылған 1961 жылғы Есірткі заттар туралы Бірыңғай Конвенция Тізімдерінің, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның және 1988 жылғы Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенцияның негізінде жасалды.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі төрт кестеден және тізімнен тұрады. І, II және III кестелердегі заттардың атаулары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық тіркелмеген атауларға, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияда, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияда көрсетілген атаулар мен сипаттамаларға, сондай-ақ басқа да тіркелмеген атауларға сәйкес келеді. Төменде олардың сипаттамасы немесе химиялық атауы келтіріледі.
І-кестеге медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның IV тізімі мен І тізімінің бір бөлігі және 1971 жылғы Конвенцияның І тізімі).
II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның І тізімнің бөлігі, II тізімі және 1971 жылғы Конвенцияның II тізімі) есірткі және психотроптық заттар енгізілген.
III кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның III тізімі мен 1971 жылы Конвенцияның III және IV тізімдері).
IV кестеге бақылаудағы прекурсорлар (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезінде жиі пайдаланылатын химиялық заттар мен өсімдіктер) енгізілген (1988 жылғы Конвенцияның І және II кестелері).
Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмек құралдарының тізіміне тиісті лицензия болған кезде диагностикалық, емдік және профилактикалық құралдар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрі-дәрмек препараттары енгізілген.
Есірткі немесе психотроптық заттарға олардың препараттары да жатады, олардың атаулары (синонимдері) Тізімге енгізілмеген.
І КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕСІРТКІ
ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен ; 2011.31.05. № 440-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-кесте өзгертілді
А. ЕСІРТКІ ЗАТТАР
JLNK1002106387
1. АЛЛИЛПРОДИН
2. АЛЬФАМЕПРОДИН
3. АЛЬФАМЕТАДОЛ
4. АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
5. АЛЬФА-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
6. АЛЬФАПРОДИН
7. АНИЛЭРИДИН
8. АЦЕТИЛ-АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
9. АЦЕТИЛДЕНДІРІЛГЕН АПИЫН
апиынды ацетилдендіру жолымен алынатын, құрамында есірткілік белсенді алкалоидтар, оның ішінде морфин, кодеин, тебаин бар өнім және оларды ацетилдендіру өнімдері - әртүрлі арақатынастардағы ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин;
10. АЦЕТОРФИН
11. БЕНЗЕТИДИН
12. БЕЗИТРАМИД
13. БЕТА-ГИДРОКСИ-3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
14. БЕТА-ГИДРОКСИ ФЕНТАНИЛ
15. БЕТАМЕПРОДИН
16. БЕТАМЕТАДОЛ
17. БЕТАПРОДИН
18. БЕТАЦЕТИЛМЕТАДОЛ
19. ГАШИШ, АНАША
Каннабис өсімдігі тозаңының арнайы дайындалған қоспасы немесе қоспаға ұнтақ іспетті ме, таблетка ма, түйіршікте, нығыздалған плитка ма, паста ма және басқадай ма қандай нысан берілгеніне қарамастан әртүрлі толықтырушылары бар каннабис өсімдігінің басым өңдеу (ұнтақтау, жаншу және т.б.) жолымен дайындалған қоспа;
20. ГЕРОИН
21. 2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды
22. ГИДРОКСИПЕТИДИН
23. ДЕЗОМОРФИН
24. ДИАМПРОМИД
25. ДИФЕНОКСИН
26. ДИЭТИЛТИАМБУТЕН
27. ДИМЕНОКСАДОЛ
28. ДИМЕПГЕПТАНОЛ
29. ДИМЕТИЛТИАМБУТЕН
30. ДИОКСАФЕТИЛ БУТИРАТ
31. ДИПИПАНОН
32. ДРОТЕБАНОЛ
33. ИЗОМЕТАДОН
34. МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnabis тектес өсімдіктің уақталған немесе уақталмаған жоғары бөліктері - кептірілген немесе кептірілмеген түрдегі жапырақтары мен гүлшоғырлары;
35. КЕТОБЕМИДОН
36. КЛОНИТАЗЕН
37. КОДОКСИМ
38. КОКАИН
кокаин гидрохлоридінен басқа бензоилэекгониннің метил эфирі,
39. КОКА ЖАПЫРАҒЫ
«Кока жапырағы» барлық эгонин, кокаин және кез келген басқа да экгонин алколоидтары алынған жапырақтарды қоспағанда кокаин бұтағын білдіреді.
40. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW)
Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есірткілік белсенді алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген тәсілмен жиналған ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдіктердің кез келген түрі мен сортындағы өсімдіктің барлық бөлігі;
41. МЕТАДОННЫҢ АРАЛЫҚ ӨНІМІ
42. 3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
42. 3-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
44. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(3-Моnоасеtуlмоrрhinе, 3-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендірілген апиынды құрайтын негізгінің бірі ретінде жиі кездесетін морфинді толық ацетилдендірмеу өнімі;
45. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(6-Моnоасеtуlмоrрhinе, 6-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендірілген апиынды құрайтын негізгінің бірі ретінде жиі кездесетін морфинді толық ацетилдендірмеу өнімі;
46. МОРАМИДА, АРАЛЫҚ ӨНІМ
47. МОРФИН МЕТОБРОМИД
Морфиннің басқа да метилаттары
48. МОРФИН-№-ОКСИД
49. МППП
50. НОРАЦИМЕТАДОЛ
51. НОРКОДЕИН
52. НОРМЕТАДОН
53. НОРМОРФИН
Диметилморфин
54. НОРПИПАНОН
55. АПИЫН (ҰЙЫҚТАТАТЫН КӨКНӘР)
Papaver somniferum L түрінің өсімдігі
56. ПАРА-ФЛУОРОФЕНТАНИЛ
57. ПЕПАП
58. ПЕТИДИН
59. ПЕТИДИННІҢ А, В, С АРАЛЫҚ ӨНІМІ
60. ПИМИНОДИН
61. ПРОГЕПТАЗИН
62. ПРОПЕРИДИН
63. КАННАБИС (СОРА) ӨСІМДІГІ - құрамында тетрагидроканнабинол бар (егер олар өсімдіктің өзімен немесе өсімдіктің басқа бөліктерімен бірге болмаса, тұқымы мен тамырын қоспағанда) Саnnabis тектес кез келген өсімдік;
64. КАННАБИС ШАЙЫРЫ
Каннабис шайыры - каннабис өсімдігінен бөлініп алынған тазартылған немесе тазартылмаған шайыры білдіреді.
65. ТИОФЕНТАНИЛ
66. ФЕНАДОКСОН
67. ФЕНАМПРОМИД
68. ФЕНОМОРФАН
69. ФЕНОПЕРИДИН
этил эфирі 1-(3-гидрокси-3-фенилпропил)-4-фенилпиперидин 4-4-карбон қышқылы
70. ЭКГОНИН
Экгонин мен оның күрделі эфирлері және экгонин мен кокаинге айналуы мүмкін болатын оның туындылары
71. КАННАБИС СЫҒЫНДЫСЫ (ГАШИШ МАЙЫ)
Каннабис, каннабисті сығу жолымен алынған органикалық еріткішпен немесе өсімдік майымен және т.б. араластырылған каннабистің қоспасы
72. ЭТИЛМЕТИЛТИАМБУТЕН
73. ЭТОНИТАЗЕН
74. ЭТОРФИН
осы Кестеде аталған есірткі заттардың күрделі және жай эфирлері, олар мұндай күрделі және жай эфирлер болуы мүмкін барлық жағдайларда;
осы Кестеде аталған есірткі заттардың изомерлері, мұндай изомерлер болуы мүмкін жағдайларда (егер осындайлар белгілі бір түрде алып тасталмаса);
осы Кестеде аталған барлық есірткі заттардың күрделі эфирлердің, жай эфирлердің және изомерлердің тұздарын қоса алғандағы тұздары, жоғарыда көзделгендей, мұндай тұздар болуы мүмкін барлық жағдайларда.
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
JLNK1002106387
1. АМИНОРЕКС
2. БРОЛАМФЕТАМИН - ДОБ
3. ДМА
4. ДМГП
5. ДМТ
6. ДОЭТ
7. ДЭТ
8. КАТИНОН
9. (+)-ЛИЗЕРГИД, ЛСД, ЛСД 25
10. МДМА
11. 4-МТА
12. МЕКЛОКВАЛОН
13. ММДА
14. №-ГИДРОКСИ МДА
15. №-ЭТИЛ МДА
16. МЕСКАЛИН
17. МЕТАКВАЛОН
18. МЕТАМФЕТАМИН (ПЕРВИТИН)
19. МЕТАМФЕТАМИН РАЦЕМАТ
20. 4-МЕТИЛАМИНОРЕКС
21. МЕТКАТИНОН (ЭФЕДРОН)
22. ПАРАГЕКСИЛ
23. ПМА
24. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРІНІҢ ТҮЙНЕГІ (КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛІГІ) мысалы, психотроптық заттары бар COPRINUS MICACES (кептірілген де, кептірілмеген уақталған), сондай-ақ бұл саңырауқұлақтарды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде психотроптық заттары бар қолдан дайындалған препараттар (псилобицин, псилоцин және басқалары)
25. ПСИЛОЦИБИН
26. ПСИЛОЦИН, ПСИЛОТСИН
27. РОЛИЦИКЛИДИН (ФЦП)
28. СТП, ДОМ
29. ТЕНАМФЕТАМИН, МДА
30. ТЕНОЦИКЛИДИН, ТЦП
31. ТЕТРАГИДРОКАННАБИНОЛ, оның барлық изомерлері мен олардың стереохимиялық нұсқалары
32. TMA (TMA)
33. ФЕНЦИКЛИДИН, ПЦП
34. ЭТИЦИКЛИДИН, ФЦГ
35. ЭТРИПТАМИН
36. БДБ
37. МБДБ
38. СИНТЕТИКАЛЫҚ КАННАБИНОИДТАР
2-[(1 R, 3 S)-3-Гидроксициклогексил]-5-(2-метилоктан-2-ил) фенол (С-47, 497)
2-[(1 R, 3 S)-3-Гидроксициклогексил]-5-(2-метилгептан-2-ил) фенол (С-47, 497)-С6)
2-[(1 R, 3 S)-3-Гидроксициклогексил]-5-(2-метилнонан-2-ил) фенол (С-47, 497)-С8)
2-[(1 R, 3 S)-3-Гидроксициклогексил]-5-(2-метилдекан-2-ил) фенол (С-47, 497)-С9)
(6аR, 10аR)-9-(Гидроксиметил)-6,6-демитил-3-(2-метилоктан-2-ил)-6а, 7, 10, 10а-тетрагидробензо [с] хромен-1-ол (HU-210)
(2-Метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил) (нафталин-1-ил) метанон (JWH-007)
1-Пентил-3-(1-нафтоил) индол (JWH-018)
(1-Бутил-1Н-индол-3-ил) (нафталин-1-ил) метанон (JWH-073)
(4-Метоксинафталин-1-ил)(1-пентил-1Н-индол-3-ил) метанон (JWH-081)
(2-Метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил)(4-метоксинафталин-1-ил)метанон (JWH-098)
1-Этил-1-пентил-3-(1-нафтоил) индол (JWH-116)
(4-Метилнафталин-1-ил)(1-пентил-1Н-индол-3-ил) метанон (JWH-122)
(4-Метилнафталин-1-ил)(2-метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил) метанон (JWH-149)
1-Пентил-1Н-индол-3-ил-(1-нафтил) метан (JWH-175)
(Е)-1-[1-(Нафталин-1-илметилиден)-1Н-инден-3-ил] пентан (JWH-176)
1-Пентил-1Н-индол-3-ил-(4-метил-1-нафтил) метан (JWH-184)
1-Пентил-1Н-индол-3-ил-(4-метокси-1-нафтил) метан (JWH-185)
(4-Метилнафталин-1-ил)(1-[2-(4-морфолино)этил]-1Н-индол-3-ил) метан (JWH-192)
(4-Метилнафталин-1-ил) (1-[2-(4-морфолино) этил]-1Н-индол-3-ил) метанон (JWH-193)
2-Метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил-(4-метил-1-нафтил) метан (JWH-194)
(1-[2-(4-Морфолино) этил]-1-Н-индол-3-ил)(нафталин-1-ил) метан (JWH-195)
2-Метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил-(1-нафтил) метан (JWH-196)
2-Метил-1-пентил-1Н-индол-3-ил-(4-метокси-1-нафтил) метан (JWH-197)
(4-Метокси-1-нафтил)(1-[2-(4-морфолино) этил]-1Н-индол-3-ил) метанон (JWH-198)
(4-Метокси-1-нафтил)(1-[2-(4-морфолино) этил]-1Н-индол-3-ил) метан (JWH-199)
(1-[2-(4-Морфолино) этил]-1Н-индол-3-ил) (нафталин-1-ил) метанон (JWH-200)
1-Пентил-3-(2-метоксифенилацетил) индол; 2-(2-метоксифенил)-1-(1-пентил-1Н-индол-3-ил) этанон (JWH-250);
Осы Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар болуы мүмкін барлық жағдайларда.
JLNK1002106387
II КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖӘНЕ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДАҒЫ
ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен 2-кесте өзгертілді
А. ЕСІРТКІ ЗАТТАР
JLNK1002106387
1. АЛЬФАЦЕТИЛМЕТАДОЛ
2. АЛЬФЕНТАНИЛ
3. АЦЕТИЛДИГИДРОКОДЕИН
4. АЦЕТИЛМЕТАДОЛ
5. БЕНЗИЛМОРФИН
6. ГИДРОКОДОН
7. ГИДРОМОРФИНОЛ
8. ГИДРОМОРФОН
9. ДЕКСТРОМОРАМИД
10. ДЕКСТРОПРОПОКСИФЕН
11. ДИГИДРОКОДЕИН
12. ДИГИДРОМОРФИН
13. ДИФЕНОКСИЛАТ
14. КОДЕИН
15. 2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды
16. КОКАИН ГИДРОХЛОРИДІ
17. ЛЕВОМЕТОРФАН
18. ЛЕВОМОРАМИД
19. ЛЕВОРФАНОЛ
20. ЛЕВОФЕНАЦИЛМОРФАН
21. МЕТАДОН
22. МЕТАЗОЦИН
23. МЕТИЛДЕЗОРФИН
24. МЕТИЛДИГИДРОМОРФИН
25. МЕТОПОН
26. МИРОФИН
27. МОРФЕРИДИН
28. МОРФИН
29. 2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды
30. МОРФИН ГИДРОХЛОРИДІ
31. НИКОДИКОДИН
32. НИКОКОДИН
33. НИКОМОРФИН
34. НОРЛЕВОРФАНОЛ
35. ОКСИКОДОН
36. ОКСИМОРФОН
37. ОМНОПОН
38. АПИЫН көкнәр өсімдігінің есірткілік белсенді алколоидтары бар қоюланған сөлі
39. ПИРИТРАМИД (ДИПИДОЛОР)
40. ПРОМЕДОЛ
41. ПРОПИРАМ
42. ПРОСИДОЛ
43. РАЦЕМЕТОРФАН (ДЕКСТРАМЕТОРФАН, ДИМОРФАН)
44. РАЦЕМОРАМИД
45. РАЦЕМОРФАН
46. СУФЕНТАНИЛ
47. ТЕБАИН (апиын алкалоиды)
48. ТЕБАКОН
49. ТИЛИДИН
50. ТРИМЕПЕРИДИН
51. ФЕНАЗОЦИН
52. ФЕНТАНИЛ
53. ФОЛЬКОДИН
54. ФУРЕТИДИН
55. ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ АПИЫН Құрамында апиынды алкалоидтар, оның ішінде есірткісі күшті морфин, кодеин, тебаин бар ұйықтататын көкнәр түріндегі апиын шикізатынан немесе сабағынан әртүрлі еріткіштермен ажыратып алу жолымен алынатын өнім.
56. ЭТИЛМОРФИН
57. ЭТОКСЕРИДИН
және осы Кестеде аталған есірткі заттардың стереоизомерлері, осы нақты химиялық таңбалаудың шеңберінде мұндай изомерлердің болуы мүмкін жағдайларда (егер осындайлар белгілі бір түрде алып тасталмаса);
изомерлердің тұздарын қоса алғандағы осы Кестеде аталған барлық есірткі құралдарының тұздары, жоғарыда көзделгендей, мұндай тұздар болуы мүмкін барлық жағдайларда.
JLNK1002106387
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
JLNK1002106387
1. АМФЕТАМИН
2. БУПРЕНОРФИН (НОРФИН)
3. ГЛЮТЕТИМИД (НОКСИРОН)
4. ДЕКСАМФЕТАМИН
5. ЛЕВАМФЕТАМИН
6. ЛЕВОМЕТАМФЕТАМИН
7. МЕТИЛФЕНИДАТ
8. ПЕМОЛИН
9. ПЕНТОБАРБИТАЛ
10. СЕКОБАРБИТАЛ
11. 2С-В
12. ФЕНЕТИЛЛИН
13. ФЕНМЕТРАЗИН
14. ЦИПЕПРОЛ
15. ЭТИЛАМФЕТАМИН
осы Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар болуы мүмкін барлық жағдайларда.
JLNK1002106387
III КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ
ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен 3-кесте өзгертілді
А. ЕСІРТКІ ЗАТТАР
1. Олардың бір немесе бірнеше ингредиенттермен қосылуы және бөлінбеген препараттарда 2,5 проценттен аспайтын қоспа кезінде бір дозасында 100 мг астам есірткі құралдарын қамтуы жағдайларында ацетилдигидрокодеиннің, кодеиннің, дигидрокодеиннің, никокодиннің, никодикодиннің және фолькодиннің, этилморфиннің препараттары.
2. Бір дозасында 100 мг астам пропирамы бар және кемінде метилцеллюлозаның осындай мөлшерімен қосылған пропирам препараты.
3. Бір дозасында 135 мг астам декстропропоксивені бар және ажыратылмаған препараттарда ең көбі 2,5 процент концентрацияланған жағдайдағы, ауыз арқылы пайдалануға арналған декстропропоксивен препараттары, мұндай препараттарда 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылаудағы қандай да болсын заттар болмаған жағдайда.
4. Сусыз морфин-негізге қайта есептегенде 0,2 проценттен аспайтын морфині бар және есірткі құралы оңай жүзеге асырылатын тәсілдердің көмегімен немесе халық денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін мөлшерде аталған препараттан алынбайтын бір немесе бірнеше ингридиенттермен қосылған апиын немесе морфин препараттары.
5. Бір дозасында 0,5 мг аспайтын дифеноксилаты және мөлшері дифеноксиннің дозасының 5 процентінен кем емес мөлшерге бара-бар атропин сульфаты бар дифеноксилат препараты.
6. Дифеноксилаттың дозасының 1 процентінен кем емес мөлшерге бара-бар атропин сульфаттың негізі мен мөлшеріне қайта есептегендегі бір дозаға 2,5 мг дифеноксилатты бар дифеноксилат препараты.
7. Осы Кестеде көрсетілген формулалардың қандай да болсын біреуімен жасалған препараттар мен мұндай препараттардың есірткі заттар жоқ кез келген затпен қоспасы.
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
JLNK1002106387
1. АЛЛОБАРБИТАЛ
2. АЛЬПРАЗОЛАМ
3. АМОРБАРБИТАЛ
4. АМФЕПРАМОН
5. БАРБИТАЛ
6. БЕНЗФЕТАМИН
7. БРОМАЗЕПАМ
8. БРОТИЗОЛАМ
9. БУТАЛБИТАЛ
10. БУТОБАРБИТАЛ
11. ВИНИЛБИТАЛ
12. ГАЛАЗЕПАМ
13. ГАЛОКСАЗОЛАМ
14. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ);
15. ДЕЛОРАЗЕПАМ
16. ДИАЗЕПАМ
17. ЗОЛПИДЕМ
18. КАМАЗЕПАМ
19. КАТИН
20. КЕТАЗОЛАМ
21. КЛОБАЗАМ
22. КЛОКСАЗОЛАМ
23. КЛОНАЗЕПАМ
24. КЛОРАЗЕПАТ
25. КЛОИТИАЗЕПАМ
26. ЛЕФЕТАМИН
27. ЛОПРАЗОЛАМ
28. ЛОРАЗЕПАМ
29. ЛОРМЕТАЗЕПАМ
30. МАЗИНДОЛ
31. МЕДАЗЕПАМ
32. МЕЗОКАРБ
33. МЕПРОБАМАТ
34. МЕТИПРИЛОН
35. МЕТИЛФЕНОБАРБИТАЛ
36. МЕФЕНОРЕКС
37. МИДАЗОЛАМ
38. НИМЕТАЗЕПАМ
39. НИТРАЗЕПАМ
40. НОРДАЗЕПАМ
41. ОКСАЗЕПАМ
42. ОКСАЗОЛАМ
43. ПЕНТАЗОЦИН
44. ПИНАЗЕПАМ
45. ПИПРАДРОЛ
46. ПИРОВАЛЕРОН
47. ПРАЗЕПАМ
48. СЕКБУТАБАРБИТАЛ
49. ТЕМАЗЕПАМ
50. ТЕТРАЗЕПАМ
51. ТРИАЗОЛАМ
52. ФЕНДИМЕТРАЗИН
53. ФЕНКАМФАМИН
54. ФЕНОБАРБИТАЛ
55. ФЕНПРОПОРЕКС
56. ФЕНТЕРМИН
57. ФЛУДИАЗЕПАМ
58. ФЛУРАЗЕПАМ
59. ФЛУНИТРАЗЕПАМ
60. ХЛОРДИАЗЕПОКСИД
61. ЦИКЛОБАРБИТАЛ
62. ЭСТАЗОЛАМ
63. ЭТИНАМАТ
64. ЭТИЛ ЛОФЛАЗЕПАТ
65. ЭТХЛОРВИНОЛ
Ескерту. Осы Кестеде тізіп көрсетілген заттардың тұздары, мұндай тұздардың болуы мүмкін барлық жағдайларда.
IV КЕСТЕ
БАҚЫЛАУДАҒЫ ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ (ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ
ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ЖИІ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
ӨСІМДІК ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ)
ТІЗІМІ
І Тізбе | II Тізбе |
№-ацетилантранил қышқылы | Ангидрид сірке қышқылы |
Изосафрол | Антранил қышқылы |
Лизергин қышқылы | Ацетон |
3,4-метилендиоксифенил-2-пропанон | Метилэтилкетон |
Норэфедрин | Калий перманганаты |
Пиперональ | Күкірт қышқылы* |
Псевдоэфедрин | Тұз қышқылы* |
Сафрол | Пиперидин |
1-фенил-2-пропанон | |
Эргометрин | Толуол |
Эрготамин | Фенил сірке қышқылы |
Эфедрин | Этил эфирі |
Эфедра шөбі | |
IV Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар түзілуі мүмкін барлық жағдайларда.
* Тұз қышқылы мен күкірт қышқылының тұздары ерекше тәртіппен IV Кестенің тізбесінен алынып тасталды.