6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шешімдері негізінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға;
7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға;
8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға;
9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға;
10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхатпен жолданған кезінде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға;
12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жіберілген адамдарға;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін.
Тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
25-бап. Саяси баспана беру
Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi.
26-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен алып тасталды
24.12.01 ж. № 276-11 ҚР Заңымен 27-бап өзгерді; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; ҚР 2007.06.07 № 276-ІІI Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Оралман отбасының оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілетін мүшелері
Оралмандардың көшіп келу квотасына оралман отбасының мынадай бірге тұратын мүшелері енгізіледі:
1) жұбайы (зайыбы);
2) ата-анасы;
3) балалары (оның ішінде асырап алынған) және олардың отбасыларының мүшелері;
4) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, отбасылары жоқ аға-інілері мен әпке-қарындастары (сіңлілері).
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 28-бап алып тасталды
28-бап.
24.12.01 ж. № 276-11 ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда
29-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
10.11.01 ж. № 255-11 ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды; 2007.12.01 № 227-III ҚР Заңымен 29-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2007.06.07 № 276-ІІI Заңымен (бұр. ред. қара) 29-1-бап өзгертілді
29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу
Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2007.06.07 № 276-ІІI Заңымен 4-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-1-тарау. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы
жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің басқа да түрлері
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-2-бап өзгертілді
29-2-бап. Орталық мемлекеттік басқару органдары
Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн орталық мемлекеттік органдар оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне:
1) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеудi;
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды;
оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді;
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) білім беру саласындағы уәкiлеттi орган:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мөлшерде квота бөлудi;
3) Сыртқы iстер министрлігі:
Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшiн консулдық алымдардан босатуды;
4) Қорғаныс министрлігі:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыруды қамтамасыз етедi.
29-3-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
1. Халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн жергiлiктi атқарушы органдар:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуды;
2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудi;
жұмысқа орналасуда, біліктілігiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетудi;
мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын берудi;
мемлекеттік тiлдi және орыс тілін оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына оралмандардың көшiп келу квотасынан тыс көшiп келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеңiлдiктер мен өтемақылар белгiлеуге құқылы.
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 29-4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 29-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-4-бап. Оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақылар
Мемлекет оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелеріне осы Заңның 29-2 және 29-3-баптарында көзделген жеңілдіктермен, өтемақылармен, жәрдемақылармен және атаулы көмектің басқа да түрлерімен қатар:
1) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізуді;
2) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:
тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеуді;
тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлуді;
біржолғы жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз етеді.
Оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу, тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 5-тараудың атауы өзгертілді
5-тарау. Көшiп кету
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Эмигранттардың кетуiн ресiмдеу тәртібі
Көшіп кетушілердің кетуiн ресiмдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуiн қаржыландыру
Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасынан кетуiне байланысты шығындарды қаржыландыру көшіп кетушілердің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, басқа көздерден де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiне және өз отбасыларының мүшелерiне тиесiлi меншiк құқығы бар мүлкi мен соларға теңестiрiлген мүлiктiк игiлiктерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз есебiнен әкетуге құқылы.
Азаматтардың мемлекет үшiн мәдени, тарихи немесе өзге де жағынан құнды заттарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және мемлекетаралық шарттармен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге тұрақты тұру үшiн кеткен адамдардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлiкке құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
32-бап. Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тарту негiздерi
Қазақстан Республикасының азаматына заңдарға сәйкес мынадай жағдайларда, егер ол:
1) мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлетiн болса - осы мән-жайлардың күшi тоқтатылғанға дейiн;
2) қылмыс жасау сезiгi бойынша ұсталып не айыпкер ретiнде тартылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшiне енгенге дейiн;
3) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
4) өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi атқарудан жалтарып жүрсе, - мiндеттемелердi орындағанға дейiн немесе тараптардың келісімге қол жеткiзуiне дейiн;
5) мiндеттi мерзiмдi әскери қызметтен өтiп жүрсе - осы қызметтен өтудi аяқтағанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
6) Қазақстан Республикасынан кетуге құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа - осындай құжатты ресiмдеушi орган мәселенi шешкенге дейiн, бiрақ бiр айдан аспайтын уақытқа;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) азаматтық сот iсiнде жауапкер болып табылса - iс бойынша шешiм шығарылғанға немесе сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының азаматына салықтық берешегі болған кезде басқа елге тұрақты тұру үшін одан тыс жерлерге шығуға рұқсат етілмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа елге кетуiне, онда төтенше жағдай қалыптасқан болса, соның салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтары ол елге бара қалған жағдайда олардың қауiпсiздiгiне қатер төнуi мүмкiн болса, уақытша шектеу енгiзуге құқылы.
6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару
2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 33 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Уәкілетті орган
Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап жаңа редакцияда; 2009.04.12. № 217-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдайды және оған болжам жасайды;
2) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар талдап жасайды;
3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және жүзеге асырады;
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
5) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар талдап жасайды;
6) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;
7) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
8) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібі мен уақытын айқындайды;
9) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асырады;
10) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) уәкілетті органның аумақтық органдарының оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
35-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен алып тасталды
7-тарау. Қорытынды ережелер
27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Өтiнiштi қарауға байланысты шығындарды төлеу тәртібі
Оралмандар деп танылған адамдар өтiнiштi қараудың барлық сатыларында мемлекеттік органдар шегетiн шығындарды төлеуден босатылады.
37-бап. Құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiк негiздерi
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк немесе өзге де құқық бұзған көшiп келушiлер Қазақстан Республикасы бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген жағдайлардан басқа реттерде, Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негiздерде жауапкершiлiкте болуға тиiс.
38-бап. Халықтың көшi-қоны туралы халықаралық шарттар
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн оған заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көшi-қонның осы Заңдағыдан өзге ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
39-бап. Дауларды шешу
Көшi-қон мәселелерi жөніндегі даулар осы Заңда белгiленген тәртiппен және сот тәртібімен шешiледi.
40-бап. Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi және Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келгенi немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткенi үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
41-бап. Iшкi көшi-қон
Халықтың iшкi көшi-қоны саласындағы қатынастарын реттеудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi