Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 678 және 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 1 наурыздағы № 190 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат):
1-тармақта»?кімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актілерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулық» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)»деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде iс жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақта:
бірiншi абзацта:
«бірiншi басшының мiндетiн атқарушы адам» деген сөздер «бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сауалға жауап қайтару» деген сөздерден кейiн «немесе атқару туралы есеп (ақпарат) беру» деген сөздермен толықтырылсын;
"(немесе оның мiндетiн атқарушы адамның)»деген сөздер»(бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке, Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе дайындаған» деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге енгiзiлетiн ?кімет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобаларын, заң жобаларын және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкiмет қорытындыларының жобаларын Үкiметтiң Регламентiне сәйкес жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бірiншi басшысы (бірiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бірiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қоюға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«факсимилесi, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлiнген, оның iшiнде тескiшпен тiгiлген, шимайқағазға және мемлекеттік органдар бланкiлерiнiң көшiрмелерiне шығарылған құжаттар Кеңсеге қабылдауға жатпайды»;
12 және 45-тармақтарға сiлтемелер мынадай редакцияда жазылсын:
"* Құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мұрағаттарды басқару және құжаттама комитетi төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың үлгi ережесiне сәйкес ресiмделуi тиiс.»;
15-тармақта «Құпия пакеттер мен басқа да құпия» деген сөздер «Құпия» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтың бірiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Үкiметтің Регламентiне сәйкес келісілуi тиiс.»;
18-тармақтың бірiншi абзацында:
«өтiнiштерiн» деген сөзден кейiн»?кіметтiң Регламентiне және» деген сөздермен толықтырылсын;
«не авторға қайтарады» деген сөздер алынып тасталсын;
20-тармақта:
1) тармақшада:
үшiншi абзац алынып тасталсын;
төртiншi абзацта «Президент көмекшiлерiнiң» деген сөздер алынып тасталсын;
сегізiншi абзацта «ТМД елдерi мен» деген сөздер «таяу және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
«Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптама жүргiзудi талап ететiн Президент актілерінiң жобалары, заң жобалары мен Үкiметке өзге де өтiнiштер;";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Кеңсеге енгiзілетiн ?кімет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде Үкiметтiң Регламентiне сәйкес тiркеуге дейiнгi тексеруден өтедi, одан кейiн белгіленген талаптарға сәйкес келетiн жобаларды қызметтiк хат-хабарлар секторы тiркейдi. Бұл ретте жобалардың түпнұсқалары мәселелердiң сипатына қарай Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi) - Заң бөлiмiне және қажет болған кезде басқа да бөлiмшелерге жiберіледi. Үкiметтiң Регламентiнде көзделген жағдайларда жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
22. Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша Кеңседе сараптама жүргiзу (оның iшiнде қорытындылар дайындау) мерзiмi Үкiметтiң Регламентiнде белгiленген.
Сараптаманы қоса алғанда, Кеңседе жобалардың өту мерзiмi (жобаның тiркелген күнiнен бастап қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн): Үкiмет қаулыларының жобалары мен заң жобалары үшiн - 15 жұмыс күнiнен (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс заң жобаларын қоспағанда); Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары үшiн - 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Жобалар мәтінiнiң көлемi үлкен және күрделi болуына байланысты өту мерзiмiн (басымдықты заң жобалары мен шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған, заң жобаларының өту мерзiмiн қоспағанда) Кеңсе Басшысы не оның мiндетiн атқарушы тұлға ұзартуы мүмкiн.
23. Үкiмет Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобаларына бастамашылық жасаған жағдайда олар Үкiметтiң Регламентiне сәйкес Президент Әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте енгiзiлетiн жобалардың және оларға материалдардың көшiрмелерi Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң үкiметтiк шешiмдердi шығару секторында қалады.»;
24-тармақтың екiншi абзацында «тiркеуi» деген сөз «қызметтiк хат-хабарлар секторына тiркеуге беруі» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтың үшiншi абзацында «түпнұсқасы» деген сөз «төлнұсқасы» деген сөзбен ауыстырылсын, «ТМД елдерiне» деген сөздер «таяу және алыс шетелдерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
36-тармақта:
«түпнұсқасын» деген сөз «төлнұсқасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте шұғыл құжаттар мен тапсырмаларды (орындау мерзiмi үш жұмыс күнiне дейiн) адресаттарға жедел жөнелтудi қамтамасыз ету үшiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мамандары, Үкiмет пен Кеңсе Басшылығының көмекшілерi (кеңесшілерi) мен қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандары, құрылымдық бөлiмшелер басшылары көрсетілген құжаттар мен тапсырмаларды факсимильдiк байланыс бойынша кейiннен оларды қызметтік хат-хабарлар секторы арқылы адресаттарға жөнелте отырып, беруi тиiс.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңсеге келiп түсетiн бақылаудағы құжаттардың орындалуы туралы есептер Кеңсенiң құзыретiне қаралатын бақылаудағы құжаттар және/немесе олардың орындалуын бақылау бекітіп берілген құрылымдық бөлiмшелерiне көрсетiлген есептерге бақылаудағы құжаттарды орындаудың уақтылылығы, толықтығы мен сапасы тұрғысында талдау жүргiзу үшiн жiберіледi. Талдау Кеңседе есеп тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспайтын мерзiмде жүргiзіледi, одан кейiн талдау нәтижелерi бойынша анықтама және қарардың жобасы есепке қоса тiркеледi және нақты бақылаудағы құжаттың орындалу мерзiмi өткенге дейiн 3 күннен кешiктiрмей шешiм қабылдау үшiн тиiсiнше Үкiметтің немесе Кеңсенiң Басшылығына қарауға енгiзіледi. Үкiметтiң және/немесе Кеңсенiң Басшылығы тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн, егер Басшылық өзгеше белгілемесе, орындаушы есеп авторының атына қабылданған шешiмнiң (қарардың) және талдау нәтижелерi бойынша анықтаманың көшiрмесiн жiбереді.»;
43-тармақта «есеп» деген сөз «тiркеу-бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
45-тармақтың екiншi абзацы «данасында» деген сөзден кейiн «бұрыштама соғу күнi көрсетіле отырып,»деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақта «арасындағы мiндеттер бөлiсуге» деген сөздер «Кеңсе Басшысы белгiлеген құзыретi мен өкілеттіктерiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
51 және 52-тармақтарда «ж.»деген қысқартылған белгi алынып тасталсын;
61 және 62-тармақтарда «түпнұсқада», «түпнұсқалары» деген сөздер тиiсiнше «төлнұсқада», «төлнұсқалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
63-тармақта «көшiрмесiн» деген сөзден кейiн «тиiстi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы қабылдау бөлмесiнiң маманына немесе Үкiмет немесе Кеңсе Басшылығының тиiстi қабылдау бөлмесiнiң аға маманына (көмекшiге, кеңесшiге) не» деген сөздермен толықтырылсын, «түпнұсқасы» деген сөз «төлнұсқасы» деген сөзбен ауыстырылсын;
66-тармақта «оның орынбасарлары» деген сөздер «оның мiндетiн атқарушы тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
69-тармақта «күнiне кемiнде төрт рет» деген сөздер «Кеңсе Басшысы бекiткен кесте бойынша күнiне 5 рет» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 69-1-тармақпен толықтырылсын:
«69-1. Парламенттің Мәжілiсi қайтаратын заң жобаларын фельдъегерлiк қызмет қызметкерi тiркеусiз Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесiне жеткізеді және Үкiмет Регламентiне сәйкес шешiм қабылдау үшiн кеңесшi (қабылдау бөлмесiнiң аға маманы) арқылы Кеңсе Басшысына баяндалады. Бұл ретте көрсетілген заң жобаларына iлеспе хаттардың көшiрмелерiн Кеңсе Басшысының кеңесшiсi (қабылдау бөлмесiнiң аға маманы) Үкiметтiң Парламент Мәжілісіндегі Өкiлдiгiне бередi.»;
73-тармақта «арнаулы тiзбеге» деген сөздер «таратылуы шектеулi мәлiметтердiң тiзбесiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
75-тармақта «мұндай ақпараты» деген сөздер «таратылуы шектеулi мәлiметтердi қамтитын ақпараты» деген сөздермен ауыстырылсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Үкiмет мәжілісiнде қаралатын мәселе құзыретiне жататын құрылымдық бөлiмше мәжілiске дейiн 3 күн iшiнде мыналарды дайындайды және бередi:
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiне - Кеңсе Басшысымен келiсілген шақырылғандардың тiзiмiн (Үкімет мүшелерiнен және Үкiметтің құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың бірiншi басшыларынан басқа). Нақты мәселелер бойынша Үкiмет мәжілiсiне шақырылғандардың келуiн Кеңсенiң шақырылғандардың көрсетiлген тiзiмiн дайындаған құрылымдық бөлiмшесi қамтамасыз етедi;
Хатшылыққа - Кеңсе Басшысы белгілеген тәртiппен ресiмделген және Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келiсілген, қаралатын мәселе бойынша Үкiмет мәжілiсiн жүргiзу тәртібін, сондай-ақ Үкiмет мәжілiсiнiң қарауына енгiзілген құжаттар бойынша сараптамалық қорытындыны (анықтаманы). Бұл ретте Хатшылық Премьер-Министр үшiн мәжілiске материалдары бар папканы жинақтауды жүзеге асырады, ал жүргiзудiң түпкi тәртібiнiң көшiрмесiн Кеңсе Басшысының қабылдау бөлмесiне бередi.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi мәжіліске шақырылғандардың Кеңсе Басшысы қол қоятын жалпы тiзiмiн, сондай-ақ мәжілістердi жүргiзу тәртiптерiнiң бірiншi (кiрiспе) парақтарын (мәжілістердiң регламентiн қоса алғанда) жасайды және оларды Хатшылыққа бередi.»;
84-тармақ «материалдарды» деген сөзден кейiн», оның iшiнде қаралатын мәселелерде мәселенiң тарихын және Үкiметтiң бұрын қабылданған қаулыларының, Премьер-Министр өкiмдерiнiң және тиiстi хаттамалық шешiмдердiң орындалу барысын көрсете отырып, олар бойынша анықтамаларды күнiбұрын берудi,»деген сөздермен толықтырылсын;
85-тармақтың үшiншi абзацында «кеңес өткiзiлген күндi қоса есептегенде, 3 күннiң iшiнде» деген сөздер «кеңес өткiзiлген күннен бастап екi күннен кешiктiрмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
86-тармақта «дайындау» деген сөзден кейiн «және ресiмдеу» деген сөздермен толықтырылсын, «Үкіметінiң Регламентiмен» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықпен (заңдық техникасы)»деген сөздермен толықтырылсын;
87-тармақ алынып тасталсын;
89-тармақтың бірiншi абзацында:
бірiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңсеге енгiзілетiн ?кімет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркелгенге дейiн Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi ?кімет Регламентiнiң және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестiгiне, сондай-ақ әрбір жобаның бірнеше парақтарын кездейсоқ таңдап алу жолымен iрiктеп дәлме-дәлдiгiне тексередi.»;
«сәйкес келмеген» деген сөздерден кейiн «немесе мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі жобалар мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi анықталған» деген сөздермен толықтырылсын;
89-тармаққа сілтеме алынып тасталсын;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi сараптама жасайды және жобаға өздерiнiң қорытындыларын қоса бередi, ал олардың басшылары оған бұрыштама соғады. Қажет болған кезде ?кімет немесе Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша олар жобаға тиiстi өзгерістер енгiзедi, одан кейiн орындаушы өзгертілген жобаны әзiрлеушiмен және Кеңсенiң Заң бөлiмiмен келiседi және содан кейiн оны Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң үкiметтік шешiмдердi шығару секторына (жобаның орыс тіліндегі мәтiнi), осыдан кейiн редакциялық секторға (жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтiндерi) редакциялық сараптамаға ұсынады. Қажет болған жағдайда орындаушы жобаның мәтiнiне редакциялық түзетулер енгiзедi, одан кейiн жобаның түпкi нұсқасын Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары қабылдау бөлмелерiнiң мамандары, Премьер-Министр мен Кеңсе Басшысының көмекшілерi (кеңесшілерi) немесе олардың орынбасарлары қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандары арқылы Үкiмет Регламентiне сәйкес (жобаның келiсу парағын толтыра отырып) келiсудi (бұрышта соғуды) қамтамасыз етедi.»;
95-тармақта:
бірiншi абзацтың бірiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Қол қойылған қаулыны (өкiмдi) Хатшылық келiсу парағын түпкiлiктi толтыру, iс-қағазды түзу және тарату көрсеткiшiн жасау, сондай-ақ қаулыны (өкiмдi) мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі мәтiндердiң дәлме-дәлдiгiне тексеруді жүргiзу мақсатында үкiметтiк шешiмдердi шығару секторына ұсыну үшiн орындаушыға бередi.»;
екiнші абзацта «Кеңсенiң ?кіметтiк ақпарат бөлiмiн» деген сөздер «Премьер-Министрдiң Баспасөз қызметiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац «қаулыны (өкiмдi)»деген сөздерден кейiн «және оның ақпаратты магнитті жеткiзгiштегi (дискеттегi) көшiрмесiн» деген сөздермен толықтырылсын;
98-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Қаулыны (өкiмдi) шұғыл шығару (тираждау және тарату) қажет болған жағдайда жобаның өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) немесе оның орынбасары бұл туралы Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсiн (оның мiндетiн атқарушы тұлғаны) немесе үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының жұмысына жетекшілiк ететiн оның орынбасарын уақтылы ескертуi тиiс. Өзге жағдайларда қаулыларды (өкiмдердi) шұғыл шығару Кеңсе Басшысының (оның мiндетiн атқарушы тұлғаның) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсiне (оның мiндетiн атқарушы тұлғаға) немесе үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының жұмысына жетекшiлiк ететiн оның орынбасарына берген тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырылады.»;
екiншi абзацтағы «көк» деген сөз «күлгiн» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтың бірiншi сөйлемi «сектор» деген сөзден кейiн «Кеңсе Басшысының рұқсатымен және» деген сөздермен толықтырылсын, «рұқсатымен» деген сөз «нұсқауы бойынша» деген сөзбен ауыстырылсын;
100-тармақтың бірiншi абзацы «арқылы» деген сөзден кейiн «үкiметтiк шешiмдердi шығару секторының арнайы журналына қол қойғызып» деген сөздермен толықтырылсын;
104-тармақтың бірiншi абзацында «құпия iс жүргiзу» деген сөздер «ақпаратты қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
109-тармақта:
екiншi абзацта «тиiстi жазбасы» деген сөздердiң алдынан «құжатты қабылдайтын құрылымдық бөлiмше басшысымен (оның орынбасарымен) келісілген (бұрыштама қойылған) деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте құрылымдық бөлiмшелер арасында құжаттарды орындауға жауапты адамдарды белгілеуге қатысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда көрсетiлген келiспеушiлiктердi реттеу Кеңсе Басшысының тиiстi бөлiмшелерге жетекшілiк ететiн орынбасарларының деңгейiнде жүзеге асырылуға тиiс, ал егер олардың деңгейiнде өзара қолайлы шешiм табу мүмкiн болмаса, онда орындау үшiн жауапты адамды белгілеу мәселесi түпкілiктi шешiм қабылдау үшін Кеңсе Басшысының қарауына енгiзіледi.»;
110-тармақтың үшiншi абзацында «Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнiң меңгерушiсi» деген сөздер «Кеңсе Басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
128-тармақтың бірiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Iшкi тiзiмдеме оларды сақтау мерзiмiне қарамастан «Ескертпе» деген бағанда тиiсті негiздемелерге (кесiмдерге, қызметтік жазбаларға) сiлтеме жасай отырып, жоқ құжаттарды көрсетiп, барлық iс-қағаздарында жасалады.»;
133-тармақтың екiншi абзацында «өтiнiшiнiң» деген сөз «сұрауының» деген сөзбен ауыстырылсын, «мекеме немесе ұйым» деген сөздер «Орталық мемлекеттік мұрағат» деген сөздермен ауыстырылсын, «Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң» деген сөздер «Кеңсе Басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
137-тармақтың бірiншi абзацында «Үкiмет мәжілiсiнiң хаттамаларын ресiмдеудi және басуды,»деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымшада «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 7-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа 12-қосымшада:
мемлекеттік тілдегi мәтiнiнде 4-тармақ және № 3 нысанның тақырыбы өзгерiссiз қалдырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiнде, орталық және жергілiктi атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақта:
«Бақылаудағы құжаттар» деген сөздерден кейiн «олардың орындалуын бақылау үшiн» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қандай да болмасын iс-шаралар жоспарын бекiтетiн Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкiмдi орындаушыға (қаулы немесе өкiм жобасының Кеңседе өтуi үшiн жауап беретiн Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне) жүктеледi.»;
7-тармақта:
«келiп түскен» деген сөздер «тапсырма берілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац «белгіленбесе,»деген сөзден кейiн «тапсырма берiлген күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екiншi сөйлемiнде «бөлiмшелер» деген сөздер «бөлiмшелерге, қызметтiк хат-хабар секторына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Бақылау секторы Үкiмет Регламентiнде көзделген әр түрлi iс-шаралар жоспарларын бекітудi көздейтiн енгiзілетiн Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын тiркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтiндерiнде және iс-шаралар жоспарларында келiспеушілiктердi, оның iшiнде негiзделмеген орындау мерзiмiн, аяқталу нысанының дұрыс еместiгiн және орындаушыларды дұрыс белгілемеудi анықтаған кезде бұл жобалар әзiрлеушiге тiркеусiз қайтарылады.
Кеңседе тiркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгiзілгенге дейiн бақылау секторымен келiсілуге (бұрыштама соғылуға) тиiс. Басшылық кеңесшілерiне (көмекшiлерiне) және қабылдау бөлмелерiнiң аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімiнсiз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.»;
11-тармақта:
бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келiп түсетiн бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне, ал олардың көшiрмелерi бақылау секторына жiберіледi. Бұл ретте есептердiң төлнұсқалары құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекiтілiп берілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшесiне, ал олардың көшiрмелерi Кеңсе Басшысымен (оның мiндетiн атқарушы тұлғамен) немесе оның тапсырмасымен бекiтілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлiмшелерге жiберіледi.»;
екiншi абзацтағы «жауаптарды (есептердi)»деген сөздер «есептердi» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақта:
бірiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұтастай алғанда, құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауы үшiн жауапты Кеңседегi орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есептi алғаннан кейiн құжаттың, сондай-ақ құпия сипаттағының әрбір бақылаудағы тармағы бойынша есептiң орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәнiне талдау жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар анықтама дайындайды. Есептерге талдауды жүргiзу мерзiмi олардың Кеңседе тiркелген күнiнен бастап 5 күннен аспауы тиiс.»;
екiншi абзацтағы «сараптаманың қорытындыларына» деген сөздер «талдау нәтижелерiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жазба және/немесе» деген сөздер «талдау нәтижелерi бойынша анықтаманы және» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Үкiмет мәжілістерi хаттамаларының жекелеген тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келiскеннен кейiн бақылау секторы жүзеге асырады.
Премьер-Министрде өткен мәжілiс хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсе Басшылығымен келісілген Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстары бойынша, ал Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Кеңсе Басшысында және оның орынбасарларында өткен мәжілістердiң хаттамаларын Кеңсе Басшысының тиiстi орынбасарымен келісілген ұсыныстар бойынша бақылау секторы жүзеге асырады. Бұл ретте Премьер-Министрде өткен мәжілiстер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қою туралы ұсыныстар бақылау секторына ақпаратты қағаз және магниттi (дискета) жеткiзгiштерде құрылымдық бөлiмшелер басшыларының (құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғалардың) қолы қойылып енгiзіледi.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкiмет Бағдарламасын, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары бойынша Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамаларын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкiмет қаулыларының орындалуын бақылауды, тұтастай алғанда, Жиынтық талдау бөлiмi жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Орындау мерзiмi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан бастап келесi жылдың 5 қаңтарына дейiн қоса алғанда аяқталатын Мемлекет басшысының актілерi мен тапсырмаларын орындау туралы есептер (Президент Әкiмшілiгi Басшылығының тапсырмасына жауаптар) белгіленген тәртiппен дайындалуы және оларды Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Президент Әкiмшілiгiне жiберуi тиiс.»;
20-тармақтың бірiншi абзацында «орындау мерзiмi аяқталудан 3 күн бұрын» деген сөздер», егер тиiстi тапсырмамен өзгеше белгіленбесе, ол үшiн белгіленген орындау мерзiмiне дейiн кемiнде 3 күн бұрын, ал орындау мерзiмi 5 күннен кем тапсырмалар бойынша - тапсырма келiп түскен күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2 және 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
«20-1. Бақылаудағы құжаттарды орындау үшiн дайындалған құжаттар оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн ведомстволық бақылау қызметтерiмен оларда Басшылық тапсырмаларына сiлтемелердiң болуы, олардың ресiмделуiнiң дұрыстығы, сондай-ақ Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерi жобаларының мәтiндерiнде және оларда бекітілетiн iс-шаралар жоспарларында келiспеушiлiктердiң жоқтығы мәнiне келiсілуi (бұрыштама қойылуы) тиiс.