ML15.
ML16. Шыңдамалар, құймалар және басқалар, ішінара өңделген өнімдер, бақылауға жататын бұйымдарда пайдалануында материалының құрамы, геометриясы немесе функциясы бойынша орнатылуы мүмкін және ML1 - ML4, ML6, ML9, ML10, ML12 немесе ML9-тармақтарына сәйкес бақылауға жататын қандай да бір болмасын бұйымдар үшін арнайы әзірленген.
ML16.
ML17. Төменде көрсетілген әртүрлі жабдық, материалдар, кітапханалар және олар үшін арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Суда сүңгу жұмыстары мен су астында жүзеге арналған мынадай дербес аппараттар:
1. Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған (мысалы, магнитті еместерден әзірленген) тұйық немесе жартылай тұйық тізбекті тыныс алу аппараттары (ауаны қайтадан пайдаланатын);
2. Әскери мақсат үшін тұйық тізбекті аппараттарды қайта бейімдеу мақсатында пайдалануға арналған арнайы құрастырылған компоненттер;
3. Тек суға сүңгу жұмыстары және су астында жүзуге арналған дербес аппараттармен әскери мақсат үшін арналған бұйымдар;
(b) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған құрылыс жабдығы;
(с) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған, бүркенішсіздік белгілерін басып тастауға арналған арматура, жабын және құралдар;
(d) Ұрыс қимылдары аймағында пайдалану үшін арнайы құрастырылған саперлік жабдық;
(а) «Роботтар», «роботтарды» бақылаушылар және кез келген мына сипаттамаларға ие «роботтардың» «манипуляторлары»:
1. Әскери мақсаттар үшін арнайы құрастырылған;
2. Гидравликалық желілерді баллистикалық жарқыншақтармен тыстан тесуден (мысалы, өздігінен тартатын желі) қорғау құралдарымен жарақталған және тұтану температурасы 839 К (566 oС) астам гирдавликалық сұйықтарды қолдануға арналған, немесе
3. Импульсті электрлік магниттік өріс жағдайындағы жұмысқа арнайы құрастырылған немесе соған есептелген;
(b) ЕО Әскери тізімі бақылайтын жабдықпен бірлесіп, әскери қолдану үшін арнайы әзірленген кітапханалар (техникалық параметрлердің деректер базасы);
(с) Ядролық энергетикалық қондырғылар немесе әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған «ядролық реакторларды» қоса алғанда атом күш қондырғылары және арнайы құрастырылған немесе әскери мақсат үшін модификацияланған оларға арналған компоненттер;
(d) Сипаттамасын жасыру үшін жабыны немесе арнайы өңдемесі бар, әскери мақсатқа арналып, арнайы құрастырылған, ЕО Әскери тізіміне көрсетілмеген жабдық пен материалдар;
(е) «Ядролық реакторлар» үшін арнайы құрастырылған симуляторлар;
(f) Әскери техникаға қызмет көрсету үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған ұтқыр жөндеу шеберханалары;
(g) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған дала генераторлары;
(h) Әскери мақсат үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған контейнерлер.
(і) ЕО Әскери тізім бойынша бақыланатыннан ерекшелігі бар паромдар, әскери мақсат үшін арнайы жобаланған көпірлер мен понтондар;
(j) МL4, МL6, МL9 және МL10 бақылайтын бұйымдарды «әзірлеу» үшін арнайы құрастырылған сынақ моделдері.
Техникалық ескерту:
МL17 тармағындағы «кітапхана» (техникалық параметрлердің деректер қоры) термині деп пайдалануы әскери жабдықтар мен жүйелердің пайдалану сипаттамаларын жақсарта алатын әскери мақсаттағы техникалық ақпараттың жиынтығы түсініледі.
МL17 тармағындағы «модификацияланған» термині деп нәтижесінде әскери емес бұйым әскери қолдану үшін арнайы құрастырылған соған ұқсас қасиетке ие болатын кез келген құрылымдық, электрлік, механикалық немесе басқа да өзгеріс түсініледі.
МL17.
МL18. Әскери тізімде көрсетілген өнімдер өндірісіне арналған мына жабдық:
(а) Әскери тізімде көрсетілген бұйымдардың «өндірісі» үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған өндірістік жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер;
(b) Климаттық сынақтар үшін арнайы құрастырылған техникалық құралдар мен Әскери тізімге сәйкес бақылауға жататын бұйымдарды сертификаттау, сыныптау немесе тестілеу үшін арнайы құрастырылған жабдық;
Техникалық ескерту: Бұл тармақтағы «өнім» термині әзірлеуді, сараптауды, өндіруді, сынауды және тексеруді білдіреді.
1-ескерту: МL18 (а) және МL18 (b) мына жабдықтарды қамтиды:
(а) Үздіксіз нитрирлеуге арналған аппараттар;
(b) Орталықтан тепкіш сынау аппараты немесе кез келген мынадай сипаттамасы бар жабдық:
1. 298 кВт (400 лс) астам жалпы атаулы ат қуаты бар қозғалтқышпен немесе қозғалтқыштермен қозғалысқа түсетін;
2. Пайдалы жүк көтергіштігі 113 кг немесе одан астам; немесе
3. 91 кг немесе одан да астам пайдалы жүктемеде 8 г немесе одан астам орталықтан тепкіш жылдамдығын дамытуға қабілетті;
(с) Дегидрирлеуші пресстер;
(d) Әскери жарылғыш заттардың экструзиясы үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған иретпе экструдерлер;
(е) Экструдирленген зымыран отынын шлихталауға арналған металл кескіш станоктар;
(f) Диаметрі 1,85 м немесе одан көп, 227 кг асатын сыйымдылығы бар еңіс барабандар (тумблерлер);
(g) Қатты зымыран отыны үшін үздіксіз әрекет ету араластырғышы;
(h) Әскери жарылғыш заттардың компоненттерін ұсақтау немесе ұнтауға арналған желілік диірмен;
(і) МL8 (с) 8 көрсетілген ұнтақ металдағы бөліктердің сфералығын және біртектес шамасына қол жеткізуге арналған жабдық;
(j) МL8 (с) 3 көрсетілген материалдарды түрлендіру үшін конвекциондық тоқты түрлендіргіштер.
2-ескерту:
(а) «Әскери тізімде аталған бұйым» термині мыналарды қамтиды:
1. Мыналар сияқты:
(а) Гидразин (МL8 (с) 4.қара);
(b) «жарылғыш заттар» (МL8 қара) қоспаларын көрсететін салыстырма кезінде белгіленген шағын сан себебі бойынша бақыланбайтын бұйым.
2. Олар белгілеген техникалық шектеулерге жетпеуі себебі бойынша бақыланбайтын бұйымдар (мысалы, Қосарлы мақсаттағы тізімнің 1С005 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш материалдар; Қосарлы мақсаттағы тізімнің 3А001(е) 3 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш электр магниттер; МL20 (b) сәйкес бақылаудан босатылған шамадан тыс өткізгіш электр жабдықтары).
3. Металл отындар және қатпарлы нысанда отырғызылған бу кезеңі оксиданттары (МL8 (с) 5 қара;)
(b) «Әскери тізімде аталған бұйымдар» термині мыналарды қамтымайды:
1. Зымыран қозғағыштар (МL2 (b) қара);
2. МL7-ге 2-ескертуге сәйкес бақылаудан босатылған заттар;
3. Жеке радиациялық дозиметрлер (МL7 (f) қара) және өнеркәсіп қауіпі кезінде пайдаланылатын қорғау бет бүркегіші, Қосарлы мақсат тізімін қара;
4. Дифторамин (difluoroamine) және калийдің ұнтақ нитраты калия (МL8-ге 6-ескертпесін қара);
5. МL10 сәйкес бақылаудан босатылған авиациялық қозғалытқыштар;
6. Жабдықталмаған, модификацияланбаған немесе жарақтандыру үшін көмекші құралдың кез келген түрімен құрастырылмаған кәдуілгі болат дулығалар (МL13-ге 2-ескертпе).
7. Тізімде көрсетілмеген жабындарды түсіруге арналған агрегаттар сияқты бақыланбайтын өнеркәсіп агрегаттарымен жарақталған жабдық және пластмасса құюға арналған жабдық;
8. 1938 жылға дейін дайындалған мушкеттер, винтовкалар мен карабиндер, түпнұсқалары 1890 жылға дейін дайындалған мушкеттердің, винтовкалардың және карабиндерлің бөліктері, 1890 жылға дейін дайындалған револьверлер, пистолеттер мен пулеметтер және олардың бөліктері;
3-ескерту: МL18 2 (b) 8 ескертпесі, егер тіптен ол көне атыс қаруының бөлігін өндіруге қолданса да көне емес қару өндірісіне арналған өндірістік жабдықты бақылаудан босатпайды.
МL18.
МL19. Бағытталған энергетикалық шоқтарды пайдаланатын төменде көрсетілген қару-жарақтар жүйесі, ілеспе жабдық, қарсы әрекет жабдығы, эксперименталды моделдер және оларға арналған арнайы құрастырылған компоненттер:
(а) Нысананы жою немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға ету үшін арнайы құрастырылған лазерлік жүйелер;
(b) Бөлшектердің ағынын пайдаланатын, нысананы жоюға немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға әсер етуге қабілетті жүйелер;
(с) Нысананы жоюға немесе оған оның тапсырмасын орындауына кедергі жасауға әсер етуге қабілетті жоғары қуатты радиожиіліктегі жүйелер;
(d) МL 19(а) - МL (с) тармақтарға сәйкес жүйелерді табу, бірдейлендіру немесе одан қорғау үшін арнайы құрастырылған жабдық;
(е) МL 19-тармаққа сәйкес бақылануға жататын жүйелерді, жабдықтар мен компоненттер үшін физикалық қасиеттерді сынауға және тиісті сынақтардың нәтижелеріне арналған моделдер.
(f) көзі қорғалмағандар үшін яғни қаруланбаған көз үшін немесе көзбен бақылаудың түзету құрылғысын пайдаланатын көз үшін көрмей қалушылыққа әкелетін үздіксіз генерация немесе импульсті лазер жүйелері.
1-ескерту: МL19 тармағымен бақыланатын бағытталатын энергетикалық сәулені пайдаланатын қару-жарақ жүйесі мына құралдарды қолдануды бақылауға негізделген жүйелерді қамтиды:
(а) Нысаналарды және қарапайым әскери құралдарды жоюға қабілетті жеткілікті үздіксіз генерациялы немесе импульсті қуатты «лазерлер»;
(b) Қиратпа қуаты бар зарядталған сәулелерді немесе бейтарап бөліктерді жобалаушы партидинтік жеделдеткіштер;
(с) Қашықтағы нысанада электрондық жүйелерді істен шығару үшін жеткілікті, алқапты генерациялауға қабілетті жоғары импульсті қуатты немесе жоғары радио жиілікті сәуле генераторлары.
2-ескерту: Бағытталған энергетикалық сәуле пайдаланылатын жүйелер үшін арнайы құрастырылған бұйымдар мәтінінде МL19 мыналарды қамтиды:
(а) Энергияны шоғырландыру, қайта қосу, тұрақтандыру немесе отынды манипулияциялауға арналған негізгі энергия блоктарының жабдығы;
(b) Нысаналарды табу және алып жүру жүйесі;
(с) Нысаналардың зақымдануын, оның жойылуын бағалауға немесе оның міндетті орындауға кедергі жасауы үшін әсер етуді бағалауға қабілетті жүйелері;
(d) Сәулелік басқару, тарату немесе көздеуге арналған жабдық;
(е) Топтық нысаналарға әсер ету үшін сәулені тез ауыстыруға қабілетті жабдық;
(f) Өздігінен күйі келетін оптика және фазалық кернеуге арналған құрылғы;
(g) Теріс зарядталған сутегі-ионды сәулелерге арналған тоқ инжекторлары;
(h) «Ғарышта қолдану үшін жарамды» жеделдеткіштердің компоненттері;
(і) Аниондық сәуле шоғырына арналған жабдық;
(j) Жоғары энергетикалық ион сәулесін бақылау және ауыстыру жабдығы;
(k) Теріс зарядталған сутегі-изотопты сәулелерді бейтараптандыруға пайдаланылатын «Ғарышта қолдануға жарамды» фольга.
МL19.
МL20. Төменде көрсетілген криогенді және «аса өткізгіш» жабдық және ол үшін арнайы құрастырылған компоненттер мен аксессуарлар:
(а) Жер бетіндегі, теңіздегі, әуе немесе ғарыш көлігі құралында орнатуға арнайы құрастырылған немесе конфигурацияланған, қозғалыс уақытында жұмыс істеуге қабілетті және 103 К (-170 С) төмен температура жасауға немесе ұстап тұруға қабілетті жабдық;
Ескерту: МL20 (а) пластмасса, эпокси-сіңірілген материалдар сияқты металл емес немесе электр өткізбейтін материалдардан дайындалған аксессуарлар немесе компоненттермен жарақталған немесе оларды пайдаланатын ұтқыр жүйелерді қамтиды;
(b) Әскери мақсаттағы жер бетіндегі, теңіздегі, әуе немесе ғарыш көлігі құралында орнатуға арнайы құрастырылған немесе конфигурацияланған, қозғалыс уақытында жұмыс істеуге қабілетті «аса өткізгіш» электр жабдығы (айналдыру тетіктері мен трансформаторлар);
Ескерту: МL20 (b) орамалар генераторлардағы жалғыз аса өткізгіш компоненттер болуы шартымен аса өткізгіш орамалармен генерацияланатын магниттік өрісте айналатын қалыпты бір белдеулі металл зәкірі бар тұрақты тоқтың будан униполярлы генераторларды бақыламайды.
МL20.
МL21. Мына «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
(а) Әскери тізімге сәйкес бақылануға жататын жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы құрастырылған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
(b). Айрықша «бағдарламалық қамтамасыз ету».
1. Мыналар үшін арнайы құрастырылған «қамтамасыз ету»:
(а) Қару-жарақ жүйелерін моделдеу, имитациялау немесе бағалау;
(b) Қару-жарақ жүйелерінің бір бөлігі болып табылатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу», мониторингі, техникалық қызмет көрсету немесе жаңалау;
(с) МL 14-тармақта көрсетілмеген әскери операцияларды жүргізу сценарийлерін моделдеу немесе имитациялау;
(d) Басқару, байланыс, бақылау және барлау жүйелерінде пайдалану.
2. Кәдімгі, химиялық және биологиялық қару-жарақтардың пәрменділігін айқындауға арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
3. МL 21 (а), (b)1 немесе (b)2 бақыланбайтын бағдарламалық
қамтамасыз ету, ЕО Әскери тізімі бойынша қайта салалану үшін арнайы
әзірленген немесе модификацияланған, МL5, МL7(f), МL9(с), МL9(е),
МL10(е), МL11, МL14, МL15, МL17(і) немесе МL18 сәйкес бақыланатын әскери соған ұқсас функцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық.
МL21.
МL22. Мына «технологиялар»:
а. Әскери тізімнің технологиясы бойынша жалпы ескертулерге сәйкес, МL 7-тармағына сәйкес бақыланатын «технологияларды» қоспағанда, Әскери тізімде көрсетілген бұйымдарды «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «қолдануға» арналған «технологиялар».
b. Тіптен, егер мұндай өнеркәсіптік қондырғылардың компонеттері бақылауға жатпайтын болса да Әскери тізімде көрсетілген бұйымдарға арналған аяқталған өнеркәсіптік қондырғыларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған компоненттерді әзірлеу, және жинақтау сипатындағы «технологиялар»
1-ескерту:
(а) «Әскери тізімде аталған бұйым» термині мыналарды қамтиды:
1. Мыналар сияқты
(а) Гидразин (МL8 (с) 4. қара);
(b) «жарылғыш заттар» (МL8 қара) қоспаларын көрсететін салыстырма кезінде белгіленген шағын сан себебі бойынша бақыланбайтын бұйым.
2. Олар белгілеген техникалық шектеулерге жетпеуі себебі бойынша бақыланбайтын бұйымдар (мысалы, Қосарлы мақсаттағы тізімнің 1С005 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш материалдар; Қосарлы мақсаттағы тізімнің 3А001(е)3 тармағымен бақыланбайтын шамадан тыс өткізгіш электр магниттер; МL20 (b) сәйкес бақылаудан босатылған шамадан тыс өткізгіш электр жабдықтары)
Металл отындар және қатпарлы нысанда отырғызылған бу кезеңі оксиданттары (МL8 (с) 5 қара;)
(b) «Әскери тізімде аталған бұйымдар» термині мыналарды қамтымайды:
1. Зымыран қозғағыштар (МL2 (b) қара);
2. МL7-ге 2-ескертуге сәйкес бақылаудан босатылған заттар;
3. Жеке радиациялық дозиметрлер (МL7 (f) қара) және өнеркәсіп қаупі кезінде пайдаланылатын қорғау бет бүркегіші, Қосарлы мақсат тізімін қара;
4. Дифторамин (difluoroamine) және калийдің ұнтақ нитраты калия (МL8-ге 6-ескертпесін қара);
5. МL10 сәйкес бақылаудан босатылған авиациялық қозғалытқыштар;
6. Жабдықталмаған, модификацияланбаған немесе жарақтандыру үшін көмекші құралдың кез келген түрімен құрастырылмаған кәдуілгі болат дулығалар (МL13-ге 2-ескертпе).
7. Тізімде көрсетілмеген жабындарды түсіруге арналған агрегаттар сияқты бақыланбайтын өнеркәсіп агрегаттарымен жарақталған жабдық және пластмасса құюға арналған жабдық;
8. 1938 жылға дейін дайындалған мушкеттер, винтовкалар мен карабиндер, түпнұсқалары 1890 жылға дейін дайындалған мушкеттердің, винтовкалардың және карабиндердің бөліктері, 1890 жылға дейін дайындалған револьверлер, пистолеттер мен пулеметтер және олардың бөліктері;
2-ескерту: МL22-нің 1 (b) 8 ескертпесі, егер тіптен ол көне атыс қаруының бөлігін өндіруге қолданса да көне емес қару өндірісіне арналған өндірістік жабдықты бақылаудан босатпайды.
3-ескерту: МL22 ауыл шаруашылығы, фармацевтика, медицина, ветеринария, қоршаған ортаны қорғау, тамақ өнеркәсібі немесе қалдықтарды басқару сияқты азаматттық мақсаттар үшін пайдаланылатын «технологияларды» бақыламайды.
Ескерту: МL7-ға 2 ескертпені қара
МL22.