Ескерту: Су асты байланысы жүйелеріне қатысты 5-санаттың Телекоммуникациялар деген 1-бөлімін қараңыз.
а. 1000 метрден асатын тереңдікке жүзу үшін жобаланған, су асты аппараттарына арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер мен жабдықтар, олар мынадай:
1. Камераларының ең үлкен ішкі диаметрі 1,5 метрден асатын, жоғары қысымға төтеп беруге қабілетті үй-жай немесе корпус;
2. Тұрақты ток электр қозғағышы немесе тарту құрылғылары;
3. Оптикалық талшық пайдаланылатын және синтетикалық материалдардан жасалған күш элементтері бар кабельдік ажырағыштар мен оларға арналған жалғастырғыштар;
b. 8А001-тармақта баяндалған су асты аппараттарының қозғалысын автоматты түрде бақылауға арналған, навигациялық деректері бар және жабық контурмен сервобасқарылатын құралы бар арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер:
1. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегіндегі аппараттың қозғалысын басқаруға қабілетті;
2. Су бағанының берілген нүктесіне қатысты 10 м шегіндегі аппаратты қалыпты жағдайда ұстап тұру; немесе
3. Теңіз түбінде немесе түбінің астында жатқан тросты (кабель) бойлай жүру кезінде 10 м шегіндегі аппаратты қалыпты жағдайда ұстап тұру;
с. Талшықты-оптикалық корпустық ажыратқыштар немесе жалғағыштар;
d. Су асты байқау жүйелері, мыналарды қамтиды:
1. Телевизиялық жүйелер мен телевизиялық камералар, олар мынадай:
а. Ауа ортасында 800 желіден астам өлшенген шекті шешімі бар, су асты кемесін дистанциялық басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған телевизиялық жүйелер (камераны, мониторинг үшін және дабыл беруге арналған жабдықты қоса алғанда),
b. Ауа ортасында 1100 желіден астам өлшенген шекті шешімі бар су асты телекамералары;
с. Жарық түсуінің деңгейі төмен объектілерді түсіруге арналған, төменде аталған компоненттердің барлығын қамтитын, су астында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған телевизиялық камералар:
1. 6А002.а.2.а. тармағы бойынша бақыланатын бейнелеу күшейткіші бар түтікшелер; және
2. Қатты денелі қабылдағыш алаңына түсетін 150000-нан астам «белсенді пикселдер»;
Техникалық ескерту:
Телевизиядағы шекті шешім көлденеңді (жолды) шешіммен өлшенеді және әдетте, Электротехника және радиоэлектроника жөніндегі инженерлер институтының ЭРИИ (АҚШ) 1ЕЕЕ 208/1960 стандартын немесе осы стандарттың кез келген эквивалентін пайдаланатын мәтін кестесінде ажыратылатын кескін биіктігінің ең көп санымен айқындалады.
2. Қайта шашыраудың тиімділігін азайту тәсілін пайдаланатын, қашықтық мәнінің белгілі бір диапазонында дыбыс өткізумен сәуле түсіруді қоса, су асты кемелерін дистанциялық басқаруға арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жүйелер немесе «лазер» жүйелері;
е. лента көлемі 35 мм немесе одан көп, 150 м-ден астам тереңдікте су астында қолдану үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған фотодиапозитивтік камералар, олар мынадай құрамалардың кез келгенін ие:
1. Камераға қатысты сыртқы көздер ұсынған деректер жазылған таспа аннотация;
2. Кері фокустік аралықты автоматты түрде түзету;
3. 1000 метрден асатын тереңдікте су асты суретке түсіру бокстерінің жұмыс қабілеттерін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген автоматты компенсациямен басқару;
f. 50-ден астам экспонирленген кадрларды цифрлық нысанда сақтаған қабілетті, су астында пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған электрондық бейнелеу жүйелері;
g. Су астында қолдануға арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған жарық түсіретін жүйелер:
1. Бір жарық шашқанда 300 Дж-дан астам және секундына 5-тен астам жарық шашу жылдамдығы бар стробоскоптикалық сәулелі жүйелер;
2. 1000 метрден астам тереңдікке пайдалану үшін арнайы әзірленген аргонодоғалық сәулелі жүйелер;
h. «Ішкі бағдарламамен басқарылатын», мамандандырылған ЭЕМ пайдалана отырып басқарылатын су астында қолдануға арнайы әзірленген және мынадай құрамалардың кез-келгеніне ие «жұмыстар»:
1. Сыртқы объектіге түсетін күш-қуатты немесе айналу сәтін, сыртқы объектіге дейінгі қашықтықты немесе робот пен сыртқы объектінің арасындағы өзара контактілік (таксильдік) әрекеттесуді өлшейтін беру құралдарынан алынған ақпаратты пайдалана отырып, «роботты» басқаратын жүйелер; немесе
2. 250 Нм немесе одан көп айналу сәтін немесе 250 Н немесе одан көп айналу сәтін туғызуға қабілетті және конструкциялар элементтерінде титан негізіндегі құймаларды немесе «талшықты немесе интевидті» «композициялық» материалдарды пайдаланатын;
і. Су асты кемелерінде пайдалануға арналған арнайы әзірленген немесе модификацияланған алыстан басқарылатын топсалы манипуляторлар, олар мынадай құрамдардың кез-келгенін ие:
1. Сыртқы объектіге түсетін күш-қуатты немесе айналу сәтін, сыртқы объектіге дейінгі қашықтықты немесе манипулятор мен сыртқы объектінің арасындағы өзара контактілік (таксильдік) әрекеттесуді өлшейтін беру құралдарынан алынған ақпаратты пайдаланатын манипуляторды басқару жүйелері; немесе
2. Жетекші-ілесушінің тепе-тең басқаруы немесе «ішкі бағдарламамен басқарылатын» және қозғалыс еркіндігінің бес немесе одан да көп дәрежесі бар, мамандандырылған ЭЕМ қолданумен басқару;
Ескерту: қозғалыс еркіндігі дәрежелерінің санын айқындау кезінде позициялық кері байланысты қолданумен немесе «ішкі бағдарламамен басқарылатын» мамандандырылған ЭЕМ қолданумен тепе-тең басқарылатын функциялар ғана есепке алынады.
j. Су астында қолдану үшін арнайы әзірленген атмосферадан оқшауланған энергетикалық қондырғылар, олар мынадай:
1. Брайтон немесе Ренкин циклдарының қозғағыштарымен атмoсферадан оқшауланған қуатты жүйелер, олар мынадай құрамдардың кез-келгенін ие:
а. Көміртегінің диоксидін, көміртегінің оксидін және қозғағыштың рециркуляциялануынан шығатын бөлшектерді жою үшін арнайы әзірленген химиялық скрубберлер немесе абсорберлер;
b. Біратомдық газды пайдалану үшін арнайы әзірленген жүйелер;
с. 10 кГц-ден төмен жиілікте су астындағы шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе немесе шығару (соққы) дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар мен сөндіргіштер; немесе
d. Мыналар үшін арнайы жобаланған жүйелер:
1. Реакция өнімдерін тығыздау немесе отынға айналдыру;
2. Реакция өнімдерін сақтау; және
3. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде реакция өнімдерінің шығуы;
2. Дизельді қозғағыштары бар атмосферадан оқшауланған жүйелер, олар мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. Көміртегінің диоксидін, көміртегінің оксидін және қозғағыштың рециркуляциялануынан шығатын бөлшектерді жою үшін арнайы әзірленген химиялық скрубберлер немесе абсорберлер;
b. Біратомдық газды пайдалану үшін арнайы әзірленген жүйелер;
с. 10 кГц-ден төмен жиілікте су астындағы шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе шығару дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар мен сөндіргіштер; немесе
d. Жану өнімдердің шығуын кідіртетін арнайы әзірленген шығару жүйелері;
3. 2 кВт-дан асатын шығу қуаты бар отын элементтеріндегі атмосферадан оқшауланған энергетикалық қондырғылар, олар мынадай құрамдастардың кез келгеніне ие:
а. 10 кГц-ден төмен жиілікте су астындағы шуды азайту үшін арнайы жобаланған аспаптар немесе шығару дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар мен сөндіргіштер; немесе
b. Мыналар үшін арнайы жобаланған жүйелер:
1. Реакция өнімдерін тығыздау немесе отынға айналдыру;
2. Реакция өнімдерін сақтау; және
3. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде реакция өнімдерінің шығуы;
4. Стирлинг циклінің қозғағыштары бар атмосферадан оқшауланған жүйелер, олар мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. 10 кГц-ден төмен жиілікте су астындағы шуды азайту үшін арнайы әзірленген аспаптар немесе шығару дыбысын жұмсарту үшін арнайы құрастырылған аспаптар мен сөндіргіштер; немесе
b. 100 кПа немесе одан көп қарсы қысым кезінде реакция өнімдерінің шығуы;
к. Корпустың жиегі, нығыздар және жылжымалы элементтер, олар мынадай құрамдардың кез-келгенін ие:
1. Толқынның биіктігі 1,25 м (теңіздің 3-жағдайы) немесе одан жоғары жағдайда жұмыс жасайтын, ауа көпшілігіндегі 3830 Па немесе одан жоғары қысым үшін әзірленген немесе 8А001.f. тармағы бойынша бақыланатын ауа қапшықты амфибиялық кемелер (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген) үшін арнайы әзірленген; немесе
2. Толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) немесе одан жоғары жағдайда жұмыс жасайтын, 6224 Па немесе одан жоғары қысым үшін әзірленген немесе 8А001.g. тармағы бойынша бақыланатын ауа қапшықты амфибиялық кемелер (үстіңгі конфигурациясы өзгермейтін) үшін арнайы әзірленген;
і. 8А001.f. немесе 8А001.g. тармақтары бойынша бақыланатын ауа қапшықты амфибиялық кемелер үшін арнайы әзірленген, 400 кВт-дан астам қуаты бар көтергіш желдеткіштер;
m. 8А001.h. тармағы бойынша бақыланатын кемелер үшін арнайы әзірленген жүк толық тиелген жарты кавитациялық немесе суперкавитациялық гидроқанаттар;
n. 8А001.f., 8А001.g., 8А001.h. және 8А001.і. тармақтары бойынша бақыланатын су асты аппараттарының немесе кемелерінің қозғалысын автоматты түрде басқару үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған белсенді жүйелер;
o. Винттер, қуат беру жүйелері, қуат алу жүйелері және шуылды жою жүйелері, олар мынадай:
1. Сулы винтпен қозғау жүйелері немесе 8А001.f., 8А001.g., 8А001.h. және 8А001.і. тармақтары бойынша бақыланатын ауа қапшықты амфибиялық кемелер (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген немесе өзгермейтін), гидроқанатты кемелер және ватерлинии алаңы шағын кемелер үшін арнайы әзірленген қозғағыш жүйелер, олар мынадай:
а. Суперкавитациялық, супержелдеткіш, ішінара батырылатын немесе төмен түсірілетін (үстіңгі жағы арқылы өтетін), қуаты 7,5 МВт-ден астам қозғағыштар;
b. Қуаты 15 МВт-ден астам кері айналдыратын қозғағыш жүйелер;
с. Қозғағышқа соғылатын ағынды олар пайда болғанға дейін және кейін құйынды ағынды жою әдісін пайдалана отырып баяулатуға қызмет ететін жүйелер;
d. Салмағы жеңіл, жоғары қуатты редуктор (К- факторы 300 көлемнен асады);
е. «Композициялық» материалдардан тұратын компоненттерді қамтитын және 1 МВт-дан астам қуат беруге қабілетті трансмиссиялық валы бар қуат беру жүйелері;
2. Кемелерде қолдану үшін әзірленген су винтті қозғағыштар, энергия алу және беру жүйелері, олар мынадай:
а. 30 МВт-дан астам қуаты Реттемелі қадамы бар еспе винттер мен күпшектер жинағышы;
b. Ішкі су суытқышы және 2,5 МВТ-ден асатын шығу қуаты бар электр қозғағыштар;
с. тұрақты магнитті, 0,1 МВт-дан астам шығу қуаты бар «алып жүруі жоғары» қозғағыштар немесе электр қозғағыштар;
d. Композициялық материалдардан тұратын компоненттерді қамтитын және 2 МВт-дан астам қуат беруді іске асыруға қабілетті трансмиссиялық білігі бар қуат беру жүйелері;
е. 2,5 МВТ-ден астам қуаты бар желдетілетін немесе желдетілу негізіндегі қозғағыш;
3. Су ығыстырғыштығы 1000 тонна немесе одан жоғары кемелерде қолдану үшін әзірленген шуыл бәсеңдету жүйелері, мыналарды қоса алғанда:
а. дизельді қозғағыштарды, компауидтық акустикалық жинақтауларды, дизельді-генератор қондырғыларын, газ турбинасын, газтурбиналық генератор қондырғыларын, дизелдік қондырғылар мен редукторларды акустикалық оқшаулауға арналған компаундтық акустикалық жинақтауыштардан тұратын, монтаждалатын жабдықтар массасынан 30%-тен асатын орташаланған массасы бар, дыбыстық немесе тербелісті оқшаулау үшін арнайы жобаланған 500 Гц-дан төмен жиіліктегі су астындағы шуылды бәсеңдететін жүйелер;
b. электрондық басқару жүйесін қамтитын, жабдық тербелісін шуылға қарсы немесе тербеліске қарсы сигналдар генерациясымен тікелей бастауында белсенді түрде азайтуға қабілетті электронды басқару жүйелерін қоса алғанда, қуатты трансмиссиялық жүйелер үшін арнайы жобаланған шуды бәсеңдету немесе оны өшірудің белсенді жүйелері немесе магнит аспалы подшипниктер;
р. 2,5 МВт-ден асатын шығу қуаты бар. Ауытқыған канал мен қозғағыштың тиімділігін арттыру немесе су астында жинақталатын және таралатын шуылдарды азайту мақсатында ауытқушы шүмекті және ағынды күрекпен (қалақпен) реттейтін техниканы пайдаланатын ағыншалы қозғағышты қондырғылар;
q. Су астына түсірілетін немесе су астында жүзетін автономды, жабық немесе жартылай жабық аппараттар (ауамен дербес қамтамасыз етіледі);
Ескерту: 8А002.q. пайдаланушы алып жүретін жеке пайдалану аппаратын бақыламайды.
8А002 а. 1. 8А002 а. 2. 8А002 а. 3. 8А002 b. 8А002 с. 8A002 d. 1. a 8A002 d. 1. b 8A002 d. 1. c 8A002 d. 2. 8A002 e. 8A002 f. 8A002 g. 1. 8A002 g. 2. 8A002 h. 8А002 і. 8A002 j. 1. 8A002 j. 2. 8A002 j. 3. 8A002 j. 4. 8A002 k. 8A002 l. 8A002 m. 8A002 n. 8A002 o. 1. a. 8A002 o. 1. b. 8A002 o. 1. c. 8A002 o. 1. d. 8A002 o. 1. e. 8A002 o. 2. a 8A002 o. 2. b. 8A002 o. 2. с. 8A002 о. 2. d. 8А002 о. 2. е. 8А002 о. 3. а. 8А002 о. 3. b. 8А002 р. 8А002 q. | 8906 90 990 0 8526 91 800 0 8905 90 100 0 8501 33 000 9 8501 34 500 0 8501 34 980 0 8536 90 100 0 8536 90 850 0 9013 90 900 0 7326 90 980 0 8544 70 000 0 9001 10 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9013 90 900 0 7326 90 980 0 8544 70 000 0 9001 10 8525 80 190 0 8525 80 300 0 8525 80 300 0 8526 92 000 9 (азаматтық авиациядан басқа) 8526 91 (азаматтық авиациядан басқа) 9031 80 910 0 9006 53 9006 59 000 9030 84 000 9 8525 50 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9029 20 900 0 9405 40 990 9 9405 40 100 9 9405 40 390 9 9405 40 990 9 9405 40 390 9 9405 40 100 9 8479 89 970 9 8486 10 000 8486 20 8486 30 8486 40 000 8479 90 960 0 8479 50 000 0 8479 89 970 9 8479 90 960 0 8479 50 000 0 8408 10 (тек әскери мақсатта) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8408 10 (тек әскери мақсатта) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8408 10 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8408 10 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8409 99 000 9 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8479 90 960 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8412 39 000 0 8412 80 800 0 8487 10 900 0 8414 59 200 0 8479 90 960 0 7325 99 900 0 7326 90 980 0 7616 99 8108 90 900 0 8526 10 900 0 9014 80 000 0 8408 10 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8487 10 900 0 8412 29 200 9 8412 29 890 9 8487 10 900 0 8412 29 200 9 8483 40 300 0 8483 10 950 0 8487 10 900 0 8501 34 980 0 8501 34 500 0 8501 20 000 9 8483 10 950 0 8487 10 900 0 8409 99 000 9 (тек әскери мақсатта қолдану үшін) 8412 29 200 9 4016 10 000 0 (азаматтық авиацияда қолданудан басқа) 4016 99 990 9 4017 00 900 0 8412 29 200 9 8479 89 970 9 8543 20 000 0 8543 70 900 9 8412 29 200 9 8906 90 990 0 9020 00 000 0 |
8В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
8В001 0-ден 500 Гц-ге дейінгі жиілік диапазонындағы 100 дБ-дан кем (эталон - 1мкПа, 1 Гц) шуылды фоны бар, қозғағыш қондырғылар моделдеріне жақын гидроағынмен жинақталатын акустикалық өрісті өлшеу үшін әзірленген гидроканалдар.
8С Материалдар
8С001 Су астында қолдану үшін әзірленген «синтакттік көбік», мынадай сипаттамалардың бәріне ие:
а. 1000 метрден асатын теңіз тереңдігіне арналған; және
b. Тығыздығы 561 кг/куб.м.-ден кем.
Техникалық ескерту:
«Синтакттік көбік» резина матрициясымен құйылған пластиктен немесе шыныдан тұратын бос өрістерден тұрады.
8D Бағдарламалық қамтамасыз ету
8D001 8А, 8В немесе 8С тармақтары бойынша бақыланатын, жабдықтар мен материалдарды «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
8D001
8D002 Винттердің үстіңгі бетін «әзірлеу», «өндіру», ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу немесе оның тазалығын қалпына келтіру (ремашинизация) үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған, олардың су астындағы шуылдарын азайту үшін арнайы жобаланған арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету».
8D002
8D | 8523 40 8523 29 8523 51 8523 59 8523 80 |
8Е Технологиялар
8Е001 8А, 8В немесе 8С тармақтары бойынша бақыланатын, Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар».
8Е001
8Е002 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Винттерді «әзірлеу», «өндіру», ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу немесе қалпына келтіру (ремашинизация) үшін, олардың су астындағы шуылын бәсеңдету үшін арнайы жобаланған «технологиялар»;
b. 8А001., 8А002.b., 8А002.j., 8А002.o. немесе 8А002.р. тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды күрделі жөндеу немесе қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
8Е002
9-Санат
Қозғағыш қондырғылар, ғарыштық аппараттар және тиісті жабдық
9А Жүйелер, жабдық және компоненттер
Айрықша ескерту: Нейтрондық немесе қысқа мерзімді ионизацияланған сәуле шығаруға қарсы жұмыс үшін әзірленген немесе жобаланған қозғаушы қондырғыларға қатысты Әскери тізімді қараңыз.
9А001 Жасалуы кезінде 9Е003.а тармағы бойынша бақыланатын «технологиялардың» кез келгені пайдаланылатын газтурбиналық авиациялық қозғағыштар, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А101-ді қараңыз.
а. Олар арналған белгілі бір «азаматтық ұшу аппараттары» үшін сертификатталмаған;
b. «қатысушы-мемлекеттердің» авиациялық ведомствосы азаматтық қолдану үшін сертификатталмаған;
с. М санымен отыз минуттан асатын уақыт ішінде кем дегенде 1.2 жылдамдықпен ұшуға арналған.
9А001 | 8411 11 000 0 8411 81 000 8411 82 |
9А002 ISO бойынша стандартты 24245 кВт немесе одан астам және 0,219 кг-кВтч-ден аспайтын отынның үлестік шығысы бар, 35-тен 100%-ке дейінгі қуат диапазонындағы қуаты бар және «теңіз газтурбина қозғағыштары» және мұндай қозғағыштар үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен компоненттер.
Ескерту: «Теңіз газтурбина қозғағыштары» термині корабльдік электрогенераторлық немесе қозғағыштық қондырғыларда қолдануға лайықталған өнеркәсіптік немесе авиациялық газтурбиналық қозғағыштарды білдіреді.
9А002 | 8411 82 600 1 8411 82 600 9 8411 82 800 0 |
9А003 Жасалуы кезінде 9Е003.а. тармағы бойынша бақыланатын «технологиялар» пайдаланылатын, газтурбина қозғағыштары үшін арнайы әзірленген агрегаттар мен құрамдас бөліктер, олар мынадай:
а. 9А001 тармағы бойынша бақыланады;
b. Әзірленуінің немесе өндірілуінің не өндірушіге белгісіз болуы, не олардың келісімге «қатысушы мемлекеттер» болып табылмайтын мемлекеттерде әзірленуі мен өндірілу орны туралы.
9А004 Ракета тасығыштар мен «ғарыштық» аппараттар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А104-ті қараңыз.
1-ескерту: 9А004-тармағы бойынша пайдалы жүктелімдер бақыланбайды.
Ерекше ескерту: «Ғарыштық аппараттың» пайдалы жүктелімінің құрамына кіретін жабдықтың бақылау мәртебесін айқындау үшін тиісті санатқа қараңыз.
9А004 | 8802 60 100 0 8802 60 900 0 9306 90 |
9А005 9А006 тармағы бойынша бақыланатын жүйелердің немесе компоненттердің кез келгенінен тұратын сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғылар.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А105 пен 9А119-ды қараңыз
9А006 Сұйық ракеталық қозғағыштық қондырғыларға арналып арнайы әзірленген жүйелер мен компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А106 мен 9А108-ді қараңыз.
а. Криогендік рефрижераторлар, Дюардың борт ыдыстары, криогендік жылу бөлу құбырлары немесе ғарыштық аппараттарда пайдалануға арналып арнайы әзірленген және криогендік ортаның (хладоагент) шығынын жылына 30%-тен аз қысқартуға қабілетті криогендік жүйелер;
b. «Ұшу аппараттары» үшін 100 К (-173oС) немесе одан төмен температураны қамтамасыз етуге қабілетті, ракета тасушылардың немесе «ғарыштық аппараттардың» 3М-нан асатын ұшу жылдамдығын ұстап отыруға қабілетті тұйық циклды криогендік контейнерлер немесе рефрижераторлы жүйелер;
с. Сұйық сутегіне арналған қойма немесе қайта айдау жүйелері;
d. Жоғары қысымды (17,5 МПа-дан асатын) турбосораптар, сораптардың құрамдас бөліктері немесе оларға біріктірілген газгенераторлары немесе газды турбинаға беруді басқаратын жүйелер;
е. Жоғары қысымды (10,6 МПа-дан асатын) жану камералары және оларға арналған шүмектер;
f. Тамшыны ұстап тұру немесе дәл беру (яғни итергіш жұмсақ көпіршікті) принциптерін пайдаланатын отынды сақтау жүйелері;
g. 0,381 мм немесе одан аз диаметрлі бірен-саран ғана калибрленген саңылаулы сұйық отын бүріккіштері;
h. Монолитті жану камералары немесе тығыздығы 1,4 г/см3 және үзілу беріктігі 48 МПа-дан асатын көміртегі-көміртегі материалынан жасалған соплоның конустық монолитті шығару саптамасы.
9А006 а. 9А006 b. 9А006 с. 9A006 d. 9A006 e. 9A006 f. 9A006 g. 9A006 h. | 8412 90 800 0 8412 90 800 0 7311 00 8413 19 000 0 8419 60 000 0 8413 19 000 0 8412 90 200 0 8412 90 800 0 8479 89 980 0 8412 29 890 9 8411 99 009 0 9306 90 900 0 8412 90 009 0 3801 8412 90 9306 90 |
9А007 Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, қатты отынды ракеталық қозғағыштар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А119-ды қараңыз.
а. 1,1 МН-дан асатын қосынды импульс;
b. Теңіз деңгейіндегі тиісті жағдайларға шығу жағдайлары кезіндегі 2,4 кНс/кг немесе одан көп үлес импульсі және жану камерасындағы қысым 7 МПа-ны құрайды;
с. Баспалдақ салмағындағы үлесі 88%-тен асып түседі және ракеталық қатты отынның жүктелімі баспалдақ салмағының 86%-нен көп;
d. 9А008-тармағы бойынша бақыланатын компоненттердің кез келгенін қамтиды; немесе
е. «Жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін қозғағышпен біртұтас ретінде немесе оқшаулау материалына қатты отынның химиялық өнімдерінің (компоненттер) өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретінде орындалған оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері.
Техникалық ескерту:
9А007.е тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
9А008 Қатты отын жағатын ракеталық қозғағыштар үшін арнайы әзірленген компоненттер, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А108-ді қараңыз.
а. Оқшаулау жүйелері немесе отынды бекіту жүйелері, «жоғары механикалық беріктікті» қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе оқшаулау материалына қатты отынның өзара өтіп кетуін болдырмау үшін тосқауыл ретіндегі жапсырмалар;
Техникалық ескерту:
9А007.е.-тармағына қатысты «жоғары механикалық беріктік» отынның беріктігіне тепе-тең немесе одан асатын байланыс беріктігін білдіреді.
b. диаметрі 0,61 м-ден астам немесе «үлестік беріктігі» (PV/W өлшемдегі) 25 км-ден астам «композициялық» талшықты мата материалдарынан жасалған қозғағыш отсектер;
Техникалық ескерту:
Үлестік беріктігі (PV/W) - бұл жарылыс кернеуі, бұл отсектің (V) көлеміне көбейтілген және жоғары қысым (W) отсегінің жалпы салмағына бөлінген үзілу қысымы (Р).
с. 45 кН-нен асатын немесе шүмек аузы маңындағы эрозия жылдамдығы 0,075 мм/с-ден кем тарту деңгейі бар қозғағыштар шүмектері;
d. Мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, айналмалы шүмек немесе қайталама сұйықтың инжекциясы негізіндегі тарту векторын басқару жүйелері:
1. Барлық осьтер бойынша +- 5 град.-тан жоғары диапазонда орын ауыстыру қабілеті;
2. Вектордың айналу жылдамдығы 20 град/с немесе одан жоғары; немесе
3. Вектордың айналу шапшаңдығы 40 град/с немесе одан жоғары.
9А008 а. 9А008 b. 9А008 с. 9A008 d. | 8412 90 200 0 8803 90 900 0 4016 10 900 0 4016 99 880 9 4017 00 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 8412 90 200 0 9306 90 |
9А009 Мынадай сипаттамалары бар гибридті ракета қозғағыштары:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А109 бен 9А119-ды қараңыз.
а. Қосынды импульсі 1,1 МНс-тен асады; немесе
b. Тарту күшімен шығардағы вакуум жағдайларында 220 кН-нан жоғары.
9А009 | 8412 10 000 9 8412 90 200 0 |
9А010 Ракета тасығыштар, ракета тасығыштар мен космостық аппараттардың қозғағыштық құрылғылары үшін арнайы әзірленген компоненттер, жүйелер немесе құрылымдар, мыналар секілді:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А002 мен 9А110-ды қараңыз.
а. Әрқайсысының салмағы 10 кг-ден астам, ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010 тармақтары бойынша бақыланатын металл «матрицаларын», «композициялық материалдарды», органикалық «композициялық материалдарды», қыш «матрицаларын» немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасаған компоненттер мен құрылғылар;
Ескерту: Салмағы бойынша шектеудің сүйір ұшына қатысы жоқ.
b. 9А005-тен бастап 9А009-ды қоса алғандағы тармақтар бойынша бақыланатын ракета тасығыштардың қозғағыш құрылғылары үшін арнайы әзірленген, 1С007 немесе 1С010-тармақтары бойынша бақыланатын металл матрицаларын, композициялық материалдарды, органикалық композициялық материалдарды, қыш матрицаларын немесе армирленген интерметалдық материалдарды пайдалана отырып жасалған компоненттер мен құрылымдар;
с. Динамикалық сезімталдықты немесе «ғарыштық аппараттардың» құрылымының деформацияларын белсенді басқару үшін арнайы әзірленген құрылымдық компоненттер мен оқшаулау жүйелері;
d. Қозғағыштың салмағына тарту күшінің арақатысы 1 кН/кг тепе-тең немесе көп және 30 мс-тан кем емес әсер ету уақыты болатын (қосылған сәттен бастап 90%-тік толық номиналдық тарту күшіне жету үшін қажет уақыт) импульстік сұйық ракета қозғағышы.
9А010 а 9A010 b. 9А010 c. 9A010 d. | 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 19 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 600 0 8108 90 500 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 2804 50 100 0 2818 20 000 0 2849 20 000 0 3801 3926 90 980 2 6815 99 100 0 6903 10 000 0 7019 11 000 0 7019 12 000 0 7019 19 7019 40 000 0 7019 51 000 0 7019 52 000 0 7019 59 000 0 8101 99 100 0 8102 95 000 0 8108 90 300 0 8108 90 500 0 8108 90 600 0 8412 90 8803 90 900 0 9306 90 8803 90 900 0 9306 90 8412 10 000 9 |
9А011 Тікелей дәлдіктегі әуе-ракеталық қозғағыштар, жұмыс үстіндегі әуе-ракеталық қозғағыштар немесе аралас цикл қозғағыштары және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
Ерекше ескерту: сондай-ақ 9А11 мен 9А118-ді қараңыз.
9А012 Келесі сипаттамаларға ие, ұшқыш басқармайтын әуе көлік құралдары: