а. «Жиілікті өткізу алаңының шапшаң ені» 1 МГц немесе одан көп;
b. 100 жиіліктен астам қоса атқарылатын өңдеу; және
с. Жиілік арнасындағы өнімділік секундына 1000-нан астам торуылдаулар
7А007 | 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
7А101 7А001 тармақта көрсетілгеннен басқа акселеметрлер және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер:
а. 0,05 g табалдырықты немесе азырақ немесе 0,25% толық шығу шкаласының шегінде желілік қателікті, не осы екі сипаттамаға да ие акселеметрлер. Мұндай акселеметрлер инерциялық навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілердегі бағыттау жүйелерінде пайдалану үшін құрастырылған.
Ескерту: 7А101 тармағы төмен түсетін скважиналарды пайдалану кезінде қолдану үшін бұрғылау кезінде өлшемдер жүргізетін бергіштер ретінде арнайы құрастырылған және жасалған акселерометрлерді қарастырмайды.
b. 100 g-дан асатын жеделдеу деңгейлеріндегі жұмысқа арналған ұзақ (шығу) қуатты акселеметрлер.
7А101 а. 7А101 b. | 9014 80 000 0 8803 90 900 0 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 90 |
7А102 7А001 тармақта қаралғандардан басқа, «ракеталарда» пайдаланылуы мүмкін және 1 g ықпалы жағдайында өлшеген, сағатына 0,5o-тен аз (1 сигма немесе ортаквадраттық мәні) «дреф жылдамдығы» «тұрақтылығы» бар гироскоптардың барлық түрі және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
7А102 | 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9032 8803 90 900 0 9306 90 |
7А103 7А003 тармағында қаралғандардан басқа, төменде санамаланатын аппаратура, навигациялық жабдық пен жүйелер және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
а. акселерометрлер немесе 7А101 немесе А102 тармақтарында көрсетілген акселерометрлер мен гидроскоптарді пайдаланатын инерцианалдық немесе басқа да жабдық немесе 7А001 немесе 7А002 тармақтар бақылайтын гидроскоптар, олар мына жабдықты қамтиды;
Ескерту: мұндай акселерометрлер скважиналарды пайдалану кезінде қолдану үшін бұрғылау кезінде өлшемдер жүргізетін бергіштер ретінде арнайы құрастырылған және жасалған акселерометрлер ретінде қарастырылған жағдайда 7А001 тармағы бойынша бақыланатын акселерометрлерден тұратын жабдық 7А101.а. тармағымен бақыланбайды.
b. 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, 9А012 тармағы бойынша бақыланатын автоматты түрде басқарылатын ұшу аппараттарында, 9А104 тармағы бойынша басқарылатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған гиростабилизаторларды немесе автоматты ұшу жүйелерін қамтитын интеграцияланған аспаптық ұшу жүйелері.
с. Навигация дәлдігін «Ықтимал Шеңберлік Ақаулық» (ЫША) бойынша 200 м. немесе одан аз қамтамасыз етуге қабілетті, 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарға, 9А012 тармағы бойынша бақыланатын ұшқыссыз басқарылатын ұшу аппараттарына, 9А104 тармағы бойынша басқарылатын ракета-зондтарға арналған немесе модификацияланған интеграцияланған аспаптық ұшу жүйелері.
Техникалық ескерту.
1. Интеграциялық навигациялық жүйе әдетте келесі элементтерді біріктіреді:
2. Интеграциялық навигациялық құрылғы (мысалы, ұшудың бағдары мен бағытын анықтау жүйесі, есептеуді бастаудың инерциялық блогі немесе интеграциялық навигациялық жүйе);
орналасқан жері мен (немесе) жылдамдығы туралы ұшудың бүкіл барысында үнемі және тұрақты мәліметтерді жаңғырту үшін пайдаланылатын сыртқы бағдарлардан ақпарат алуға арналған сыртқы бергіш (мысалы, спутниктік навигациялық қабылдағыш, радиолокациялық биіктік өлшегіш және (немесе) доплерлік радар); және
3. Интеграциялық жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
7А103 а. 7А103 b. 7А103 с. | 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 90 900 0 9014 80 000 0 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 90 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 90 |
7А104 7А004 тармағы бойынша бақыланатыннан басқа, аспан денелерінің немесе спутниктердің орналасқан жерін немесе бағдарын автоматты түрде қадағалау арқылы айқындайтын гироастрокомпастар мен басқа да қондырғылар және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер.
7А105 Төменде көрсетілген сипаттамаларға ие және арнайы әзірленген компоненттері бар басты навигациялық спутниктік жүйелердің қабылдау аппаратурасы (GNSS; GPS, ГЛОНАСС немесе Галилео секілді):
а. 9А004тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, 9А012 тармағы бойынша бақыланатын ұшқыссыз басқарылатын ұшу аппараттарында, 9А104 тармағы бойынша басқарылатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған; немесе
b. Авиациядағы қолданбалық мақсаттар үшін әзірленген немесе модификацияланған, келесі сипаттамаларға ие:
1. 600 м/с-тан жоғары (сағатына 1 165 теңіз милі) жылдамдықта навигациялық ақпарат алуды қамтамасыз ететін.
2. Әскери немесе үкіметтік қолдану үшін, кепілді сигналға немесе басты навигациялық спутниктік сигналға (GNSS) қол жеткізу үшін әзірленген немесе модификацияланған дешифровканы пайдалану; немесе
3. Белсенді немесе пассивті бөгеуілдер жағдайында жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген және әсер етуші бөгеуілдерге қарсы тұра алады (бағыттылық диаграммасының нөлдік басқару жағдайындағы антенна және ДН электрондық басқару антеннасы).
Ескерту: 7А105.b.2. және 7А105.b.3. тармақтары коммерциялық, азаматтық қолданыста немесе қызмет қауіпсіздігін (мысалы, деректер тұтастығы, ұшу қауіпсіздігі) қамтамасыз ету жөніндегі GNSS қызметі үшін әзірленген жабдықты бақыламайды.
7А105 | 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
7А106 7А006 тармағында айқындалғаннан басқа, радарлық немесе лазерлік радарлық үлгідегі бақыланатыннан басқа, 9А004 тармағы бойынша бақыланатын космостық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған альтиметрлер.
7А106 | 8526 10 000 9 9013 20 000 0 |
7А115 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, белгілі бір электромагниттік көздерді (орналасқан жерін айқындайтын жабдық) немесе жердің сипаттамасын торуылға алуға арналған пассивтік бергіштер.
Ескерту: 7А115 мынадай жабдықтарға арналған бергіштерді қамтиды:
а. Жерді картаға түсіру жабдығы;
b. Бейнелер жабдығы (белсенді де, пассивті де);
с. Пассивті интерферометрлер.
7А106 | 8526 10 000 9 9013 20 000 0 |
7А116 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған ұшуды басқару жүйелері және сервоклапандар, олар мынадай:
а. Ұшуды басқарудың гидравликалық, механикалық, электроптикалық немесе электромеханикалық жүйелері (ұшуды сымдар бойынша басқаруды қоса);
b. Кеңістікте орналасуын бақылауға арналған жабдық;
с. 10 grms-тан асатын (орташа квадраттық мәні) вибрация жағдайында 20 Гц және 2 кГц аралығындағы диапазонда жұмыс істеуге арналған, 7А116.а. немесе 7А116.b. тармақтары бойынша бақыланатын жүйелер үшін әзірленген және модификацияланған ұшуды бақылауға арналған сервоклапандар.
7А116 а 7А116 b. 7А116 с. | 9032 81 000 9 8803 90 900 0 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9032 89 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8481 80 990 0 |
7А117 «Ракеталарда» пайдаланатын және жүйелерді диапазоннан 3.33% немесе одан аз дәлдігіне қол жеткізуге қабілетті «жүргізу жүйелері» (мысалы, «СЕР» 10 км немесе 300 км диапазонда аз).
7А117 | 8586 92 000 9 9014 20 800 0 9306 90 |
7В Сынақты бақылау және өндірістік жабдық
7А тармағына сәйкес бақыланатын жабдық үшін арнайы әзірленген калибровкалау мен реттеуге, сынақтар жүргізуге арналған жабдық.
Ескерту: Техникалық қызмет көрсетулерге сынақтар жүргізуге, калибровкалау мен реттеуге арналған жабдық бірінші және екінші деңгейлер бойынша 7В001 тармағы бойынша бақыланбайды.
Техникалық ескертулер:
1. Бірінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ұшу аппаратындағы инерциялық навигациялық құрылғының ақауы бақылау құрылғысының немесе орталық дисплейдің көрсетуі бойынша немесе тиісті кіші жүйелерден түсетін сигнализация бойынша табылады. Дайындаушының нұсқаулығына сәйкес ақау ауыспалы блок деңгейінде жойылуы мүмкін. Оператор ақаулы блокты алып тастайды да оның орнына жаңасын қояды.
2. Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсету
Ақаулы құрылғы өндірістік цехқа (жасаушы фирманың немесе екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге жауапты операторлардың цехына) жөндеуге жіберіледі. Өндірістік цехта, ақаулы құрылғы цехта айырбастауға жататын құрылғының ақаулы модулін тексеру және ақауын жою үшін әртүрлі тиісті құралдармен тексеріледі. Құрылғының бұл ақаулы модулі алып тасталынады және жаңасымен ауыстырылады. құрылғының ақаулы модулі (немесе, құрылғы тұтастай) кейіннен жасаушыға қайтарылады.
Айрықша ескерту: Екінші деңгей бойынша техникалық қызмет көрсетуге бақылауына кіретін зауыт жағдайында ауыстырылуға жататын құрылғы модулінің акселерометрлері мен гироскоптикалық бергіштерін алып-түсіру кірмейді.
7В001 | 9031 10 000 0 9031 49 9031 20 000 0 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7В002 Шеңберлі «лазерлік» гироскоптар айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген жабдық, олар мынадай:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 7В102-ні қараңыз
а. 10 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар рефлектометрлер;
b. 0,5 нм (5 ангстрмн) немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар профилометрлер.
7В002 а. 7В002 b. | 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7В003 7А тармағы бойынша бақыланатын жабдықты «өндіру» үшін арнайы әзірленген жабдық:
Ескерту: 7В003 тармағына енетіндер:
а. гироскоптарды реттеуге арналған сынақ қондырғылары;
b. гироскоптарды динамикалық теңдестіруге арналған қондырғылар;
с. Гиромоторды сынауға арналған қондырғылар;
d. Гироскоптың жұмыс заттарын толтыруға және құйып алуға арналған қондырғылар;
е. Гироподшипниктерге арналған центрифугтер;
f. Акселерометрдің осін калибрлеуге арналған қондырғылар.
7B003 | 8413 8421 19 200 9 8421 19 700 9 9031 10 000 0 9031 20 000 0 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7B102 50 миллиондық үлес немесе одан аз (жақсы) өлшеу дәлдігі бар гироскоптардың лазерлік айналарының сипаттамаларын бағалау үшін арнайы әзірленген рефлектометрлер.
7В102 | 9031 80 (азаматтық авиациядан басқа) |
7B103 Мынадай «өндірістік қуаттар» мен «өндірістік жабдықтар»:
а. 7А117 тармағында бақыланатын жабдық үшін арнайы әзірленген «өндірістік қуаттар»;
b. Өндірістік жабдық немесе 7В001-дан 7В003 тармақтарда санамаланғандардан өзгеше, 7А тармақ бойынша бақыланатын жабдықпен пайдалану үшін әзірленген және модификацияланған сынақтар жүргізуге, калибровкалау мен реттеуге арналған басқа да жабдық.
7В103 | 8803 90 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 30 300 0 9306 90 100 |
7С Материалдар
Жоқ
7D Бағдарламалық қамтамасыз ету
7D001 7А немесе 7В тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы құрылған немесе үлгіленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D001
7D002 7А003 немесе 7А004 тармақтары бойынша бақыланбайтын инерциялық жабдықты қоса алғанда, кез келген инерциялық навигациялық жабдықта немесе жағдай мен бағдарды бақылау жүйелерінде (ЖББЖ) «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіні».
Ескерту: 7D002 тармағы бойынша ЖББЖ платформалық кардандық «пайдалануға» арналған «бағдарламалар мәтіндері» бақыланбайды.
Техникалық ескерту:
Ауада ұшу аппаратының ЖББЖ, әдетте, инерциялық навигациялық жүйелерден (ИНЖ) ЖББЖ ауадағы жағдай туралы және бағыты (бағдары) туралы ақпарат беруімен және әдетте ИНЖ түсіретін жылдамдық, шапшаңдық және координаты туралы ақпарат бермейтінімен ерекшеленеді.
7D002
7D003 Басқа «бағдарламалық қамтамасыз ету», олар мынадай:
а. Жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсарту немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
b. Инерциялық мәліметтерді төменде санамаланған навигациялық мәліметтердің ішіндегі кез келгенімен тұрақты бірлестіріп отыру арқылы жүйелердің навигациялық қателерінің қолданылып жүрген сипаттамаларын жақсартатын немесе 7А003 және 7А004 тармақтарда көрсетілген деңгейге дейін азайтатын гибридті интеграцияланған жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. Доплер әсері бойынша радар айқындайтын жылдамдықпен;
2. Басты навигациялық спутниктік жүйелердің бақылау деректерімен (GPS немесе ГЛОНАСС); немесе
3. «Эталондық деректер базалары негізіндегі навигациялық жүйелерден» деректер («DBRN»);
с. Өлшеу бергіштерінің деректерін біріктіретін және «сараптау жүйелерін» пайдаланатын интеграцияланған авиациялық немесе ракеталық жүйелерге арналған «бағдарламалар мәтіні»;
d. Келесі жабдықты «әзірлеуге» арналған «бағдарламалар мәтіні»:
1. «Ұшуды жалпы басқаруға» арналған ұшуды басқарудың сандық жүйесі;
2. Ұшуды және қозғыштарды басқарудың интеграцияланған жүйелері;
3. Сымдар бойынша және жарық беру белгісі бойынша басқару жүйелері;
4. Ұшуды басқарудың істен шығуда берік және өздігінен қалыпқа келетін белсенді жүйелері;
5. Бағдарды басқаратын борттық автоматтық жабдықтар;
6. Үстірт кедергілер туралы мәліметтерге негізделген әуе-ақпарат жүйелері; немесе
7. Растровтық үлгідегі бастиекті проекциялық дисплейлер немесе үш өлшемді дисплейлер;
е. Технологиялары 7Е004.b, 7Е004.c.1, немесе 7Е004.c.2 тармақтары бойынша бақыланатын «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін», тікұшақты сымдар бойынша немесе жарық беру белгісі немесе тікұшақтың «бағытты бақылау немесе бақыланатын циркуляциялардың кері айналуы жүйелері» бойынша басқарудың көп координатты жүйелерін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген автоматты жобалау жүйелерін «бағдарламалық қамтамасыз ету»
7В103
7D101 7А001-ден 7А006-ға дейінгіні қоса алған, 7А101-ден 7А106-дейінгіні қоса алған, 7А115, 7А116.а., 7А116.b., 7В001, 7В002, 7В003, 7В102 немесе 7В103 тармақтарда сипатталған жабдықтарда «пайдалану» үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
7D101
7D102 Интеграцияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету», мынадай:
а. 7А103.b. тармақта сипатталған жабдықтарға арналған интеграцияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
b. 7А103 немесе 7А103.а тармақтарында сипатталған жабдықтарға арнайы әзірленген интеграцияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
с. 7А103.c тармағы бойынша бақыланатын жабдықтарға арнайы әзірленген және жаңартылған интеграцияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
Ескерту: Әдетте «бағдарламалық қамтамасыз етуді» интеграциялау үшін Кальман сүзгісі пайдаланылады.
7D102
7D103 7А117 тармағында баяндалған үлгілеу немесе «бағыттау жүйесін» имитациялау үшін немесе оларды 9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда, немесе 9А104 тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда интеграциялау үшін арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ескерту: 7D103 тармағында баяндалған «бағдарламалық қамтамасыз ету» ол 4А102 тармағында баяндалған арнайы әзірленген жабдықпен біріккен жағдайда бақыланады.
7D103
7Е Технология
7Е001 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А, 7В немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
7Е001
7Е002 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А немесе 7D тармақтары бойынша бақыланатын жабдықты» өндіруге» арналған «технологиялар».
7Е002
7Е003 Жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес 7А001-ден 7А004-ті қоса алғанға дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты жөндеуге, күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге арналған «технологиялар».
Ескерту: 7Е003 тармағы бойынша бірінші және екінші деңгейлер бойынша техникалық қызмет көрсету сипаттамасында азаматтық ұшақтарға арналған тез ауыстырылатын блоктарды (ТЭЗ) немесе КДЗДРМ-дарды калибрлеумен, бөлшектеумен немесе ақаулы немесе пайдалануға жарамсыздарын ауыстырумен тікелей байланысты «Технологияларға» техникалық қызмет көрсету бақыланбайды.
Айрықша ескерту: 7В001 тармағына Техникалық ескертуді қараңыз.
7Е003
7Е004 Басқа «технологиялар», олар мынадай:
а. Төменде көрсетілгендерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технология»:
1. 5 МГц-дан жоғары жиілікте жұмыс істейтін борттық автоматтық пеленгациялық жабдықтар;
2. Үстірт статистикалық деректерге ғана негізделген әуе-ақпараттық жүйелер, яғни, стандартсыз әуе сынамаларынсыз бола алатын жүйелер;
3. Растровтық үлгідегі бастиектік проекциялық дисплейлер немесе «ұшу аппараттарына» арналған үш өлшемді дисплейлер;
4. 7А001 немесе 7А002 тармақтары бойынша бақыланатын, құрамында акселерометраттар немесе гироскоптар бар инерциялық навигациялық жүйелер немесе гирастрокомпастар;
5. «Ұшуды тікелей басқару» үшін арнайы әзірленген электрлі атқарушы тетіктер (яғни электромеханикалық, электрогидростатистикалық және интеграциялық атқарушы блоктар);
6. «Ұшуды басқарудың белсенді жүйелерінде» қолдану үшін арнайы әзірленген «ұшуды басқару жүйелерінің оптикалық берушілерінің тобы»;
b. «ұшуды басқарудың белсенді жүйелерін» «әзірлеу» «технологиялары» (сымдар немесе сигнал беру белгісі бойынша басқарылатын ұшу қамтылады):
1. «Уақыттың нақты шамасындағы» басқару заңдарын іске асыруға мүмкіндік беретін микроэлектрондық көптеген есептеу элементтерінің байланыстыру үшін конфигурацияны жобалау;
2. Басқарудың өлшегіш бергішінің немесе ұшу аппараты каркасының динамикалық жүктелімінің орналасуына байланысты өтем, мысалы, бергіштің тербеліс фонының немесе салмақ орталығына қатысты бергіштер орналасуы ауытқуының өтемі;
3. Қателерді айқындау, істен шығуға бекемділікті қамтамасыз ету, қателерді жою немесе оны қайта конфигурациялау үшін шамадан тыс мәліметтерді немесе жүйелер резервін электронды басқару;
Ескерту: 7Е004.b.3. тармағы бойынша табиғи шамадан тысты жобалау «технологиясы» бақыланбайды.
4. Уақыттың нақты шамасындағы ұшуда күш құрылымын және сәттерін дербес өзгертуге мүмкіндік беретін ұшу аппараттарын басқару;
5. Ұшуды басқарудың сандық жүйелерін, навигация жүйелерін және «ұшуды жалпы басқарудың» сандық жүйесіндегі қозғағыштарды басқару жүйелерінің деректерін интеграциялау;
Ескерту: 7Е004.b.5. тармағы бойынша:
а. «Ұшудың траекториясын оңтайландыруға» арналған ұшуды басқарудың цифрлық жүйесіне біріктірілген ұшуды, навигацияны басқарудың және қозғағыштың деректерін бақылаудың интеграцияланған цифрлық жүйесін «әзірлеу» «технологиялары»;
b. Тек қана СВЧ-диапазонды барлық бағыттағы радиомаякқа, алысты өлшеу аппаратураларына, «керместен» қондыру жүйесіне, СВЧ-диапазонының қондыру жүйесіне немесе қонуға төмендеу жүйесіне арналған навигацияның «авиациялық» құралдарын «әзірлеу» «технологиялары»;
6. Ұшуды цифрлық басқарудың толық жүйесі немесе «сараптық жүйелерді» пайдаланушы жүйелерді басқарушылардың жұмысын ұйымдастырудың көпжақты бергіштік жүйесі;
Айрықша ескерту: Қозғағыштарды басқарудың толық автономды электрондық-сандық жүйелері (ФАДЕК) үшін 9Е003.а.9 тармағын қараңыз.
с. Мынадай тікұшақ жүйелерін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. Мынадай функциялардың ең болмағанда екеуін бір басқарушы элементке біріктіретін сымдар немесе жарық беру белгісі бойынша басқарудың көпкоординатты құралдары:
а. Жетекші винтпен басқару;
b. Айналдыммен басқару;
с. Алмастырумен басқару;
2. «Бағытталған қозғалыс кезінде айналдыру сәтімен және бұрау күшімен басқару жүйелері»;
3. Қалақтармен басқарылатын жүйелерге арналған «аэродинамикалық бейіндердің ауыспалы геометриясымен» айналатын қалақтар.
7Е104
7Е101 Жалпы техникалық ескертуге сәйкес, 7А001-дан бастап 7А006-ны қоса алғандағы, 7А101-ден бастап 7А106-ны қоса алғандағы, 7А115-тен бастап 7А117-ні қоса алғандағы, 7В001, 7В002, 7В003, 7В102, 7В103, 7D101-ден бастап 7D103-ті қоса алғандағы тармақтарға сәйкес бақыланатын жабдықты «пайдалануға» арналған «технологиялар».
7Е101
7Е102 Авиациялық электроникаларды және электрлік кіші жүйелерді электромагниттік импульстар мен сыртқы көздердің электромагниттік кедергілерінен қорғауға арналған «технологиялар»
а. Қорғау жүйелерін жобалау «технологиясы»;
b. Электр схемалары мен кіші жүйеден қорғалған конфигурацияларды жобалау «технологиясы»;
с. 7Е102.а. және 7Е102.b. тармақтарында пайдаланылған қорғау өлшемдерін айқындау «технологиясы».
7Е102
7Е104 Ракеталық жүйелер траекториясын оңтайландыруға арналған ұшуды басқару жүйесіне ұшуды, бағыттауды және қозғалыс бойынша мәліметтерді интеграциялау «технологиялары»;
7Е104
8-Санат
Теңіз ісі
8А Жүйелер, жабдық және компоненттер
8А001 Мыналар секілді су асты аппараттары және су беті кемелері:
Ескерту:
Су асты аппараттары жабдықтарының бақылау мәртебесін бағалау үшін қараңыз:
5-санат, 2-бөлім «Ақпаратты қорғау» - шифрланған ақпаратты беру құралдарына арналған;
6-санат - беру құралына арналған;
7 және 8-санаттар - навигациялық жабдықтарға арналған;
8А-санаты - су асты жабдықтарына арналған.
а. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзеге арналып жобаланған, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылатын су асты аппараттары;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгенін ие, адамның басқаруы арқылы жүзетін, сымдар арқылы басқарылмайтын су асты аппараттары;
1. «автономиялы жүзу» үшін жобаланған және жүк көтергіштігі бар:
а. 10% немесе олардың өз салмағынан (ауадағы салмағы) көп; және
b. 15 кН немесе одан көп;
2. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған; немесе
3. Мынадай сипаттамалардың барлығына ие:
а. Төрт адамнан немесе одан көп адамнан тұратын экипаждар үшін жобаланған;
b. 10 сағат бойы немесе одан да көп уақыт ішінде автономиялы жүзу үшін жобаланған;
с. Іс-қимыл радиусы 25 теңіз милі немесе одан көп;
d. Ұзындығы 21 м немесе одан аз;
Техникалық ескерту:
1. 8А001.b. тармағына қатысты «автономиялы жүзу» аппараттардың шнорхелсіз толық тереңдегенін, олардың барлық жүйелері жұмыс істейтінін және ең аз жылдамдықпен жүзуді қамтамасыз ететінін білдіреді, мұнда бату тереңдігі бойынша қажетті динамикаларды ескере отырып, су бетіндегі кеменің қатысуынсыз немесе су бетіне көтерілуі кезінде базалық қолдаусыз, тек тереңдік рулін пайдаланумен теңіз түбінде немесе теңіз жағалауында тереңдеуді қауіпсіз басқаруға болады. Аппараттардың су астындағы және су бетіндегі жағдайда жүру үшін қозғаушы жүйесі болады.
2. 8А001.b. тармағына қатысты «іс-қимыл радиусі» су асты аппараты алатын ең ұзақ арақашықтықтың жартысын құрайды.
с. 1000 метрден асатын тереңдікте жүзу үшін жобаланған, адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылатын, мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие су асты аппараттары:
1. 8А002.а.2. тармағына сәйкес бақыланатын, қозғағыштарды немесе тарту қондырғысын пайдалана отырып өздігінен жүретін маневр жасау үшін әзірленген; немесе
2. Деректерді берудің талшық-оптикалық желісі бар;
d. Адам басқармайтын, сымдар арқылы басқарылмайтын, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты аппараттары:
1. Адамның қатысуынсыз уақыттың нақты шамасындағы кез келген географиялық бағдардың бағытын салуға қол жеткізу міндеттерін шешу үшін әзірленген;
2. Акустикалық деректерді немесе нұсқауларды беру арнасы бар; немесе
3. 1000 метрден астам ұзындық бойынша деректер берудің талшықты-оптикалық желісі немесе нұсқауларды беру желісі;
е. 250 метрден асатын тереңдіктегі объектілерді құтқаруға арналған және мынадай сипаттамалардың кез келгенін ие, көтеру күші 5 МН-дан астам мұхиттағы құтқару жүйесі:
1. Навигациялық жүйе белгілейтін берілген нүктеге қатысты 20 м шегінде тұрақтандыруға қабілетті жағдайларды динамикалық басқару жүйелері; немесе
2. Берілген нүктеге қатысты 10 м шегіндегі қалыпты қабылдау дәлдігімен 1000 метрден асатын тереңдікке арналған су түбіндегі навигациялар мен навигациялық интеграция жүйелері;
f. Әуе көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы толық өзгерген), мынадай сипаттамалардың барлығына ие амфибиялық кемелер:
1. Жүк толық тиелген кездегі 30 тораптан астам толқынның биіктігі 1,25 м (теңіздің 3-жағдайы) немесе одан көп жағдайдағы ең көп жобалы жылдамдық;
2. 3830 Па-дан астам амортизациялық қысым; және
3. Жүк тиелмеген және жүк толық тиелген кеменің су ығыстыруының арақатынасы 0,70-тен кем;
g. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын ауа көпшілікті (үстіңгі конфигурациясы өзгермейтін) амфибиялық кемелер;
h. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 40 узел немесе одан асатын, қанатын автоматты басқаруға арналған белсенді жүйелері бар су асты қанаттары бар кеме;
і. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, «ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кемелер»:
1. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 3,25 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 35 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 500 тоннадан асатын; немесе
2. Жүк толық тиелген кездегі толқынның биіктігі 4 м (теңіздің 5-жағдайы) жағдайдағы ең жоғары жобалы жылдамдығы 25 узел немесе одан асатын, су ығыстырғыштығы 1500 тоннадан асатын;
Техникалық ескерту:
«Ватерлинии жазықтығының алаңы шағын кеме» мына формула бойынша анықталады: су ығыстыруының операциялық жобалы батуы кезінде 2 х-ден кем болатындай белгілі жағдайдағы ватерлинии жазықтығының алаңы (су ығыстыруының операциялық жобалы батуы)
8А001 а. 8А001 b. 1. 8А001 b. 2. 8А001 b. 3. 8А001 с. 1. 8А001 с. 2. 8А001 d. 1. 8А001 d. 2. 8А001 d. 3. 8А001 е. 8А001 f. 8А001 g. 8A001 h. 8A001 і. | 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8905 90 900 0 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 8906 90 100 0 8906 90 990 0 |
8А002 Мыналар секілді жүйелер немесе жабдықтар: