Салық жылының iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбiр пайдалы қазба түрiнiң нақты көлемiн Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен бекітілген кен орындарын игерудiң техникалық жобасындағы өндiрудiң күнтiзбелiк кестесi негiзiнде әзiрленген жергiлiктi жобада көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлеміндегі пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының жылдық есептiк баланстарының деректерi бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерiн нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерiне түзету жүргiзуге және есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тұрғылықты орны бойынша салық органына пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша қосымша декларация табыс етуге мiндеттi.
Жүргiзiлген түзету ескерiлетiн пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң осы салығы бойынша салық мiндеттемесi болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша түпкiлiктi есеп-қисап есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейiн жүргiзiлуге тиiс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - оларды өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткізудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерi есептi салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар биржасында тiркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлерiне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.
6. Келісімшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге мiндеттi.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңiне жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткізудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
114) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
114) 344-бап «сомасын» деген сөзден кейiн «орналасқан жерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
114) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
115) 46-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«46-тарау. Үстеме пайда салығы
347-бап. Жалпы ережелер
1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 347-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеушi болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша салық кезеңiнде есептеледi.
2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгiленген тәртiпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша салық салу объектiсiн, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектiлердi:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табысты;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жиынтық жылдық табысты;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдердi;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.
347-1-бап. Төлеушiлер
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген;
2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдiк балшықты барлауға, барлау мен өндiруге немесе өндiруге;
3) барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгiленген үстеме салығын төлеушiлер болып табылмайды.
348-бап. Салық салу объектiсi
Осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдаланушының шегерiмдер сомасының 25 процентiне тең сомадан асатын салық кезеңi үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстiң 348-1-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бiр бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.
348-1-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 348-2-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс пен осы Кодекстiң 348-5-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменiң таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
348-2-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық салынатын табыс
Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстiң 348-3-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 348-4-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
348-3-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табыс
Келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық табысты осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсаты үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша айқындайды.
348-4-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер
1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша шегерiмдер:
1) осы Кодекстiң 100 - 114, 116 - 122-баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың;
2) мынадай шығыстар шегiнде:
тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған салық кезеңi iшiнде нақты шеккен шығыстардың;
2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берiлген қолданыстағы тiркелген активтер бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығы мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылмаған осы активтер құнының қалған сомасы шегiнде;
тiркелген активтердiң бухгалтерлiк есепте баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi салық кезеңi iшiнде шеккен шығыстарының;
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен шегерiмге жатқызылатын шығыстарының;
3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бұрынғы салық кезеңдерiнде жер қойнауын пайдаланушы шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу ағымдағы немесе кез келген келесi салық кезеңiнде iшiнара немесе толықтай жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Есептi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған осы шығыстар басқа да салық кезеңдерiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызуға жатпайды.
3. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 2-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпоративтiк табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.
4. Егер белгiлi бiр шығыстар осы баптың 1-тармағында белгiленген шығыстардың бiрнеше түрiнде көзделсе, үстеме пайда салығын есептеу кезiнде аталған шығыстар бiр рет қана шегерiледi.
348-5-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтiк табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңi үшiн осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстiң 139-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
349-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы
Осы тараудың мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңiнде осы Кодекстiң 147-бабының 5-тармағында белгiленген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық ставкасының және осы Кодекстiң 199-бабында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салық салу объектiсiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындалады.
350-бап. Есептеу тәртібі
1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбiр деңгей бойынша әрбiр тиiстi ставканы осындай деңгейге жататын, кейiннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектiсiнiң әрбiр бөлiгiне қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектiсiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектiлердi айқындайды;
2) осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбiр деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомаларын мынадай тәртiппен:
1 - 6-деңгейлер үшiн - осы Кодекстiң 351-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген әрбiр деңгей үшiн проценттiң және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының көбейтiндiсi ретiнде;
7-деңгей үшiн:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сома арасындағы айырма ретiнде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдер сомасының 70 процентiне тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретiнде айқындайды;
3) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты мынадай тәртiппен бөледi:
1-деңгей үшiн:
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса, бiрiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасы бiрiншi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, бiрiншi деңгей үшiн бөлiнген таза табыс бөлiгi салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс сомасына тең болады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлер үшiн жүргiзiлмейдi;
2 - 7-деңгейлер үшiн:
егер салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осы тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасына тең болады;
егер салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлiнген бөлiгiнiң жалпы сомасы арасындағы айырма тиiстi деңгей үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасынан аз болса, осы деңгей үшiн таза табыстың бөлiнген бөлiгi осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу келесi деңгейлерге арналып жүргiзiлмейдi.
Таза табыс бөлiктерiнiң деңгейлерi бойынша бөлiнген жалпы сома салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиiс;
4) үстеме пайда салығының тиiстi ставкасын осы Кодекстiң 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбiр деңгейi бойынша бөлiнген бөлiгiне қолданады;
5) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңi үшiн үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн проценттердiң деңгейлерi мен мөлшерi
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртiппен айқындалатын ставкалардың өзгермелi шкаласы бойынша төлейдi:
Деңгей | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлу шкаласы, шегерiм сомасының процентi | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн таза табысты бөлудiң шектi сомасын есептеу үшiн процентi | Ставка (%-пен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 25 проценттен кем немесе соған тең | 25 | белгiленбейдi |
2 | 25 проценттен 30 процентке дейiн қоса алғанда | 5 | 10 |
3 | 30 проценттен 40 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 20 |
4 | 40 проценттен 50 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 30 |
5 | 50 проценттен 60 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 40 |
6 | 60 проценттен 70 процентке дейiн қоса алғанда | 10 | 50 |
7 | 70 проценттен жоғары | Осы Кодекстiң 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес | 60 |
352-бап. Салық кезеңi
1. Үстеме пайда салығы үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл салық кезеңi болып табылады.
2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтiзбелiк жыл iшiнде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, күнтiзбелiк жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн күшiне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшiне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
353-бап. Салықты төлеу мерзiмi
Үстеме пайда салығы салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.
354-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.»;
116) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
116) 357-баптың 2-тармағындағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және осындай күнтiзбелiк айдың соңғы күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
117) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
117) 358-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған» деген сөздермен ауыстырылсын;
118) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
118) 365-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жалпы меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын, меншiк құқығындағы мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;
1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен бiреуден көп бiрлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бiрлiкке дейiн дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бiр бiрлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бiр жүк автомобилi босатылуға жатқызылады.»;
116) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
119) 367-бапта:
1-тармақтың кестесiнде:
5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5. | «Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты: | 1 |
55 кВт-ға дейiн қоса алғанда 55 кВт-дан асатын | 10 |
»;
мынадай мазмұндағы 8-жолмен толықтырылсын:
«
8. | Мыналарды: магистральды жолдар бойымен поездардың кез келген санатын жүргiзу үшiн; магистральды, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн; өнеркәсiптiк теміржол көлiгi және магистральды және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын темір жолдың тарту қозғалмалы құрамы; Тар және кең табанды магистральды және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды қозғалмалы құрам | көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi көлiк құралының жалпы қуатының әрбiр Киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 процентi |
»;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықты есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш қолданылады.»;
120) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
120) 368-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгіндегі «Көлiк» деген сөз «Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, көлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату шартының талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.»;
121) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
121) 369-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.
Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.
Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.»;
4-тармақ алып тасталсын;
122) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді