Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген (осы баптың 5, 6 және 11-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа) жағдайда өсiм әрбiр актив бойынша беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
4. Осы баптың мақсатында:
осы Кодекстiң 115-бабының 14) тармақшасында көрсетiлген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерiмдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабының 6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптары негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан;
бухгалтерлiк есепке алуда туындайтын және осы Кодекстiң 100-бабының 15-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретiнде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтердi сатып алуға, өндiруге, салуға, монтаждауға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның iшiнде қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейiн арттыратын басқа да шығындардың жиынтығы бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiн қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құны болып табылады.
5. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, сондай-ақ қатысу үлесi бойынша:
1) өткізу кезiнде - өткiзiлу құны мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн (салым) арасындағы оң айырма әрбiр бағалы қағаз, қатысу үлесi бойынша құн өсiмi болып танылады.
6. Борыштық бағалы қағаздар бойынша:
1) өткізу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, өткiзiлу құны мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) берiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - дисконттың амортизациясы және (немесе) өткiзiлген күнгi сыйлықақы ескерiле отырып, беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мен бастапқы құн арасындағы купон ескерiлмеген оң айырма әрбiр бағалы қағаз бойынша құн өсiмi болып танылады.
7. Қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздар мен қатысу үлестерiнiң құнын арттыратын сатып алуға байланысты шығындардың, оларды сатып алуға арналған iс жүзіндегі шығындардың жиынтығы, сондай-ақ жарғылық капиталға салымның құны осы баптың мақсатында бағалы қағаздар мен қатысу үлесiнiң бастапқы құны болып табылады.
8. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
9. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi өзiнiң меншiк құқығын тiркеген кезден бастап осы салық төлеушiнiң меншiк құқығында бiр жыл және одан да көп жыл болатын тұрғын үй-жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, өзiндiк қосалқы шаруашылық объектiлерiн жарғылық капиталға салған кезде берiлген мүлiктiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
10. Осы Кодекске сәйкес тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi айқындамайтын салық төлеушi осы баптың 7-тармағында көрсетiлмеген мүлiктi жарғылық капиталға салған кезде жарғылық капиталға енгiзiлген мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.
Жарғылық капиталға салынған мүлiктiң сатып алыну, өндiрiлу, салыну, монтаждалу және орнатылу құны болмаған кезде осы мүлiкке меншiк құқығы туындаған кездегi мүлiктiң нарықтық құны салымның құны болып табылады. Бағалаушы мен салық төлеушi арасында Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес шарт бойынша жүргiзiлген бағалау туралы есепте айқындалған құн осы баптың мақсатына орай нарықтық құн болып табылады.
Салық төлеушi мүлiктiң нарықтық құнын корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей айқындауға тиiс.
11. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтер бойынша құн өсiмi әрбiр актив бойынша:
1) өткізу кезiнде - өткізу құны мөлшерiнде;
2) жарғылық капиталға салым ретiнде беру кезiнде - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған құн мөлшерiнде;
3) бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады.
12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусiз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес өтеусiз алынған мүлiктiң құны түрiнде жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген осы активтердiң құны осы баптың мақсатына орай бастапқы құн болып табылады.»;
35) 90-бапта:
2 - 7 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер талапты орындаған кезде бұрын орындау сомасына барабар мөлшерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;»;
2) тармақша «бұрын» деген сөзден кейiн «талаптар мөлшерiн азайту сомасына барабар мөлшерде» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) талаптарды қайта сыныптаған кезде бұрын қайта сыныпталған талаптың сомасына барабар мөлшерде шегерiмге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «енген жағдайларда, провизиялардың (резервтердiң) бұрын шегерiмге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кездегi сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайды.» деген сөздер «енген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
8, 9 абзацтар 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
«5) борышкер - дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердiң) бұрын шегерiмге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кездегi сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс деп танылмайды.»;
36) 100-бапта:
2, 5 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректерi бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құнында ескерiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстiң 261, 262-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған кезде есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Шегерiм қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етiлген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңiн қамтитын салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
6 абзац 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
14-тармақтағы «тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген бiр» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7 - 9 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
мынадай мазмұндағы 14-1 және 16-1-тармақтармен толықтырылсын:
«14-1. Салық төлеушiнiң Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiне жазған әлеуметтiк аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерiмге жатады.»;
«16-1. Жарнама мақсатына орай өтеусiз берiлген тауардың Республикалық Бюджет туралы Заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын құны мұндай тауарды өтеусiз беру жүзеге асырылған салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылуға жатады.»;
37) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
37) 111-баптың 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Егер жер қойнауын пайдаланушы қызметтi барлауға арналған келісімшарт шеңберiнде кен орнын табу және бағалау негiзiнде өндiруге арналған келісімшарт бойынша жүзеге асырған жағдайда да көрсетiлген тәртiп қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңiнiң аяғында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы көрсетiлген өндiруге арналған келісімшарт шеңберiнде амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiмге жатады.»;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтi осы бапта белгiленген коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастағаннан кейiн аяқтады деген шартпен өндiруге немесе бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жеке келісімшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңiнiң аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерiмге жатады.»;
38) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
38) 114-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушiнiң салық салу объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген, оның iшiнде осы Кодекстiң 599, 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызуды жүргiзу жолымен төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер есептелген және есепке жазылған шекте шегерiмге жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алдыңғы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылған, есептелген және ағымдағы салық кезеңiнде төленген, оның iшiнде осы Кодекстiң 599, 601-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызуды жүргiзу жолымен төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатады.»;
39) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
39) 116-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу жүргiзiлмейтiн активтер;»;
11) тармақша «сәйкес» деген сөзден кейiн «жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерiмдер құқығы берiле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылған құн бөлiгiнде Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген активтер;»;
40) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
40) 117-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Салық төлеушi Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес корпоративтiк табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн және (немесе) одан кейiн пайдалануға берiлген тiркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн шегерiмге жатқызылмаған құн бөлiгiнде топтардың (кiшi топтардың) жекелеген құндық балансын қалыптастыруға мiндеттi.»;
41) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
41) 118-баптың 2-тармағында:
бiрiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
үшiншi абзацта:
«6, 12, 13-тармақтары» деген сөздер «6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
42) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
42) 120-бапта:
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Әрбiр» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әрбiр» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстiң 117-бабының 10-тармағында көрсетiлген топтардың (кiшi топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңiнiң соңында топтардың (кiшi топтардың) мұндай құндық баланстарына осы бапта белгiленген амортизацияның шектi нормаларын қолдану жолымен айқындалады.»;
43) 121-бапта:
2 абзац 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2-тармақтағы «кiшi топтың немесе» деген сөздер алып тасталсын;
3 абзац 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
4-тармақтағы «тиiстi қаржы жылына белгiленген» деген сөздер «белгiленген және салық кезеңiнiң соңғы күнi қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
44) 122-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «3-тармағында» деген сөздер «3 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мыналарда:
осы тармақтың 1) тармақшасында;
коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiнгi кезеңде - осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында;
осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 6), 13) тармақшаларында көрсетiлген активтердi қоспағанда, қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлетiн және табыс алуға бағытталған қызметке пайдалануға арналған негiзгi құралдарға, жылжымайтын мүлiкке инвестицияларға, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты шегерiмге жол берiледi.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгіндегі «iс жүзiнде жүргiзiлген» деген сөздер «бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Кодекстiң 116-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген активтер бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап шеккен келесi шығыстардың бухгалтерлiк есепте мұндай активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылатын сомасы салық кезеңiнiң соңында, оның iшiнде мұндай сома салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болған жағдайда осы Кодекстiң 111-бабының 1-тармағында көзделген амортизацияланатын активтердiң тобы бойынша жинақталған шығыстардың сомасын ұлғайтады.
Осы тармақта көзделген келесi шығыстар салық салу мақсатында олар бухгалтерлiк есепте активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған салық кезеңiнде танылады.»;
45) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
45) 123-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «бөлуге жатпаса, преференция объектiлерiне жатқызылады» деген сөздер «бөлуге жатпаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмаса, преференция объектiлерiне жатқызылады.»;
46) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
46) 125-баптың 2-тармағында:
бiрiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
үшiншi абзацта:
«6, 12, 13-тармақтары» деген сөздер «6-тармағы, 12-тармағының екiншi бөлiгi, 13-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
47) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
47) 130-баптың 2-тармағындағы «шығыстарға» деген сөз «шегерiмдерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
48) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
48) 132-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
49) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
49) 136-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердiң өткiзiлу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма осындай активтердi өткізуден шеккен залал болып табылады.»;
50) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
50) 137-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залалдар осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмаса, онда олар келесi қоса алғандағы он жылға ауыстырылуы және осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуi мүмкiн.»;
51) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
51) 139-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгiленген ставканың және осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстiң 137-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi
алу
корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы
алу
салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы
алу
сыйақы түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы
алу
салық кезеңiнде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталынған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есебiне жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.»;
52) 141-бапта:
2 - 4 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
2-тармақта:
1) тармақшадағы «алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылына арналған Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген» деген сөздер «Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жаңадан құрылған» деген сөздер «егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгiленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 - 9 абзацтар 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн ұзарту кезiнде:
1) алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi;
2) салық төлеушi алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын аванстық төлемнiң болжамды сомасын негiзге ала отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын төлейдi.
Көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемдердiң алдыңғы салық кезеңiне арналған корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебiмен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.»;
10 - 12 абзацтар 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ егер бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығын есептеген жағдайда, келесi екi салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептейдi.
Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңiнде, сондай-ақ келесi екi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi және одан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып есептейдi.»;
53) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
53) 143-баптың 2-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) репо операциялары бойынша сыйақы;»;
10) тармақшадағы «сыйақы төлем көзiнен салық салуға жатпайды.» деген сөздер «сыйақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетiн борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
12) осы Кодекстiң 134-бабының 1-тармағында айқындалған коммерциялық емес ұйымдарға төленетiн депозиттер бойынша сыйақы төлем көзiнен салық салынуға жатпайды.»;
54) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
54) 144-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi төлем көзiнен салық салынатын табыстарды төлеген жағдайда олар осы баптың мақсаттары үшiн салық агенттерi болып танылуы мүмкiн.»;
55) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
55) 147-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.»;