Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн салық төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды бергеннен кейiн жүргiзiледi.»;
2) тармақша 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.
2. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудiң тәртібі мен мерзiмдерiн жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган белгiлейдi.
3. Механикалық көлiк құралдарын және оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу:
механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы куәлiк беру үшiн мемлекеттік баждың төлегенiн растайтын құжаттар берiлгеннен кейiн;
жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар берiлгеннен кейiн жүргiзiледi.».
5-тармақ 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
5. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; 2009 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
30-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады»;
5-тармақтағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының салық заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-тармақ 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
6. «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат):
13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үлескердiң тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруiне ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен шарттың бағасын төлегеннен кейiн немесе борышын бiр мезгiлде жаңа үлескерге аударғаннан кейiн ғана жол берiледi.
Құқықты осылай басқаға беру кезiнде тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шартқа өзгерістерде немесе қосымша келісімде үлескер тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлестi талап ету құқығын басқаға беретiн, ал жаңа үлескер оған ие болатын құн туралы ақпарат болуға тиiс.».
7-тармақ 2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
7. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат, № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62-63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар):
44-баптың бiрiншi бөлiгi «берiлген» деген сөзден кейiн «(қайта ресiмделген)» деген сөздермен толықтырылсын.
8. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат):
1) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
1) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 99-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан:
1) тәуекелдi инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдi инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтiндi қоспағанда, дивидендтер;
2) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
3) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өздерiнiң өтелген депозиттер мен төленген кепiлдiктi және өтемақы төлемдерi бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар;
6) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
8) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар;
9) мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шарты бойынша сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенімгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс;
10) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы;
12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы;
13) инвестициялық депозиттер түрiнде алынған ақшаны басқару процесiнде ислам банкi алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына жiберiлген және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;
14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетiн табыстар;
15) сот бекiткен, банктi қайта құрылымдау жоспарындағы қайта құрылымдалатын активтер мен мiндеттемелер тiзбесiне енгiзiлген банк мiндеттемелерiн кредитордың есептен шығаруынан түскен табыстар алып тасталуға жатады.
Осы тармақшаның ережелерi:
банк кредиторларының мүддесiн қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы заңнамасына сәйкес дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке, және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын осындай банктiң еншiлес ұйымына, және (немесе) банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын дауыс беру құқығымен ұлттық басқарушы холдинг кепiлге қабылдаған банкке қолданылады.
3-2-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 133-бабы 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«2. Салық төлеушiнiң мынадай табыс түрлерiне:
1) негiзгi құралдардың, жылжымайтын мүлiкке инвестициялардың, биологиялық активтердiң қаржы лизингi бойынша сыйақыға;
2) осындай сыйақыны есептеу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыға;
3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыларға және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;
4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде алынған және мақсатты пайдаланылған мүлiктiң құнына;
5) республикалық мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өтеусiз негiзде алған негiзгi құралдардың құнына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар.
Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраған жағдайда, осы тармақша қолданылады;
7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға;
8) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi кезіндегі тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.».
3-3-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 248-бабының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi:
1) почта төлемақысының мемлекеттік белгiлерiн;
2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын);
3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер көрсетудi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсiпорынға өтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi;
6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуiн, зираттар мен крематорийлердiң қызметтер көрсетуiн;
7) лотереяларды өткізу жөніндегі қызметтер көрсетудi қоспағанда, лотереялық билеттердi;
8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызметтер көрсетудi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетудi;
9) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу» кеден режимiнде әкелiнген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызметтер көрсетудi;
10) осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызметтер көрсетудi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; техникалық және аэронавигациялық қызметтер көрсетудi, әуежай қызметiн, халықаралық рейстерге теңiз айлақтарындағы қызметтер көрсетудi;
11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетудi;
12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;
13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:
осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, көрсетiлетiн қызметтерiн;
14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетудi;
15) егер мәмiле шарттарында салық төлеушiнiң өткiзген тауарларының, жұмыстарының, қызметтерiнiң сапасына кепiлдiк беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды өтеусiз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызметтер көрсетудi;
16) тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны;
17) осы Кодекстiң 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлерi бойынша қызметтер көрсетудi;
18) осы Кодекстiң 249 - 254-баптарында аталғандарды;
19) нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетудi;
20) мыналар:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар төлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;
21) бажсыз сауда дүкенiнiң кеден режимiне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк жөніндегі мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi қосылған құн салығынан босатылады. Осы бөлiкте көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
2) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
2) 4-бапта:
1) тармақшадағы «2010» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн» деген сөздер «2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн» деген сөздермен, «қолданылуы 2011» деген сөздер «қолданылуы 2014» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
3) 5-баптағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
4) 6-бапта:
1) тармақшадағы «2010» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «2010 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн» деген сөздер «2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн» деген сөздермен, «бөлiгiнде 2011» деген сөздер «бөлiгiнде 2014» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
5) 7-бапта:
бiрiншi абзацтағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
кестенiң 4-бағанының тақырыбындағы «2010» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шикi мұнайды және газ конденсатын Қазақстан Республикасының iшкi нарығында, оның iшiнде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндiру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi есебiне мемлекет атынан алушыға өткiзген және (немесе) берген жағдайда немесе «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 332-бабының 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртiппен өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгiленген ставкаларға 0,5 төмендету коэффициентi қолданылады.».
2) тармақша кестесiнiң 5-бағанының тақырыбындағы «2010» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
6) 10-бапта:
бiрiншi абзацтағы «немесе қолма-қол ақша арқылы» деген сөздер «, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау,» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын» деген сөздер «жеке тұлғалардың» деген сөздермен, 2) тармақшаның үшiншi абзацындағы «дара кәсiпкерлерге (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа)» деген сөздер «дара кәсiпкерлердiң (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа) ақшалай есеп айырысуларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
7) 13-баптың жетiншi абзацындағы «басқаға берген жағдайларда, талап ету құқығы кiрiс деп танылмайды.» деген сөздер «басқаға берген;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
«6) борышкер дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығарылған жағдайларда, талап ету құқығы кiрiс деп танылмайды.».
8) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Осы бапта көрсетiлген активтер 2009 жылғы 1 қаңтардағы бухгалтерлiк есепке сәйкес, көрсетiлген күннен кейiн жүргiзiлген құнсыздану мен қайта бағалау есепке алынбай 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап тиiстi топтардың (кiшi топтардың) құндық балансын құрайды немесе оны көрсетiлген активтердiң баланстық құнына ұлғайтады деп белгiленсiн.
Осы бап бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 116-бабына сәйкес тiркелген активтер ретiнде танылған;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлген;
3) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн тиiстi топтардың (кiшi топтардың) құндық балансына енгiзiлмеген активтерге қолданылады.»;
9) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
9) 15-баптың тоғызыншы абзацындағы «жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлетiн өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.» деген сөздер «жатпайтын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берiлетiн өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар жатады.»;
10) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 12-бабының 1-тармағы 28) тармақшасының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға.
2009 жылғы 1 қаңтардан кейiн туындайтын, ұлттық басқарушы холдингтiң iрi акционер ретiнде банктiң жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтiң лауазымды тұлғаларының осындай банктi басқару органына қатысуы олардың өзара байланыстылығының бiрден-бiр негiзi болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды;»;
11) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
11) 22-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мынадай:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары, емдiк балшық бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;»;
2-тармақтың 16) тармақшасындағы «бойынша қамтуы мүмкiн.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 58-бабына және (немесе) 448-бабының 4-тармағына сәйкес бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»;
12) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
12) 23-баптың 6-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2013 жылдың 1 қаңтарына дейiн - 20 процент;»;
2) тармақшадағы «2010» деген цифрлар «2013» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «2011» деген цифрлар «2014» деген цифрлармен ауыстырылсын;
13) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
13) 25-баптың 14-тармағының үшiншi бөлiгіндегі «берген» деген сөз «жазып берген» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді
14) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Салық төлеушiлердi мәжбүрлеп таратудың тәртібі
1. Мәжбүрлеп тарату:
дара кәсiпкерлердi салық органдарында тiркеу есебiнен шығару;
резидент заңды тұлғаларды Мемлекеттік тiркелiмнен алып тастау;
заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiн әдiлет органдарында есептiк тiркеуден шығару болып табылады.
2. Мәжбүрлеп таратуға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ;
2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде:
салық есептілігiн табыс етпеген;
әдiлет органдарында қайта тiркеу рәсiмiнен өтпеген;
салық заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметiн тоқтата тұрмаған;
меншiк құқығында салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлерi жоқ;
экспорт-импорт операцияларын жасамаған;
3) 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне тұрмаған;