4. Отырыстарды жүргiзу тәртібі алқалы мемлекеттік органдардың регламенттерiмен айқындалады.
5. Алқалы органның отырысы хаттамаға түсiрiледi.
6. Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттік органның регламентiне сәйкес қаулылармен ресiмделiп, орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiнде шаралар жоспары жасалып, бекітіледi, олардың орындалуы бақылауға алынады.
12-бап. Мемлекеттік органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуi
1. Мемлекеттік органға немесе тiкелей осы органның басшылығына жолданған қызметтік құжаттар келiп түсiп, iс қағаздарын жүргiзу қызметi оларды тiркегеннен кейiн басшылыққа берiледi, басшылық оларды қарап, олар бойынша тапсырмалар (қарарлар) дайындайды.
2. Мемлекеттік органның лауазымды адамы мәселенi өз қарауына алған кезде қойылған мәселенiң шешiмi осы органның немесе осы лауазымды адамның құзыретiне жататынына көз жеткізуге тиiс.
3. Егер мәселе белгiленген құзырет шегiнен шығатын болса, уәкiлеттi лауазымды адам өтiнiштi құзыреттi мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм қабылдап, 3 күннен аспайтын мерзiм iшiнде өтiнiш иесiне мiндетті түрде хабарлайды.
4. Құжаттарға мемлекеттік органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды.
5. Мемлекеттік органға қайтаруды қажет ететiн құжаттарды жiберу кезiнде ол құжатқа осы мемлекеттік органға қайтару қажеттігi туралы белгi қойылады.
6. Мемлекеттік органдарда құжаттардың қаралу мерзiмi, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, бiр айдан аспауға тиiс.
13-бап. Ақпарат алмасуға қойылатын талаптар
1. Ақпарат алмасу - мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының өз қызмет өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен ақпаратты жөнелтуi және алуы.
2. Ақпарат алмасуды регламенттейтiн рәсiмдер:
1) Қазақстанның бiрыңғай ақпарат кеңiстiгiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiне, оның әлемдiк байланыс пен информатика жүйесiне енуiне;
2) ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттік ақпарат ресурстарын қорғаудың ұлттық жүйесiн нығайтуға көмектесуi тиiс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарының шешiмдер қабылдауы объективтi және алдын алушы ақпаратқа негiзделуге тиiс.
3. Мемлекеттік органдар мен олардың бөлiмшелерi арасындағы ақпарат алмасу өзара ақпараттық ағынның ең аз қажеттi көлемiне, берiлетiн басқарушылық ақпараттың қайталануына жол бермеуге негiзделедi.
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 4 тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара )
4. Ақпараттық рәсiмдер мемлекеттiң мүдделерiмен байланысты қызметтік және өзге де ақпараттың жария етiлуiне жол бермеуi тиiс.
Қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметшiлерге қызметтiк ақпарат оларға жүктелген қызмет мiндеттерiн орындау үшiн ғана берiледi. Бұл ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарға пайдалануға болмайды.
14-бап. Қызметтiк құжаттардың орындалуын бақылау
1. Мемлекеттік орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның осы лауазымды адам шығарған актiлерге байланысты емес тапсырмаларының орындалуын бақылау осы мемлекеттік органның тиiстi бөлiмшелерiне жүктеледi.
2. Қызметтiк құжаттар жөніндегі тапсырмалардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды мемлекеттік органның iс қағаздарын жүргiзу қызметi жүзеге асырады.
3. Бiрнеше орындаушыға берiлген тапсырмалардың орындалуын тапсырмада бiрiншi болып көрсетiлген лауазымды адам үйлестiредi.
4. Iс қағаздарын жүргiзу қызметi бақылаудағы тапсырманың орындалу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн тиiстi бөлiмшеге бұл туралы алдын ала ескертпе жiбередi.
5. Тапсырманы орындау үшiн қосымша уақыт қажет болған жағдайда орындаушы тапсырманы берген лауазымды адамға орындау мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша өтiнiш бередi. Тапсырманы орындаудың қосымша мерзiмiн тапсырманы берген басшы белгiлейдi.
6. Тапсырманы берген лауазымды адам не өзге уәкiлеттi лауазымды адам орындалған құжаттарды бақылаудан алады.
4-тарау. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау рәсімдері
15-бап. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiне қойылатын талаптар
1. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
1) азаматтар мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға заңдық маңызы бар фактiлердi растайтын құжаттардың ең аз санын беруге мiндеттi болатын құқықтарды iске асыру тәртібі;
2) азаматтардың құқықтарын iске асырудың және олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз етудiң ең қысқа мерзiмi;
3) азаматтардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі шешiмнiң жобасы келісілетiн орындардың ең аз саны;
4) тиiстi адамның немесе органның iстi қарайтын орны мен уақыты туралы азаматтарға алдын-ала хабарлануы;
5) азаматтың өтiнiшiн қарауға байланысты iстiң материалдарымен оның танысу мүмкiндiгi, азаматтың өз өтiнiшi бойынша талқылауға жеке қатысу мүмкiндiгi;
6) азаматтың өтiнiшiне байланысты iс материалдарының басқа лауазымды адамға негiзсiз берiлуiне жол бермей, азаматтың өтiнiшi жөніндегі iстi бiр ғана лауазымды адамның жүргiзуi;
7) азаматтың өтiнiшiн қарауды мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес деп ойлауға негiз бар адамға жүктеу жағдайларына жол берiлмеуi көзделуге тиiс.
2. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
1) шағымды берген немесе шағымда мүддесi көзделген адамға зияны тиетiндей етiп шағымның өңiн айналдыруға;
2) өтiнiште iс-әрекеттерiне шағым айтылған лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге;
3) азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келісімiнсiз жария ету мүмкiндiгiне;
4) азаматтың өтiнiшке қатысы жоқ жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмеуге тиiс.
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-IV ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін бекітеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері оны көрсету үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардан қосымша ақпарат алу қажет болатын қызметті ұсыну кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбеген болса, жеке және заңды тұлғалардан оны талап етпей қажетті ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін жүргізуді және мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандартын жетілдіруді мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және оны бағалау үшін ақпарат жинауды ұйымдыстыруды мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік органдар өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде қамтамасыз етеді.
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды; 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-2-бап өзгертілді
15-2-бап. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсынуы
1. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну үшін интернет-ресурстар құрады.
2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы ақпаратты;
2) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
3) аумақтық органдардың (олар болған кезде) тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
4) мемлекеттік органның қарамағындағы тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбелерін;
5) жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстар мен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын электрондық қызметтердің тізбелерін;
6) мемлекеттік орган қабылдаған және қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;
7) мемлекеттік орган заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының үлгілерін;
8) ашық конкурстық сауда-саттықтар (тендерлер, аукциондар), сараптамалар мен басқа да іс-шаралар туралы мәліметтерді және оларды өткізу шарттарын, сондай-ақ оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын;
9) мемлекеттік органда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы ақпаратты, азаматтарды қабылдау кестесін, өтініштерге шолуларды, оларды қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты;
10) мемлекеттік органның жарияланған бос лауазымдары туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын;
11) мемлекеттік органдар басшыларының және олардың орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндерін;
12) «Сұрақ-жауап» сервисінің болуын;
13) азаматтарға интерактивті сұрақтар қоюды;
14) жаңалықтар тізбегін;
15) мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлікте саланың даму жай-күйін және серпінін сипаттайтын ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) көрсеткіштерді;
16) мемлекеттік органның қызметі туралы талдамалық баяндамаларды және ақпараттық сипаттағы шолуларды;
17) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының почталық мекен-жайларын, электрондық почтасы мекен-жайларын, анықтама қызметтерінің телефондарын;
18) өзге де бөлімдерді қамтуға тиіс.
3. Мемлекеттік органның интернет-ресурсындағы жаңалықтар тізбегін өзектілік орайында жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге де бөлімдерді өзектілік орайында жаңарту қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
4. Интернет-ресурстағы ақпарат осы Заңның 13-бабы 4-тармағының талаптары ескеріле отырып орналастырылады.
5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
16-бап. Азаматтардың өтiнiштерi
1. Азаматтардың өтінiштер беру, оларды тiркеу тәртібі, олардың мемлекеттік органдарда қаралу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленедi.
2. Iстi қарау барысында:
1) мемлекеттік орган мен лауазымды адам өтiнiшке байланысты нақты мән-жайларды анықтайды және зерттейдi, өтiнiш бойынша шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алынуы керек құқық нормаларын айқындайды және қажет болған жағдайда шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратады және алады;
2) азамат өзiнiң өтiнiшiн қарайтын лауазымды адамға дәлелдерiн жеке баяндауға, сондай-ақ өз өтiнiшiнiң негiздiлiгiн растайтын қосымша материалдарды табыс етуге құқылы.
3. Азаматтардың мемлекеттік орган бөлiмшелерiне жiберiлген өтiнiштерiн қарау барысын бақылауды осы бөлiмшелердiң басшылары жүзеге асырады.
4. Уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе лауазымды адам өтiнiштердi қарау нәтижелерi туралы арыз берушiлерге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
5. Азаматтардың өтiнiштерi оларда қойылған мәселелер қаралып, олар бойынша қажеттi шаралар қолданылған және арыз берушiлерге заңдарда белгiленген тәртiппен жауап қайтарылған жағдайда шешiлген болып есептеледi.
6. Егер мәселелердiң шешiлуi ұзақ мерзiмге қалдырылса, өтiнiш ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады.
7. Егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болса, арыз берушi мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) заңдарда белгiленген тәртiппен қарап қойған мәселе бойынша қайта арыз беруге құқылы. Егер өтiнiштер бойынша тексеру материалдары толық болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауап қайтарылса, жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетiлмей, қайта берiлген арыздар тексеруге жатпайды.
8. Мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзудi тоқтату және осы iстердi бақылаудан алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
9. Келiп түскен өтiнiштi бақылаудан алуға тексеру материалдары қоса берiлген өтiнiштi қарау нәтижелерi туралы белгiленген нысандағы құжат (қызметтік жазбахат, анықтама) немесе мемлекеттік органның толық жауабы негiз болып табылады.
17-бап. Азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы шешiмге шағымдану
1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге арыз берушi жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағымдана алады.
2. Лауазымды адамдардың әрекетiне (немесе әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешiмдерiне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға не сотқа iс-әрекеттiң жасалғаны немесе тиiстi лауазымды адам немесе орган шешiм қабылдағаны туралы азаматқа белгiлi болғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей берiледi. Шағымдану үшiн өтiп кеткен мерзiм мемлекеттік орган немесе лауазымды адам не сот үшiн шағымды қабылдамауға негiз болмайды. Мерзiмнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және ол шағымды қанағаттандырудан бас тарту негiздерiнiң бiрi болып табылуы мүмкiн.
18-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өтiнiштердi қараудың өзгеше ережелерi көзделмесе, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады.
19-бап. Жеке қабылдау
1. Мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарлары тиiстi мемлекеттік органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды, соның iшiнде сол органдардың қызметкерлерiн айына кемiнде бiр рет жеке қабылдауға мiндеттi.
2. Азаматтарды қабылдау белгiленген және азаматтардың назарына жеткiзiлген күндер мен сағаттарда жүргiзiледi.
3. Егер арызды немесе шағымды лауазымды адам қабылдау кезiнде шеше алмайтын болса, олар жазбаша нысанда баяндалады және олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.
20-бап. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргізу
1. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу заңдарда белгіленген тәртiппен iс қағаздарын жүргізудiң басқа түрлерiнен бөлек жүргiзiледi.
2. Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастыруға, iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiне органдардың басшылары жеке жауапты болады.
5-тарау. Экономика саласында шешімдер қабылдаудың негізгі рәсімдері
21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар
1. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерi:
1) жария және ашық (заңдармен белгiленген шектерде) болуға;
2) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге қатысатын, мемлекеттiң жұмыстарын атқаруға және қызметтер көрсетуге, тауарлар сатуға, кредиттер алуға үмiткер азаматтар мен ұйымдарға қатысты тендерлiк бастауларға негiзделуге;
3) меншiк нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң заң тұрғысынан теңдiгi принципiне негiзделуге тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын бөлуге (оның iшiнде мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру мен мемлекеттік сатып алу кезiнде), кредиттiк ресурстарды бөлуге;
2) рұқсаттар, лицензиялар мен патенттер беруге (салық патенттерiн қоспағанда);
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге;
4) мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруге;
5) мемлекеттік активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады.
22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар
Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде:
1) мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына;
2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға;
3) табиғи монополияларды және заң актілерінде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына;
4) заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бiртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге;
5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.
6-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 23- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара )
23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады.
2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібі туралы заңдарда осы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру тәртібінiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілерін осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2000 жылғы қарашаның 27-і.
№ 107-II