5) 35-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «мемлекеттік» деген сөз «коммуналдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
16. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендердің шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желілік объектілер) және қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары деп белгіленген жылу электр орталықтарынан және қазандықтардан басқа, жылумен жабдықтау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;»;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
2) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;
3) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады;
5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
17. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат, № 6, 50-құжат):
39-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацындағы «(меншік иелерінің немесе кондоминиумды басқару органының уәкілетті өкілі)» деген сөздер «немесе олардың уәкілетті өкілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «кондоминиум қатысушыларының келісімімен не» деген сөздер алып тасталсын.
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат):
23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 22-і
№ 479-IV ҚРЗ