мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру;»;
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;»;
«8) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;»;
«10-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну;»;
2-тармақта:
2-2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «жоспарларын» деген сөз «жобаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1), 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;»;
«5-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну;
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
5-3) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;»;
14) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;»;
4) тармақшадағы «жоспарларын» деген сөз «жобаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;»;
«5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;»;
15) 18-бапта:
4) тармақшадағы «жоспарларын» деген сөз «жобаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;»;
«5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;»;
16) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
17) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскелерi шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының шекаралық аймағында және шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға жеке меншікке беруге жол берілмейді.»;
18) 24-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығында ғана иелене алады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалары, осы Кодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне айналады.
Аталған тұлғалардың жер учаскесiне жеке меншiк құқығын iске асыруы осы баптың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерiн сатып алған кезде оның сомасын төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, азаматтықтан шыққан кезден бастап үш ай ішінде меншік иесінің таңдауы бойынша жер учаскесi иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесiне құқық он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуге тиiс не жергiлiктi атқарушы органның келісімімен жер учаскесi осы учаскенi мемлекеттен (меншік иесінен) сатып алған баға бойынша жер учаскесiнiң бағасы төлене отырып, мемлекет меншiгiне қайтарылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi.»;
19) 26-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жердің қандай да бір санатқа тиесілігі жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай айқындалады.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына:»;
4-тармақтағы «магистральды құбырларды,» деген сөздерден кейін «байланысты, жер қойнауын пайдалануды» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 32-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік емес» деген сөздер алып тасталсын;
21) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кепiлге беру кезінде, оның ішінде кепіл беруші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл ұстаушының кепілге салынған затты сатуы кезінде, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлік қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру кезiнде;»;
22) 35-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару жасалған жер учаскесін жалдау шартына немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартына сәйкес жүзеге асырылады.»;
23) 43-бапта:
9-тармақта:
екінші бөліктің екінші сөйлеміндегі «құқық иеленушi туралы жазба енгiзедi» деген сөздер «жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді жер-кадастрлық кітапқа және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтерді енгізу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган беретін материалдардың негізінде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1 және 14-тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бұрын қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңнамасында жер учаскелерiне белгiленген құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Мұндай құжаттарды осы Кодекске сәйкес жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға ауыстыру құқық иеленушілердiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.»;
«14. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпаратты тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнайы ақпараттық стендтерде тоқсанына кемінде бір рет орналастырып отыруға міндетті.»;
24) 48-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;»;
3-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
25) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн төлеу мерзiмiн ұзартып сату кезiнде оларға құқықтар алу
1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сатып алу-сату шартын жасасу арқылы сатып алушының жазбаша өтініші бойынша он жыл мерзімге төлеу мерзімі ұзартылып сатылады.
2. Сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жер учаскесі құнының кемінде бес пайызын құрайтын мөлшерде аванс төлеуге тиіс. Бұдан кейін сатып алушы жер учаскесі үшін төлемді сатып алу-сату шартына қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес ай сайын төлеп отырады. Жер учаскесі үшін төлем қолма-қол есеп айырысу арқылы да, сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген шотына аудару арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.
Сатып алушы өзінің міндеттемелерін толық көлемінде де, ішінара да мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Міндеттемелерді ішінара өтеген жағдайда төлем кестесі қайтадан бекітілуге тиіс.
3. Жер учаскесі үшін ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда сатып алушы сатушыға кешіктірген әрбір күн үшін жер учаскесінің төленбеген сатып алу бағасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Егер сатып алушы жер учаскесі үшін қатарынан үш ай бойы, ал ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскесі үшін қатарынан екі жыл бойы төлем жасамаса, сатушы сатып алу-сату шартын бұзуға және сатылған жер учаскесiн қайтарып беруді талап етуге құқылы, бұған сатып алушыдан алынған төлем сомасы жер учаскесiнiң сатып алу бағасының жартысынан асып түскен жағдайлар қосылмайды.
4. Жерді кепілге беруді қоспағанда, төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесіне қатысты оның сатып алу бағасы толық төленгенше мәміле жасасуға тыйым салынады.
Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасу құқығына осы Кодекстің 24-бабының 3-тармағында көзделген жер учаскесімен мәміле жасасуға шектеу қойылған және оның сатып алу бағасы толық төленген кезден бастап есептелетін мерзім аяқталған соң жол беріледі.
5. Сатып алушының төлеу мерзімін ұзартып сатқан жер учаскесін кепілге беруге оның сатып алу бағасының кемінде елу пайызын төлеген жағдайда жол беріледі. Бұл ретте жер учаскесінің сатып алу бағасы төленген бөлігі ғана кепіл нысанасы бола алады.
6. Төлеу мерзiмi ұзартылып сатылған жер учаскесiмен мәмiлелер жасасу бойынша шектеулер жер учаскесiн сатып алу-сату шартында және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатында көрсетiледi. Жер учаскесiнің сатып алу бағасын төлеу туралы құжат сатып алу-сату шартындағы және жер учаскесiне арналған сәйкестендіру құжатындағы осы шектеудi алып тастауға негiз болады.»;
26) 49-1-бапта:
1-тармақтағы «, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкіміне» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімі» деген сөздер «органы» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) мынадай мазмұндағы 49-2-баппен толықтырылсын:
«49-2-бап. Жерді резервте қалдыру
1. Жерді резервте қалдыру елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, қорғаныс және қауіпсіздік, ғарыш қызметі объектілерін орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, оның ішінде қорғаныш ағаш екпелерін егу мақсатында, жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау және бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру үшін мемлекет меншігіндегі жерлерде резервтік аумақтар құру жолымен жүзеге асырылады.
2. Аумақтарды қала құрылысы үшін жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен темір жолдар өтуінің жобалары (схемалары), мемлекеттік бағдарламалар жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жағдайларын қоспағанда, жерді резервте қалдыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда, елді мекендердің шекараларында - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жиырма жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін жерді резервте қалдыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жергілікті атқарушы органдардың жерді резервте қалдыру туралы шешімінде резервте қалдырудың мақсаттары мен мерзімдері, жердің жалпы алаңы мен санаты, сондай-ақ жерді пайдалануда қойылатын шектеулер көрсетілуге тиіс. Жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелерін резервте қалдыру кезінде жер пайдаланушылар мен сервитут иелері көрсетіледі.
5. Осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жергілікті атқарушы органдар жерді резервте қалдыру туралы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылар мен сервитут иелерін хабардар етуге, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялау арқылы жерді резервте қалдыру туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жерді резервте қалдыру жер учаскелері резервте қалдырылған жердің құрамына енгізілген жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
Резервте қалдырылған жердің құрамындағы жер учаскелері жердің аймақтарға бөлінуіне сәйкес олардың қандай да бір санатқа тиесілігіне және рұқсатпен пайдаланылуына қарай, уақытша объектілерді орналастыру үшін немесе құрылыс салумен байланысты емес мақсаттар үшін резервте қалдыру мерзімінен аспайтын мерзімге уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.»;
28) 50-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «Жер учаскелерiнiң» деген сөздер «Осы Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзiндiк қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телiм) жүргiзу және жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі. Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес мұндай жер учаскелерін игерудің талаптары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жүргізіледі.»;
3-тармақтағы «облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкiлдi және атқарушы органдардың» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 64-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «жасау құқығы бар.» деген сөздер «жасау;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) меншік құқығын, уақытша ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлік қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру құқығы бар.»;
30) 66-баптың 1-тармағында:
«бiр жыл» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап орындалмаған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жер учаскесін орналасқаны жер бойынша қайтару туралы талап-арыз береді.»;
31) 69-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қауымдық сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде белгiленуi мүмкiн.»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер учаскесiн сервитуттар белгіленбейінше қамтамасыз ету мүмкін болмайтын немесе мөлшерлес емес шығыстарды қажет ететін коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану мақсатында пайдалану;»;
32) 71-баптың 2-тармағындағы «облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар» деген сөздер «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 79-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «24-бабының 4-тармағында» деген сөздер «49-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
1. Егер ауыл шаруашылығы өндiрiсiне не тұрғын үй құрылысына немесе өзге де құрылысқа арналған жер учаскесi екi жыл iшiнде (егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзiм көзделмесе) тиiстi мақсатында пайдаланылмаса, ал ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесі алғаш рет жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланбау анықталған кезден бастап есептелетін бесжылдық кезеңде жалпы алғанда екі жыл пайдаланылмаса, онда мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады. Бұл кезеңге осындай жер учаскесін игеруге қажеттi уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкiндiк бермеген өзге де мән-жайларға байланысты көрсетілген учаскенi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаған уақыт кiрмейдi.
2. Жер учаскесін игерудің мерзімі мен шарттарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі, жер учаскелерін беру жөніндегі осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде, осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жүзеге асырылатын құрылыс үшін және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берілген жер учаскесiн игеру кемінде екі жыл мерзімге белгіленеді.»;
35) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«93-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою
1. Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдалану жағдайына:
1) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау;
2) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін ауыл шаруашылығы жерінің құнарлылығын анағұрлым азайтуға не экологиялық жағдайды едәуір нашарлатуға әкеп соғатындай пайдалану жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскесі немесе оның бір бөлігі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін, осы Кодекстің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.
3. Төтенше және ырық бермейтін ахуал кезінде (еңсерілмейтін күш әрекеті) туындаған жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген жағдайларда жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.»;
36) 94-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көрсетілген негiздер бойынша сот шешiмiмен жер учаскесін меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойған жағдайда жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы (мемлекеттен сатып алынған жер учаскесiне жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу және атқарушылық заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.
Өтеусіз негізде берілген жер учаскесін осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген негіздер бойынша сот шешімімен меншік иесінен мәжбүрлеп алып қойған жағдайда, осы жер учаскесі жер учаскесінің меншік иесіне жер учаскесінің құнын өтеместен одан әрі қайта бөлу үшін арнаулы жер қорының есебіне жатқызылады. Бұл ретте мұндай меншік иесінің (алып қойылған жер учаскесі осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағы 2) тармақшасының негізінде берілген жағдайда) осы мақсаттар үшін жер учаскесін қайтадан өтеусіз негізде алу құқығы сақталады.
Сатудан түскен сома жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою шығыстары шегерiле отырып, жер учаскесінің бұрынғы меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға төленедi. Бiр жыл iшiнде кемiнде үш рет сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) жүргізілгеннен кейiн ондай жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын сату мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесi сот шешiмiмен арнаулы жер қорының есебіне жатқызылады.»;
37) 97-бапта:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға он жылға дейiнгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.»;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «жер ресурстарын басқару жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
38) 98-баптың 10-тармағындағы «Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық» деген сөздер «Орталық» деген сөзбен ауыстырылсын;
39) 101-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
«шыққан кезде» деген сөздерден кейін «қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысының шешімі бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«өз қалауы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
40) 107-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы «инженерлiк жүйелер)» деген сөздер «инженерлiк жүйелер, сондай-ақ жылу желілерінің күзет аймақтары мен ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 109-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «мыңнан асатын» деген сөздер «мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;