217. Жеке арыз жасаған азаматтарға қайтадан куәліктер беру паспорт немесе жеке куәлік көрсетуіне сәйкес сол күнде берілуге тиіс. Азаматтардың куәліктерді қайтадан беру туралы арыз-тілектері он бес күннен кешіктірілмей орындалады.
Қаладан тыс жерден келген арыз-тілектер бойынша қайтадан берілетін куәліктер арыз берушінің тұрған жеріне жолдама хаттармен жіберіледі. Арыз берушілердің қайтадан берілген куәлікті қашан, қай АХАЖ жібергені, оның сериясы мен нөмірі хабарланады.
Ауданда шалғайдағы елді мекендерде болған кезде қайтадан берілетін куәліктер азаматтарға селолық, кенттік округтер арқылы жіберілуі мүмкін.
218. Әскери қызметшілерге қайтадан берілген куәліктер - әскери бөлімнің командирінің атын, бас еркінен айыру орындарында отырған адамдарға - еңбекпен түзету колониясының бастығының атына жіберіледі.
219. Куәліктер тапсырыс хаттармен жіберіледі, куәліктерді тігуге және бүгуге жол берілмейді.
Қайтадан берілетін куәліктердің алғашқы бетінде жоғары жағынан «Қайтадан берілген» деген мөртаңба қойылады.
220. Куәліктерді қайтадан беру туралы арыздарда мыналар көрсетілуге тиіс:
1) арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты мен мекен-жайы;
2) куәлікті сұратып отырған адамның тегі, аты мен әкесінің аты;
3) қандай куәліктің сұралатыны;
4) акт жазуының қашан және қай АХАЖ бөлімінде немесе селолық, кенттік округте (қаласы, селосы, ауданы, облысы, өлкесі, республикасы көрсетіле отырып) жүргізілгені;
5) қайтадан берілетін куәліктің қандай мақсат үшін сұралғаны;
6) арызданушының жеке басын анықтайтын құжаттың мәліметтері.
Егер тууы туралы куәлік сұратылса, онда аталған мәліметтерден басқа әкесі мен анасының тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Некені қию және бұзу туралы куәліктер сұратылғанда некенің кіммен тіркегені немесе кіммен бұзылғаны көрсетіледі.
221. Қайтадан берілетін куәліктер акт (тууы туралы) жазуларына сәйкес жазылып беріледі.
Жер атаулары бұрынғы әкімшілік бөліністерге сәйкес, ал тіркеу орындары болып осы жерге қызмет көрсететін АХАЖ органы көрсетіледі.
Егер акт (тууы туралы) жазуында ұлты туралы мәліметтер болмаса, қайтадан берілетін куәліктердің тиісті бағаналары толтырылмайды сызық қойылады.
222. Куәліктері басқа елді мекендерге жолданатын азаматтардың арыздарында куәліктің сериясы мен нөмірі, куәлік жіберілген АХАЖ органының немесе әскери бөлімнің атауы және жіберілген күні көрсетіледі.
223. Қайтадан куәліктер беру туралы арыздарды тексеру арызда көрсетілген жылдағы акт (тууы туралы) кітаптары бойынша, сондай-ақ арызда көрсетілген азаматтық хал актілері тіркелген жылдан бұрынғы екі және кейінгі екі жыл аралығында жүргізіледі.
224. Егер АХАЖ органында акт жазуы болмаса, жеке арыз берушіге арызды аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімінің мұрағатына акт жазуының екінші даналары бойынша тексеру үшін жолдау ұсынылады. Қаладан тыс жерлерден келген арыздарды аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімінің мұрағатына АХАЖ органы өзі жібереді. Екі жағдайда да қайтадан куәлік беру туралы арыздың арғы бетінде»... АХАЖ органында акт жазуы жоқ деген белгі түсіріледі, оны АХАЖ органының қызметкері растайды.
Егер акт жазуы аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі мұрағатында да болмаса, арызданушыға акт жазуының болмағандығы туралы анықтама беріледі (салып жіберіледі).
225. Азаматтық хал актілері жазуларының көшірмелері тек басқа да мемлекеттерді қоса отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның, соттың, нотариат және адвокатура органдарының сұрау салулары бойынша, сондай-ақ басқа мемлекеттердің АХАЖ органдарының сұрау салулары бойынша беріледі.
Акт жазбасының көшірмелері азаматтарға берілмейді.
226. Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің лауазымды адамдары тууы туралы, әке болуды анықтау, неке қию және қайтыс болу (қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктерді анықтамалармен қоса) туралы акт жазуының екінші даналарын жолдама тізімдемемен АХАЖ органдарына тапсырады. Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктер мен анықтамаларды акт жазбасына желімдеуге жол берілмейді.
Толық ресімделмеген азаматтық хал актілерінің жазбасы (қолдардың, мөр немесе мөртаңба бедерлемелерінің қойылмауы, жекелеген бағаналардың толтырылмауы және тағы басқалар) толық ресімдеу үшін кейін қайтарылады. Тиісінше ресімделген акт жазбалары АХАЖ органдарына жіберілуге жатады.
227. Салтанатты тіркеу сарайлары мен үйлері, АХАЖ органдары ай сайын тұтастай алғанда аудан бойынша және әрбір қалалық (аудандық бағыныстағы қала), кенттік, ауылдық (селолық) округ бойынша № 97 нысанда азаматтық хал актілерін тіркеу туралы есептік тізімді үш данада жасайды және туу, неке қию неке бұзу және қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктермен (бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болды деп танылған адамдардан басқа) бірге АХАЖ органдарына жолдайды.
Есеп беру ведомосының екінші данасы мемлекеттік статистика органына жолданады, үшінші данасы АХАЖ органында қалады.
Сонымен бірге бала (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің аты мен тегін, қайтыс болды деп танылған және бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болды деп танылған адамдардың қайтыс болуы туралы акт жазуының және азаматтық хал актілерін қалпына келтірілген жазбаның екінші даналары АХАЖ органдарына жіберіледі.
228. Аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі АХАЖ органдарынан келіп түскен азаматтық хал актілерінің жазуы мен қалпына келтірілген актілері жазбаларының екінші даналарының дұрыс толтырылуын тексереді. Толық ресімделмеген азаматтық хал актілерінің жазбаларды толық ресімдеу үшін АХАЖ органына қайтарылады. Тиісінше ресімделген актілер жазбалары қайтарып беруге жатады.
229. Туу, некені қию, некені бұзу және қайтыс болу туралы (қайтысболу туралы дәрігерлік куәліктермен бірге) азаматтық хал актілері жазбаларының екінші даналарын АХАЖ органдары ай сайын тиісті статистикалық органдарға жібереді. Ұл (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болды деп танылған және бір жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болған адамдардың қайтыс болуы туралы актілердің екінші даналары қалпына келтірілген азаматтық хал актілерінің жазбалары аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі мұрағатына сақтауға беріледі.
Статистикалық органдар туу, некені қию, некені бұзу және қайтыс болу туралы актілер жазуының екінші даналарымен жұмыс істеп болғаннан кейін келесі жылдың бірінші желтоқсанынан кешіктірілмей, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу түрлері мен реттік нөмірлері бойынша оларды тиісті аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі мұрағатына тапсырады.
230. Аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеудің жыл сайынғы ведомостарын алғаннан кейін тұтастай облыс (қала) бойынша статистикалық есеп жасайды, ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне кезекті есепті жылдың бесінші қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады, оған ақпарат қоса беріледі.
231. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің бланкілері қатаң есепке алынатын құжаттар болып табылады және күймейтін шкафтарда және темір жәшіктерде сақталады.
Жұмыстан тыс уақыттарда куәліктердің бланкілері бар күймейтін шкафтар мен темір жәшіктер сүргіштеледі. Бланкілерді сақтау үшін жауапты адамдарға бланкілермен жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Куәліктер бланкілері жоғалған немесе ұрланған жағдайда, олардың сақталуы үшін жауапты адамдар бланкілердің жоғалғанын немесе ұрланғанын анықтасымен сол күні бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкілерді іздестіру шараларын қолдану үшін жоғарғы АХАЖ органына, сондай-ақҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің органдарына хабарлауға міндетті.
АХАЖ органдары азаматтық хал актілерін тіркеу бланкілерін жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбір жағдайы туралы олардың түрлерін, сериялары мен нөмірлерін көрсете отырып Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне шұғыл хабарлауға міндетті.
Куәліктер бланкілерін жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбір жағдайы бойынша жоғары тұрған АХАЖ органы жоғалуға ықпал еткен себептерді жою және бұған кінәлі адамдарға қатысты тиісті шаралар қолдану үшін қызметтік тексеру жүргізуге тиіс.
232. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің есебі үшін мынадай тиісті кітаптар жүргізіледі:
1) Аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімдерінде - куәліктер бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап және сондай-ақ салтанатты тіркеу сарайлары мен үйлерінің де куәліктер бланкілерінің берілуі мен жұмсалуын есепке алу жөніндегі жеке шоттар кітабы;
2) азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысатын АХАЖ органдарында - куәліктер бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап және куәліктер бланкілерін беру және жұмсау есебі жөніндегі жеке шоттар кітабы;
3) азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысатын селолық, кенттік, ауылдық (селолық) әкімшіліктерде - куәліктер - бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап.
233. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер бланкілерін аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі оларды дайындаған органының құжаты бойынша қабылдап алады.
Ақаулы бланкілер (қорғағыш тор сызықтарының, басылған мәтіннің жоқтығы немесе бүлінуі, қайталанған нөмірлердің болуы және тағы басқа), бумалардағы куәліктер бланкілері жетіспеген немесе сериялары мен нөмірлері Мемлекеттік Белгі жапсырмасымен сәйкес келмеген жағдайларда екі данада акт жасалады.
234. Кенттік, ауылдық (селолық) әкімшіліктердің лауазымды адамдары әр тоқсан сайын АХАЖ органдарына, ал АХАЖ органдары әр тоқсан сайын аумақтық әділет органының АХАЖ органдарына өткен тоқсанда куәліктер бланкілерінің жұмсалуы туралы есеп береді.
235. Аумақтық әділет органының АХАЖ органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі бесінші қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне барлық түрдегі куәліктер бланкілерінің жұмсалуы туралы № 23 нысанда есеп береді.
236. Мыналар жоюға жатады:
1) азаматтық хал актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазулардың күші жоюға байланысты тапсырылған куәліктер;
2) орнына қайтадан куәліктер берілген, жарамсыз болған куәліктер;
3) тауып алынған куәліктер;
4) басқа АХАЖ органдары жіберген және азаматтар бір жыл бойы алмаған қайтадан берілген куәліктер;
5) толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.
Аталған куәліктерді жою АХАЖ органының немесе аумақтық әділет органының АХАЖ мұрағаттарының жұмысын тексеру кезінде акт жасап жағып жіберу жолымен жүргізіледі.
Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің лауазымды адамдары жоюға жататын куәліктерді жазбалардың екінші даналарымен бірге АХАЖ органдарына жібереді.