ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Банк жаңартылған тізімді алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тізімнен алып тасталған Бағдарламаға қатысушылармен Банк шотындағы ақша қалдығына тең сомадағы соманы қайтара отырып, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес жаңа Бағдарламаға қатысушыға Шарт бойынша құқықтары мен міндеттемелерін беру, не Шартты бұзу рәсімін жүргізеді.
35. Банк жинақтау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыстың уәкілетті органы мен ӘКК-ге тұрғын үй қарызын алуға арналған шарт талаптарын орындаған Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады.
36. Бағдарламаға қатысушы Банкке тұрғын үй қарызын алу үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37. ӘКК Банк беретін тұрғын үй қарызын қайтару бойынша Бағдарламаға қатысушылардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін тұрғын үйді Банкке кепілге беру сәтіне оператор компанияның ауыртпалықты алып тастауын қамтамасыз етеді.
Банк жылжымайтын мүлік кепіліне тіркелген шартты алғаннан және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен тұрғын үй қарызын алу үшін көзделген талаптарды Бағдарламаға қатысушылар орындағаннан кейін тұрғын үй құнына тең мөлшерде оператор компанияның шотына аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2217 Қаулысымен бөліммен толықтырылды
2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданындағы
Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1252 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы тұрғын үй комиссиясынан алынған тізімнің негізінде, он жұмыс күні ішінде әрбір Бағдарламаға қатысушымен екі жақты шарт жасасады, онда:
1) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үй қарызын алу және тұрғын үйді кепіл ретінде беру мақсатында тұрғын үйді 5,5 жылдан асырмай бергеннен кейін Банктегі шотта қаражат жинақтауды жүзеге асыру туралы Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасасу;
2) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторының:
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында тұрғын үйді жер учаскесімен бірге сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының «Асар» шағын ауданында жылыжай сатып алуды жүзеге асыру;
екі жақты шартқа қол қойған Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй мен жылыжайды жер учаскесімен бірге құрылыс салушы компаниядан сатып алынған тұрғын үй мен жылыжайдың құнына тең құнға беру міндеті көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2010.28.11. № 1252 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру операторы осы Ереженің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-тармақтарына сәйкес тұрғын үй мен жылыжайды сатуды жүзеге асырады.
40. ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Нұрлы көш» бағдарламасының
пилоттық жобаларына қатысушыларға
тұрғын үй сату ережесіне
қосымша
«Нұрлы көш» бағдарламасының пилоттық жобаларына қатысушылардың тұрғын үй алуға арналған өтініші
«Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес маған
_________________________________________________________________________________________________________
(Т. А. Ә. туған күнін көрсетіп)
мынадай сипаттамаларға сәйкес:
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________
(қабат, бөлме саны және басқалары)
алаңы _______ ш.м тұрғын үй салуды (беруді) сұраймын.
Отбасы құрамы ______ адам:
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
20 ___ ж. «____» _______________
__________________
(қолы)
Өтінішті қабылдаған: ________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)