4) 4-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «жиырма күннен» деген сөздер «он бес жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «он күн» деген сөздер «жеті жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «көмектен» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларынан» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-баптың 2-тармағындағы «он бес күн мерзімде» деген сөздер «он жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы маусымның 27-і
№ 444-IV ҚРЗ