8. | жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25 |
9. | құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін | 0,25 |
10. | міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін | 0,25 |
11. | құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқық ауыртпалығын тіркегені үшін | 0,25 |
12. | жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін | 0,5 |
13. | құқықтық талап етуді тіркегені үшін | 0,25 |
14. | Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салған (туындатқан) жылжымайтын мүлікке құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 0 |
15. | республикалық меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары үшін мемлекеттік меншікке жатқызылған жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін | 0 |
16. | жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) жүйелі түрде тіркегені үшін | 0 |
17. | мемлекеттік органдар шешімінің негізінде жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруін, оның ішінде елді мекендердің атауы, көше аттары, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың реттік нөмірлері (мекен-жайлары) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалауға байланысты кадастр нөмірлері өзгерген кезде тіркегені үшін | 0 |
18. | жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,25 |
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және
онымен жасалатын мәмілелерді
(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен тіркегені үшін алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшеріне негізделе отырып есептеледі және мыналарды құрайды:
Р/с № | Тіркеу іс-әрекеттерінің түрлері | Жеке тұлғалар үшін ставкалар (АЕК) | Заңды тұлғалар үшін ставкалар (АЕК) |
1 | мыналарға меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, сенімгерлік басқару, кепіл, рента, пайдалану (сервитуттардан басқа) құқығының пайда болуын тіркегені үшін: | | |
1.1. | пәтерге, жеке тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), шаруашылық құрылыстарға | 28 | 40 |
1.2. | көп пәтерлі тұрғын үйге (шаруашылық құрылыстары және басқа да осыған ұқсас объектілері бар), тұрғын үйдегі тұрғын үй емес үй-жайға, тұрғын үй емес құрылысқа | 35 | 40 |
1.3. | гараждарға | 14 | 20 |
1.4. | мыналарды қамтитын тұруға болмайтын мақсаттағы мүліктік кешендерге (үйлер, құрылыстар, ғимараттар): | | |
1.4.1. | бір объект | 35 | 50 |
1.4.2. | екіден беске дейінгі жеке тұрған объектілер | 38 | 55 |
1.4.3. | алтыдан онға дейінгі жеке тұрған объектілер | 42 | 60 |
1.4.4. | оннан көп жеке тұрған объектілер | 45 | 65 |
2. | жер учаскесіне меншік, жер пайдалану құқығын, өзге де құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) тіркегені үшін | 28 | 40 |
3. | ипотекалық куәлік беруді және оны кейіннен басқа иелерге беруді тіркегені үшін | 28 | 40 |
4. | құқық иесі деректерінің, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркегені үшін | 28 | 40 |
5. | жылжымайтын мүліктің апатқа ұшырауына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартылуына байланысты және ауысу құқығына байланыссыз өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықты тоқтатуды тіркегені үшін | 28 | 40 |
6. | құқықтың үшінші тұлғаға ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркегені үшін, оның ішінде жылжымайтын мүліктің ипотекасын тоқтатуды тіркегені үшін | 28 | 40 |
7. | міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша талаптар құқықтарын басқаға беруді тіркегені үшін | 28 | 40 |
8. | құқықтың пайда болуының негізі болып табылатын шарт талабының (құқық ауыртпалығы) немесе өзге де заңдық фактілердің өзгеруі нәтижесінде құқықтың өзгеруін немесе құқықтың ауыртпалығын тіркегені үшін | 28 | 40 |
9. | жылжымайтын мүлікке өзге де құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын тіркегені үшін | 28 | 40 |