концессия шартын жасасады;
облигацияларды ұстаушылардың өкiлiмен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарт жасасады.
773. Салалық уәкiлеттi органдар:
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - ТЭН) және бизнес-жоспарларын дайындауды жүзеге асырады;
концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргiзедi;
салалық сараптама нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыны бередi;
концессиялар шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 774-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
774. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
кепiлгерлiк шартын жасасады;
мемлекет кепiлгерлiгiн бередi;
жоспарланған кезеңге мемлекет лимитін беру немесе кепілгерлігінің лимит көлемінің ұлғаюы бойынша ұсынысты, келесі қаржы жылының лимиті шегінде олар бойынша мемлекеттің лимитінің берілуі немесе кепілгерлігі көлемінің ұлғаюы мүмкін концессиялық жобалар тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
775. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарлардың алдын алу және өндiрiгіш күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында концессиялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 776-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
776. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама жүргізу және бағалау мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келіседі;
концессия міндеттемелерінің қаржылық шекарасын және қабылдау артықшылығын белгілейді.
777. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі:
1) қарыз берушілер алдында облигацияларды шығару проспектісімен белгіленген міндеттемелерді эмитенттердің орындауын бақылайды;
2) шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау мониторингін жүзеге асырады;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат береді
4) қарыз берушінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған шараларды қолданады;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы қарыз берушіге ақпарат береді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен кепілдік беру шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 778-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
778. Республикалық бюджет комиссиясы:
жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру немесе лимит көлемінің ұлғаюын лимитін;
концессиялық жобалардың тізбесін;
әрбір концессиялық жоба үшін жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігі лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
779. Мемлекеттің кепілгерлігін беру процесінде басқа мемлекеттік органдар және заңнамаға сәйкес концессиялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге өкілеттік берілген өзге ұйымдар өз құзыреті бөлігінде қатысады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-1-тармақпен толықтырылды
779-1. Кепілгерлік бойынша міндеттемелерді мемлекет орындаған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты орындау сақтандыру шарты негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 779-2-тармақпен толықтырылды
779-2. Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Банк арасында жасасқан тапсырма шарты негізінде Банк жүзеге асырады.
82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлгерлiгiн беру рәсiмi
780. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттi емес қарыз есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн салалық уәкiлеттi орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 781-тармақ өзгертілді
781. Қарыз алушылар ТЭН жобасын, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде тиiстi қорытындыны әзiрлейдi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 782-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
782. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша қорытындысы мыналарды:
мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекет кепiлгерлiгiн алғаны туралы өтiнiм бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезең iшіндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы берген мемлекет кепiлгерлiгi бойынша қамтамасыз етiлуiн;
қаржылық және техникалық тәуекелдердi;
мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексiнiң талаптарына қарыз алушының сәйкес келуiн бағалауды қамтиды.
783.Мемлекет кепiлгерлiгi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажет талаптарды қанағаттандырған жағдайда мемлекет кепiлгерлiгiмен міндеттемелерді орындау алынған республикалық бюджеттің қаражатының қайтарымын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартын ресiмдегеннен және бергеннен, қарыз алушы мемлекет кепiлгерлiгiн бергенi үшiн бiржолғы төлемдi (алымды) алдын ала төлегенiнен кейiн кепілгерлік шартты жасасу жолымен берiледi.
Бұл ретте, сақтандыру шартын беру мерзiмдерi мен шарттары және қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына қойылатын талаптар кепiлгерлiк шартында көзделедi.
784. Облигацияларды ұстаушыларының мүдделерiн бiлдiру туралы шарт мыналарды қамтиды:
Қарыз алушыларға қойылатын талаптарды:
а) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша ағымдағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi алдағы төлемдер мөлшерiнде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргiзу;
б) концессия объектісін құру үшін ғана пайдаланыла алатын инфрақұрылымдық облигацияларын орналастырудан арнайы несие шотына ақша сомасын жинауды жүргізу;
в) банктiк шоттардың, оның iшiнде ҚР ҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушының өкiлiне бар-жоғы туралы мәлiметтердi заңнамада белгiленген тәртiппен ұсыну;
г) облигацияларды ұстаушының өкiлiне мемлекеттік емес қарыз толық өтелгенге дейiн жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсыну;
д) қаржылық есептiлiктiң үлгiлiк нысанын (бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есепте) және қаржылық жай-күйiн анықтайтын басқа да қажеттi құжаттарды облигацияларды ұстаушының өкiлiне ай сайын ұсыну;
Облигацияларды ұстаушының өкiлi қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйiне талдау жүргiзуi және бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға тиiстi талдау қорытындылары туралы ақпаратты ұсынуы қажет.
Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қарыз алушымен және облигацияларды ұстаушының өкiлiмен бiрлесiп анықтайтын шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) ақша аударудың нормасы мен кезеңдiлiгiн (кестесiн) қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) келісімге сәйкес тиiстi соманы тұрақты аудару арқылы аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтiру мерзiмiн бұзған жағдайда қарыз алушы жолсыздықтың әрбiр жағдайы үшiн алдағы төлемдер сомасынан мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн нөл бүтiн оннан бiр пайыз мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
785. Мемлекет кепiлгерлiгiн алуға үмiткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сәйкес болуы тиiс.
786. Мемлекет кепiлгерлiгi әрбiр концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары негiзiнде берiледi.
787. Кепiлгерлiк шарты нысанындағы мемлекет кепiлгерлiгi екi данада ресiмделедi.
13. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және мониторингі
83-тарау. Концессиялық міндеттемелерді тіркеу
және есепке алу тәртібі
788. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін мониторингі жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Концессиялық міндеттемелерді есепке алуды жүргізу үшін тиісті тізілімге мәліметтер енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін тіркеу жүзеге асырылады.
789. Тізілім тіркеу журналы мен дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігілген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімше басшысының мөрімен және қойылған қолымен куәландырылған тіркеу журналы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) тіркеу күнін;
2) тіркеу нөмірі;
3) концессия шартының атауы мен нөмірі;
4) концессия шарты бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері;
5) жауапты тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты.
Дерекқор ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.
790. Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
791. Тіркеуге және есепке алуға:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелері;
2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері жатады.
792. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін тіркеу тиісті концессия шарттары негізінде концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
793. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу мәні мен мерзімі, инфляцияны ескере отырып, концессионердің шығындарын өтеу бойынша жыл сайынғы төлемдерді қоса алғанда ?кіметтiң концессиялық міндеттемелері, концессиялық міндеттемелерді төлеуді жүзеге асыру талаптары), сондай-ақ қажет болған кезде - концессиялық жобаның техникалық экономикалық негіздемесінің және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасының (олар болған кезде) кейбір көрсеткіштерін дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
794. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде жүзеге асырылады.
795. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі негізінде концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 күн ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен ?кіметтiң концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
796. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін тіркеу және есепке алуды тиісті концессия шарты негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
797. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
798. Жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу мәні мен мерзімі, инфляцияны ескере отырып, концессионердің шығындарын өтеу бойынша жыл сайынғы төлемдерді қоса алғанда жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері, концессиялық міндеттемелерді төлеуді жүзеге асыру талаптары), сондай-ақ қажет болған кезде - концессиялық жобаның техникалық экономикалық негіздемесінің және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасының (олар болған кезде) кейбір көрсеткіштерін дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
799. Жергілікті атқарушы органдар өздері қабылдаған концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 күн ішінде жүзеге асырылады.
800. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі негізінде, концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 күн ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
84-тарау. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі
801. Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің мониторингі мемлекеттің тиісінше бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атынан концессиялық міндеттемелердің қалыптасу өзгерістері мен орындалу процесі есепке алу, талдау және бақылау жөніндегі қызметі болып табылады.
802. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі объектілері:
1) Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелері;
2) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелері болып табылады.
803. Концессиялық міндеттемелердің мониторингі:
1) концессиялық міндеттемелерді есепке алу және тіркеу;
2) концессиялық міндеттемелердің концессия шартына сәйкес орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) концессиялық міндеттемелердің орындалу жағдайларына әсер ететін көрсеткіштерді есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
804. Концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүргізу үшін концессия шарттарының тараптары мынадай құжаттар негізінде:
1) концессионерлердің есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиттелген есептері;
2) концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актілерінің көшірмелері;
3) концессионерлердің өндірілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) және есепті кезеңдегі концессия объектілерін сатудан алынған табыстары туралы есептері;
4) айыппұл ведомостары концессиялық міндеттемелерді орындаудың жәй-күйі туралы деректері ағымдағы жаңарту үшін концессия шарттары тараптарының өз міндеттемелерін орындау жөніндегі ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
805. Алынатын ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлімшелері жинақтайды және талдайды, тиісінше, ол автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында жиналады және сақталады.
806.Концессиялық міндеттемелердің мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Yкіметі мен жергілікті атқарушы органдар концессиялық міндеттемелердің орындалуының ағымдағы жағдайы туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде, қағаз тасығыштарда, сондай-ақ ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып ресімдейді.
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 1-қосымша
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспарының жобасы
Өңір __________________________________________
Бюджеттің түрі _________________________________
Кезең __________________________________________
Өлшем бірлігі ___________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ______________
Мемлекеттік мекеме ______________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы
(белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының
өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам/мемлекеттік мекеменің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 2-қосымша
«Бекітемін»
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды адам)/бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің
басшысы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
»____» _________________ 200_г.
М.О.
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспары
Өңір _________________________________________
Бюджеттердің түрі ____________________________
Кезең _________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____________
Мемлекеттік мекеме ____________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы * __________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________ ___________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
* Мемлекеттік мекеме бір уақытта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болған жағдайда бұл жол толтырылмайды
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 3-қосымша
Мемлекеттік мекемені міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының жеке жобасы
Өңір _________________________________________
Бюджеттердің түрі ____________________________
Кезең _________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____________
Мемлекеттік мекеме ____________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
| | | | | | | | | | | | | | |
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының
өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам/ ал мұндай
болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 4-қосымша
«Бекітемін»
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды адам)/бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің
басшысы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
»____» _________________ 200_г.
М.О.
Міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекемені
қаржыландырудың жеке жоспары
Өңір _________________________________________
Бюджеттердің түрі ____________________________
Кезең _________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____________
Мемлекеттік мекеме ____________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің басшысы *
_________ _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландырудың жеке жоспарын
жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
____________ ___________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
*Мемлекеттік мекеме бір уақытта бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болған жағдайда бұл жол толтырылмайды
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 5-қосымша
Төлемдер бойынша бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды)
қаржыландыру жоспарының жобасы
Бюджеттің түрі _________________________________
Кезең _________________________________________
Өлшем бірлігі __________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі _____________
Функционалдық топ Әкімші Бағдарлама Кіші бағдарлама Ерекшелік | Шығыстардың атауы | Бір жылға арналған қаржылық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам/ бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің басшысы
_______________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
М.О.
Қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы
_________________ _______________________
(қолы) (қолды таратып жазу)