сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау;
нормативтік құқықтық актінің қаралатын жобасында анықталған олқылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл болатын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар нысанында әзірлеу;
нормативтік құқықтық акт жобасын қабылдаудың салдарларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың ықтималдығы бөлігінде жалпы бағалау;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің ықтимал тиімділігін айқындау.
29. Заң жобасы тұжырымдамасының ғылыми құқықтық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс:
1) жалпы ережелер:
ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізген ұйым немесе тұлға;
әзірлеуші мемлекеттік орган;
ғылыми құқықтық сараптаманың мәні мен мақсаттары;
заң жобасы тұжырымдамасының атауы;
2) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және заң жобасын қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау, оның ішінде:
халықаралық тәжірибені айқындау және оны тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастарда қолдану мүмкіндігін бағалау;
4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, оның ішінде:
заң жобасын қабылдаудың негізділігін және уақтылылығын бағалау не заң жобасын қабылдау қажеттігінің жоқтығы немесе орынсыздығы туралы ғылыми негізделген дәлелдемелер әзірлеу;
заң жобасы тұжырымдамасының сапасын бағалау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
заң жобасын қабылдаудың құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау;
заң жобасы тұжырымдамасының құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына сәйкестігін айқындау;
тұжырымдамада айқындалатын құқықтық қатынастардың қолданыстағы заңнамада реттелуі тұрғысынан бағалау;
тұжырымдамада айқындалған құқықтық қатынастардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағына сәйкестігі тұрғысынан бағалау;
заң жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
5) Сараптаманы ұйымдастырушы қойған өзге де сұрақтарға жауаптар алу;
6) заң жобасының тұжырымдамасы, оның мазмұны бойынша жалпы қорытынды.
30. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының сараптамалық қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс:
1) жалпы ережелер:
әзірлеуші мемлекеттік орган;
ғылыми сараптаманы жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе тұлға;
заң жобасының жалпы сипаттамасы;
заң жобасының атауы;
заң жобасының мақсаты;
заң жобасының құрылымы;
заң жобасының жаңалығы;
2) заң жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау;
3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау;
4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге заң жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау, соның ішінде заң жобасы ережелерінің макроэкономикалық тиімділікке, әлеуметтік дамуға, кәсіпкерліктің дамуына, саланың және/немесе елдің экономикалық қауіпсіздігіне ықпал етуін бағалау;
5) жалпы қорытынды.
31. Ғылыми сараптамаға бірнеше нормативтік құқықтық актілердің жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары ұсынылған жағдайда Ғылыми ұйым немесе Сарапшы нормативтік құқықтық акт жобасының немесе заң жобасы тұжырымдамасының әрқайсысы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.
32. Сараптамалық қорытынды ғылыми сараптама жүргізген ұйымның фирмалық бланкісінде дайындалады, ал ғылыми сараптаманы ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға жүргізген жағдайда, қорытындыда оның тегі, аты, әкесінің аты және оның құзыреті мен біліктілігін көрсететін деректер көрсетіледі.
33. Сараптамалық қорытындыға сараптама жүргізген ғылыми ұйымның бірінші басшысы және тұлғалар немесе ғылыми сараптама жүргізген ғылыми ұйым тартқан жеке тұлға қол қояды.
34. Ғылыми сараптама тұжырымдары ұсынымдық сипатта болады. Сараптамалық қорытындыда нормативтік құқықтық акт жобасына ескертулер мен ұсыныстар болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жібереді.
35. Егер ғылыми сараптама қорытындысында ескертулер және/немесе ұсыныстар қамтылған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес пысықтау туралы дербес шешім қабылдайды.
36. Сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдар ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды қарастыру бойынша шаралар қабылдауға және тиісті ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне беруге міндетті.
Сарапшылардың ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган оларды қабылдамау негіздемесімен бірге жобаны қосымша сараптамаға жібереді.
37. Нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ол бойынша сараптамалық қорытындыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдарды қабылдамау себептерінің уәжді негіздемесін беруге тиіс. Әзірлеуші мемлекеттік орган тиісті негіздемелердің көшірмесін бір мезгілде Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға береді.
8. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру
38. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Ғылыми сараптама жүргізу
ережесіне қосымша
Қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын
бағалау жөніндегі паспорт
1. Жалпы ақпарат:
1.1. Әзірлеуші:__________________________________________________________________________________________________________
1.2. Заң жобасының атауы:_______________________________________________________________________________________________
1.3. Заң жобасының мақсаты:_____________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
1.4. Құқықтық реттеу нысанасы___________________________________________________________________________________________
1.5. Заңнама саласы:____________________________________________________________________________________________________
1.6. Заң жобасының түрі:________________________________________________________________________________________________
Заң жобасының түрі | Саны | Сипаттамасы |
Дербес | | |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді | | |
Өзгерістер енгізеді | | |
Толықтырулар енгізеді | | |
Басқа заңды жоюға қояды | | |
1.7. Заң жобасының қолданысы:
Заң жобасының қолданысы | Сипаттамасы |
уақыт бойынша: | |
кеңістікте: | |
тұлғалар бойынша (нысаналы топ): | |
1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі:
Аралас салалар | Сәйкестігін сипаттау |
Заңнаманың аралас салалары | |
Экономиканың аралас салалары | |
1.9. Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті:
Нормалар | Қолданыстағы редакция (бар болса) | Ұсынылатын редакция | Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім) |
Nжаңа (жаңа ақпараты бар нормалардың саны) | | | |
Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны) | | | |
Кақп. (нормалардың ақпараттылық коэффициенті) (сандық сипаттамасы) | | | |
Тұжырым (сапалық сипаттамасы) | | | |
1.10. Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті:
Нормалар | Қолданыстағы редакция (бар болса) | Ұсынылатын редакция | Саны (бөлік, тармақ, бап, бөлім) |
Nдис. (коррупциогенді нормалар саны, сондай-ақ реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны) | | | |
Nанық тұж. (анық емес тұжырымдалған нормалардың саны) | | | |
Nтерм. (терминдер мен анықтамалары бар нормалардың саны) | | | |
Nсілт. (басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемелері бар нормалардың саны немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті нормалардың жоқтығы) | | | |
Nөзге. (әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен фразалары бар нормалардың саны) | | | |
Nжалп. (заң жобасындағы нормалардың жалпы саны) | | | |
Kбелг. (нормалар белгісіздігінің коэффициенті) (сандық сипаттамасы) | | | |
Тұжырым (сапалық сипаттамасы) | | | |
2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі:
Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары | Заң жобасының мақсаты | Сәйкестікті сипаттау |
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары | | |
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы | | |
Әзірлеуші органның стратегиялық жоспары | | |
3. Әлеуметтік-экономикалық салдар:
Заң жобасының стратегиялық мақсаты: |
Міндеттері | Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері | Нәтижелер | Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері | Нәтижелерге қол жеткізуге қажетті іс-қимылдар мен ресурстар | Нәтижелер бойынша тәуекелдер мен жорамалдар |
| ----> | | ----> | | |
| ----> | | ----> | | |
| | | | | |
Тұжырым: |
Ақпарат көзі: |
4. Пайда мен шығасыны талдау:
Талдаудың деңгейі: | Пайда | Шығасы |
Нысаналы топ | | |
Халық | | |
Кәсіпкерлер | | |
Мемлекет | | |
5. Қаржыландыру көзі:
Қол жеткізу қаражаты | Болжамдалатын сома |
Республикалық бюджет | |
Жергілікті бюджет | |
Ұлттық Қор | |
Басқа қаражат көздері | |
6. Қорытындылар:
1) Реттеу қандай проблеманы шешуге бағытталған? | |
2) Заң жобасында көзделген іс-қимылдың болмауы неге алып келеді және тәуекелдер қандай? | |
3) Осы саладағы реттеу тиімді ме? Тиімсіз болса, неліктен? | |
4) Қойылған міндетке қол жеткізу үшін қандай құралдарды пайдалануға болады? | |
5) Қойылған мақсатқа қол жеткізудің қандай балама нұсқалары бар және олар неліктен таңдалмаған? | |
6) Осындай реттеуге байланысты шығасылардан реттеуді енгізуден түсетін пайда артық па? | |
7) Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының қалай азаюы және/немесе ұлғаюы көзделеді? | |
8) Әр түрлі әлеуметтік топтар (нысаналы топтар) арасында шығасылар мен пайданы бөлу ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі? | |
9) Іске асыру үшін қандай органдар мен ұйымдар жауапты болады, тиімділікті бағалау қалайша және қандай мерзімде жүргізіледі? | |
Қорытынды тұжырым: | |
Әзірлеуші _________________________________________________________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші ұйымның бірінші басшысының қолы)
Жауапты адам:
Байланыс телефоны:
Күні:_____________