4) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кұру мен дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімінің электрондық сауда-саттығына қатысу, биржалық сауда-саттық, электрондық сауда және ақпараттық-логистикалық орталықтар арқылы ауыл шаруашылығы өнімін сатуда агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне жәрдемдесу;
5) арнайы жинақтарда, журналдарда және тақырыптық басылымдарда ақпараттық материалдар шығаруды ұйымдастыру;
6) көрме-жәрмеңкелік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге және отандық тауар өндірушілерге өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерін жарнамалауға қолдау көрсетуге қатысу.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1256 қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-тармақ өзгертілді
50. Агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етілуін «Қазагромаркетинг» АҚ-ның қатысуымен қолдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) «Қазагромаркетинг» АҚ өңірлік желісі арқылы агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілеріне:
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ақпаратқа қажеттілігін анықтау;
ауыл шаруашылығы өндірісі саласында консультациялар мен оқыту семинарларын өткізу үшін оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды, ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу;
ақпараттық парақтар, арнайы басылымдар, электрондық тарату қызметі, «Қазагромаркетинг» АҚ интернет-ресурсы және/немесе басқа да ақпарат тарату құралдары арқылы ауыл шаруашылығы нарықтары туралы ақпарат тарату;
консультациялық және оқыту қызметтерінің кең ауқымын ұсына отырып, әлеуетті проблемаларды анықтау жолымен өтеусіз негізде ақпарат ұсыну, консультациялық қызметтер көрсету;
2) агроөнеркәсіптік кешен ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуін:
агроөнеркәсіптік кешеннің салалары бойынша дерекқорды кеңейту және оның тұрақты түрде жаңаруын қамтамасыз ету;
агроөнеркәсіптік кешен ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын әдіснамалық және техникалық қолдауды жүзеге асыру;
ақпараттық технологиялар саласында даму стратегиясы мен жоспарларын құру жөніндегі іс-шаралары жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің қызметі аспектілерін автоматтандырудағы қажеттілікті анықтау;
министрліктің, оның өңірлік бөлімшелерінің және оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық инфрақұрылымына кіретін ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту жөніндегі, бағдарламалық-аппараттық кешендерге техникалық және жүйелік қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларға қатысу жолымен қамтамасыз ету;
3) азық-түлік және ресурстық нарықтарды:
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның өңірлік желісі арқылы ақпарат жинау, өңдеу және беру;
саланы тиімді мемлекеттік реттеу үшін кейіннен талдау және ұсыныстар әзірлеу жолымен мониторингілеу және талдамалық зерттеулер жүргізу:
4) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, электрондық сауда-саттық пен биржалық сауданы құруға және дамытуға:
ақпараттық ағындарды басқаруға ықпал ететін агроөнеркәсіптік кешеннің салалары бойынша деректерді жедел жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру;
Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында электрондық сауда-саттық пен биржалық инфрқұрылым жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруға қатысу;
ауыл халқының электрондық сауда-саттық жүйесіне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін электрондық терминалдарды енгізе отырып, Қазақстан Республикасының облыс және ауданы орталықтарында «Қазагромаркетинг» АҚ өңірлік бөлімшелерінің желісі базасында электрондық коммерция бөлімшелерінің бірыңғай (жалпы республикалық) жүйесін құру жолымен жәрдемдесу;
5) баспаханалық кешені бар әдістемелік орталық құру және дамыту арқылы ақпараттық материалдарды жариялау және арнайы жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды шығаруды ұйымдастыру;
6) «Қазагромаркетинг» АҚ-ның өңірлік желісі арқылы көрме-жәрмеңкелік жабдықты беру жолымен көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жарнамалық қолдау көрсету.
51. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылуға жататын ақпарат пен қызметтер тізбесін министрлік айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2008.04.04. № 318 Қаулысымен 8-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроКепіл» акционерлік
қоғамының қатысуымен қолдау тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.04.04. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1256 қаулысымен (бұр.ред.қара) 52-тармақ өзгертілді
52. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроКепіл» АҚ) қатысуымен қолдау тәртібі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) астық (мақта) қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
2) ауыл шаруашылығында жеке инвестициялар көлемінің өсуін ынталандыру.
ҚР Үкіметінің 2008.04.04. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1256 қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-тармақ өзгертілді
53. Осы бағыттар бойынша міндеттерді орындауды астық қабылдау кәсіпорындары (мақта қабылдау пункттері) - «ҚазАгроКепіл» АҚ қатысушылары берген астық (мақта) қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жолымен «ҚазАгроКепіл» АҚ жүзеге асырады.
54. Жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді кепілдік беру қорының қатысуымен қолдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы« 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 және «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.04. № 469 Қаулысымен 9-бөліммен толықтырылды
9. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының қатысуымен қолдау тәртібі
55. Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білімді тарату жүйесі - ауыл шаруашылығы саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен кірістілігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған оқыту және практикалық бағдаламаларды іске асыру жолымен ауылдық аумақтардың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі;
56. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «ҚазАгроИнновация» АҚ) қатысуымен қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамыту;
2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық қызметті ынталандыру және дамыту;
3) агроөнеркәсіптік кешен саласында адам ресурстарын дамыту.
57. Агроөнеркәсіптік кешенді «ҚазАгроИнновация» АҚ қатысуымен қолдау заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу, жоғары бағалы өсімдіктер сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорларын сақтау және дамыту жолдары арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтер көрсету;
2) инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық инфрақұрылымды құруға және дамытуға көмек көрсету, инновация, зияткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне перспективалы агротехнологияларды енгізу (коммерцияландыру және трансферт (қарыз алу);
3) мамандандырылған инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді оқыту жолымен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білімді тарату саласында қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешендi
мамандандырылған ұйымдардың
қатысуымен қолдау ережесіне
қосымша
«Азық-түлік келісім-шарт
корпорациясы» акционерлік
қоғамының
___________облысы бойынша
өкілдігінің директорына
ӨТІНІШ
_____________________________________________негізінде әрекет ететін
______________________________________________________________атынан
(заңды, жеке тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
__________________________________________________жұмыстарын жүргізу
мақсатында_______________________________________________өндіру үшін
(дақыл, өнімнің түрі)
_______________________________теңге сомасында қарыз беруді сұрайды.
Қолы | ______________ Заңды мекен-жайы: _________________ _________________ _________________ |
M.О.