59. Азаматтық авиация ұшуын медициналық қамтамасыз ету азаматтық авиацияда авиациялық медицина қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
60. Бірлесіп орналасу әуеайлағында мемлекеттік авиацияның ұшуын медициналық қамтамасыз етуді авиациялық бөлімнің (базаның) медициналық қызметі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен әскери медицинаның тиісті мамандарын тарта отырып, жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда немесе ауысымда ұшуды қамтамасыз ету рәсімдерінің мамандары болмағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұшу құрамы ұшу алдындағы медициналық бақылаудан әуеайлақтың немесе азаматтық авиация авиакомпаниясының медициналық қызметінде өте алады.