Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
(2011.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
Қаулы ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 374 Қаулысымен 5-1- тармақпен толықтырылды
5-1. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын.
8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 5, 6, 8, 13, 15-тармақтарын, сондай-ақ осы қаулыға 6-қосымшаның 3, 4, 5, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 22-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Салық комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қаржы мониторингі комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Министрліктің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
7. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен пайда алып келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.04. № 562 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.01. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10- тармақ өзгертілді
10. Министрліктің негізгі міндеттері салық, кеден және бюджет саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен мемлекеттік қаржылық статистиканы жасау бюджеттік есептілікті жасау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу, өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеу, аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық пен кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау, меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қаржы мониторингін жүзеге асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2010.31.03. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11- тармақ өзгертілді
11. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.04. № 562 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) бюджеттік жоспарлау, бюджеттің, бухгалтерлік есеп пен бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің, аудиторлық қызметтің атқарылуы, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін мемлекеттік реттеу, темекі өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы, кеден ісі, республикалық мемлекеттік меншікке иелік ету, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласындағы саясатты қалыптастыруға қатысу, Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;
2) бюджетке түсетін түсімдерді болжау және мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімдері саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтау;
3) министрліктің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
4) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алудың, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында, кеден ісі, мемлекеттік меншік мониторингі саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
6) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
7) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
10) жылдық сомаларды қоса алғанда түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер жөніндегі қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
11) мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
12-1) мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасау;
12-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
12-3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау;
12-4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
13) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады;
14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларына қорытындылар дайындау;
15) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетімен бірлесіп мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу;
16) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, оларды есепке алудың мониторингін және қайтаруды қамтамасыз ету;
17) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандарын және талаптарын, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тоқсан сайын - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді беру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерлігін беру;
21) мемлекеттік қарыздарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, бюджеттік кредиттерді, мемлекеттің кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды тіркеу және есепке алу;
21-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді және байланысты гранттар мен бірлесіп қаржыландыру қаражатына үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражат алу жөніндегі операцияларды жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
21-2) бюджеттік кредит беру нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шарттарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;
22) мемлекеттік кепілдіктер беру;
23) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) бюджеттік мониторингі жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингі, сондай-ақ мемлекеттің кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді оның орындауына байланысты туындаған мемлекет талаптары;
27) мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны басқару;
28) конкурстық негізде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша екінші деңгейдегі банктерді іріктеу, олармен үкіметтік қарыздарға, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға, бюджеттік кредиттерге, бастапқы дилерлерге қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасу;
29) конкурстық массаны іске асырудың ерекше шарттары мен тәртібі жөнінде ұсыныстарды және осыған ұқсас тәртіп «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдарды банкроттау кезінде конкурстық масса объектілерінің сатып алушыларына қойылатын қосымша талаптарды әзірлеу;
30) кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
31) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту;
31-1) жеке кәсіпкерлік туралы заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында міндетті ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарына, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;
32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономика саласындағы теріс үдерістердің алдын алу мен жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және беру;
33) стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншік нысандары құрылымын оңтайландырудағы мұқтаждықты анықтау;
34) қаржылық есептілікті депозитарийге беру тәртібін айқындау;
35) кәсіби бухгалтер сертификатының нысандарын келісу;
36) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетелдік валютадағы шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
38) бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
39) есептілікті жасау және беру тәртібін айқындау;
40) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттау рәсімдерінде төлем қабілетсіз борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру;
41) кеден ісі саласында қызметті лицензиялау;
42) аудиторлық қызметті лицензиялау;
43) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, темекі бұйымдарының өндірісі жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасында лотереялар ұйымдастыру мен өткізуге байланысты қызметті лицензиялау;
44) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
46) мемлекеттік меншік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
47) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
48) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
49) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда мүлікті иеліктен айыру немесе өзге тәсілмен оған иелік ету жөніндегі мәселелерді келісу;
50) мемлекеттік басқару органының республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келісу;
50-1) Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
50-2) мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) республикалық бюджетке таза табысының бір бөлігін аудару нормативін келісу;
50-3) шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген мүлікті пайдаланудың тиімділігін бақылауды және мемлекеттік басқару органдарымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларды жедел басқаруды жүзеге асыру;
50-4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз негізде қабылдау;
50-5) жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізу;
50-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өтеусіз қабылдау;
50-7) Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенінің республикалық меншік объектілерінің тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
50-8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешімдердің жобаларын келісу;
51) республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілген негізгі құралдарды қабылдап алу-беру және істен шығару мәселелерін келісу;
52) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдіктер мен еншілес кәсіпорындар құруын келісу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
53) республикалық меншікке жататын және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынатын объектілер бойынша ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келісу;
53-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді кезеңге арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін келісу;
53-2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келісу;
53-3) жасалған концессия шарттары бойынша концессиялық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
53-4) концессиялық міндеттемелерді тіркеу;
53-5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу;
53-6) мемлекеттік меншіктегі концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібін айқындау;
53-7) өз құзыреті шегінде республикалық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалу мониторингін жүзеге асыру;
53-8) концессия шарттары негізінде құрылған (салынған) объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
53-9) концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындау;
54) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерімдерін, сондай-ақ беру актілерін бекіту;
55) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
56) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын жүргізу;
57) оңалтуды, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 58) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
58) кредит берушілер комитетінің құрамын қалыптастыру және оңалту рәсімінде оның бірінші отырысын шақыру;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 11 қыркүйектегі № 846 Қаулысымен 59) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;
60) конкурстық іс жүргізу, оңалту рәсімінде, сондай-ақ сыртқы байқау рәсімінде кредит берушілер комитетінің құрамын бекіту;
61) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
62) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
63) кәсіби ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
64) республикалық мемлекеттік меншікке жатқызылған концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 65) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
65) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;