Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 8 қазандағы
№ 1037 қаулысымен
бекiтілген
Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу
ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) жер учаскесi берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнімділігі аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кездегi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу тәртібін белгілейдi.
2. Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндірiсiнiң шығындарын өтеудi жер учаскесi берiлетiн заңды немесе жеке тұлғалар, өздерiнiң қаражаты есебiнен өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу шартымен жүргiзедi.
3. Жер учаскесi берiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебiнен өнiмділiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу кезiнде жерге орналастыру жобасының құрамында мыналар қосымша белгіленедi:
құнарлы топырақ қабатын салу көзделетiн жер учаскесi алқаптарының орналасқан жерi, алаңы мен түрлерi;
салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемi;
алқаптардан қалпына келтiруге арналған шығындардың сомасы (құны);
алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған соманы есепке ала отырып, шығындардың мөлшерi.
4. Өнімділiгi аз немесе өнiм бермейтiн алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделетiн жер учаскесiн таңдау жергілiктi атқарушы орган құратын комиссия шешiмiнiң негізiнде жүзеге асырылады.
5. Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалған сома есепке алынып, өтеуге жататын шығындардың мөлшерi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу нормативтерi бойынша анықталған шығындардың құны мен алқаптарды қалпына келтiруге арналған шығындардың құны арасындағы айырма ретiнде анықталады.
6. Осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес анықталған, алқаптарды қалпына келтiруге салатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу мөлшерi жер берiлген тұлғамен келісіледi және жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекітілетiн жер учаскесiне құқық беру туралы актiмен ресiмделеді.
7. Шығындардың мөлшерi жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылданған сәттен бастап алты ай мерзiмде республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтеуге жатады.