Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 және 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1185 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 184 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 17 және 18-жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 185 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 - 2011 жылдарға арналған перспективалық жоспарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8-1 және 8-2-жолдармен толықтырылсын:
«
8-1 | Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы | Әділет- мині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 2-тоқсан |
8-2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділет- мині | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 1-тоқсан | 2010 жылғы 2-тоқсан |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |