1) 10-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы «ауыл шаруашылығы» деген сөздердің алдынан «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «республикалық» деген сөздің алдынан «ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
12-баптың 3-тармағындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат):
1-баптың 12) тармақшасының екінші абзацындағы «(фермер)» деген сөздер «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат):
9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29- құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «(фермер)» деген сөз «немесе фермер» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың 1-тармағының 28) тармақшасы «жою үшiн,» деген сөздерден кейін «жануарлар мен құстардың аса қауiптi ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте жүргiзілетін iс-шаралар үшiн,» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы наурыздың 24-і.
№ 420-IV ҚРЗ