Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы
№ 27 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 88 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөніндегі нұсқаулықта
2-тармақтың екiншi абзацындағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздер «Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне» деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы «Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер тиiсiнше «Көлiк және коммуникациялар министрлігіне», «Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 10-құжат):
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Нағманов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Қажымұрат Ыбырайұлы коммуникациялар министрi, төраға
Циблиев - Ю.А.Гагарин атындағы Ресей мемлекеттік
Василий Васильевич ғарышкерлер даярлау ғылыми-зерттеу
орталығы бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
мынадай:
«Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Наталья Артемовна министрi»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосынов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Алмас Олжабайұлы коммуникациялар министрлігі
Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы;
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау бiрiншi вице-
министрi»;
көрсетiлген Комиссияның құрамынан мыналар шығарылсын: Школьник Владимир Сергеевич, Смирнов Анатолий Владимирович, Глазков Юрий Николаевич.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |