2. Мемлекеттiң сыйлықақысы мынадай жағдайларда:
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адамға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарын бергенде немесе тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын және (немесе) тұрғын үй заемын, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын алу құқықтарына кепiлдiк бергенде;
2) салымшы қайтыс болғанда немесе еңбекке жарамдылығынан мүлде айрылғанда;
3) салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жұмыссыз ретінде тiркелгенде және мемлекеттiң сыйлықақысы төленетін кезде алты ай бойы үздiксiз осындай жағдайда болғанда;
4) осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатпайды.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Салымшылардың жинақталған ақша сомасын алу құқығы
2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Салымшы осы Заңның 8-бабының 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқық басқа адамға берілмеген немесе басқа адамдар пайдасына салынбаған жағдайда тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй заемын бермесе, банк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарында көзделген мерзiмдерде салымшының бірінші талабы бойынша оған жинақталған ақшасы сомасын сөзсіз төлеуге міндетті.
2. 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен алып тасталды
3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған-орындамағанына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанына қарамастан, бес жыл ақша жинақтаудан кейін сыйлықақы алуға құқылы.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |