Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 және 2000 жылғы 7 ақпандағы № 183 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі № 531 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын берудiң тәртібіне:
25-тармақтың бiрiншi абзацы «Пайдалы қазбаларды» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң пайдалы қазбаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикiзаты бойынша жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 ақпандағы № 183 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикізаты бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiнде:
«Қатты пайдалы қазбаларды өндiру» тарауы мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1, 6-2 - жолдармен толықтырылсын:
«6-1 Старое қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан
6-2 Чашинское қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан».
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі