4) дайын тағамдарды дайындау тәсілдері мен шарттарын (диеталық өнімдердің концентраттары мен жартылай фабрикаттарға қатысты);
5) сақтау шарттарын (сақтау шарттарына қойылатын талаптар белгіленген диеталық өнімдерге қатысты);
6) қарсы көрсетімдерді.
6. Қатерді бағалау
57. Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді бағалау оны тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, есептеу, экспериментальдық және (немесе) сараптамалық жолмен жүргізіледі.
58. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдану қатерді талдауға негізделуге тиіс.
59. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу дәрежесі, аурулардан таза аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.
60. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау мынадай:
1) адам организміне зиянды әсер етуі мүмкін тағамдық өнімдердің сипаттамаларын анықтау;
2) әрбір анықталған ықтимал қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;
3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолдарымен жүзеге асырылады.
61. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.
62. Өндірістік бақылау осы техникалық регламент негізінде заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әзірлейтін өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады және аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісіледі.
63. Бақылау зерттеулерді немесе сынақтарды көрсететін жазбалар кәсіпорындарда диеталық тағамның жарамдылық мерзімі өтіп кеткеннен кейін бір жыл бойы, ал сапасы мен қауіпсіздігінің куәліктері - 30 (отыз) күн бойы сақталады.
64. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс.
Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің жаңа түрлерін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіптілікке талдау жүргізілмей әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.
65. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етуді ескерту қағидатына негізделуге тиіс.
7. Сәйкестігін растау
66. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.
67. Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамының өнімдері техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларды өндірушінің (дайындаушының) ықтияры бойынша ерікті түрдегі сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
8. Үйлестірілген стандарттар тізбесі
68. Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттардың тізбесі осы техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.
69. Осы техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдері бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
9. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары
70. Осы техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
71. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестігін растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде деп есептеледі.
Техникалық регламентке
1-қосымша
Осы техникалық регламент талаптары қолданылатын
өнімдердің тізбесі*
ҚР СЭҚ ТН коды | Позиция атауы |
1 | 2 |
1602 | Ет, еттің жартылай дайын өнімдерінен немесе қаннан жасалған дайын немесе консервіленген азық-түліктер |
1602 10 00 | - гомогенизделген дайын азық-түліктер: |
1602 10 001 0 | - балалар тағамына арналған |
1602 10 009 0 | - басқа да |
1901 10 000 0 | - бөлшектеп сату үшін бөлшектеп орап салынған балалар тағамы |
2005 | 2006 тауар позициясындағы азық-түліктерден басқа, сірке немесе сірке қышқылы қосылмай, мұздатылмай дайындалған немесе консервіленген көкөніс басқалары |
2005 10 0 | - гомогенизделген көкөністер: |
2005 10 001 0 | - балалар тағамына арналған |
2007 | Жылы өңдеу жолымен, оның ішінде қантты немесе басқа да тәттілендіргіш заттарды қосу арқылы алынған джем, жеміс желесі, мармеладтар, жеміс немесе жаңғақ пюресі, жеміс немесе жаңғақ пастасы |
2007 10 | - гомогенизделген дайын азық-түліктер: |
2007 10 10 | - құрамында массалық 13%-тен артық қанты бар |
2007 10 101 0 | - балалар тағамына арналған |
2007 10 91 | - тропиктік жеміс-жидектерден жасалған |
2007 10 911 0 | - балалар тағамына арналған |
2007 10 991 0 | - балалар тағамына арналған |
2104 | Дайын көже және сорпалар және оларды дайындау үшін дайындап қою; гомогенизделген құрамдағы дайын тағамдық азық-түліктер: |
2104 20 001 0 | - балалар тағамына арналған |
* Өнімнің кодтары «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы» жіктеуішіне сәйкес көрсетілген.
Техникалық регламентке
2-қосымша
Үйлестірілген стандарттар тізбесі
ГОСТ 30555-98 Диеталық тағамдарға арналған жеміс консервілері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 30579-98 Диеталық тағамдарға арналған көкөніс консервілері. Техникалық шарттар.
ГОСТ 21831-76Э Тағамдық концентраттар, экспортқа қойылатын балалардың және диеталық тағамдардың құрғақ азық-түліктері. Техникалық шарттар.