Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
41-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 2-сі.
№ 403-IV-ҚРЗ